|  |  | 

Суреттер сөйлейді Шоу-бизнис

Этно туризм. Балхашта этно туризімді қаладй дамытуға болады?

Бейсен Ахметұлы 0030700e8a53dd4482d9aa834cb2f265
Әлемде біз естіменген елді мекендер, ғажайып салт-саналар мен ғұрып-әдеттер, ойлап көрменген тіршілік тәсілдері бар. Сонай ғажап өңірдің бірі Балқаш.
Қарны тойып, қалтасы қалыңдаған әр пенде өмірден ләззат алғысы келеді. Өзі аңсаған жерді көріп, қызыққан өмірді қызықтайды. Дем алады және өмірдің мәнін салыстарды.
Өмір теңіз бойында жасаған адам сусыз жапан даланы елестете алмайды. Бірақ естісе барып көруді аңсайды.
Қазқастан да сол ғажайып әлемнің бір бұрышы. Онда елді таң қалдырар ғажайыптар өте көп. Ендеше сол мүмкіндікті қалай ашуға болады?
Біз сөзді Балхаш көлі маңынан бастайық.
Балқаштың қандай кереметтері бар?
• Балқаш әлемдегі ең үлкен тұйық көлдердің бірі. Аумағы 19 мың шаршы шақырымға жетеді. Су тұнық таза және тұздылығы төмен. Қысы суықтау болғанмен жазы ыстық. 2-3 ай сайрандауға жетеді. Балық та бар. Сонымен бірге таяз болғандықтын қауыпсіз деп айтуған болады. Көл ортасындағы шағын аралдар да, шығыс солтүстігіндегі қамысты алаңдар да өз тәбиғатымен ерекшеленген. Ал батысы ұзыннан ұзаққа созылған құмайтты жапан дала. Бұл да біреулерге таңсық көрінері белгілі.
• Екінші жағынан, көл айналасында малшылар бар. Мыңғырған қой-ешкіні, үйірлі жылқы, сиыр табындары мен маң-маң басқан түйелер де табиғаттың өзгеше бір жаратылысы екені даусыз.
• Үшіншіден, Балқаштың жағасынан темір жол, тас жол өтеді. Оған Балқаш қаласына қатынайтын ұшақты қосыңыз. Мәселен, Бектау ата өңгірі, Қарқаралы, Жезқазған жақтағы Алтын Орданың ханы Жөшінің кесенесінің өзі -ақ әлемнен өзгеше сыр іздеген адамдарды тартатын ғажайып мекен болары даусыз.

Балқаш қаласы жанындағы Нарманбет ауылының әкімі Қайдар Жортаров:
– Балқашқа жылда демалысқа келетіндер көбейіп жатыр. Көл бойында демалып, ат пен түйеге мінгісі, киіз үйде түнегісі келетіндер де жоқ емес деп ойлаймын. Қазірше ондай мүмкіндік жоқ. Егер кімде кім осындай жұмыстармен айналысқысы келсе көмегіміз дайын.

Балқаш тұрғыны Қуат Сарыбас:
– Балқаш өндіріс қаласы болғандықтан өнеркәсіптік сулардың көлге құйылуы бар. Яғни, кей зауыттар экологиялық норманы сақтамайды деп ойлаймын. Егер су таза болса адамдар да көбейер еді. Әкімшілік осы мәселені қолға алса штелден келетін туритер алдында ұялмайтын едік.
Тағы да, көл бойында әдемі жаға жайлар да бар. Бірақ барлығы емес. Себебі, демалысқа келген адам бір орында ғана жүрмейді. Аралау барысында көл бойындағы шашылған қоыстарды көрсе жиркеніп қалуы мүмкін. Мұны қалыптастыру үшін қала тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, – дейді.
Ендеше, осындай керемет өңірде туризм неге дамымай отыр?

Біз бұл сұрақты балқашты аралап жүрген туристерге қойдық.
Александыра Богданова. Ресейлік турист:
– Мен әлемнің көптеген жерлерін араладым. Балқаш ыстық белдеудегі тұрғындар мен суық районда жасайтын халықтар үшін демалысқа үйлесімді жер. Алайда инфрақұрылым мен тұрмысқа қажетті қарапайым мүмкіндіктер жасалмаған.
Айталық, тазалық дәрежесі төмен. Қонақ үйлері өте ескі, оған керемет қонақ үйлер болмаса да қарапайым да таза үйлер жетіп жатыр. Туәлетті де , асханаларды да табу қиын.
Бірақ ішіп-жем арзан. Бұл да туристерді тартады. Бұл әсіресе Ресейдің оңтүсітк облыс тұрғындары үшін өте ыңғайлы аймақ.
Ең маңыздысы ұлы дала көшпенділілерінің өмірін көрсететін этно туризм жағы мүлдем жоқ. Бұл өте маңызды. Қазір көп елдерге солардың салт-дәстүрін, өмір сүру дағдыларын көруге барады, – дедйді.
Көшпелі қазақ ауылын орнатуға болады

Осыған орай Моңолиядан келген қонақ Есентай Кеңшілікпен де сұхбаттастық.
– Біз Моңғолияның Алтайында тұрамыз. Қыс қыстауда, жылы үйде отырамыз. Ал көктем туа киіз үйлерімізді алып шығып көктеуден бастап тігеміз. Мал төлдетеміз. Сонды қырқым болады.
Сосын, майдың соңынан бастап суатқа, онан арман жәйлау тауға шығып кетеміз. Міне сонда тізілген ақ шаңқандай киіз үйлер топ-топ болып көрінеді.
Жәйлау ақтылы малға толады. Дәл осы кезде еропадан, АҚШ-тан туристер толып кетеді. Онда олар нағыз көшпелілердің өмірін көреді.
Егер Қазақстан үкімет бізге осы жерден малға жер, жайлау берсе және тыныс-тіршілігімізге кедергі жасамаса (мұнда бюрократтық пен жемқорлық өте өатты ғой деп қосып қойды) ешқандай көмексіз ақ көшпелі тұрмысты осында да жалғастыра берер едік, – деді.
Тунгалаг Пуревсамбуу, Монғолия, MonDigitalTur LLC туристік фирмасының кеңесшісі:
– Моңғолияға келген туристер Уланбатырда бір күн ғана тұрады да басқа аймақтарға аттанып кетеді. Соның бірі қазақ көшпелі мәдениетімен әлемге танымал БАянөлгей аймағындағы бүркітшілер, киіз үйлі жайлау, – деді.
Қысқартып айтқанда…

Балқаш көлі маңайының тазалығы мен қызмет көрсету сапасын жақсартса ақ туристер ағылатын алтын мекенге айналары даусыз. Олүшін ең алдымен Балқаш халқын соған бейімдеу керек. Әр кім өзіне сеніп, жан-жақтан жұмыла іске кіріссе біренше жылда -ақ туристер ағылар еді.
Әрі көшпелі малшылардың тірлігіне керек жерді беріп, нақты өмір дағдысын жаңғыртуға да мүмкіндік көп. Мысалы, Абай, айыр тау жақтағы жабылып жатқан ауылдық елді мекендерді қайта тірілту керек.
Әлемдік тәжірибеде таза да табиғи өмірді, табиғатты көргісі келетіндер үшін жол да кедергі болмайтынын ескерту керек.
Ал жарнаманы әр келген турист жасайды. Егер бір адамды раз етсе, ол мыңдаған адамға жарнама жасары сөзсіз.

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Алматыда зілзала болса, ең алдымен қандай үйлер қирауы мүмкін? Сәулетші Айдар Ерғалимен сұхбат

    Пётр ТРОЦЕНКО Алматының жоғарғы жағындағы көпқабатты ғимараттар. 18 шілде, 2022 жыл Қазақстандық сәулетші Айдар Ерғали егер күшті жер сілкінісі болса, сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан Алматы қаласы қандай қиындықпен бетпе-бет келетінін, совет кезінде салынған үйлер қазіргі заманғы көпқабатты ғимараттармен салыстырғанда жер сілкінісіне төтеп беруге неліктен әлсіз екенін айтты. 23 қаңтар күні Алматыда жер әдеттегіден қаттырақ сілкініп, елді дүрліктірді. Бұл оқиға кең ауқымдағы табиғи апатқа қала билігі мен тұрғындар қаншалықты дайын деген әңгімені қайта қоздырды. Жұрт әсіресе төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің ерте хабарлау жүйесі дұрыс жұмыс істемегенін, СМС-хабарламалар дер кезінде түспегенін де сынға алды. Жер бірінші рет сілкінген сәтте Алматы тұрғындары жапа-тармағай үйден сыртқа қарай жүгірді, кейбірі тіпті сырт киімін де кимеген

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

  • Цифрлі теңге “жаңа экономика” құруға көмектеспек

    Блокчейн технологиялары Қазақстанды жемқорлықтан барынша тазартып шыға алады. Бүгін Мемлекет басшысы бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау үшін цифрлық теңгені пайдалана отырып, ақшаны таңбалау кілті туралы айтып өтті. Цифрлі теңгенің ең мықты жері осы. Программаланған токен болғандықтан ақша кімнен кімнің қолына өтті, бақылап отыра аламыз. Мысалы, мемлекеттік тендерлердің барлығын цифрлі теңгеге ауыстырып, осы тендерлік цифрлі теңгені қолма-қол ақша ретінде шешіп алу мүмкін болмайтындай жасап қоюға болады. Сонда біз тендер жеңімпазының ақшаны қалай жұмсағанын, кімнен тауар алғанын, кімдерге қанша айлық төлегенін көріп, содан үлкен BIG Data базасын құраймыз. Дәл осы кезде, мемлекеттік ақшаға мүмкіндігінше қазақстандық тауар алынғандығын бақылап, мәжбүрлеп отыруға мүмкіндік бар. Осы арқылы жемқорлықты атымен жойып, отандық бизнеске мықты қолдау көрсете алмақпыз.

  • Чунциндегі кездесу

    Тарихи сурет Уақыты: 28 тамыз 1945 ж.; Орыны: Чунцин (重慶) қ-сы; Түсініктеме: Тарихи суретте АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли және Қытай президенті Чан Кайши мен ҚКП төрағасы Мао. Чунциндегі кездесу кезінде диалогқа келе бастаған қытайлық партия өкілдері алпауыт ел АҚШ пен Совет Одағының “қытай саясатын” жаңа дағдарысқа әкелді. Көріністе азаматтық соғысты тоқтатып бүкілқытайлық мәселені шешу болғанымен үлкен қастандықтың басы содан басталды. Алпауыт тараптар қытай картасын өзгертетін жаңа диалогтарды қызу талқылап жатқанда Шығыс Түркістан аумағында бір уақытта үш бірдей уақытша үкімет өмір сүрді. Олар: Бірінші, отставкадағы Шэн Шицай кланы; Екінші, Ву Чжунсинның уақытша үкіметі; Үшінші, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі. АҚШ-тың қытайдағы өкілетті елшісі Патрик Херли Шығыс Түркістан аумағын назарға ала

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: