БҰЛ КҮНІ …
Уа, Астана,астанам, астанамыз-
Жасыл желек, көкөрім жас қаламыз
Құт қоныс қып Есілдің қос жағасын,
Арқада байрақ тіккен Бас қаламыз
Көгі –биік, желі- өткір, жері- жазық
Қойнауы жанға мекен, малға азық
Сарыарқа-қазақ жері кіндігінен
Елбасы Елордаға қаққан қазық
Содан бері жиырма жыл артқа салып
Астана өз тарихын қойды жазып
Теңдессіз жаңа құрылыс бастағаны
Арқада жайнатпаққа жас қаланы
Шыңыраудан ылғал тартқан сексеуілдей
Берік болмақ қазақтың бас қамалы
Тамыры тым тереңде бұл шаһардың-
Сонау-сонау Бозоқтан* басталады
Дәшті Қыпшақ-қазақтың арғы тегі
Бозоқ деп салған қоныс-баспананы
Бозоқтан Ұлы Жібек жолы өткен
Бозоқтан Шыңғыс ханның қолы өткен
Бозоқтың әрбір сәтін қуа ағып,
Арнасы ақ Есілдің толы өткен
Елбасының өміршең бастамасы-
Сол жерде бүгін елдің астанасы
Босағаңнан аттады жаңа өмірге
Қазақтың қоңыр өңді жас баласы
Астана, осы ұл сені көркейтеді
Өзіңнен болсын оның баспанасы
Бозоқтық Дәшті Қыпшақ ұрпағы-бұл,
Тілден қағып, бетінен жасқамашы
Боларсың осы ұрпақпен бір,Астана,
Өс өркендеп, салтанат құр, Астана,
Жайнай бер,жарқырай бер сан ғасырға
Құйылсын да үстіңнен нұр, Астана!
Бозоқ*- Астана шеңберінде орналасқан Дәшті Қыпшақтың ежелгі қаласы (8-11ғ.ғ.)
kerey.kz
Пікір қалдыру