|  | 

Әлеумет

Дамыған елдерде ауыр науқастар мен мүгедектер еркін өмір сүріп жатыр

safe_imageӘлі советше ойлайтын, әскери медицина менталитетінен ажырамаған денсаулық сақтау саласының менеджерлері бір жайтты түсінуі тиіс: ерте заманда да, орта ғасырларда да, қазіргі кезде де ауыр науқастар мен мүгедектер саны жалпы халық санына шаққанда бір мөлшердің төңірегінде тұра береді. ДДҰ-ның мәліметінше, бұл мөлшер – 15 пайыз. Мұның себебін ешкім анық түсіндіріп бере алмайды. Кейбір гуманист атеистер “адам баласының бір-біріне деген қамқорлық сезімін күшейту үшін табиғи сұрыпталудың бір шарты” деп қабылдаса, евгеника жақтастары (мысалы, нацистер) “табиғи сұрыпталу кезінде генді тазарту үшін мұндай әлсіздерді қырып тастау керек” деп шатылды. Діндар гуманистер “мүмкіндігі шектеулі жандарды күту – сауап жинау мен Құдайдың рақымына бөлену” деп білсе, ультра-консервативтік діншілдер “ауыр науқас пен мүгедектік – Құдайдың жазасы” деп сенеді. Екі дүниежүзілік соғысты бастан кешіп, өткеннен сабақ алып, “әлеуметтік құқық” ұғымын орнықтырып жатқан өркениетті әлем елдері мұндай 15 пайыз мұқтаж жандарға өлместің жағдайын жасап, негізгі күтім қылу аз, олардың денесі мен ойын сауықтырып, білім беріп, мамандыққа баулып, шама-шарқынша қоғамға һәм қызметке кіріктіру керек, олардың күтушілеріне де жәрдем беру керек деп санайды. Сол себепті мүгедектерін, ауыр науқастары мен қарияларын үйде, я арнайы интернатта қамап ұстайтын елдерде тұратын адамдар Батыс Еуропаға, я Солтүстік Америкаға қыдырып келгенде “Неге көшеде арбаға мінген мүгедек пен кәрі адам көп?” деп таң қалады. Оған таң қалатын ештеңесі жоқ. Дамыған елдерде жоғарыда айтқан 15 пайыз еркін өмір сүріп жатыр. Мекемелер құқықтарын шектемейді, қоғам саусағын шошайтып күлмейді. Адамдардың әртүрлі болатынына, ауру-сырқатқа, мүгедекке жиіркенбей қарау керектігіне, оларға қамқорлық қажеттігіне үйренген. Мысалы, Ұлыбританиядағы балалардың танымал телеарналарының біріндегі (Milkshake) белгілі жүргізуші қыздың бір қолы иығынан жоқ. Жас аудитория кішкентай кезінен денесі кемтар адамға шошынбай, жиіркенбей, тең қарауды үйренеді.

Дамыған елдерде мүгедек баласына, я науқас кәрі әке-шешесіне қарап үйде отырған жандарға мемлекет жалақы төлейді. Жеке қараудағы мұқтаждарға барлық жағдай жасауға тырысады. Егер қараушы азаматтар мүгедек баласынан, я науқас әке-шешесінен бас тартып, арнайы орталықтарға өткізіп тастаса, мемлекет шығынының да еселеп өсетінін біледі. Мұндай әлеуметтік орталыққа өткізілетін мұқтаж жанның ішіп-жемі, гигиеналық күтімі, баспанасы, қауіпсіздігі, жүріп-тұруы мен коммуналдық және басқа қызметтері әлдеқайда қымбатқа түседі.

Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балалары мен басқа да туыстарына қарап отырған азаматтарға жеке өмірлері мен карьераларын құрбан еткен мұндай ерлігі үшін және адамгершілігі үшін мың да бір алғыс һәм тағзым! Егер Құдайға сенбейтін гуманист болсаңыздар, Жер бетіндегі жалғыз сөйлей алатын саналы тіршілік иелерін хайуаннан ажыратып тұрған қасиетті жетілдіріп жатқан жанкештіліктеріңізге тәнтімін. Діндар адам болсаңыздар, жүректеріңіздегі Құдырет иесінің алдында дәрежесі өсіп жатқан сансыз сауап иелері ретінде құрметтеймін. Билік өкілдері бұл адамдардың тек өз бастарына емес, тұтас қоғамға қызмет қылып отырғандарын, мемлекеттің қомақты қаржысын үнемдеп отырғандарын түйсінулері тиіс. Мұқтажға ай сайын төлейтін аз-маз жәрдемақыны қиып тастамақ түгілі оның қараушысына жалақы төлеу мәселесін қарастырулары керек. Ең бастысы – әлеуметтік мәні бар ауруға ұшыраған сырқаттар мен мүгедектердің қоғамға кірігіп, қызметке араласу мәселесіне назар аударатын деңгейге ұмтылулары қажет. Әйтпесе өркениетті ел болу қиын.

Galym Bokashтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: