|  | 

Әлеумет

Ақтауда бала-бақшаның ауласына балғындар 120 көшет отырғызды

 

20180313_180052(0)
26.03.2017ж. Ақтау қаласы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы № 26 «Қарлығаш» бөбекжайының
тәрбиеленушілері өздерінің көшеттерін отырғызды. Бұл шара Астана қаласының 20
жылдығы және Ақтау қаласының 55 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған ата-аналар
мен тәрбиешілерде белсенді қатысты.
Қазақта «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөз бар. Бөбекжай ауласын таза
ұстау мен көгалдандыруды жүйелендіру мақсатында осындай шараларды өткізу орынды. Көшет
отырғызуды алғашқылардың бірі болып бастаған «Балдәурен» тобының тәрбиеленушілері болды,
олардың қатарында 4 жастағы Нұрсәуле Қаржаубай бар.
«Біздің бөбекжайда табиғатты қорғау туралы көп айтылады. Біздер ағаштарды
сындырмаймыз, керісінше су құйып отыру керектігін білеміз. Мен біздің топтағы балалармен
бірге ағаш отырғыздым, маған әкем, анам және інім Нұрсұлтан көмектесті. Алдағы уақытта
оны баптап, күтетін боламын. Отырғызған көшетіміздің жайқалып  өсуі үшін, оған барлығымыз
бірге қарайтын боламыз», – дейді Ақтау қаласы № 26 «Қарлығаш» бөбекжайының
«Балдәурен» тобының тәрбиеленушісі Нұрсәуле Қаржаубай.
Бөбекжай жетістігі өз ісіне жауапты, білімді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, іскер
басшыға байланысты. Бұл ретте, ұжым Ақтау қаласы № 26 «Қарлығаш» бала-бақшасының
директоры Гүлнәр Шынғалиеваның еңбегі орасан- дейді. Ал, бөбекжай жетекшісінің айтуынша,
осындай шараларды өткізу арқылы балалар табиғатты аялауды үйренеді, дейді. Яғни, баршамыз
әрбір жақсы істің басы-қасында жүрсек, бұл жүрекке жылылық ұялатып қана қоймай, осындай
үлгі тұтарлық істерімен қоршаған ортаның жақсаруына өздерінің үлестерін қосады.
«Біздің бөбекжайда 11 топтан құралған, барлығы 310 бала бар. Қазақта «Тәрбие – тал
бесіктен» деген қанатты сөз бар. Бұл ретте баланы қазірден бастап қоршаған ортаны аялай
білуге баулуымыз керек. Осы арқылы олар қоршаған ортаны танып біледі. Ағаш отырғызу
дегеніміз, ойын баласын табиғатты аялауға үйретіп қана қоймай, балабақшаның айналасын
таза ұстау арқылы қоршаған ортаны тереңірек тануға үйретеді. Ал кез-келген балабақшада
көгалдандыру жұмыстарын жүргізу өзінің өзектілігін жоғалтқан емес, сондықтан да бұл өте
маңызды шараның бірі деп білеміз. Бөбекжай ұжымының атынан ата-аналарға алғысымды
айтамын, – деді өз сөзінде Гүлнәр Зияшқызы.
«Қарлығаш» бөбекжайы «Балдәурен» тобының жетекшісі Ардақ Бақтыбайқызы өз
сөзінде, еліміздің ертеңі – жас ұрпақты тәрбиелеуде, білім беру мекемесінің рөлі ерекше екендігін
атап өтті. Яғни, мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы
болып қала бермек.
«Біз күнделікті қызметімізде балалардың тәртібіне баса мән беріп қана қоймай, олардың
дұрыс тамақтануы және үлкендермен сөйлесе білуін қадағалаймыз. Біздің балабақшада ұдайы
түрлі тақырыпта мерекелік іс-шаралар өткізіліп отырады. Атап айтқанда, қуыршақ
театрының әртістері келіп өздерінің қойылымдарымен қуантады, өзін-өзі тану сабағы
өткізіледі, дене шынықтыру, бүлдіршіндерді таза ауаға шығарып тұру, ертегілер айтып беру,
спорттық сайыстарға қатыстыру сияқты мәдени-сауықтыру шараларынан балаларды тыс
қалдырмауға тырысамыз», – деді ол.
Жас көшеттердің жанында бүлдіршіндер өздерінің тәрбиешілері және ата-аналарымен бірге
естелік суретке түсті. Шара тек көшет отырғызумен шектелмейді. Бала-бақшаның ауласын
көгалдандыру мен тазалау жұмыстары әлі жалғасын таппақ. Осылайша «Қарлығаш»
бөбекжайында наурыз айының аяғына дейін 250-ге жуық түп көшет отырғызылады деп күтілуде.

Дайындаған Кәмшат Ізбасарова
ҚР Журналистер Одағының мүшесі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Related Articles

  • Жекешелендірдік. Жетістік пе?

      Халықтың хал-ахуалын жақсарту үкіметтің алдындағы ең бірінші міндет. Ол үшін халықтың нақты табысы артуы керек, алайда оның өсуі мүлде мардымсыз. Халық қаражатының шығыс құрылымына қарасақ, адамдар қазір барлық табысының жартысынан астамын тамаққа жұмсауға мәжбүр. Өйткені, бәрі қымбат және баға күннен күнге арта түсуде. Ал әлеуметтік қызмет көрсету сапасы қандай десек, бұл бағытта да тілді тістететін мәселелер көп. Осы мәселелерді айта келіп Мәжілістегі «Халықтық коммунистер» фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында жекешелендіруге берілген әлеуметтік нысандардың жай-күйі туралы сұрау салды. «Бүгінгі таңда жекешеге берілген әлеуметтік нысандар саны 500-ге жетіп қалды. Соның жартысы коммуналдық меншікке жататын емханалар, сауықтыру кешендері, диагностикалық орталықтар, диспансерлер, санаторийлер, спорттық клубтар, музыкалық және

  • Қаңыраған қала, қираған ғимараттар һәм күшейген күзет

    Асылхан МАМАШҰЛЫ Арыстағы өртеніп жатқан ғимараттың бірі. 25 маусым 2019 жыл.  Арыстағы жарылыстан кейін қала көшелері бос қалған. Жарылыстан қалада біраз үй мен ғимарат қираған. Арыс қаласына барған Азаттық тілшісінің көргендері. “ЖАРЫЛЫС БОЛҒАНДА БӘРІН ТАСТАЙ ҚАШТЫҚ” Арыстың кіреберісінде күзет күшейген. Полицейлер мен қару ұстаған әскерилер қалаға тұрғындарды кіргізбей тұр. Сол маңда “үйіме барсам” деген екі жүзге жуық адам келген. Солардың бірі Садық Оразгелді жарылыс болғанда “алды-артына қарамай қашқандарын” айтады. – Құжатымды алуым керек. Қорада малдар қалған, соларды суару керек. Жаяу болса да, кіріп шығуым керек. Кеше жарылыс болғанда құжаттарымды, бәрін тастай қаштық ғой, – деді Арыс тұрғыны. Ауылға кіреберісте тұрған тағы бір тұрғын “жолға шығуым керек, үйде құжатым мен пойыз

  • Қастандықпен өлтірілген белсенді Ғалы Бақтыбаевтың ауылы

    Елена ВЕБЕР Ғалы Бақтыбаевтың туыстары белсенді атып өлтірілген үйдің алдында отыр. Қарағанды облысы, Атасу ауылы, 1 маусым 2019 жыл. Атасу ауылы тұрғындарын қоғам белсендісі Ғалы Бақтыбаевтың қатыгездікпен өлтірілуі шошытты. Жергілікті жұрт марқұмды “батыл, шыншыл” әрі “ауыл тұрғындарының мәселесі жайлы жиі шағым жазатын адам еді” деп еске алады. Азаттық тілшісі Атасуда болып, белсендінің туыстары және ауылдастарымен сөйлесіп қайтты. АТАСУ ТҰРҒЫНДАРЫН ДҮРЛІКТІРГЕН ОҚИҒА Қарағандыдан екі жүз шақырым жерде орналасқан Атасу ауылында 14 мыңнан астам адам тұрады. Азаттық тілшісіне мамырдың 28-іне қараған түні осы ауылда атып өлтірілген жергілікті белсенді Ғалы Бақтыбаев тұрған үйді бірден табу мүмкін болмады. Көшеде кездескен адамдар белсендінің үйіне қалай баруға болатынын түсіндіре алмағанымен, Ғалы Бақтыбаевты жақсы білетінін, оның ауылдастарына

  • Ауыл тойы – дархандықтың белгісі

    Шығыс Қазақстан облысы Күршім аунының Маралды ауылында дүркіреген той өтті. Нарық заманында жұмыссыздықтың салдарынан керқұландай жосылып, қалаға көшкендер ауылға деген ыстық ықыласын, сағынышты сезімін тілмен жеткізе алмайды. Себебі, кіндік қаны тамған топырақтың қасиеті тым бөлек. Осындайда жалпақ жұртқа жар салмай, үндемей үлкен іс тындыратын ауыл азаматтарын алқалауға тұрарлық. Маралдының марқасқалары 15 жылдан бері «Ауыл күні» мерекесін тойлаудан жалыққан емес. Осы ерекшелігімен ауыл азаматтары шығыс жұртына үлгі болып келеді. Ауыл клубында алдымен ас беріліп, марқұмдарға Құран бағышталды. Ресми жиналыста округ әкімі Фархат Өжікеновке облыс әкімі Даниал Ахметовтің, ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі 35 жыл қызмет етіп, зейнетке шыққан жоғары санатты педиатр Күлзикен Анапиеваға аудан әкімі Дулат Қажановтың құрмет грамотасы табыс етілді.

  • Дәрі-дәрмектің бағасы қашан реттеледі, Біртанов мырза?

    Бір отбасы бір жылда 26300 теңгеге дәрі-дәрмек алады. Жалпы Қазақстан бойынша бұл шығынның жылдық көлемі 120 млрд. теңге. Үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында дәрі-дәрмек бағасының 8,4 пайызға өсуіне байланысты ол тағы да 10 млрд. теңгеге артқан. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров тұтас емес, таңдап алынғандықтан статистика органдарының бұл көрсеткіші жағдайдың толық сипатын бере алмайды дейді. Оның айтуы бойынша халықтың дәрі-дәрмекке шығаратын шығыны шын мәнінде бұдан әлдеқайда көп. Жуырда мемлекеттің дәрі-дәрмектер бағасын реттеуіне мүмкіндік беретін заң қабылданды. Алайда тиісті мемлекеттік орган заңды іске асырудың тетіктерін ойластырып, оны ырғалып- жырғалып енгізгенше дәрі-дәрмек сатушылар бағаны шарықтатып жіберген. Сондықтан дәрінің ең үлкен шекті көрсеткішін мемлекет жаңа бағаның деңгейінен анықтауға мәжбүр болады. Осыған алаңдаушылық білдірген депутат А.Қоңыров

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: