|  | 

Тарих

Орта ғасырлық Қидан мемлекеті немесе қидандар қайда кетті? 

53480567_813111855723026_669649349214470144_nҚидандар орта ғасырда Орталық Азия тарихында айтарлықтай із қалдырған халық. Тегі жағынан Дұңхудан тарайтын Алтай текті, моңғол тілдес, негізінен аңшылықты кәсіп еткен халық. Мекені қазіргі Қытайдағы Ішкі Моңғол провинциясының шығысы мен одан шығысқа қарайғы жерлер. Күлтегін, Білге қаған бітіктасында «қытан» деп жазылған.

Этимология

Қидан- қытай иероглифінде 契丹(qidan яғни чидан)деп жазылған, ал оны көне қытай тілінің дыбысталуы бойынша оқысақ – ки дәй, ки дән деп оқылады. Көне монғол тілінде «дай» жұрнағы белгілі тайпаның ер адамдарына қаратылады, мысалы Маңғыт ерлерін –маңғытай, Керей ерлерін – керейтай, Ұраңқай ерлерін – ұраңғатай дегеніндей. Демек «қытай» «кидан ерлері» сөзінен келіп шықты деп болжауға болады. «Алтын патшалығы» тарихында: «Қидан шойын немесе лом темір деген мағынаны білдіреді», – деген дерек бар. Ол темір олардың аң аулайтын құралы деседі. 52830110_813111869056358_6448920212719796224_n

Рулық құрамы және салт-санасы

Қидандар киуандан, қадақ, фу юе, юрын, нарен, пеке, рей, тұлей қатарлы тайпаларға бөлінген. Оңтүстігінде Татап, солтүстігінде Шығай тайпаларымен шектесіп, батысында Һинган тауы арқылы түркі тілдес халықтармен көршілес болған. Қытай деректері бойынша: «Қидандар өлген адамды жерлемей далаға тастайды, әке-шешесі өлгенде жылауды намыс көреді, әке-шешесінің сүйегін далаға тастап «Менің бұдан кейін көбірек аң аулауыма жебеуші болыңыздар» деп аруағына сиынады…» делінеді. Қазіргі Моңғол халықтарының өлікті далаға тастау дәстүрі осылардан қалса керек. Суретте қидандардың шаш қою дәстүрі (тек екі самайын ғана өсіріп өреді де қалған жерін тұтастай қырып тастаған) көрсетілген. Қидандар дерліктей шығыс азиялықтар сияқты монғолоидтық нәсілде болған. Қидандардың мемлекет құрғанға дейінгі тарихы Қытайды билеген Тоба(табғаш) санбейлердің Таң империясы құрылардан бұрын қидандарды түркілер бағындырған болатын. Оларды тек сырттай бағындырып тудындарын жіберіп басқарып отырған, 648 жылы Таң империясы күш алып, көптеген көшпенді халықтарды өзіне қаратқанда қидандарды да бағындырып, 19 дуанға бөліп басқарған. 660 жылы қидандар Таң империясына қарсы көтеріліс жасап дербестік алды. Кейін түркітер Түркі қағанатын орнатқанда қидандар сол қағанаттың құрамында болды. 742 жылы Түркілер күйреген соң Ұйғұрларға бағынышты болады. 755-763 жылдары Түріктер Таң империясына қарсы көтеріліс жасағанда Қидандарда ат салысады. 840 жылы Ұйғұр қағанаты құлағанда сол қағанаттың құрамындағы бірқатар тайпалар қидандарға қосылған. Кейінгі қидандардың билеуші әулеті диеле (теле) осы кезде келген болуы мүмкін. Ұйғұр қағанатының ыдырауы қидандардың күшеюіне мүмкіндік береді.

Қидан мемлекетінің құрылуы

X Ғасырдың басында Қидан тайпаларын Диеле тайпасының ақсақалы Иелүй Абауке біріктірді. Қидан дәстүрі бойынша әр тайпа белгілі мерзім бойынша билік ұстауы тиіс болатын. Алайда, Абауке бір жолы Қидан тайпаларының ақсақалдарын түгел жинап ағаш үйде қонағасы беріп, араққа әбден тойдырады да, ағаш үйді өртеп, тайпа көсемдерін түгел өлтіреді. Осыдан бастап ол Қидан тайпаларының дара билеушісі болып, 907 жылы Қидан мемлекетін құрып шығады. 915 жылы Татап, Шығай тайпаларын бағындырады, 918 жылы қала салдырып астана құрады. Бұл кейінгі Шаңжиң қаласына (қазіргі Ішкі Моңғолияның Шыфың аймағында) айналады. 923 жылы соғыста жеңіске жетіп Қарғас, Қырғыз, Сүбүк сияқты тайпаларды өзіне бағындырып, атағы аспандай түседі. Абауке Орталық Монғолиядағы Ордабалыққа жорық ескеріткішін қидан және түркі тілінде жаздырады. Батыста шекарасы Алтай тауларына жетеді. 925 жылы Бохай мемлекетін жойып. шығыс шекарасы Жапон теңізіне дейін тіреледі. 926 жылы Абауке өліп, орнына ұлы Йелүй дыгуаң отырады. Бұл тұста қытайлар бірқанша ұсақ бектіктерге бөлініп бір-бірімен қырқысып жатқан болатын. 938 жылы Иелүй дыгуаң Солтүстік Қытайға шапқыншылық жасап, терістіктегі 16 қаласын тартып алады да экономикалық қуаты арта түседі. 947-951 жылдары арасында таққа Иелүй Юан отырады. 960 жылы Қытайды Сұң патшалығы бірлікке келтіріп, Қидан-Сұң арасында сұрапыл шайқастар басталады. Бұл ұрыстарда Қидан жеңіп, Сұң патшалығын алман-салыққа жығындар етеді. Бұл дәуір тарихта Қиданның ең құдіреттенген тұсы болған.

Қарасты елдер мен халық саны

Осы тұста бүкіл империя ішінде 156 ру-тайпа мен қала-аймақтар бар еді. Батыстағы Жанбаг(Иемак?) тайпасынан бергі Енесей қырғыздары мен Саян-Алтай дағы Түркітер (төленгіт, тыба, құрықан, төлес т.б), Керей (зу бу немесе сүбүк), Меркіт, Найман, Ұраңқай, Қоңырат, Жалайыр, Барқы сияқты Қазақты құраған рулар Қидан империясына бағынды. Тайпалармен ұқсас кейінгі әлемге әйгілі Моңғол (моғұл) империясын құрған Қамағ моғолдар да осы империя құрамында болды. Бұлардың ішінде «Қидан тарихында» Қоңырат, Ұраңқай, Жажырат қатарлы рулардың аты аталған. Бұларды «қара татар» деп атаса, Қытай қорғанын күзеткен Шада Түркітерінің ұрпақтары оңғыттарды «ақ татар» деп атаған. Ал Татар тайпасы ең күшті тайпа ретінде аталса керек, себебі, Махмұт Қашқари Моңғолия сахарасын «татар даласы» деп атаған. Татарларды түркі тайпаларының бірі ретінде Махмұт Қашқари «Құдұд-әл-әләм» атты кітаптада: «Татарлар тоғыз оғыздардың бірі», – деп көрсетеді. Демек, тарар деп сырт елдер жалпы моңғолия сахарасындағы елдерді меңзеп айытқаны мәлім. Сонымен қатар, КөкТүркі империясын құрған Түркі тайпасы Ордос маңында мекендеп осы империяға бағынған, олар турасында : « Түркілер туралы, бұлардың айбынды қағандары туралы бұрынғы тарихтарда көп жазылған, бұлар кезінде аса құдіретті ел болған. Кейін өзге елдермен Ұйғұрлардың шабуылынан торғайдай тозды, бұлар қазыр бәрінен әлсіз …» делінеді. Империя құрамында Қытай, Татар, Шығай, Шүржен, Бохай сияқты әр текті халықтар болды. Қидан империясында 15-60 жас аралығындағы қидан ерлері түгелдей әскерлік міндетін өтеген. Сондықтан да, тұтас империяда 200-300 мың әскер болған. 916 жылы Абауке хандық құрғанда қол астынды 400 мың түтін, шамамен 2 млн халық болған. 1111 жылы Тиян Зо патшаның кезінде 1.4 млн отбасы 9 млн халыққа жеткен. Олардың ішінде 1 млн айналасында түркі текті халық, 1.5 млн шамасында моңғол тілдестер, 3 млн Тұңғұс текті халық, 1.5 млн қытайлар болған.

Қидан-Сүбүк соғысы

Сүбүк – Моңғолиядағы Ттркі тілдес тайпалар одағының аты. Сүбүкті көне Ғұндардың Шүйбу тайпасымен байланыстыратындар да бар. Не десекте, олар кейінгі Керей, Найман қатарлы елдердің жалпы атауы болуға тиіс. 918 жылы сүбүктер Қиданға елші жіберген. 924 жылы Абауке сүбүктерге қарсы жорыққа шығады, осыдан кейін Сүбүк-Қидан соғысы толастамайды. 994 жылы ұғулар мен сүбүктерге жорықты Хұйзұң патша бастайды. 1003 жылы Сүбүк-Қидан арасындағы жойқын соғыс Орталық Монғолияда болған. Шамамен 20 мың Сүбүк жасағы соғысқа қатысады. 1012 жылы Сүбүктер тағы да көтеріліп, күшті одақ құрады да олар «Сүбүк хан ордасы» аталады. 1089 жылы Марғұз ( Марғұз Рашид-Адинның еңбегіндегі «Керейлер» тарауында айтылатын Оң ханның атасы) Сүбүктердің көсемі болады. Ол Қидандардан бөлініп, дербес патшалық құрады. Қидандар оларға қарсы Татарларды айдап салады. 1100 жылы Татарлар Марғұз ханды тұтқындап Қидан патшасына береді. Қидан патшасы оны ағаш есікке шегелеп өлтіреді. Осыдан соң Сүбүк одағы ыдырап, сахарадағы тайпалар мен шағын хандықтар 1206 жылы Шыңғысхан бірлікке келтіргенге дейін талас тартыста болып келеді.

Қидан мәдениеті

X ғасырда Алтай текті халықтар арасында Қарахан мемлекетіндегі Яғма, Шығыл, Қарлұқ тайпалары Қашқария мен Мәуераннахрды алып араб-парсылық түс алған Түркі өркениетін жаратса; Моңғол тектес Қидандар Қытай мәдениеті мен Бохай мәдениеті үлгісінде Қидан оркениетін жаратты. Қарахандар мен Бұлғарлдар қала салса, Қидандар да отырықшылыққа көшіп қалалар салып, Қытай жазуы негізінде өз жазуларын жасады. Қарахан жұрты ислам дінін қабылдап, мұсылмандасу процесіне өткен кезеңде, Қидан мемлекеті 918 жылы астанасы Шаңжиңге Бұдхана салып бұдда (буддизм) дінін қабылдай бастады. Көптеген бұдда кітаптарі Қидандарға таралып, Қидан оқымыстылары шығармалары жарық көрді. Иелүй Фидің «Теңіздегі жыр», Шяу Гуаниннің «Жүрекке оралу» қатарлы еңбектері сол замандағы әйгілі шығармаларға жатады. Бұл кезең түркі мен моңғол тайпаларының бір-бірінен ажырай бастаған дәуірі деуге де болады. Қидан тіліне қытай, бохай, тұңғыс тілдері, сондай-ақ, өзге тілдерден бұддизм арқылы көптеген сөздер кірген. Өмір бойы қидан тілін зерттеген Шыданжап атты Ішкі Моңғол оқымыстысы қидан тілі моңғол тілімен бір тіл екенін, қидандардың қазіргі моңғолдарға қосылып кеткенін дәлелдеген.

Қидан тілінің Моңғол сахарасындағы тайпаларға әсері

Қидан тілі 1120 жылдарға дейін Моңғол сахарасына қолданыста болған-болмағаны анық емес. Қидандармен мәдени қарым-қатынас, сауда-саттық, бодандық себебінен қалайда белгілі дәрежеде ықпалы болғаны анық. 1206 жылы Шыңғысхан құрған империядағы рулардың аттары да қиданша болған. Айталық : «Найман» сөзі қидан тілінде «сегіз»; «Керейт»- «қаралар», «Меркіт» – «мергендер». Тіпті, 1225-1206 жылдар аралығында Шұржен тұңғыстарының да ықпалынан сахарадағы тайпалардың тілінді өзгеріс болған. Қамағ Моғолдардың тілін бейне түркі мен қидан тілінің араласуынан пайда болған тіл деуге болады. Бұл қидандар 1056 жылы салынған ағаш мұнара, Шанши Иың шиан ауданында.

Қара-Қытай Хандығы 53160287_813111899056355_5124928790618701824_n

Өз заманында жалғанды жалпағынан басқан Кидан империясы 1125 жылы өз қарамағындағы шүржендердің соққысынан ыдырады. Қидан патшалығының орынына Шұрженнің «Алтын патшалығы» орнады. Қидан ақсүйегі Иелүй Дашы батысқа ауып, Орта Азия жерінде «Қара-Қытай» мемлекетін құрып шықты. 1123 жылы Иелүй Дашы 200 атты жасағымен батысқа қашты. Оңғыт басшысы Мағұр оған 400 ат, 20 түйе берді. 1224 жылы Ұлубалыққа барып онда Weiwu, Chongde, Huifan, Xin, Dalin, Zihe, Tuo қатарлы жеті қала мен Сарбас, Шығай, Гүра, Қоңырат, Жажырат, Ес, Биғүт, Нила, Даркен, Дамир, Меркіт, Қажу, Ұғұр, Сүбүк (Керей), Посуан, Таңғыт, Құмұс, Ғида, Шерби қатарлы 18 тайпаның өкілдерін шақырып құрылтай ашады. Онда ол аса қайғылы түрде: «Ата-бабаларым құрған Ляо әулетінің қиындықтарға тап болды және Ляо әулеті Цзинь әулетінің шапқыншылығына ұшырады , император Тияндиді жер аударып өлтірді. Мен сіздерді соңымнан еріп жауды қуып шығарып, Ляо әулетін қайта жандандыруға шақырамын», – деп ұран көтерді . Осы құрылтайда ол 18 тайпадан 10 мың атты жасаққа ие болды. 1130 жылы 3 айда ата-баба аруағына сиынып , ақбозатқа мініп қолын бастап батысқа бет түзейді. Жолда Ганжоу Ұйғұрларының ақсақалы оған 3000 қой неше жүз ат жане түйе тарту етеді. 1131 жылы Алтын патшалығының Жан Қан бастаған 10 мың жасағы Ордабалыққа шабуылдап ала алмай қайтады. Бұл да сахара тайпаларының Иелүй Дашыны қолдағанын көрсетеді. Идіқұт Ұйғұрларымен көп қақтығыспай 1132 жылы Еміл бойына жетеді де ондағы Түркі тайпаларынан қолдау тауып 40 мың отбасыға ие болады. Еміл қаласында өзін «Гүр хан»(хандардың ханы) деп атайды. Бұл « Қара Қытай мемлекетінің» басталуы еді. 1132 жылы Идіқұт Ұйғұрларын бағындырады, онан Тәңіртаудан асып Қарахан мемлекетімен соғысады. Қарахан ханы Арсылан ибн Ахмет Ғазанның жасағынан жеңіліп қалады. Кейін батысқа Жетісуға келіп ондағы Қарлұқтардың 16 мың отбасын қосып алады да күші нығаяды. Келесі жылы Арсылан ибн Ахмет өліп оның орынына отырған баласы Иліг әлсіздік танытқандықтан оның тірегі болған Қаңлылар мен Қарлұқтар онан бет бұра бастайды. Ол Иелүй Дашыға Баласағұнға кіріп «пәле-қазаны арылтып, дүниені тыныштандыруды» өтініп елші жібереді. Иелүй Дашы оны қабыл алып Баласағұнға кіреді, Иелігке «Түркі ханы» лауазымынмен қатар Қашқар мен Хотанды иелігіне беріп өзіне қарасты уассаал етеді. Иелүй Дашы қырғыздарды жеңіп одан ары Бесбалықты қарауына алады. Көп ұзамай Қаңлылар да оған бағынады. 1134 жылы 4 айда сәуірде ата жұрты Қидан жерін азат ету мақсатында 70 мың әскерін шығысқа аттандырады, Бірақ жол шалғай болғандықтан бұл мақсат орындалмай әскер кері қайтады. Қарақытай хандығы. 1137 жылы Иелүй Дашы әскері Мәуераннахр мен Ферғанаға қарай жорық жасайды. 5-6 айда Батыс Қарахан ханы Махмұт ибн Мұхаммедтің әскерін жеңеді, Қарахан әскері Самарханға шегінеді. Махмұт пен Қарлұқтар арасында жаңжал шығып Махмұт Селжұк сұлтаны Санжардан көмек сұрайды. Санжар ислам туын көтеріп Хорасан, Систан, Газна, Мазандаран, Гүл және т.б. аймақтардан 100 мыңға жуық әскер жинайды. Екі жақ Катуан даласында кездесіп сұрапыл ұрысқа түседі. Соңында Селжүк әскері қирай жеңіліп Санжар сұлтан арең қашып құтылады. Осыдан кейін Мауераннахр Қара-Қытай мемлекетінің қолына көшеді. 1141 жылы Иелүй Дашы өліп мұрагер ұлы Иле жас болғандықтан ханымы Табуян билік жүргізеді. 1150 жылы 84 мың 500 түтін бұқарасы болады . Иле өлген соң әйелі Пусуян билік жүргізіді. 1175 жылы Найман басшысы Интес Алтын еліне сүйеніп Қарақытайдан бөлініп шығады. Бұл Найман хындығының құрылуы еді. 1112 жылы Шыңғысханнан жеңілген Найман ханзадасы Күшілүк Қарақытай Тағын тартып алады да Қарақытай мемлекеті өмір сүруін тоқтатады.

Қидандар қайда кетті?

Иелүй дашыға ерген аз қиданнан бөлек, 750 мың қидан 1211 жылы Алтын патшалығына қарайды. Кейін олар Шыңғысханға бағынады. Юань патшалығында 3-ші дәрежедегі халық саналады. Қидан аты Юань империясының жойылуымен бірге тарихтан өшеді. Олардың дені моңғол халықының ең негізгі құрамына айналады. Құбылайдың Қидан жерінен астана құруы оның Қидан өркениетін қабылдауы деугеде болады. Жақын халық болғандықтан араға ғасыр салып қидандармен моңғолдар бір халыққа айналды. Бірақ Құбылайға қарасты моңғолдар Қидандық өркениетіне көшеді. Қазіргі моңғолдар саны 10 миллионнан асады. 1206 жылы 750 мың Қидан, орман тайпалары, Шығай, Татап, Татар, Шыңғысханға бағынып қосылып қазіргі Моңғол халыын қалыптастырған. Бүгінгі моңғол, біздің кей тарихшыларымыз айытқандай, тек Шыңғысханның айналасындағы 150-200 мың халықтан ғана пайда болмаған. Нирун және Дарлекін атанған 40 ру қазіргі моңғолдың шамамен 20-25 пайызын құрайды. Қалғанын өзге моңғол текті ұлыстардан шыққанын ескеру керек. Батысқа кеткен қидандар 1218 жылы Шыңғысханға бағынды. 1219 жылы Иелүй Чусай батысқа Хорезм жорығына аттанғанда Тарбағатай мен Жетісудан қидандарды кездестіреді. 1300 жылдары Моғұлдар осы жерлерге ірге тепкеннен кейін қидандар Алтын орда, Мәуераннахр, Қырым, Ауғаныстаннан бой көрсетеді. Олар Қазақ, Қырғыз, Өзбек, Қарақалпақ, Ноғай, Башқұрт, Хазар қатарлы ұлыттар құрамына кіреді. Қазақтың Найман тайпасындағы Қытай, Абақ Керейдің Шеруші руы, Қытай Қыпшақтар, Уақ ішіндегі Қытай руы ежелгі Қидан ұрпақтары саналады. Олар қазақтың тегін құраған маңызды қайнардың бірі.

«Қытай» атауының бұрмалануы

Қазіргі таңда 1.4 миллиард халқы бар Қытайлар ешқашан өздерін Қытай демеген. 923-1125 жылдар аралығында Моңғол сахарасына Қидандар екі ғасырдан аса уақыт ықпал етіп тұрған. Сахаралықтар тұтас қорған ішіндегі халықтарды біртұтас «Қытай» атаған. Моғұл империясында да бұл өзгермей қолданылды. Кейін Алтын орда, Шағатай хандығында да осылай жалғасты. Орыстар да қазіргі Қытайды Түркі-Моңғол ордаларының ықпалында Қытай атады. Бұл кейінгі пост-кеңестік елдердің де ханзуларды «қытай» атауына жол ашты.

Ерзат Кәрібай

kerey.kz

Related Articles

  • «Отан тарихындағы тұлғалардың рөлі» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді.

    Тәуелсіздік мерекесіне орай Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, “Достар” мәдениет сарайында, «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында Отан тарихындағы тұлғалардың рөлі» атты ғылыми-теориялық конференция өтеді. Шыңғысхан және одан кейінгі қазақ хандары дәуірінің қалыптасуына ықпал еткен тұғырлы тұлға Тұғырылханның өмір жолы мен ерлік іздері моңғол, парсы, түрік, қытай, орыс, жапон жазбаларында кезігіп қана қалмай, Марко Поло, А.Андреев, Н.А.Аристов, Г.Ф.Миллер, т.б. еңбектері арқылы да әлемге әйгілі. Тарихи тұлға – Тұғырылхан есімін көтеру Ел басының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен президентіміз Қ.Тоқаевтың «Алтын орданың 750 жылдығын мерекелеу» аясындағы үндеуіне сай қолға алынып отыр. Ұлы дала тұлғаларын көтеруде ҚР Білім және Ғылым минстрлігі Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих

  • Шұбартаудан ауған “Бес қасқа”. 

    Сламбек Жумагали Қазақтың көрмеген қорлығы, тартпаған азабы бар ма? Бұндай тауқымет кешегі Кеңес дәурінде де тиылған жоқ. Абақ Керейдің ішіндегі Жастабан ұрпақтары Семей өңіріндегі Шұбартау ауданын өз ата қоныстары сайлайды. Тарихшылардың айтуына қарағанда Алтайдан Жобалай би азШахантай батыр Ер Жәнібекпен зөңгілес дос болған соң, осы Бақанас өзенінің бойын жайлай қоныстаныпты. Оның ішінде Жастабан ұрпақтары Бегімбет атанып, Бекназар-Қосай болып екі тармаққа бөлінеді. Осы маңды қоныстанған осы екі атаның баласы, бірінің ұпаны Шақантай, екіншісінікі Жобалай. Яғни,” Жондағы Жобалай елі”атанған. Шақантай батыр осы екі атаның Бас қолбасшысы болса, Жобалай би ақылман, әрі төбе биі болған. Жобалайдың әкксі Байсейітте тегін адам болмапты. Елдің айтысына қарағанда ол кісі де би, әрі батыр болған және елді

  • Керей мемлекетінің билеушісі Тоғрыл ханның Шыңғыс ханды тарих сахнасына көтеруі туралы тарихи мағлұматтар

    Тоғрыл зан Шыңғыс ханның әкесі Есугеймен анда болған Керей мемлекетінің ұлы билеушісі. Марқұз Бұйрық ханның бес ұлының бірі. Шамамен 1130 -1203 жылдар аралығында өмір сүрген. Хандық билік құрған жылдары 1168 – 1203 ж.ж. Тоғрыл хан билік құрған жылдары Керей мемлекеті ұлы Монғол үстіртіндегі сайын далада өзіндің саяси бағыт бағдар ұстанған және Еуразия құрлығына аты жайылған іргелі елге айналды. Орта ғвсырлардағы тарихшыларының жазба деректері бойынша сол кезде Керей мемлекетінің халық саны оған бағынышты рулар мен тайпаларды қосқанда тоғыз жүз мыңға дейін жеткен. Енді бір тарихи құжаттарда екі жүз мың жан болған деп жазылады. Олар ақылды хандарының арқасында алтын шатыр тіктіріп, алтын кеседен су ішкені жайында тамсана жазды. Сол заманда өте қуатты

  • Бағылан би.

    Алтын Орда хандығындағы мемлекет қайраткерлерінің бірі. Ол Тобыл өзені бойын мекендепті. Обаған өзенінің Тобылға құяр жерінде Бағылан то- ғайы, Бағылан талы, Бағылан қара суы, Бағылан көлі, Бағылан томары, Бағы- лан қыстауы, Бағылан шоғы, Бағылан өзегі деген жер — су аттары бор. Бағылан баһадүр қартайып, өз есімімен аталатын тоғайды мекендейтін өз аулында ауырып қайтыс болыпты. Оның сүйегі Тобыл өзенінің жарқабағына жерленген. Бағылан бидің Бопай есімді әйелінен Архат, Фархат, Сарымұрат атты ұлдары дүниеге келеді. Фархат батырдың Гүландам есімді әйелінен Та- наш, Аббас, Манас туады. Осы күнгі Қостанай облысының Меңдіқара, Ұзын- көл аудандарын, Солтүстік Қазақстан облысының және Қазақстанның басқа да жерлерін мекендейтін Ашамайлы Керейлер осы Танаштың ұрпақтары. Танаш Алтын Орда хандығының көрнекті адамдарының

  • Сібір хандығы немесе керей Тоғырұл ханның ұрпағы Тайбұға әулеттері билік құрған мемлекеттің қилы тағдыры мен тарихи аренадан жоғалуы

    Тарлан тарихтың бізге беймәлім тұстары көп, ақиқаты ашылмаған және әлі күнге дейін құпия парақтарынан өзіндік орын алған Тайбұға әулеттерінің орта ғасырларда билік құрған жұрты Сібір өлкесі немесе Сібір жұрты екендігі баршамызға аян. Керей Тоғрыл ханның Үкіден (кейбір шежіре аңыздарда Ұйқы дейді, ал қытай деректерінде Тоғрыл ханның бір ұлының есімі Ойху) туған немересі Тайбұға бұл аймақта он үшінші ғасырдың бірінші жартысында інісі Тайшықпен бірге Керей хандығынан қалған бір қауым елді соңына ертіп өз алдына жеке хандық құрып жер көлемі орасан зор аумаққа билігін жүргізді. Шыңғыс хан империясының ұлан-ғайыр Еуразия кеңістігінде билік құрған дәуірінде осы империяға тәуелді жеке өз алдына мемлекеттік құрылымы бар ел болған Тайбұға династиясы немесе Тайбұға жұртының тарих сахнасына

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: