|  | 

Қазақ хандығына 550 жыл

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихты киімде таңбалаған көрме өтті (ФОТО)

426519_1431417761_150_150_0

Астана. 12 мамыр. BAQ.kz – Бүгін Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде суретші Аңсаған Мұстафаның Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Шашу» атты қазақы нақышта салынған суреттерінің көрмесі өтті.  

Енді үстімізге ағылшынша жазылған жеңіл сөз бен жат елдің жұлдыздары, өзге ұлт пен елдің таңбасы салынған футболкаларды емес, ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН, қазақтың хандары мен батырлары, арыстары мен алыптары, ұлттық салт-дәстүрімізден көріністер және қазақ өмірімен бағзыдан байланысып келе жатқан қыран бүркіт, көк бөрі және жылқы бейнелері өрнектелген жеңіл жейделерді киюімізге мүмкіндік бар.

Аңсаған Мұстафаның Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап өткізген көрмесінде осындай 55 ұқсамаған ұлттық үлгідегі жеңіл жейде таныстырылып, олардың суреттері қойылды.
Тарлан тарихтың тау тұлғаларын таңдауда шеберлік танытып, елдіктің тұғырын қазақ өмірімен де байланыстырған суретшінің тілегі ендігі жерде осы жеңіл жейделерді бір адам болса да киіп, киім арқылы өзінің ұлттық рухын көрсетсе екен дейді.
«Бұл көрме Қазақ хандығының 550 жылдығына арналғандықтан суреттерімде тарихта өткен тұғыры биік тұлғаларды, салт-дәстүрді, ұлттық ойындарымызды бейнеледім. Өйткені біздің елдігіміз хандар билігі мен батырлар білегінің күшімен ғана қалыптасқан жоқ, тарихты қалыптастыруда бүкіл қазақ қоғамының рөлі өзгеше. Бес ғасырдың ішінде ата да, бала да, батыр да бар. Ұлттық дәстүріміз бен салтымыз бар. Сондықтан 55 түрлі суретті бір-біріне ұқсамайтын 55 үлгіде салдым. Бұл ойды қуа берсең 500 сурет те салуға болады. Бірақ, мен уәдемді 55 суретке бергеннен кейін осы дүниелер өмірге келді. Суреттерді түрлі-түсті және жеңілдеу етіп жастар жағына бағыттадым»,-дейді А.Мұстафа.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы суретші Аңсағанның өнерін жоғары бағалап, жиналған студент жастарды осындай қарапайым түрмен де елге рух сыйлап, ұлтқа үлес қосуға болатынын айтты.
«Отаншылдық пен ұлттық рухты күнделікті тұтынатын тауарларыңыз арқылы жеткізу, қарапайым форматта насихаттау қазіргі қоғам үшін өте маңызды. Аңсағанның суреттерінің бәрінде елге қызмет ету идеясы жатады. Кез-келген рухани дүниені ұлттың мүддесіне сай қылу – Аңсағанның рухани ұстанымы деп білемін. Міне бүгін Аңсаған әрбір адам өз мамандығына сай ұлттық мүддені, елдік рухты көтере алатынын көрсетіп отыр»,-деді ол.

Қазірше елдіктің рухы кестеленген бұл жеңіл жейделер зауытта өндіріліп, сатылымға шықпапты. Авторлық құқығын қорғап, базарға саламын деген кәсіпкерлер шығып жатса қарсы болмайтынын айтқан Аңсаған былай деді:
«Бұл футболкаларды сатпаймын, шығарған да жоқпын. Ондай мүмкіндігім де жоқ. Менікі тек қолымнан келген өнерді осы атаулы мерекеге арнау. Бұл 55 түрлі дизайн «Абай» және «Ұлт» порталдарына қойылатын болады. Кез-келген кісі солардың ішінен өзіне ұнағанын жүктеп алып фотосалондардан шығартып алуларына болады. Кәсіпкерлер көптеп шығаруға ниет танытса қарсы емеспін. Қайта, авторлық құқығым қорғалған күйде базарға шығып жатса қуанамын».

Көрменің тұсаукесеріне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов және саясаттанушы Айдос Сарым мен Қазақстан КВН Одағының президенті Есен Елеукен қатысып, лента қиды. Суретші Аңсағанның қолынан шыққан туынды басылған 55 түрлі жеңіл жейдені киген жастар флешмоб өткізді.

 

Майгүл СҰЛТАН,

Суретті түсірген Ғабит МАДАЛИЕВ

baq.kz

Related Articles

  • БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    БҰЛАНТЫ-АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСТАРЫ: ЖАЛҒАНЫ МЕН ШЫНДЫҒЫ

    СӨЗ БАСЫ «Совет өкіметі тұсында қазақ тарихы бұрмаланып, теріс түсінік берілді» деген сөз жиі айтылады қазір. Басылым беттерінде болсын, тарихшылардың бас қосқан жиындарында болсын. Жалғаны жоқ, анық еді. Куәміз, 70-жылдардағы қазақ тарихы оқулығының қалыңдығы пышақтың қырындай ғана-тын. Оның өзі мардымды оқытылмады. Бұл шежіреміздің отар кездегі күйі еді… Ал қазіргі тарихымыз бұрынғыдан да бетер сорақы жағдайға түсті. Білім мен ғылымға көңіл бөлудің орнына бүгінгі қазақ ру-тайпа ұймасынан шыға алмай жүр. Осы күні әркім өз аталасының немесе бабасының би болғанын, жырау не батыр болғанын ойдан шығарған жалған деректерімен үздіксіз насихаттап, кейін оған сан миллиондаған қаржы шашып, кітап шығару, ас беріп, кесене, ескерткіш орнату сықылды т.б. берекесіз істің соңына түскен. Өкінішке қарай, жағымсыз

  • Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес

    Тарбағатайдағы ұлт-азаттық күрес

    (Осы тарихи оқиғаның  70 жылдығына арналады) Қазақ жерінің шығысындағы Тарбағатай жеріде тарихтың тарғалаң жылдарыныда бөліске түсіп жарымы қазіргі Қытай жерінде қалғаны белгілі. Осы қасиетті топырақ ежелден атам қазақтың құтты қонысы болып келген еді, осы Тарбағатайдың арғы бетінде (1944-1962) жылдарға дейін түрлі тарихи, саяси оқиғалар болып жатты, ішінде ең көрнектісі 1944-1947 жылдар аралығында болған ұлт-азаттық күрестер еді.  Деседе осы күрестер болған қазақтың төрт аймағының екеуінде яғни Алтаймен Іледе болған ұлт-азаттық күрестері туралы көп айтылыпта жазылыпта келеді, деседе Тарбағатай жерінде болған күрестер айтылмай келеді, болған тарих тасада қалмау керек, ендеше Тарбағатайдағы оқиғалар қалай болды? Кімдер қозғалыс бастады? Соңы немен аяқталды? Осы сауалдарға тарихи деректермен сол оқиғаға қатысқан куагерлердің естеліктері , тарихи картиналар арқылы жауап

  • Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғысқан дегендер мына дерекке сүйенсе керек: 1691 жылы 6 ақпанда Иркутск қаласында Жоңғар ханы Галдан Бошогту (моңғол. Галдан Бошигт; Қалм. Галдан-Бошигт; 1644 – 1697) елшілерінің Қазақ хандығы туралы әңгімесі. «…Шабармандар: «Осыдан он жылдай бұрын олар, Қалмақ Бушухту ханы мен Казак Ордасы, діні әртүрлі болған. Бушухту хан қалмақтармен және басқа да орда мүшелерімен бірге Далай-ламаға сенеді, ал казак ордасы әсіресе Мұхаметке Қырымдық жолмен сенеді, бұсурмандық жолмен сүндеттеледі. Ал Бушухту хан Казак Ордасына онымен, қалмақ Бушухту ханымен және Орданың басқаларымен бір Далай Ламаға бірігіп буддаға сенсін деп жіберді. Сондықтан да олармен жанжал туындады, өйткені олар қалмақ жолымен Далай-ламаға сенгісі келмеді, осының салдарынан үлкен шайқастар болып, Бушухту хан олардың көптеген

  • БӨРІНІҢ АТЫН АЛҒАН ИТЕЛІ МЕН МОЛҚЫ

    БӨРІНІҢ АТЫН АЛҒАН ИТЕЛІ МЕН МОЛҚЫ

    («”В”дыбысының өмірі» мақаласынан үзінді) Ворг(ворк). Бұл кәдімгі көк түсті және осыған байланысты бөріні білдірді. Бөрі деген сөздің өзі көк түсті ұғындырады. Ворг(ворк) сөзі В дыбысының “ұб, об, аб, ба, бо, бұ, ұ, у” болып түрленуіне сай, бурғ, ворғ, буры, влуе, бөрі, бөрік, волк сөздерін тудырды. Волк – өлекшін. Влуе(бөре, бөле) – ағылшын тіліне көк түсті білдіретін атау ретінде ғұндар жағынан енді. Волф(бөріп) сөзі оларда бөріні білдіреді. Бурыл түс те көк түсті негіз етеді. Қазақта “бөріктіріп қырады” деген сөз бар. Бұл біріктіріп қырады деген мағынаны береді. Қазақтың бірігу деген сөзінің әубаста туылуына да бөрілердің азығын ұстаудағы ұйымшаң әрекеті әсер еткен. Волк(бөрғ) – Шығыс Еуропа жерінде бөріні білдірді. Волк сөзі болғ, болқы

  • ТҰҒЫРЫЛ ХАННЫҢ ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ҰРПАҚТАРЫ

    ТҰҒЫРЫЛ ХАННЫҢ ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ҰРПАҚТАРЫ

    Тұғырыл ханның Нылқы шамғұн(санғұн), Еке(Үкі), Тайбұға деген үш ұлы болды. Нылқы шамғұннан тараған әулет Торғауыт, Қалмақ, Абақ-Сахара қатарлы ордалардың билеушілері болса, Тайбұғадан тараған әулет Сібір, Төмен хандықтарын биледі. Тұғырыл ханның інісі Жақа қамбының қызынан туған жиендер Ұлы Моғол ордасын, Қытайды, Иранды билесе, өзінің Құлағудан туған жиендері Иранды тағы дүбірлетті. Тұғырыл ханның ұрпақтарынан Қазан, Қажы-Тархан(Астрахан), Қасым хандықтарының тағына отырғандар да болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл хан ұрпақтары тұтас Жошы ұлысындағы барлық хандықтарды шеңгелінде ұстады. Жошы ұлысынан шыққан хандықтардың тәуелсіздігін қорғау жолындағы шайқастарды ұйымдастырушы болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл ханның ұрпақтары Қырым хандарының есімінің бәрінде Керей қосымшасы бар. Бұл туралы Орыс зерттеушілері екіге жарылады. Бірі, Қажы -Керейді Тұғырыл хан әулетінен десе, бірі

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: