|  | 

Жаһан жаңалықтары

Мьянмадағы әскери төңкерістің артында кім тұр?


Мьянмадағы әскери төңкерістің басында тұрған генерал Мин Аунг Хлайн.

Мьянмадағы әскери төңкерістің басында тұрған генерал Мин Аунг Хлайн.

1 ақпанда Мьянмада әскерилер төңкеріс жасап, елдің лидері Аун Сан Су Чжи мен басқа да белді шенеуніктерді қамауға алды. Қазір билік ел әскерін басқарған генерал Мин Аунг Хлайнның қолына өтті. Мьянмадағы билік жүйесін бір күнде өзгертіп, елдегі саяси ахуалды күрделендіріп жіберген Мин Аунг Хлайн кім?

ӘСКЕРДІҢ САЯСАТТАҒЫ РӨЛІ ҚАНДАЙ?

Мьянмада 1962 жылы әскерилер төңкеріс жасап, содан кейін елу жылдай билікте болды. 2008 жылы әскерилер Конституцияны өзгертіп, әскердің елдің саяси жүйесіндегі рөлін бекітіп алды. Бұл Конституцияға сай, әскерилер сайлауға қатыспай-ақ парламенттегі орынның 25 пайызын алады. Әскердің қолбасшысы елдің қорғаныс, ішкі істер және шекара ісі бойынша министрді тағайындайды. Яғни, әскерилерге берілген бұл басымдық Аун Сан Су Чжинің Демократияшылардың ұлттық лигасы партиясына ыңғайсыз болды.

Аун Сан Су Чжи мен партияның көптеген мүшесі әскерилер тарапынан көп қуғын көрген.

МИН АУНГ ХЛАЙН КІМ?

64 жастағы Мин Аунг Хлайн 1972-1974 жылдары Янгон университетінде заң мамандығында оқып жүргенде саяси белсенділіктен алыс болды. “Ол көп сөйлемейтін, жұрт көзіне түсе бермейтін еді” деген еді онымен бірге оқыған адам 2016 жылы Reuters агенттігіне.

Мьянмада әскерилер төңкеріс жасап, ел лидерін қамауға алды. Жағдайды 300 сөзбен түсіндіреміз

Онымен бірге оқитын студенттер наразылықтарға шығып жүргенде ол әскери университетке түсу қамын ойлап жүрген еді. Ол 1974 жылы үшінші мүмкіндігінен кейін Қорғаныс қызметі академиясына түсті.

Мин Аунг Хлайнмен бірге академияда оқығандардың бірі 2016 жылы Reuters агенттігіне “ол үлгерімі орташа кадет болды” деп сипаттаған.

Бірге оқыған адам “оның шені баяу өсті” дейді. Ол Мин Аунг Хлайнның офицер шенінен жоғары көтерілгеніне таңданыс білдірген.

Мин Аунг Хлайн 2011 жылы, ел демократияға бет бұра бастаған кезде, әскер басына келді. Янгондағы дипломаттар “2016 жылы Су Чжидің биліктегі алғашқы мерзімі кезінде Мин Аунг Хлайн көп сөйлемейтін солдаттан саясаткерге айналды” дейді.

Сарапшылар Мин Аунг Хлайн Facebook желісінде белсенді болып, қоғамдық шараларын желіде жарнамалап, жүздеген мың жақтасын жинап алды дейді. 2017 жылы әлем елдері Мьянма әскерін рохинджа мұсылмандарын өлтірді деген айыптап жатқан тұста Facebook Мин Аунг Хлайннің аккаунтын жауып тастады.

Ол әскерилердің парламенттегі 25 пайыз орнынан бас тарту жайлы сөз қозғамады. Су Чжиді президент етіп бекіту туралы да ауыз ашпады (Су Чжидің балалары шетел азаматы болғандықтан ол президент бола алмайды, бұл Конституцияда бекітілген).

2016 жылы ақпанда Мин Аунг Хлайн өзі әскер қолбасшысы қызметін тағы бес жылға созып алған. Ол биыл ақпанда әскер басынан кетуі тиіс еді. Бірақ 1 ақпанда елде әскери төңкеріс жасап, қазір елдің басшысына айналды. Әскерилер былтыр қарашада өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспейді. Бұл сайлауда Су Чжидің партиясы жеңімпаз деп танылған.

МИН АУНГ ХЛАЙНҒА САЛЫНҒАН САНКЦИЯЛАР

2017 жылы Мьянма әскерилері рохинджа мұсылмандарына арнайы операция ұйымдастырған. Бұл операциядан соң 730 мың рохинджа көршілес Бангладешке қашып кеткен еді. БҰҰ Мьянма әскерилері операция кезінде рохинджаларды жаппай өлтіріп, үйлерін өртеген деп мәлімдеді. Мьянманың бұл әрекеті бейбітшілік саласы бойынша Нобель сыйлығын алған Аун Сан Су Чжидің де беделіне нұқсан келтірді.

Аун Сан Су Чжи (сол жақта) мен Мин Аунг Хлайн (оң жақта).

Аун Сан Су Чжи (сол жақта) мен Мин Аунг Хлайн (оң жақта).

АҚШ 2019 жылы Рохинджа мұсылмандарына ұйымдастырылған операцияға байланысты Мин Аунг Хлайн мен тағы үш әскери басшыға санкция салды. Қазір Гаагадағы БҰҰ-ның Халықаралық трибуналында Мьянма елінің үстінен сот өтіп жатыр. Африкадағы Гамбия елі Мьянманы “рохинджа мұсылмандарына геноцид жасады” деп айыптап, Гаагадағы сотқа шағымданған.

МЬЯНМАДАҒЫ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙ ҚАНДАЙ?

ВВС сайтының жазуынша, Мьянмада қазіргі жағдай бірқалыпты. Ірі қалалардағы көшелерде әскерилер бақылауына алған. Елде түнде комендант сағаты енгізілген.

1 ақпанда елде ұялы байланыс пен интернет байланысы үзілген еді. 2 ақпанда интернет пен байланыс қайта қалпына келген.

Азияның бірнеше елінде Мьянма елшілігі алдында әскери төңкеріске қарсы наразылық шарасы өтті. Наразылар әскерилерден Аун Сан Су Чжиді босатуды талап етті.

Мандалай қаласында жүрген әскерилер. 2 ақпан 2021 жыл.

Мандалай қаласында жүрген әскерилер. 2 ақпан 2021 жыл.

Халықаралық ақпарат агенттіктерінің жазуынша, Мьянмада әлеуметтік желіде жұрт әскери төңкеріске қарсы наразылықтары байқалады.

Әскерилер қамауға алынған Аун Сан Су Чжидің қайда екенін айтпай отыр. Бірақ Аун Сан Су Чжиге жақын адамдардың бірі AFP агенттігіне Аун Сан Су Чжи үйқамақта отырғанын айтқан.

АҚШ Мьянма әскерилері Аун Сан Су Чжиді босатпаса санкция салатынын мәлімдеді.

54 миллион халқы бар Мьянма – Бангладеш, Қытай және Таиландпен шекаралас ел.

Мақала Reuters, BBC ақпараттарының негізінде жазылды

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: