|  |  | 

Көз қарас Саясат

ЭКС-ЕЛБАСЫНЫҢ ТАҒЫ БІР ӨТІРІГІ

Жазушы-публицист
Марат Бәйділдаұлы (Тоқашбаев):
немесе бюджет емшегін сору қашан доғарылады?
Үстіміздегі жылғы 20-маусымда саясаткер Данияр Әшімбаевтың Telegram-каналында Нұрсұлтан Назарбаевпен жарияланған сұқбатта экс-елбасы Назарбаев университетінің жетістіктері туралы мақтана айтқаны бар. Ол: «университет қазір тек елімізде ғана емес бүкіл Азияда көш бастап келе жатыр, оның түлектерінің 92 пайызы Қазақстанда жұмыс істейді» деді.
Factcheck.kz порталы бұл ақпаратты тексергенді жөн көріпті. Нәтижесінде Н.Назарбаевтың бұл айтқандары жалған болып шықты!
Әдетте жетекші ЖОО туралы әңгіме қозғалса әлбетте жоғары оқу орындарының түрлі рейтингілері еске түседі. Әр рейтингінің бағалау методологиясы әртүрлі. Әлемге әйгілі халықаралық сондай рейтингілердің бірде бірінде Назарбаев университеті Азияның нөмірі бірінші жоғары оқу орны деп аталмайды. Тіпті Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасындағы көшбасшылығының өзі күмәнді. Сол халықаралық рейтингтерде Қазақстаннан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Сәтбаев атындағы ҚазҒЗТУ сияқты үш ЖОО аталады, олардың алатын орындарының өзі 1201+ ден әрі қарай.
Назарбаев университеті жергілікті деңгейде өзін өзі бірінші орынға қойып алған сияқты. Әйтпесе басқа рейтингтерде оның өзі тұрмақ иісі де жоқ. Мысалы, QS World University Rankings рейтингісінде Назарбаев университетінің аты мүлде ұшыраспайды. Онда Азиялық аумақта бірінші орында Сингапурдың ұлттық университеті тұр.
Еуропа мен Азияның дамушы елдерінің рейтингісінде бірінші орында – МГУ. Қазақстандық ЖОО арасында әлемдік рейтингте ең тәуір көрсеткішке ие – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Ол 150-ші орында.
Әлемдік US News & World Report рейтингісінде Назарбаев университеті 1344-ші орыннан әзер көрінген. Азия университеттерінің рейтингісінде бірінші орында Қытайдағы Синхуа университеті тұр. Назарбаев университеті болса кейінгі рейтингте 402-ші орында.
Университеттердің әлемдік рейтингтер орталығының Center for World University Rankings (CWUR) деректерінде «нұр-көсемнің» университеті 1765-ші орында! Онда азиялық аймақта – Токио университеті көшбасшы.
Жоғары білім берудің халықаралық каталогы бойынша 200 университеттен түзілген uniRank рейтингінде қазақстандық бірде бір университет жоқ!
Испандық Cybermetrics Lab зерттеушілер тобының жарияланымдар көлемі мен оның ықпалдылығын анықтайтын
Ranking web of universities рейтингісінде
Назарбаев университеті сонау 233-ші орында, азиялық өңір бойынша 983-ші орында.
Яғни Н.Назарбаевтың өзінің атындағы жекеменшік университетін мақтаған деректерінің бәрі өтірік болып шықты!
Зерттеуді жариялаған журналист Жансерік Тілеуханның айтуынша НУ түлектерінің 92 пайызы елде жұмыс істейді дегені де ақиқатқа үйлеспейді екен. 2015-2021 жылдарда университетті 6 мыңдай студент бітірсе оның 57,2 пайызы ғана елден жұмыс тапқан.
Назарбаев университетін «Назарбаев Қорына» бағынатын Назарбаев Интеллектуальдық мектептері» ашық акционерлік қоғамы басқарады. Университет білім министрлігіне бағынбайды, жылдық есептерін тапсырмайды. Оның бәрі құпия.
Назарбаевтың білім қорлары бірігіп, PioneerCapitalInvest инвестициялық холдингін құрып алған. Бүгінде PioneerCapital холдингі бақылау пакетінің 67,53 пайызы – «Назарбаев қорына», 19,62 пайызы – Назарбаев университетінің «Әлеуметтік даму қорына», 12,93 пайызы – Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің «Даму қорына» тиесілі. Көріп отырғаныңыздай Назарбаев университеті толықтай жекеменшік оқу орны.
Университет 2020 жылы 500 млн доллар пайда тапқанымен оның бүкіл шығындары бюджет мойнында. Әлемдік рейтингте болса ешқандай орны жоқ. Сонда Назарбаевтың жекеменшік оқу орнын мемлекет мәңгі-бақи сүйрей беруге міндетті ме? Еліміздің 2020-2022 жылдарға арналған бюджетінде Назарбаев университетіне 184,2 млрд теңге, Назарбаев интеллектуалдық мектептеріне 66,3 млрд теңге қаражат бөлінген. «Тепличный» жағдай туғызылған жекеменшік университеттің Қазақстанға не керегі бар?
Шындығына келгенде қызметінен кетсе де экс-елбасы бюджет емшегін қаңсытып сора бергенін қашан қояды?

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: