|  |  | 

Көз қарас Саясат

Ақорда Назарбаев пен оның жақындарына қарсы науқан бастады ма?


Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның ізбасары Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесінде. Нұр-Сұлтан 2019 жыл.

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның ізбасары Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесінде. Нұр-Сұлтан 2019 жыл.

Қазақстанда қақтығыстар легі басылып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікті қолына алғанға ұқсайды. Енді нысанаға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туыстары ілінетін көрінеді.

Қазақстанда бейбіт жиын түрінде басталған наразылықтарға қарулы топтар араласып, Алматы мен басқа қалаларда қанды қырғынға ұласқан еді. Елдегі жағдай енді тұрақталып келеді.

Тәртіпсіздіктер кезінде елде қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен биліктен кеткен соң да біршама тетікті сақтап қалған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың арасында билікке талас болып жатқаны байқалды.

Елдегі тәртіпсіздіктер тоқтағанға ұқсайды, ал бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның жақындарын не күтіп тұрғаны белгісіз.

Басында билікке тартыста кім жеңеді деген күмән болғанымен, 11 қаңтарда Тоқаев оған нүкте қойғандай болды. Парламент сессиясына қатысқан ол Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі компанияның жұмысын, қыруар шығын кететін мемлекеттік бизнесті тоқтатуды бұйырды.

“Кәсіпкерлер мен жалпы қоғамда “Оператор РОП” компаниясының қызметіне байланысты сауалдар көп” деді Тоқаев.

2015 жылы құрылған “Оператор РОП” елде монополия орнатқан.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев 12 қаңтардағы Үкімет отырысында 2016 жылдан бері компанияға 692 миллиард тенге (шамамен 1,6 миллиард доллар) қаражат түскенін айтты.

Компанияның веб-сайтында Назарбаевтың фотосында өңір әкімдерін “Оператор РОП” компаниясымен жұмыс істеуге шақырған сөзі жазылған.

11 қаңтарда Тоқаев Назарбаев отбасының қыруар байлығы мен мүлкіне қауіп төніп тұрғанын анық байқатты.

5 қаңтарда Тоқаев Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болғанын жариялады. Мұны көбі 81 жастағы Назарбаевтың басына бұлт үйірілгенінің белгісі деп түсінді.

Назарбаев 2019 жылы наурызда президенттіктен кетіп, орнына Тоқаевты қалдырған соң да осы қызмет арқылы ықпалын сақтап отырған.

9 қаңтарда Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі төрағалығынан өз еркімен кеткенін мәлімдеді. Бірақ оның сөзін билік өкілдерінің ешбірі қайталамады.

“Елбасы” Нұрсұлтан Назарбаевтың қайда екені жайлы қауесет көп. Ол 28 желтоқсаннан бері халық алдына шықпаған. Ал 8 қаңтарда Айдос Үкібай Назарбаевтың Нұр-Сұлтан қаласында екенін жазды.

11 қаңтардағы сөзінде Тоқаев бірінші президенттің “арқасында” елде “өте табысты компаниялар мен халықаралық деңгейдегі бай адамдардың тобы пайда болды” деді.

Тоқаев “Қазақстан халқына” деген арнайы әлеуметтік қор құрылатынын, оған кәсіпорындар “қомақты және жүйелі түрде жарна” салатынын мәлімдеді.

Ол үкіметке компаниялар тобын анықтап, олардың осы қорға жыл сайын салатын жарна мөлшерін келісуді тапсырды.

Тоқаев “Адамдарға ақша беретін және көмектесетін кез келді деп сенемін” деді.

Тоқаев нақты ешкімнің атын атамады. Бірақ оның қажеті де шамалы.

“Қазақмыс” басшысы Владимир Ким немесе банкир Болат Өтемұратов секілді Назарбаевқа жақын адамдар оның отыз жылдық билігі кезінде миллиардтаған доллар пайда тапқаны белгілі.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстанда Назарбаевтың отбасы мүшелері де адам айтқысыз бай екенін бәрі біледі. Бұл туралы Азаттық радиосының 2020 жылғы желтоқсандағы зерттеуінде толық жазылған.

Назарбаевтың екінші қызы Динара мен оның күйеуі Тимур Құлыбаевтар Қазақстандағы ең бай адамдардың тізіміне енген. Олардың активі 1 миллиард доллардан асады.

Жуырдағы оқиғаға дейін Батыс баспасөзінде Қазақстан тек Назарбаев отбасына тиесілі байлық жайлы материалдарда аталатын. Атап айтқанда, олардың Еуропа, АҚШ, Дубайдағы виллалары мен сарайлары, жеке ұшақтары мен яхталары жайлы мақалаларда кездесетін.

Қазір Назарбаевтың отбасы мүшелерінің қайда екені белгісіз.

12 қаңтарда Назарбаевтың үлкен қызы, Парламент депутаты Дариға Назарбаеваның көмекшісі оның коронавирус жұқтырып, Алматыда жатқанын, парламент отырысына сол үшін қатыспағанын айтты.

Дариға Назарбаева сенат спикері кезінде жиналыс өткізіп отыр. Нұр-Сұлтан, 13 ақпан 2020 жыл.

Дариға Назарбаева сенат спикері кезінде жиналыс өткізіп отыр. Нұр-Сұлтан, 13 ақпан 2020 жыл.

Сол күні Қырғызстандағы 24.kg веб-сайтында Назарбаевтың інісі Болат 6 қаңтарда таңертең Қырғызстанға өтіп, сол күні Бішкектен Дубайға бағыт алған ұшаққа отырғанын хабарлады.

Bellingcat тергеу бөлімі Bombardier Challenger 604 жеке ұшағының наразылықтар басталған соң екі күннен соң, 4 қаңтарда Алматыдан Женеваға ұшып кеткенін анықтады.

Bellingcat дерегінше, бұл ұшақ бұрын Еуропа елдеріне, Ресейге, Мальдив аралдарына, Дубайға барып тұрған.

Bellingcat “5 қаңтарда сағат 10 мен 11 аралығында тіркеу нөмірі мен басқа да деректері жоқ Bombardier Global 6000 ұшағы Лондонға жақын маңдағы Фарнборо әуежайына қонғанын” хабарлады. Бұл жер Ұлыбританияға барған жеке ұшақтар қонатын орын саналады.

5 қаңтарда қазақстандық екі ұшақ Қырғызстанның Манас әуежайына қонып, біреуі Дубайға, екіншісі Солтүстік Македонияға кеткен. Ұшақтар Қырғызстанда техникалық қызмет алып, жанармай құю үшін аз уақытқа ғана аялдаған.

Қазақстаннан ұшып кетіп немесе келіп жатқан жекеменшік ұшақтардың көбі Назарбаевтың отбасы мүшелері мен жақындарының елден кетіп қалғанын білдіретіндей.

Тоқаев Қазақстан билігінің Назарбаевтардың соңына түскенін ашық айтпады. Тоқаевтың тәуелсіздік алғалы “Елбасымен” жұмыс істегенін ескерсек, оған өзі ұзақ жыл қызмет еткен отбасы мүшелеріне абайлап шабуылдауға тура келеді.

Бірақ Тоқаевтың Назарбаев отбасын заңсыз табыстан айыру әрекетін қоғам қолдайды. Бұл қолдау оған бірінші президенттің көлеңкесінен шығып, өзінің үкіметін құрған кезде керек болады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • “Лукашенконың қалжыңы”. Тоқаев Ресей-Беларусь одағының Қазақстанға қажеті жоғын айтты

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. Ақорда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ядролық қару да ортақ болу үшін” Қазақстанды Ресей мен Беларусьтің одағына қосылуға шақырған Александр Лукашенконың сөзіне байланысты пікірін жариялады. “Оның қалжыңын лайықты бағаладым. Менің ойымша, одаққа қажеттілік жоқ, өйткені өзге де интеграциялық құрылымдар, соның ішінде Еуразия экономика одағы бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге оның қажеті жоқ. Өйткені Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге және Ядролық сынаққа тыйым салу туралы келісімге қол қойғанбыз. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша алған міндеттемелерімізге берік боп қала береміз”, – деді Тоқаев. Тоқаев бұл сөзді бүгін Солтүстік Қазақстан облысына барып, фермерлермен кездескен кезінде айтқан. Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей телеарнасының “Москва.

  • Киелі 2030, Кувейт және 100 миллиард доллар. Жеті жыл күтетін қазақ тағдыры

    Айбар Олжаев Сіз сенбесеңіз де, қазіргі фактілерге қарап, «Қазақстан-2030» стратегиясының орындалатынын аңғаруға болады. Көбіміз білмеуіміз мүмкін, бірақ ол тәуелсіз Қазақстанның алғашқы стратегиясы. 1997 жылы қабылданған. Артынан оны Назарбаевтың өзі ұмыттырып, жауып тастап, архивке аттандырып жіберген болатын. Бірақ одан кейін қабылданған, керемет делінген жүзден аса бағдарламалар, жобалар орындалмады да, дәл осы стратегия ғана өз мақсатына 100 пайыз жететін сияқты. Мерейтойлы, әдемі және дөңгелек цифр болғандықтан стратегия авторлары 2030 деп шамалап қоя салғаны түсінікті. «Жақсының айтқаны емес, жаманның сандырағы келеді» дегендей, бір қызығы, дәл осы 2030 жылға көп нәрсе байланып тұр. Порталға қатысы барлар қазақтың болашағына қатысты Мәшһүр Жүсіп теориясын алға тартуы мүмкін, онымен дауласпаймын. Бірақ 2030 жылдан кейін көп нәрсенің өзгереріне

  • “Украинадағы соғыс ондаған жылға созылуы мүмкін”. Британ генералымен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Украин сарбаздары зенитті қарумен атқылауда. Архив суреті. Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы, қорғаныс және қауіпсіздік тақырыбында кеңес беріп, дәріс оқитын генерал сэр Ричард Бэрронс майдандағы айла-тәсіл, өндірістік мобилизация және Украина мен Батыс елдері таңдауы соғыстың ондаған жылға жалғасуына қалай әсер ететінін айтып берді.  Генерал сэр Ричард Бэрронс Ұлыбритания бірлескен күштерінің бұрынғы қолбасшысы. Қазір Universal Defense & Security Solutions қорғаныс және күзет компаниясын басқарады. Ол Азаттықтың Грузин қызметімен сөйлесіп, Украинадағы соғыс неге ұзаққа созылатынын талдап берді. Азаттық: Украинада соғыс басталғалы бір жылдан асты. Осы уақыт ішінде қандай сабақ алдық? Ричард Бэрронс: Еуропа үшін жоғары деңгейде сабақ алатын дүниелер болды. Біріншісі, 90-жылдары Қырғиқабақ соғыс аяқталғаннан кейін көбі “енді соғыспайтындай болдық” деп ойлағанымен,

  • Сыртқы істер министрлігі Украинадағы соғыс туралы: Қазақстанның өз ұстанымы бар

    The building of the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan in Astana. Photo from the website of the MFA of the RK Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко немістің Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында Қазақстанның сыртқы саясаты туралы айта келе, “республика Ресейдің де, АҚШ-тың да, Қытайдың да көзқарасын ұстанбайды” деп мәлімдеп, Қазақстанның көпвекторлы саясаттан айнымайтынын атап өткен. Оның сөзінше, Қазақстан Украинадағы жағдайға байланысты ұстанымын нақты белгілеп алған. “Ол – мемлекеттердің аумақтық тұтастығы құрметтелуге тиіс деп көрсетілген БҰҰ жарғысы. Оның ішінде, әрине, Украина да бар. Бұл ұстаным барлық серіктесімізге түсінікті. Біз Ресейдің де, АҚШ-тың да, Қытайдың да ұстанымын алға шығармаймыз. Біз Қазақстаның ұстанымындамыз, сыртқы саясатымыздың негізінде өзіміздің ұлттық мүддеміз жатыр”

  • Ескі державаға ескерткіш. Ресей соғыстың салдарынан Байқоңырдан кетуі мүмкін

    Азаттық радиосы Байқоңыр ғарыш айлағы. Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағы Ресей космонавтикасының ажырамас бөлігіне айналып кетті. 90-жылдардан бері Байқоңыр Ресейден алшақтай бастады. Қазақстанмен келісімшарт 2050 жылға дейін жалғасқанымен, Байқоңырда біртіндеп Ресейдің белсенділігі азайып келеді. Зымыран ұшыру кешендері аз қолданылып, алда не болады деген сұрақ күшейді. 2023 жылы ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану мәселесі тағы да ушықты: Қазақстан Ресей мүлкін бұғаттап, 2 миллиард рубль сұрады. Ал Ресей тарабы 220 миллион долларлық қарсы талап қойып отыр.  Ресей мен Қазақстан арасындағы 1994 жылғы келісімшарт бойынша, Байқоңыр ғарыш айлағы бар құрылғысымен бірге Қазақстанның иелігінде қалды, ал Ресей ғарыш қызметіне қажет аумақ пен инфрақұрылымды жылына 115 миллион доллар төлеп жалға алатын болды. Ресей Байқоңырды ұлттық бағдарламаларын жүзеге

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: