|  | 

Суреттер сөйлейді

Қытай крезисі: Экологиялық апаттар

 

Қытай экономикасы ұшқан құстай дамып әлемнің екінші ірі экономикалық тұлғасына айналғанымен экологиялық дағдарыстар күннен-күнге көзге түсуде. Жәй ғана қоршаған ортаның ластануы ғана емес айытса кісі сенбестей қорқынышты дәрежеге жеткені анық болып отыр. Американы қуып жету деген ұранның жетегімен тек экономиканың өсуіне ғана мән беріп тәбиғи байлықтарды толассыз ашып, өнеркасыптік қалдықтарды беталды шығарып ортаны ауыр дәрежеде ластаған.Қытай экологиясының ластануы мыналарды қамтиды:

1.Ауаның ластануы

Қазіргі таңда жылына 360 мың адам ластанған ауаның кесірінен көз жұмады. 400 миллион адам таза ауа сіміре алмайды. 30% Қалалардың ауасы тіпті ауыр дәрежеде ластанған. Дүниедегі 20 ауасы ауыр ластанған қаланың 20 сы қытайда, олардың алдыңғы легіне Ланьчжоу, Чэнду, Чжэнчжоу, Цзинань, Үрімші, Нанкин, Пекин, Сиань Қатарлы қалалар кіреді. 47 ірі қаланың 70% ы ауыр дәрежеде ластанған, 338 қаланың 137 сының ауасы ауыр дәрежеде ластанған.Untitled-1

Сур. 1-Дүниедегі ауаның ластану дәрежесін көрсететін карта, бұнда Қытайдың ластануы ең ауыр екенін көруге болады.

Untitled-1

Сур. 2-Ауасы ластанған пекин қаласы.Untitled-1

Сур. 3-Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Қытайдың Таншань қаласындағы болат өндіретін ірі қаласы, Shougang Group компаниясының Qian’an болат зауытыUntitled-1

Сур.4 – Лас ауа ішінднгі жол сақшысыUntitled-1

Сур.5 Көптеген қалаларда Қытай ұзақ уақыт бойы ауаның ластануы мен қатерлі ауытқулары бар. Суретте газдың көп мөлшерін шығаратын Чанчун, Цзилин қаласындағы морфты көрсетілген.Untitled-1

Сур.5 чиңдаудағы электр өндіру стациясынан шыққан түтіндер

 

Уильям Латта 2005 жылы Қытайға келді, оның мақсаты – француздық энергетикалық алып алу мақсаттарын табу. Нәтижесінде ол өз компаниясын құрды.

Қытайда қазыр отын энергиясын тұтынуы дүниеде1- Орында,лас газдарды шығаруда 1- Орында, so2 ның шығарылуы 8570000 тонна болып дүниеде 1-орында,ауадағы тозаңдар 11750000 тоннаға жеткен,  со газын шығаруданда дүниеде 1- орында тұрады. 2014 Қытайда 74  қаланың ауасын тексергенде тек 3 ғана толымды болған.Жылына ауаның ластануы себебінен 5500000 адам көз жұмса оның 1600000 ден артығын Қытайлықтар болған. Қазыр ауаның ластану көлемі шектен асып кеткендіктен оны азайытқанмен оңайлықпен қалпына келе алмайды. Тек 1% адамдар ғана стандартты хауыпсыз ортада өмір сүруде. Ауаның шектен тыс ластануынан өкпе обырына шалдыққандардың саны кісі шошырлық дәрежеде артуда. Пекинде бір жылда тек он үш күнде ғана ауа толымды болған. Қытайда электр шығарудың  60% ы көмір жағу арқылы іске асады.2011 жылы көмір жағу арқылы 600 миллион килоуат тоқ таратқан. Қазыр Қытайда көмір ең басты энергия қайнары болып отыр(73%) .

Untitled-1

Сур.6 Қытайдағы қышқыл жаңбырдың ауыр жауған райондары көрсетілген карта

 

Кеңістікке шығатын лас газдардың шектен тыс көбеюіне байланысты Оңтүстік Қытай, Орталық Қытай, Оңтүстік-Батыс Қытай, Оңтүстік Қытай қатарлы райондарда қышқыл жаңбырдың жаууы өте ауыр дәрежеде болған.Лас ауадан тыныс жолы аурулары көбеюде, өкпе обыры, әсіресе жас балаларда тіпті ауыр. Авто көліктердің көбеюінен қатынас шырғалаңы да арта түсті,Шаң қай қаласында ластанған ауаның кесірінен өлетіндердің саны жол апатынан өлетіндерден асып кеткен.Қытайда тек 5% адам ғана таза ауамен тыныстай алады екен.

2. Судың ластануыUntitled-1

Сур.7 Ауыр ластанған хуайхы суы

Untitled-1

Сур.8 Қытайдағы ластанған өзен алаптарын көрсететін карта

 

Қытайда өзен көлдердің,теңіздің  суларыда ауыр дәрежеде ластанған. 2006 жылғы мәліметте өзен көлдердің 70% ластанған,40% ауыр дәрежеде ластанған, өзен жағалауындағы қалалардың суы дерліктей ластанған.600дан артық қалаға су жетіспейді. 300 миллион егінші таза су іше алмайды. Судың ластану дәрежесінен алғанда дүниеде 1- орында,2008 жылы өнеркасіп касыпорындары шығарған лас сулардан болған судың ластануы 96.42% ке жетіп, 403 триллион 866 миллиард текше метрге жетті. 13.11.2008 Қытай мұнай газ компаниясы жиллин бөлімшесі бензол өндіру заводында жарылыс болып көп мөлшердегі бензол сүңхуа өзеніне ағып кірген. 6.7.2010 жылы компаниясының Бохай теңізіндегі мұнай атызында мұнай ағу оқиғасы болып .2011жылы conoco philips далиан шингаң мұнай құбырында жарылыс болып  600 мың текше метр мұнай ағып кетті. 2014 Гансудың у уй қаласында семент заводында жарылыс болып маңайындағы өзендерге қыруар лас заттар ағып кірген. Хуайхы-хайхы өзен алабының ластануы тіпті ауыр.Осы екі өзен жағалауында 1500 ден артық заводтар лас суларын осы өзендерге шығарған. Соның әсерінен 120 миллон адам таза су іше алмайды.Үш қысаң инженериясын салуға 2.1 триллион юань жұмсалса, соның әсерінен болған ластануды тазарту үшін он есе көп қаражат керек болған.

Қазыр Қытайда 90% жер асты сулары ластанған, 118 қалада %64 жер асты суы ауыр ластанған, 33% і жеңіл дәрежеде ластанған. Осы лас өзен,жер асты суларымен суарылған ауыл-шаруашылық өнімдері адамдарды обырға шалдықтырады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне негізделгенде Қытайда жылына 9560 адам судың ластануынан өледі. Қалалардағы өзендерге малтау, су ішу мүлде мүмкін емес. Ауыл-қыстақтарда 300 миллион адам тұтынатын су таза емес, Қытайда судағы фтордың құрамы жоғарысумен сусындап отырған 63 миллинн адам бар екен. Жоғары Мышьяк құрамды сумен жылына 2 миллион адам ауырады.Қышқыл кермек суларды тұтынатындар 190миллион адам болып оның ішінді ауруға шалдыққандар 1100000 адамнан асады. Лас сулар көп райондарда обыр қыстақтары пайда болып олардың саны 459 ға жеткен, осы қыстақта әр жылы үш адамның бірі обырға шалдығады екен.

Қытайда ластанған суларды тазарту үшін 3 триллион юань керек, ал осы саланы зерттеу үшін 300 миллион юань керек екен.Тайху , сәйху көлдерін тазартуға 63 миллиард юань керек болған.Untitled-1

Сур.7Untitled-1

Сур.9Untitled-1

Сур.10Untitled-1

Сур. 11Untitled-1

Сур.12Untitled-1

Сур.13Untitled-1

Сур.14Untitled-1

Сур. 15

 

Суреттердің келу қайнары :http://hopedialogue.org/cn/%E3%80%90%E7%BB%84%E5%9B%BE%E3%80%91%E4%B8%AD%E5%9B%BD%E7%9A%84%E6%B0%B4%E6%B1%A1%E6%9F%93%E6%9C%89%E5%A4%9A%E4%B8%A5%E9%87%8D-2/Untitled-1

Сур.15 Ластанған суда қырылған балықтар

Untitled-1

Топырақтың ластануыUntitled-1

Сур.16 Қытайдағы топырағы ауыр ластанған өңірлер көрсетілген карта

 

Қытайда 1 миллиардл 800 миллион му(Қытайдың жер бірлігі, 1=15 гегтар) атызы қызыл сызыққа тірелген, себебі ондағы топырақ ауыр дәрежеде ластанған. 2007 жылғы тексеруде 20% егістік ауыр дәрежеде ластанған. Негізі ондағы топырақ ауыр металдармен ластанған. Ал мамандар бұл жалған керісінше 80% ластанған деп отыр,себебі: Қытайда барлық атыздарда химиялық тыңайытқыштар мен ауылшаруашылық дәрілері қолданылады,бұлар топырақты ластайтын басты себеп. Ал осының себебінен өзендер мен жер асты суларыда ластанады,осындай топырақта өнген астық және көктатттар адам денсаулығына өте зиянды болып табылады. Обыр ауыруларының көбеюіде осыған байланысты. Германияда тұратын атақты экология маманы уан уй лоның айтуынша: жейтін азығың топырақтың кесірінен ластанса,жүретін жолыңда ластанады.Қытайда топырақтың ластануы қаншалық дәрежеде?неден ластанды? Бұл жағын ешкім назар аудармайды,жалпы Қытайда топырақтың ластануын зерттеу дамымаған.Топырақтың ластануының 30% ін егістікке қолданылатын тыңайытқыш пен егіс дәрілері ластаса; 60% ін заводтардан шығатын лас сулар және қоқысықтар ластайды.Untitled-1

Сур.17 Қоқыстан топырақтың бұлғануы

 

8 жылдық зерттеу (2005-2013 жж.) Жердің ластануының 82,8% -ы «артық бейорганикалық ластаушылар» дан болады. Хабарландыру деректері адамға зиян келтіретін топырақтағы ауыр металдардың мөлшерінің айтарлықтай асып түскенін көрсетеді. Өткен жылы жер және жер ресурстары министрлігі берген жерді ластаудың ұлттық деректеріне сәйкес, елеулі ластанғандықтан, шамамен 50 млн. М3 егістік алқапты себуге болмайды.

Соңғы хабарландыруда сауалнама жүргізілген егістік жерлердің 19,4% ластанғаны айтылған. Жеңіл, орташа, орташа және қатты ластанудың үлесі сәйкесінше 13,7%, 2,8%, 1,8% және 1,1% болды Негізгі ластағыштар ауыр металл кадмий, никель, мыс, мышьяк, сынап және қорғасын, сондай-ақ DDT ) Және PAHs.

 

3. Қоқысықтан ластануUntitled-1

Сур. 18 қаланы қоршаған қоқысық

 

Қытайда адам өте көп болғандықтан тұтынуда жоғары, тағы адамдардың сауаттылық деңгейінің төмендігі, қоршаған ортағаболған түсініктің таяздығынан ,үкіметтің мән бермеуі мен сыбайлас жемқорлықтың кесірінен ортаға шығарылатын қоқысықтар адам сенгісіз дәрежеде көбейіп кеткен. Қазыр Қытайда 66%  Қала қоқысықтың қоршауында қалса; Алып жатқан жер көлемінің өзі 800000 му. Қытайда жылына 1 миллиард тонна қоқысық шығарылады, 2004 жылы Қытай әлемдегі ең ірі қоқысық шығарушы елге айналды. Пекин қаласында күніне 18400 тонна қоқысық шығарылса; Шан хайда күніне 20000 тонна қоқысық шығарылады. 25% қалада қоқысықты қоятын ыңғайлы жер қалмаған. 40 мыңнан артық ауылдарда жылына 280 миллион тонна қоқысық шығарылады. Гуандун провинциясы Дунгуань қаласы юанфын қыстағында әр жерден тасып әкелінген қоқысықтар тау болып үйіліп қалған болып , соның кесірінен 12 адам обырға шалдығып көз жұмған. Қытайда жасалған электрон аспаптарының 60-70% дамушы елдерге шығарылады, жужиан өзені атырауы осы электр аспаптары қоқысығы жиналған жер. Бұл бүкіл дамушы елдердегі элекрт аспаптары қоқысығының 56% , бұл тұрғындардың денсаулығына ауыр қатер төндіруде. Осы өңірде осы қоқысықтарды қайта өңдеумен айналысатындарда өте көп. Бір тал батерия 20 куб суды ластайды, бір 1 куб топырақты істен шығарады, ал электір аспаптары далада жатқанда алуан түрлі зянды газдарды бөліп шығарады. Қол телефонды үздіксіз жаңалап тұру, сапасының төмендігіде қоқысықтың санын көбейтуде. 2015 жылы 5400000 тонна электр аспаптары қоқысығы жиналған.

  1. ҚұмайыттануUntitled-1

Сур. 23

Қытай экологы уан уй лоның айтуынша :

Қытайдың солтүстігіндегі қалаларда құмды боранның соғуы жылдан-жылға ауырлап барады. Қытай териториясының 20% ы құмды шөлдерден тұрады. (ең ірісі шығыс түркістандағы такыламакан шөлі). 1950 жылдан қазірге дейін құмайыттанған жердің аумағы 3 Германия териториасынан асып кеткен. Бұны Қытай билігі тәбиғи құбылыс деп танып отыр. 1989 жылы 20% жер құмайыттанған, оның 94.5% ы адамдардың қимылынан болған. Ормандардың артықша кесілуінен 32.4% ; Малды артық бағудан 29.4% ,артық тың ашып егін егуден 23% байлықтың артық істетілуінен 6%, завод салу, кен ашу, қалаланудан 0.8% құмайыттануды тудырған.

Басты құмайыттанған өңірлер ішкі мұңғұлия мен шығыс түркістанда болған, үйіткені бұл өңірлер ежелден көшпенді ұлттардың мал бағатын жәйілімдық жері болған, топырағы жұқа, су қайнары аз болғандықтан ежелден егін егілмеген еді. 1950 жылдардан бастап осы өңірге миллиондаған тіпті он миллиондаған Қытайлар ағылып кірді де жәйілімдық жерлерді жыртып егін еге бастады. Бастапқы бірнеше жылда жақсы өнім бердіде одан кейін кетеуі кете бастады. Алайда Қытайлар бұл жерлердің егін егуге үйлеспейтінін білмеді хам есептеспеді, зорлап химиялық тыңайытқыш беру, ауылшаруашылығы дәрілерін артық қолдануға көшті. Ол олма жергілікті көшпенді Қазақтар, Мұңғұлдарды зорлап отырақтастырды. Ертіс ,іле,Емілдің сулары мен тәңіртаудан ағатын манас сияқты өзендерді түгел бөгеп не бұрып егін суарды. Осының кесірінен Ертіс құятын зайсан көлі, еміл құятын ала көл, іле құятын балқаш көліне келетін су қайнары азайдыда осы үш көлге қатер төнуде! Ол ғана емес осы өзен алаптарында ашылған кен мен заводтардан шығатын лас сулар осы райондарға ғана емес Қазақстан экологиясынада ауыр хауып төндіруде!

Ормандардың аяусыз кесілуі 1960 жылдары маудың тұсында болды, ағаштарды аямай кесіп, өртеп  25 миллион тонна болат қорытты.

Шығыс түркістан мен Ішкі мұңғұлияда малды артық бағудан жәйілім азғындады, тұяқ кесті болды. Айталық Қазақтар қоныстанған Алтай, Тарбағатай, Іле үш аймақтың жер көлемі тек 280 мың шаршы километр болғанымен 2015 жылғы мал басы саны Қазақстандаға мал басы санынан асып кеткен.Шығыс түркістанда 1950 жылдардан кейін Шыхызы , қарамай,санжы, күйтүн  қалалары бой көтерді, алтай, құлжа,шәуешек қалалары зор дәрежеде ұлғайды, халық саны 1950 жылдардағыдан 5-6 есе көбйіп кетті ,бұның өзі экологиялық қысымды арттыра түскен. Мысалы Ертістің суын қарамайлы мен фукаңға бұрдыда осы қалаларды сумен қамдады.

1950 Жылдардан бері шығыс түркістанға 10 миллионға жуық Қытай келді ,олар ең шұрайлы суы мол жерлерді иелеп егін салды, тәңіртаудың солтүстігіндегі Керей, Найман, Албанның ата мекенінде қазыр ? миллион Қытай мекенднп отыр.

Қытайда осы себептерден Жылына 3000 квадрат километр жер құмайыттануда! Дәл осындай шөлде құрылған Ганцудың миншиан ауданы кезінде «шөлдегі меруерт » атанған еді, кейін суы құырп қаңырап қалған.

 

5. Теңіздің ластануы

2014 жылы Қытай ЖІӨ сындағы теңіздегі ресурыстардың қосқан үлесі 5.4 болып 9.6% ты ұстаған. Шаньдун, Гуандун, Чжэцзян провинцияларында теңіз ресурыстарын пайдалану қатты дамыған, бастысы энергия, мұнай, газ, балықшылықты қамтиды.

2000 жылы теңіздерге 6.35 миллион тонна лас су ығыстырылса; 2013 жылы 16.729 миллион тоннаға жеткен. Ластану көбінде: Қоқысықтың төгілуі, лас сулардың ағып кіруі, мұнай ағып кету сияқтылар. Жияңсудағы тәйху көлі маңындағы заводтардан шыққан лас сулар көлді ауыр ластағандықтан оларды теңіз жағасына көшірген болатын. Осы заводтар лас суларын тікелей бохай теңізіне ығыстыруда! Бохай теңізі ауры дәрежеде ластанып «өлі теңіз » атануда! Ондағы балықтардың 90% құрып кетіп балықшылардың күн көрісі қиынға соққан. Бохайға жылына 2миллиард 800 миллион лас су шығарылып тұтас елдегі теңізге ығыстырылатын лас судың 50% ін ұстаған, қазыр осы теңіздің жағалауларында 57 лас су ығыстыру көздері бар.

6. Топырақтың ластануы

 

Эколог уаң уи лоның айтуынша:

Адамдар ішіетін-жейтін таағамдар топырақтың ластануына ілесе ластанады. Қылаяғы жұретін жолыңда ластанады,ттопырақтың ластануы қаншалық дәрежеге барды? Оның зияны қаншалық ауыр? Қытайда бұл проблемалармен арнайы айналысатын орталықта, мықты мамандарда кемшіл. Топырақтың ластануы, заводтардан шығатын лас сулар, егістікке қолданылатын химиялық тыңайытқыштар мен зиянды жәндіктерді жоятын ауылшаруашылығы дәрілерінің кесірінен болады. Топырақ ластанса міндетті түрде одан өніп шығатын өсімдіктер тектес жемістер мен, дәнді дақылдар, көктаттарда ластанады, тіпті ет қайнары саналатын жануарларда бұдан қағыс қалмайды. Лас сулардан қышқыл жаңбыр пайда боладыда ол егістікті ойрандайды. 80% жер асты суы ластанған оның дені егістікке қолданған тыңайытқыштармен дәрілер арқылы ластанған. Топырақтың ластануының тағы бір себебі бей-берекет төгілген қоқысықтар арқылы. Қоқысықты жерге көму, зиянды қоқысықтарды суға ағызуда жерді ластап отыр. Бұған адамдардың мәдени өресіде әсер етеді деуге болады.

Жасыл жұұ

2001 жылы қытай зиялыларының ауыр экологиялық дағдарысқа қарата дабыл Қаққандықтан үкімет зиялылар ұсынған жасыл жұұ саясатын атқармақ болды. Оның мәні мынадай:

Жасыл жұұ= экологияны оңауға кететін қаржы+жалпы жұұ

Келесі жылы бұл саясат Хынан Провициясында сынақ ретінде атқарылды, натижеде қызық болғанда жылдық жұұмен экологияның шығыны қарайлас болып шықты!  бұндай саясатты атқару мүмкін Болмағандықтан үкімет қаулы шығарып тоқтатып тастады, бұл тақырыпты қозғаған адам жазалы болатын нәзік тақырыпқа айналды.

 

Болашақ не болады?

Егерде осы қарқынмен кете берсе қытайдағы экологиялық апаттардың зардабы өте ауыр болмақ!  адамның өміріне қатысты ауа мен су бұлғанды, азық түлік өсетін топырақ бұлғанды, одан шығатын астықтармен жеміс-көктаттарда бұлғанды, су Ластанғандықтан судағы балықтардыда жеуге келмейтін дәрежеге келе жатыр. Ауыр Ластанған ауадан сансыздаған адамдар көз жұмса, Ластанған су мен астықтанда обырға шалдығатындар күн санап көбеиюде!  химиялық тыңайтқыштармен ауыл шаруашылығы дәрілерінің шектен тыс қолдануынан егістік жердің %70 істен шықты!  суда егіс дәрілері мен өнеркәсіптен шыққан лас сулар, басқа қалдықтармен Ластануда!  сондықтан қытай шетелден астық пен етті импорттауға мүдделі, америкадан тауық еті, бұршақ, жүгеріні, латын америка елдерінен сиыр еттерін импорт етеді, қытайдың Қазақстаннан егістікке жерді жалға алуға зәру болатыныда содан. Егерде экономиканы көзсіздікпен дамытып экологияны бүлдіре берсе болашақта халқы экологиялық апаттардан, түрлі аурулардан қырылуы мүмкін!

Ерзат Мелатхан

 

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

  • Чунциндегі кездесу

    Тарихи сурет Уақыты: 28 тамыз 1945 ж.; Орыны: Чунцин (重慶) қ-сы; Түсініктеме: Тарихи суретте АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли және Қытай президенті Чан Кайши мен ҚКП төрағасы Мао. Чунциндегі кездесу кезінде диалогқа келе бастаған қытайлық партия өкілдері алпауыт ел АҚШ пен Совет Одағының “қытай саясатын” жаңа дағдарысқа әкелді. Көріністе азаматтық соғысты тоқтатып бүкілқытайлық мәселені шешу болғанымен үлкен қастандықтың басы содан басталды. Алпауыт тараптар қытай картасын өзгертетін жаңа диалогтарды қызу талқылап жатқанда Шығыс Түркістан аумағында бір уақытта үш бірдей уақытша үкімет өмір сүрді. Олар: Бірінші, отставкадағы Шэн Шицай кланы; Екінші, Ву Чжунсинның уақытша үкіметі; Үшінші, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі. АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли Шығыс Түркістан аумағын назарға ала

  • 87. КІП-КІШКЕНЕ ФОТОБОМБА

    Уэббтың MIRI аспабын сынау деректерін қарастырып отырған ғалымдар күтпеген жаңалық ашты. Сынақ кезінде басқа нысан бақыланса да, Уэбб телескопы үлкендігі небәрі 100–200 метрлік астероидты кездейсоқ түсіріп алыпты! Марс пен Юпитер орбиталары арасындағы Негізгі астероидтар белдеуінде орналасқан дене Уэбб көрген ең кішкентай нысан болса керек. Негізгі белдеудегі кішкентай астероидтар ірі көршілеріне қарағанда нашар зерттелген, өйткені оларды осынша қашықтан бақылау қиын. Уэббтың болашақ арнайы бақылаулары астрономдарға мұндағы 1 километрден кіші астероидтарды зерттеп, Күн жүйесінің түзілу модельдерін нақтылауға мүмкіндік береді. Астроном Томас Мюллердің пікірінше, тосынсый үшін Уэббтың осы кішкене денені 100 миллион километр қашықтықтан көре алатын таңғажайып сезімталдығына рақмет айтуымыз керек. Және бұл соңғы тосынсый болмас. Ғылыми ұжым Күн жүйесі жазықтығын (ал Күн

  • Министрлік Сарышағанда зенит ракетасы бөлімшелерінің ұрыс атыстары өткенін хабарлады

    Сарышағандағы әуе шабуылынан қорғаныс жаттығуы. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет. Ақпан, 2023 жыл.  Қазақстан қорғаныс министрлігі 2 ақпанда Ресей жалға алған Сарышаған полигонында әуе қорғаныс күштерінің зенит ракетасы бөлімшелері ұрыс атысы қимылдарын өткізгенін хабарлады. Жаттығудың негізгі мақсаты “жеке құрамның әскери және азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған әуе шабуылдарына тойтарыс беру дайындығын тексеру” деп айтылады. Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, “қолданыстағы қазіргі заманғы зенит ракетасы кешендері цифрлық радиолокациялық станциялармен жабдықталған”. Министрліктің хабарламасында ракета кешенінің аты аталмайды. Алайда хабарламадан ресейлік “Бук” кешені сыналып жатқаны байқалады. Ақпаратқа қарағанда, радиолокациялық барлау қызметі “ұшақ және ракетатектес” дрондарды анықтағаннан кейін жауынгерлер дайын емес позицияларға жылжыған. “Кешендер өрістетіліп, шартты қарсыластың құралдары жойылған”. “Заманауи зенит ракетасы кешендерінің көмегімен біз нақты уақыт режимінде

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: