|  |  | 

Көз қарас Саясат

Тоқаев: “Жер шетелдіктерге сатылмайды”

Қостанай облысы

 Жер туралы ойын Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілермен кездесуінде айтты.

– Басқа облыстардағыдай мұнда да белгілі бір мәселелер бар. Бірақ, Үкіметтің көмегімен бұл проблемаларды шешу жұмыстары күшейтіледі. Ал, жер мәселесіне келер болсақ, кім жұмыс істейді, жер соған тиесілі. Екіншіден, жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретінде түбегейлі ұстанымым, – деді Мемлекет басшысы.

Кездесуге қатысушылар ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне мемлекеттік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Related Articles

  • “Саяси ұпай жинауға тырысып жатыр”. Сарапшы Тоқаевтың ЕАЭО жиынында айтқаны жайлы

    Аян ҚАЛМҰРАТ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев видеоконференция арқылы өткен ЕАЭО жиынына қатысып отыр. 19 мамыр 2020 жыл. Мамырдың 19-ында Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдердің президенттері видеоконференция арқылы өткен жиында ұйымның алдағы бес жылға арналған даму стратегиясын қабылдаған жоқ. Жиын кезінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегия жобасын «ел үкіметтері мен парламентінің дербестігін шектейді» деп, кейбір тұсын қайта қарау қажет деген ұсыныс айтты. Тәуекелді бағалау тобының директоры, саясаттанушы Досым Сәтпаев Азаттыққа берген сұхбатында экономикалық кеңес отырысындағы Тоқаев сөзінің астары жайлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың ақыры таяған дәуірі, Еуразия экономикалық одағы ішіндегі қордаланып қалған қайшылықтар жайлы айтты.  ЕАЭО ішіндегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жобаның ішінде “Еуразиялық экономикалық интеграцияның 2025

  • ТӘҢІРШІЛДІК — қазақтың көнермейтін көне дүние танымы

    Тәңіршілдік — қазақтың көнермейтін көне дүние танымы. Тәңіршілдік ұғымында көп діндер қатарлы Жаратушыны бар деп есептейді, бірақ Ол адамдарға елші жібермейді, Көктен кітап түсірмейді, жаратылысқа (сіз бен бізге) “сәлем” жолдамайды — деген наным-сенім бар. Жаратушы барлығын жерге қалдырған, бәрі айналып тұратын механизм. Сондықтан жақсылық жасасаң да, жамандық жасасаң да өзіңе айналып келеді. Сол себепті Тәңіршілдік ұғымындағы ең негізгі ғибадат — шын көңілден жақсылық жасау, барыңды бөліп беру. Оны репрессия жылдарында Қазақ даласына айдалып келген өзге ұлттар жақсы біледі. Ал қазақ неге қырғынға ұшырады..? Оған Ислам жауап бере алмайды, оған Тәңіршілдік жауап береді: қазақ қашан да жауынгер халық болған, кеше ғұндар қытайларға қауіп төндірсе, бүгін сол қытайлардың ұрпақтары бізге қауіп төндіріп

  • Сардоба, Рогун, АЭС. 

    Алапат апат болып, қалың ел суға кетіп жатқанда билік ойнап жатқандар Өзбекстанға нота жібереміз бе, жоқ па дегенді де ақылдаспапты. Нотамызды дайындап қойдық деген вице-министрдің сөзіне қарағанда, шекарада салынып жатқан су қоймасы жөнінде Қазақстан “бірнеше рет” сұраса да Өзбекстан жөндем жауап бермепті. Бірі келіп, бірі кетіп жатқан шенеуніктер сірә, “біз сұрадық, міндетімізден құтылдық” деп жылы жауып қойса керек. Табандап тұрмаған, жеріне жеткізбеген. Әйтпесе, халықаралық заң нормасын бұзды деп Біріккен ұлттар ұйымына арызданар еді, әлемнен бейтарап сарапшы шақырар еді. Іздедім, ондай жоқ. Сардоба салынса, тым болмағанда Сырдария суалмай ма, Кіші Аралға зар болмаймыз ба деген де есеп-қисап жоқ.  Сардобаның мәселесі екі жемқор жүйенің арасында жалған ағайынгершілікпен, бәлкім, сен іш, мен іш

  • Мәулен Әшімбаев Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды

    Мемлекет Басшысының Жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы 4 мамырда түс кезінде Ақорда сайты хабарлады. Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев (28 қаңтар 1971 жыл, Алматы) – экономист, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің V шақырылымының Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған, “Нұр Отан” партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және социология факультетін бітірген (1993), экономист, политэкономия оқытушысы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты(диссертация тақырыбы “Политический транзит в Казахстане в контексте процессов глобальной демократизации”, 2001). «Құрмет» орденімен марапатталған.  Университетті бітіргеннен соң 1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі. 1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты. 1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы

  • Дариға туралы толғау

    Сара Қонақаева үлкен қызының да дәуірлеген сәттері жоқ емес. 2006 жылдың жазы. Мәскеудің қақ ортасындағы Тверская көшесі. КГБ-ФСБ полковнигі Пётр Стефанович Паршиковпен әңгіме-дүкен құрдым. Бұл кісі де жәй адам емес. Куба революциясы көсемдері – Фидель Кастро мен Че Геварамен араласқан радио, телекоммуникация тыңшысы болып табылады. Сондай білікті ардагер де апайымызды сыйлап, тамсана айтпай ма: “Дариға, Дариға…” Әрине, жоғары жақта жүргендердің көбісі оңбай тұрған қанішер, жемқорлар екендігі айдан анық. Соның өзінде де, әнші-бикештің сіңген еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Оның сырлас досы, Майра Мұхаммедқызы, атақты Париж операсы сахнасыдан жарқырап көрінді. Қазақ-татар музыка маманы Равиль Гизатулин маған былай деді: “Майраның дауысы – сопрано. Әлем бойынша, күшті сопрано әншілер толып тұр. Дариғаның қолдауысыз Майра

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: