|  |  | 

Мәдениет Руханият

ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ҚҰНДЫ СИРЕК КІТАПТАРЫ АСТАНАДА

  21 мамыр, 2018. 14:00. Астана.Тәуелсіздік сарайы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Қазақстан Республикасы Астанасының 20 жылдығына орай «Ел жүрегі – Астана» атты мерекелеу қарсаңында «Әлем астаналарының шежіресі» атты Халықаралық кітап көрмесін өткізеді.          Халықаралық көрмеге Әлемнің ең құнды сирек кітаптары қойылады. Осыған орай іс-шараға қатысатын шет елдік қонақтармен бірігіп баспасөз-конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы,  Италия елінің ғылыми хатшысы ЭдуардоКанетта, Иран Ислам Республикасындағы Адам ресурстарын басқару және дамыту жөніндегі басқарма директорының орынбасарыМехдиМусави, Ресей Ұлттық кітапханасының мәдени бағдарламалар департаментінің кітапханалық-көрме жұмысы бойынша бас маманыГоз Александр, Германия Республикасынан Ирантану және Орталық Азия зерттеулерінің жетекші маманыТуляшева Роза қатысады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылатын көрме – тарихи мұраны насихаттауға бағытталған және Қазақстанның мәдени және тарихи құндылықтарының халықаралық маңызын арттыратын ірі мәдени-имидждік жоба болмақ. Астананың 20 жылдығына арналған «Әлем астаналарының хроникасы» атты Халықаралық көрме аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметі «Қазақстан астаналарының тарихы туралы сирек кітаптар» көрмесін дайындайды. Көрмеде 1920 жылдан 1950 жылға дейін Орынбор, Қызылорда, Ақмола, Алматы, Мәскеу қалаларында жарық көрген 100-ден астам ерекше кітаптар, мерзімді басылымдар, Қазақстан астаналары тарихының жекелеген кезеңдері көрсетіледі. Ал ҚР Ұлттық мұрағаты Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты 1 стеллаж материалдарын дайындады (елорданы Астанаға ауыстыру туралы 30-дан астам мемлекеттік құжаттарының көшірмелері).77 сирек кітаптар орналасқан. Қазақстанның Ұлттық кітапханасы (Алматы қ.) және Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы қаланың тарихы туралы 200-ден астам дерек көздерін (сирек және бағалы кітаптар) әкеледі.     Көрмеде Амброзиана кітапханасының (Италия) құнды үш қолжазбаларының   көшірмелері ұсынылады: • Леонардо да Винчидің басты көмекшілері – Ренессанс дәуірінің ұлы математигі Лука Пачолидің «DeDivinaProportione»; • Симон Мартинидің миниатюралары бар 4-5 ғасырдағы ежелгі грек кодексі «Ильяс-Пикта»; • Франческо ПетрарканыңВергилия жұмыстары бар қолжазбасы. Іс-шараны іске асыру барысында әлемнің ірі кітапханалары Астана тұрғындары мен қонақтарына арнап астаналарды көшірудің әлемдік хроникасы туралы, әлем елдерінің тарихын анықтауға үлес қосқан шығармалар мен еліміздің тарихы мен мәдениетіне қатысы бар жазба мұралар туралы мол мағлұмат беретін сирек басылымдар мен фотоколлекциялардан құралатын  деректі көрмелер ұйымдастырылады. Халықаралық көрмені өткізу халықаралық мәдени алмасу мен мәдениеттер диалогын одан әрі дамыту және кітапханааралық ынтымақтастықты жеделдету үшін ақпараттық ресурстарды жинақтауға және кеңейтуге мүмкіндік береді. Халықаралық көрме аясында мынадай номинациялар бойынша Байқау ұйымдастырылады:

  • Астана туралы ең жақсы сурет;
  • Астана туралы ең үздік көркем кітап.

Халықаралық көрменің нәтижелері ақпараттық-сараптамалық, ғылыми-танымдық «Библиотечныйвестник» – «Кітапхана хабаршысы» және басқа ресейлік және шетелдік журналдарда жарияланады. Аталмыш іс-шара кітапханалар арасындағы мәдени, ғылыми және білім беру байланыстарын нығайта отырып, сондай-ақ кәсіби дамудың маңызды кезеңі болып табылады. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, филология ғылымдарының докторы, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Амброзиана кітапханасының ғылыми хатшысы ЭдуардоКанетта (Милан қаласы, Италия), Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бородавкин Алексей Николаевич, Өзбекстан мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті СаидикрамНиязходжаев, Германия мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэль, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Үмітхан Мұңалбаева, Түркісой халықаралық ұйымының бас директоры  Дүйсен Қасейінов (Стамбул қаласы, Түркия), «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі  қатысады. Халықаралық көрменің жұмысында пленарлық отырыстар мен кітапхана бизнесі туралы өзекті мәселелер бойынша секциялар жұмысы, сондай-ақ, ғалымдармен, ақындармен және жазушылармен шығармашылық кездесулер өткізіледі. Сондай-ақ, іс-шараға ТМД және әлем елдері ұлттық кітапханаларының жетекшілері, Қазақстанның ұлттық және аймақтық кітапханалары, ғылыми және шығармашылық интеллигенция өкілдері, баспагерлер, мемлекеттік мәдениет, білім және ғылым институттарының жауапты қызметкерлері, кітапханашылар және т.б. шақырылып отыр.     ҚР МСМ Баспасөз қызметі

Related Articles

  • ТОРАҢҒЫЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

      ТОРАҢҒЫЛЫ ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ? Сыр бойы – тұнған шежіре, таусылмас тарих. Өткен өмірді бүгінмен бүгіп қалуға болмайды. Бабалардың соқтықпалы-соқпақты ұлы жолы ғасырлар қойнауынан ұласып келе жатқаны ақиқат. Ал, қазіргі өмір ертеңге жалғасатындықтан, өткенді таразыға тарту – басты міндет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жариялау арқылы рухани мұраларымызды түгендеп, ұрпаққа ұлтжандылықтың ұрығын себудің үлгісін көрсетті. Жер атауларының тарихын зерттеу өз өлкеміздің өткен тарихына үңіле отырып, ұрпақ санасында сабақтастық салтын қалыптастыруды көздейді. Қайсыбір елдің, жердің немесе елді мекеннің аталу тарихы болатыны сөзсіз. Сондай-ақ «Тораңғылы – Бала әулие» аталуының өзіндік шығу төркіні бар. Әйтсе де  тарихшылар, шежірешілер де «Тораңғылы – Бала әулие» дәл осылай болған деп әлі күнге дейін тап

  • Отандық композитор Мұстафа Өзтүріктің рухына  арнап күй шығарды.

      Қазақстанның белгілі спорт қайраткері, аты аңызға айналған тұлға өз өмірінде Қазақстанда таеквандо мектебінің негізін қалады, адал ізбасарларын тәрбиеледі. Рухы мықты, өз идеяларына берілген Мұстафа Өзтүріктің бейнесі композитор Шолпан Қорғанбекті “Тарлан” аспаптық туындысын шығаруға шабыттандырды.  Бұл шығармада Мұстафа Өзтүріктің бейнесі кең ауқымды және әсем көркемделген. Домбыра үніндегі лирикалық бастама кейіпкердің туған жері туралы, өзінің барлық білімі мен дағдыларын туған халқына қалай жеткізуге болатындығы туралы ойларын жеткізеді. Бүкіл ансамбльмен орындалатын шығарманың жылдам бөлігі Мұстафа Өзтүріктің ерік-жігер, рух күші, батылдық, адалдық сияқты қасиеттерін аша отырып, жігерлі, екпінді шырқалады. Шығарманың авторы Шолпан Қорғанбекшығарма туралы былай дейді: Қазақстанның аты аңызға айналған тұлғалары, ерекше тұлғалар мені жігерлендіргендей болды, олар біздің қуатты және бай шежіремізді құрайтын

  • ТӘҢІРШІЛДІК — қазақтың көнермейтін көне дүние танымы

    Тәңіршілдік — қазақтың көнермейтін көне дүние танымы. Тәңіршілдік ұғымында көп діндер қатарлы Жаратушыны бар деп есептейді, бірақ Ол адамдарға елші жібермейді, Көктен кітап түсірмейді, жаратылысқа (сіз бен бізге) “сәлем” жолдамайды — деген наным-сенім бар. Жаратушы барлығын жерге қалдырған, бәрі айналып тұратын механизм. Сондықтан жақсылық жасасаң да, жамандық жасасаң да өзіңе айналып келеді. Сол себепті Тәңіршілдік ұғымындағы ең негізгі ғибадат — шын көңілден жақсылық жасау, барыңды бөліп беру. Оны репрессия жылдарында Қазақ даласына айдалып келген өзге ұлттар жақсы біледі. Ал қазақ неге қырғынға ұшырады..? Оған Ислам жауап бере алмайды, оған Тәңіршілдік жауап береді: қазақ қашан да жауынгер халық болған, кеше ғұндар қытайларға қауіп төндірсе, бүгін сол қытайлардың ұрпақтары бізге қауіп төндіріп

  • АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК СЫНАҒАН ФИЛЬМ

    Ақселеу Сейдімбектің күнделігінен: “Құлагер” фильмі жайында Кино үйінен «Құлагер» фильмін көріп қайттым. І.Жансүгіровтің әйгілі «Құлагер» поэмасының ізімен депті. Өнер атаулы, оның ішінде кино өнеріне не үшін керек? Кім үшін керек? Әсіресе белгілі бір ұлт өнері алдымен сол ұлттың өзіне керек пе, жоқ әлде өзге ұлтқа керек пе? Белгілі бір ұлттың өнері алдымен өз болмысын көрсетуі керек пе, жоқ әлде өз болмысынан кіндік үзіп, жалпыадамзаттық өз болмысын көрсетуі керек пе, жоқ әлде өз болмысынан кіндік үзіп, жалпыадамзаттық дейтін әсіре патетикаға бой алдырғаны жөн бе? Өнердің парқы мен нарқы ұлттық талғам таразысына түскені жөн бе, жоқ әлде сырт көз сыншының айтқанына көніп, айдауына жүргені дұрыс па? Тарихи тұлғалардың өмірбаяны қай шек-шекараға дейін

  • Кйіз үйдің жабдықтарының атаулары

    Болат Бопайұлы Қазақ кйіз үйі- 7-8 ғасырларда кеңінен қолданылған. Осынау ұлы даланы қоныс еткен ата – бабаларымыз осыдан үш мың жыл бүрын да кйіз мәдениетін жарыққа шығарғанын күллі әлем көзіндегі ғылымй деректер дәлелдейді. Қазақ халқының арғы ата- бабалары саналатын Сах, Ғүн, Қаңлы, Үйсін, Аландар заманында-ақ Кйіз үй мәдениетін толық қалыптастырғаны шындық. Мен бұл жерде Кйіз үй тарихын айтқалы отырғам жоқ. Жақыннан бері оқушылардан маған Кйіз үйдің жабдық атаулары туралы өте көп сүрақтар келіп тұсті. Жеке- жеке жауап та бердім. Бырақ сүрақтар көбейе берді. Ақыры ФБ желісінде ортақ жауап беруді жөн көрдім. Қазақ кйіз үйінің сыртқы жабдықтарына қарай : 1. Үзікті кйіз үй, 2. Көтерме турдықты кйіз үй, 3. Бітеу турдықты

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: