|  | 

Саясат

Марғұлан Сейсембаев Қазақстанға тағы да қайтып келді 


Қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембаев.

Қазақстандық бизнесмен Марғұлан Сейсембаев.

Шетелге кетіп қалған кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев Қазақстанға оралды. Ол өзі мен отбасының қауіпсіздігіне кепілдік берген “жоғарыдағы кісілердің” сөзіне сенімді болған соң елге келгенін айтады.

Ақпанның 2-і күні Азаттық тілшісімен телефон арқылы қысқа ғана сөйлескен Марғұлан Сейсембаев қазір Қазақстанда екенін растады. Бұған дейін Қазақстанда өзі мен отбасының қауіпсіздігіне “ең жоғары дәрежеде кепілдік берілгені” туралы хабарлаған бизнесмен елге қандай шарттармен оралғаны туралы журналистерге комментарий бермейтінін айтты. Азаттық тілшісінің “Қауіпсіздігіңіз туралы кепілдікке сенімдісіз бе?” деген сауалына Марғұлан Сейсембаев:

- Сенімді болмасам келмес едім, – деп қысқа жауап берді. Ол елге қайтып оралғанына байланысты кейін әлеуметтік желіде ақпарат жариялайтынын айтты.

Біршама уақыттан бері шетелде жүрген Марғұлан Сейсембаев ақпанның 1-і күні Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында өзінің Мәскеу әуежайында екенін, өзіне “жоғары деңгейде кепілдік” берілген соң Қазақстанға қайтып оралатыны туралы жариялаған.

“Достар, мен Қазақстанға оралып жатырмын! Мен қазiр Мәскеудемiн. Менiң және менiң отбасымның қауыпсiздiгiне ең жоғары дәрежеде кепiл берiлдi! Өмiр жалғасуда, бiз бiрге әлi талай-талай жақсы жұмыстарды жасаймыз! Менiң жағдайымды түсiнiп, ақыл кеменгерлiктi көрсеткен “жоғарыдағы” кiсiлерге (аттарын атамайақ қояйын) рақмет айтқым келедi!” деп жазды ол (жазу пунктуациясы сақталды – ред.)

​51 жастағы танымал кәсіпкер, “Альянс-Банктің” бұрынғы меншік иесі Марғұлан Сейсембаев тергеу органдары оны “БТА банктен қаржы жымқырған” деген айып тағылып, тұтқындалған бұрынғы бизнес-әріптесі Ескендір Ерімбетовтің ісіне байланысты жауап алуға шақырғаннан кейін Қазақстаннан кетіп қалғаны туралы қаңтардың 10-ы күні Facebook-тегі парақшасында жариялаған. Ол жолы Сейсембаев Қазақстанның билік орындары Ескендір Ерімбетовті шетелде қуғында жүрген “Мұхтар Әблязовтің заңгері болып істеген қарындасы Бота Жәрдемәліге қысым жасау мақсатымен тұтқындаған болуы мүмкін” деген болжамымен бөліскен.

Оқи отырыңыз: Марғұлан Сейсембаевтың екінші эмиграциясы

Бизнесменнің шетелге кеткені туралы жазбасына пікір қалдырған жүздеген желі қолданушылары оған қолдау білдірген. Бірнеше күннен кейін Сейсембаев АҚШ-тың Висконсин штатында екенін, америкалық бизнес-серіктестерімен бірқатар жобалар бойынша келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы да Facebook арқылы хабарлаған.

Бизнесмен Марғұлан Сейсембаевтың шетелге кеткені туралы мәлімдемесінен кейін үш аптадан соң Қазақстанға оралуына байланысты желі қолданушыларының пікірі әртүрлі.

Оның Қазақстанға қайтатыны туралы хабарды Facebook-тегі постына пікір қалдырғандардың кейбірі “тамаша жаңалық” деп қабылдаса, енді біреулер “кепілдікке сенбеуге” шақырған.

Сонымен бірге Сейсембаев қазір қылмыстық іс бойынша айып тағылып, Алматының тергеу абақтысында қамауда отырған “Ескендір Ерімбетовке қарсы куәлік ету” үшін билікпен ымыраға барды деп күдіктенетіндер де бар.

Бұған байланысты Марғұлан Сейсембаевтың өзі: “Ескендірге қарсы ешқандай куәлік бермеймін. Арамдықты ойдан шығаруды қойыңдар” деп жазған.

 

46 жастағы Ескендір Ерімбетов пен тағы үш адам өткен жылғы қарашадан бері абақтыда қамауда отыр. Туыстары мен жақтастары түрмеде Ерімбетовті ұрып-соғып, азаптағаны туралы мәлімдеген. Билік орындары азаптау туралы айыптауларды жоққа шығарып, “Ерімбетовтің жақтастары қылмыстық іске саяси реңк бергісі келеді” деп санайды.

Оқи отырыңыз: Азаптау шағымы “Ерімбетов ісінің” сипатын өзгертті

Марғұлан Сейсембаев Қазақстанға шетелден “биліктің кепілдігі” бойынша осымен екінші рет оралып отыр. Бұдан сегіз жыл бұрын Марғұлан Сейсембаев біраз уақыт болған шетелден Қазақстанға қайтып келіп, “президент Нұрсұлтан Назарбаевқа адалдығын” мәлімдеген. Сол кезде Сейсембаев “банк бизнесімен айналыспауды” ұйғарғанын да жария еткен еді. Сонымен бірге ол шетелде қуғында жүрген қазақстандық эмиграттарды өзінен үлгі алып, елге оралуға шақырған. Оған дейін Сейсембаев шетелде болған кезде оның меншігіндегі “Альянс банк” мемлекеттің иелігіне өткен.

2011 жылы Алматы соты Марғұлан Сейсембаевты “банк қаражатын заңсыз пайдаланғаны” үшін айыпты деп танып, оған екі жыл шартты жазатағайындаған.

Содан бергі өткен уақыт ішінде Сейсембаев Қазақстанда бірқатар қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға талпыныстар жасап көрді. 2016 жылы ол әлеуметтік желілерде “Байтақ дала” қоғамдық табиғи қорығын құрунауқанын бастады, оған дейін отандық өндірушілердің өнімі сапалы болуы үшін күресетін “Жауап беремін” атты жаңа қоғамдық қозғалыс құру туралы бастама көтерген. Бірақ ол жобалар іске аспаған күйі қалды.

Азаттық радиосы

Кейбір сарапшылар Қазақстандағы саяси элита елде бейсаяси азаматтық қозғалыс құрудың өзін билікке төнген қатер деп қабылдайтындықтан, топ-менеджердің “Жауап беремін” бастамасы жайлы “әу бастан іске аспайтыны белгілі” деген болжам жасаған еді.

Related Articles

  • Бердімұхамедов: ОА басшыларының кездесу форматын өзгерту керек

    Гурбангулы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті. Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Орталық Азия елдері басшыларының Кеңесін құруды ұсынды. Оның пікірінше, Орталық Азия басшыларының Кеңес беру алқасы деген жаңа ұйымның жиыны жүйелі түрде, әр елдің астанасында өтіп тұру керек. Түркіменстан ресми басылымдарының жазуынша, Бердімұхамедов бастамасымен бесжақты сарапшылар тобын құру қарастырылып жатыр. Онда жаңа құрылатын Кеңестің құрылымы мен ұйымдастыру мәселелері талқыланады.Түркімен президенті мұндай бастаманы Астанада Орталық Азия елдері басшыларының кездесуінен бір ай өткен соң көтеріп отыр. Бұл кездесуге Бердімұхамедов өзі бармай, ұлы Сердар Бердімұхамедовті жіберген. 15 наурызда Астанада өткен Орталық Азия басшыларының бас қосуы бірінші кеңесу отырысы деп аталған. Ол Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің бастамасымен өткен. Бас қосуда Орталық Азия елдері басшылары жыл сайын Наурыз мейрамы қарсаңында

  • Галеотти: “Долы риториканың күні өтті”

    Ғалым БОҚАШ Ресей президенті Владимир Путин Ресей мен Батыстың қарым-қатынасын зерттеп жүрген белгілі ұлыбританиялық саясаттанушы, Кремль саясаты бойынша сарапшы Марк Галеоттимен сұхбат. Марк Галеотти – Прага Халықаралық қатынастар институтында аға зерттеуші, Еуропа қауіпсіздігі орталығының жетекшісі. Азаттық: - Бұрынғы әскери тыңшыны Англияда улау дауына қатысты Ұлыбританияның Ресейге қарсы дипломатиялық шектеу әрекетін АҚШ белсене қолдап шықты. Орталық және Шығыс Еуропадағы кейбір еуроскептик ел басшылары да бірнеше ресейлік дипломатты кері қайтарды. Бұл нені білдіреді? Бұл жолы не өзгерді? Марк Галеотти: - Бұл – жағдайды біржола өзгертетін сәтке айналып тұр. Ресейге болсын, я басқа елге болсын мұндай ауқымды әскери емес қысым жасалғанын ешқашан көрмеппіз. Оның себебі бұрынғы тыңшы Сергей Скрипальді өлтіруге тырысу әрекетінде ғана жатқан жоқ. Шыдамның шегін

  • СІМ: “Визасыз режим – тәуелсіз елдің құқығы”

    Мәншүк АСАУТАЙ Әнуар Жайнақов, Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы. Жұмада Қазақстан сыртқы істер министрлігі «шетелдіктерге визасыз режим енгізу – әрбір тәуелсіз елдің құқығы» екенін мәлімдеді. Кеше Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «АҚШ азаматтары үшін Қазақстанға визасыз режим мәселесі келісуді қажет еді» деген. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі «шетелдіктерге визасыз режим енгізу – кез-келген тәуелсіз елдің хақы» екенін мәлімдеді. Бұл туралы Tengrinews.kzхабарлады. Министрліктің мұндай мәлімдеме жасауына бір күні бұрын Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың айтқан сөзі себеп болды. Лавров Қазақстанның АҚШ азаматтары үшін визасыз режим енгізуі «Еуразия экономика одағының аясында келісіп алуды қажет ететінін» айтып қалған. Лавровтың сөзінше, Еуразия экономика одағының территориясында визасыз режим бар, сондықтан мұндай шешімдер өзара келісілуі қажет.

  • Назарбаев: “Парламент пен үкіметтің қызметі мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс”

    Қазақстан Президенті Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады-деп хабарлайды Ақорда баспа-сөз қызметі. Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдау аясында қойылған міндеттердің іске асырылу барысы жөнінде мәлімделді. Елбасы инновациялар мен жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, сондай-ақ бұл үрдіске «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына қатысушылардың креативті әлеуетін пайдалану қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілін латын қарпіне көшіру мәселесіне тоқталып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар қабылдаудың маңыздылығын айтты. – Халқымыз үшін латын қарпіне көшу үдерісінің тарихи мәні зор. Сонымен бірге, қазақ тілінің мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Қазақстан Президенті Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады Кездесу барысында

  • “Путиндік Ресей” жайлы 100 сұрақ 

    Азаттық радиолы Татьяна Кастуева-Жанның “Путиндік Ресейге қатысты 100 сұрақ” кітабының мұқабасы. “Путиндік Ресейге қатысты 100 сұрақ” (La Russie de Poutine en 100 questions) – қазіргі Ресейдің жағдайы түрлі дереккөздерден алынған фактілер мен жеке автордың тәжірибесіне сүйеніп сипатталған 100 қысқа тараудан тұратын кітап. Шығарманың мақсаты – либералдық құндылықтар негізінде тәрбиеленген Батыс Еуропа тұрғындарына қазіргі Ресейдің болмысын түсіндіру. “Путиндік Ресейге қатысты 100 сұрақ” кітабында Ресей мен Франция қоғамының арасында түсініспеушіліктер тым көп екені айтылады. Кітап авторы әрі Франциядағы ІFRI халықаралық қатынастар институтына қарасты Ресей және ТМД орталығының директоры Татьяна Кастуева-Жан Азаттықтың Орыс қызметіне сұхбат берді. – Фукуяманың (Фрэнсис Фукуяма – америкалық философ, саясаттанушы, саяси экономист әрі жазушы – ред.) “Тарихтың ақыры” деген кітабы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: