|  |  | 

Тұлғалар Қазақ шежіресі

Екі ғасыр сақталған батыр шапаны

Батыр шапаны
«Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі», «Жеті атасын білмеген
жетесіз»… Айтуға ғана оңай сөздер әрине. Қағыс естіген болып құлақпен
тыңдаған адамға қазақтың көп мақалының бірі сияқтанғанымен, санаға
сіңіріп мимен тыңдаған адамға бұдан артық ауыр, бұдан артық ашшы сөз
жоқ. «Құлақпен емес мимен тыңда..»дейтін мұндайда қазақ сатирасының
атасы Оспанхан Әубәкіров .
«Қазақ руға бөлінбейді, рудан құралады» дейтіні бар, «жүзге бөлінгеннің
жүзі күйсін, руға бөлінген у ішіп өлсін» деген һаһарман атамыздың. Өз
шыққантегін, өз әулетін білу кейінгі ұрпаққа ұғындыру, үйрету деген сөз
ұлттық санадан рулық сананы жоғары қою деген сөз емес. Жаңағы жетесіз
жетім атанбауы үшін. Ең маңыздысы тектілікті ту етіп, қан тазалғын сақтау
үшін. Жеті атасын жетік меңгерген жеткіншек жар таңдағанда жаза баспай,
жақынымен үйлену дегенді ойына да алмайды. Мұндай асыл қасиет
жануарлардан жылқы баласына, жаны бар пенделерден қазаққа ғана тән
болса керек.
Өз тегін түгендеп, жеті атасын білу деген, атын атап жіпке тізгендей етіп
жатқа соғу емес. (Қазір көп санды қазақ солай түсінеді.) Меніңше, өзіңнің
кеше кім екеніңді біл, сол арқылы рухыңды оят, намысыңды жаны деген сөз.
Анығырақ айтқанда, қара қылды қақ жарған ханың тұғымы болдың ба ?
Онда сен қарашаға көмектес, қазіргі халыққа хан болу қолыңнан келмеседе,
айналаңдағы ағайыныңды ұйыстырып ұстайтын ұлт жанды бол. Аузы дуалы
абыз бидің ұрпағы шығарсың? Онда сен әділ бол, туғандарыңды тоздырмай
ұстауға төрелік айт. Отаныңды билемесең де, отбасыңа әділ билік жүргіз.
Тіпті сен баһадұр батырдың ұрпағы шығарсың? Онда батыл бол, Өмірдің өр
көкірек дауылдарына қарсы тұрарлық қауқарың болсын. Әлсіздерге ақылшы,
қорғансызға қорған бол. Отаның үшін отқа түсуден таиын ба. Мейлі сен жеті
атаңнан бері жарлы адам болған шығарсың ? Онда сен өзіңді көтеруге тырыс.
Өзіңнен кейінгі ұрпақтар өнеге тұтсын. Міне менің білуімше, сипай
қамшылап айтқанда тегіңді түсіну деген осы. Толығырақ тоқталуға болар еді,
тақырыптан алшақтап кетерміз. Айтпағым атам туралы, атам киген шапан
туралы еді.
Ендеше, тақырбымыздың тұздық сөзін сеуіп алғасын, айтар ойымыздан көп
ауытқымай, келер сөздің арнасын солай қарай ағытқанмыз жөн сияқты.

Біздің ауыл ежелден ертіс өзенінің құяр басы, Өр алтай топырағын мекен
еткен. Көк түріктің тұлпарлар тұяғының ізі қалған Алтай ата қоныс, бағзы
бабалармыздан қалған меншік мекеніміз еді. Бүгінде «Қуертіс қалашығы»
деп аталатын алқапта, бұрындары біздің аталармыз егін салған. Халықты
ғасыр аунаса да асырап келген «Кәрі тоғам» бойында күрек ұстаған кариялар
үзілмейтін. Ертіс өзінен жырып алынған тоғамға жылдар болған деседі
жұрыт. Басында «Ізғұтты батыр тоғамы» уақыт өте келе «Кәрі тоғам»
атаным кеткен тоғамның бойы жағалай егістік атызы еді. Егінге суды айдап
салып, күрегіне сүйеніп демалғанда айтатын кариялардың жыры бар тұғын.
Мінгені Ізғұттының ұзын кері ат,
Мойнына асынғаны алмас болат.
Ізғұтты өтіп кеткен заманында,
Үйінде тулап өткен мың-сан қалмақ…
Мінгені Іздекеңнің сағақ бозды,
Іздекең бұршақтатып топтан озды.
Немене озып-озбай қайран дүние,
Хандарға қапылыста тұтқын болды.
Іздекең келер болсаң тезірек кел,
Байталдай айғыры өлген елің тозды…
Баламыз, бейғамбыз. Ет құлақпен естісекте ойының қызығымен ондай
дүниелерге көңіл аудармайтын кез. (Кейін ғой, жазар көбейгенде жан-таласа
жаңалық іздейтін әдеттің қалыптасқаны). Арадан сан жылдар салып, бір
ораты келгенде өскен аулыма барып қалдым. Алыстан алты жасар бала келсе,
аулдағы алпыс жасар қарыт амандаса баратын қазақы салттың халық
санасынан өшпеген кезі. Аузы дуалы абыз қариялармен өткен-кеткенді
айтып, өзімізді есейдіге балап талай дастархандас болдым.
Сондай сәлихалы отырыстың бірінде тарихшы зерттермен Қабдырахыман
Шадырұлы атамыз:
─ Балам туған жерден жырақта жүрсің, ата қонысыңды ардақтап, жеті атаңды
жете түсініп жүр. Сенде бір тектінің тұяғысың ғой .. ─ деп тарихи әңгіменің
тиегін ағытты.

─ Сенің жетінші атаң Жанбала деген бай болған. Қазақ шонжарларының
беделі мен байлғының көркі жылқы түлігі. Жәкеңніңде ондаған айғыр үйрі
болса керек. Жылқыларын қыста отарға жіберіп өзі апта арасында барып хал-
ақуалын біліп жүретін көрінеді. Жылқышылары қос-қостан болып,күндіз-
түні жылқы соңында болады.
Бір жылы қыста Жанбаланың жылқышылары қосына тұлымы тоқпақтай бір
қалмақ кездей соқ пайда болады. Өне бойында тал міні жоқ,екі көзі
қарақаттай жаудырайды. Ешкім оған « қайдан келіп,қайдан жүрсің?» деп
сұрамайды. Әлгі қалмақ жүре келе жылқышылармен бірге үйір-шүйрі
болып,қазан асып,ас-су пысырысады. Кейде жылқы күзеттеріне де бірге
шығады. Істеген істерінің бәрі де тындырымды,майдан қылшық суырғандай
болған соң жылқышыларда сенім байлайды.
Қыстың бірнеше айын ит-құссыз,ұры- қарыдан аман өткізген жылқышылар,
көктем келісімен отардан қайтады. Жылқышылар Жанбалаға мал жағдайын
айта отырып,қыс ортасынан бері қостарына бір қалмақ жігіттің пайда
болғандығын мәлімдейді. Оның қыстай адалдықпен жұмыс істеп өздеріне
жақсы қолғанат болғанын айтады. Мал иесі олардың бұл олжаларын теріс
көрмей,ризалығын білдіреді.
Арада біраз жылдар өтеді. Күндердің бірінде ауыл бозбалалары бұл
қалмақтың жігіт емес,қыз екендігін байқап қалады. Бұл жаңалықты бірден
байға жеткізеді.
─ Онда, ─ дейді Жанбала қуанышы кейіппен:
─ Қыз болса,тіпті жақсы екен. Енді өзі таңдаған бір жігітке тисін!-деп оны
шақырып алып,мән-жәйді сұрайды. Қалмақ өзінің қобда жерінде бір байдың
жар дегенде жалғыз қызы екендігін,жемеңқор әкесі зорлап басқа бір бай
шалға бермекші болғандығын айтады. Бұл қорлыққа шыдамаған ару бір
түнде туған елін тастап Алтай жаққа қашып өткен. Есті қыз қайтып ол
жаққа аяқ баспайтындығын, басқа ешкімге де тимей, Жанбалаға ғана тюге
разы екендігін айтады. Жанбала үш әйелімен ақылдаса келе қызды алуды
ұйғарады. Жыл өтпей мұңғұл қыз дүниеге алтын асықтай ұл әкеледі. Бай
баласына жүрген ізі құтты болсын деп Ізғұтты деп ат қояды.
Міне сол Ізғұтты бабаң өсе келе алысқанды алып ұратын, тірескеннің тізесін
бүгетін көкжал батырға айналады. Біздің арғы аталармыз 1780-1790
жылдардың өзінде қазіргі Қытай аумағына қарасты Алтай аймағының Қаба,
Жеменей аудандарына кереге жайып, ірге көміп үлгірген. Ол кезде Алтайды
мекендеп отырған моңғол тайпалары болса да олармен бірде қату, бірде тату

болып көшті тоқтатқан жоқ. Көштің алды 1820 жылға келгенде Өр Алтайдың
осы Көктоғай, Шіңгіл жерлеріне дейін жетті. Қазақ көші Өр Алтайды толық
иеленіп қалмастан, қазіргі моңғолияның Қобда өңіріне дейін табан тіреді. Бір
сөзбен айтқанда ежелгі түркі даласына қайта қоныстану барысында Ізғұтты
батыр аянып қалған жоқ. Елінің топ бастар серкесі, халқының қорғап қалар
қалқаны болған батыр шамасы 1836 жылдары жау қолынан жазым болады…
Аур күрсінген қария қолындағы шайын ұрттап қойып сөзін жалғады:
─ Дүиеде бес мыңнан астам ұлт болса, соның екі жүзіне ғана еркіті ел болу
бақыты бұйрған. Бұл бақыт қараша қазақтың басынада қонды. Осы бақытқа
жету үшін қазақ даласы қаншама қаһарман ұлдарынан айрлды. Саған
ескертерім екі ғасыр өтседе ескірмеген Ізғұтты бабаңнан қалған мұра бар.
Соны ата мекенге алып кетсең жарар еді…
Шындығында шалдың ұзақ әңгімесінен шаршаңқырап отыр едім. Мына
деректі естігенде елең ете қалдым. Мән-жайды атаның аузынан толық
ұққанан кейін, келесі күні-ақ мұраны іздеуге шықтым.
Көп аялдамай көненің көзі, ескінің ізіндей болған жәдігерлерді Дадайұлы
Мәулхан ақсақалдың үйінен таптық. Үй иесі мен амандық-саулық сұрасқанан
кейін назармыз алып шапанға түсті. Ғасыр асқан шапанды қасиетке балап көп
ешкімге көрсетпейтін көрінеді. Осыдан аз жыл ғана мемелекеттік мәдени
мұра тізіміне енген деседі. Өз кезінде батырдың тау тұлғалы болғаны көрініп-
ақ тұр! Бүгінгінгің біздей жігіттерінген еку-үшеу шапанға еркін сияды.
Шапанның бой ұзындығы 138см, жеңінің ұзындығы 94см, екі иғының кеңдігі
64см, жағасының дияметірі 62см шамасында. Ал белінің кеңдігі 194см болса
етегінің үлкендігі 234смге дейін жетеді. Баһадұр бабамыздың аруағы
қолдасын деп қасиетті киімді бізде киіп көрдік. Айтпақшы батыр шапанымен
қоса сақталған, ертеде ерлер тағатын кісенің қапшығы және былғары қалтаға
салынған дұғалық бар. Бұл дүниелердің барлғын батыр көзі тірісінде
қолданған. Манағы карияның айтуы бойынша Ізғұтты бабамыз 1836 жылы
қаза болса, онда мына жәдігерлерге жүз сексен бір жыл болған екен. Асыл
мұра арада екі ғасырға жетеқабыл уақыт салып бабадан бізге жетіпті.
Жұмаділ Жарқынбек

kerey.kz

Related Articles

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: