|  | 

Көз қарас

Қазақстандағы түрік лицейлері қажет пе?

Qazaq-Turik liseyleriҚазТАГ – Данияр Серіков. Қазақ­түрік лицейлері Қазақстанда осымен жиырмадан астам жыл жұмыс жасап келеді. Олардың қайнар бастауында көп қазақстандықтар «мұның артында кім тұр және олар не үшін ұйымдастырылды?» деген сұрақтарын қойып жатты. Не дегенмен қазіргі әлемде поскеңестік республикаларға тек жалпы игіліктерді енгізу үшін ғана өлшеусіз күш­жігерін салатындар аз. Оның үстіне, егер адал ниеттің өзі де дамушы ел мәртебесінде тұрған мемлекеттен шығып отырса. Әдетте мұндай бастамалар шынайы мақсат­ мүдделермен өтеледі немесе орнатылған қарым­қатынастар жүйесіне кірпіш болып қаланады. Осы жағынан алғанда қазақ­түрік лицейлері геосаяси ілгерілеу, ділді өзгерту және елдің өскелең бөлігін қайта форматтау тұрғысынан өз рөлін атқарды. Жеңіл тілмен айтқанда, қазақстандық қоғамдағы жас генерацияның азғантай бөлігін өзгертіп, трансформация тудырды.

Лицейлер тамаша, жеңімпаздар – бәрі қайда

Түрік лицейлерінің 1990 жылдардағы жетістігі олардың жаңалығымен, ағылшын тілінің бар болуымен және бірінші жас оқытушылардың пассионарлығымен түсіндірілді. Одан өзге, ҰБТ­мен парапар келетін бәсекелі іріктеу стратегиясы бастапқыда сыныптарды қалалар мен ауылдардан оқушыларды параның емес, олардың дарынының арқасында 90%­ға толтыруға мүмкіндік берді. Ұлдар мен қыз балалардың зейіні оқуға шоғырланған атмосферада жарыс рухы пайда болды. Бұдан бөлек, лицейлердегі оқыту көбірек озат оқушыларға бағытталды, бұл көзге аз көрінетіндерді өз артынан тартатын ядро құруға мүмкіндік берді. Ондай элитарлық орта мектептердегі бағдарларға ұқсаған жоқ, соңғыларында посткеңестік жүйе инерция бойынша оқушылардың орташа деңгейіне жұмыс істеп, қалыс қалушылар мен мейлінше үздіктерді ретке келтіріп отырды. Ол кезде түрік лицейлерінің ортасы, көп бақылаушылардың мойындауы бойынша, өзіне бастапқыда көп алға ұмтылушыларды сіңіріп жатқан еді. Бастапқы кезеңде лицейлер түрік бизнесмендерінің ақшасына қаржыландырылды, оның көп бөлігі «Хизмет» қозғалысымен тікелей байланысты болды. Алғашқы салымдардың қорытындысы лицейшілердің ұлттық және халықаралық олимпиадалардағы көптеген жеңістері болды. Ондай жетістіктердің басты кепілі көп үміт күттіретін оқушыларға олардың лицейдегі оқуының ең басынан бастап шынайы инвестициялар құю, жеңістерге терең уәждендіру үшін олимпадаға қатысушыларға ерекше атмосфера жасау болды, бұлар пәндегі өз біліміңді мақсатты түрде тереңдетуге мүмкіндік берді. Лицейшілердің олимпиадалардағы және сан түрлі байқаулардағы кезекті жеңістері сұмдық пен пара салтанат құрған ортақ әлеуметтік ортаға қарамастан, оқушылар амбиция, жасалған еңбек және өзіне деген сенім барда жетістікке жете алатындарын көрсетті. Жалпы алғанда әлеуметтік мобильділіктің мұндай нышаны білім берудің арқасында күш­жігер мен ықыластың барында жаңа перспективалар ашатын нәтижелер көрсетуге болатынына шынайы мысалдар көрсетті. Ондай мысал лицейлердің жалпы орташа деңгейін тартып, оқушылардың дамуын жылдамдатты. Тіпті көп жылдар өткеннен кейін де жекелеген бақылаушылар әлеуметтік сатылар жоқтығының жалпылама атмосферасына қарамастан, өз еңбегіңмен нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенген түрік лицей түлектерінің айрықша психологиясы мен менталитетін атап өтті. Мүмкін, сол себепті де қазір түлектердің көпшілігі кәсіпкерлер мен бизнесмендер атанды, олар көбінесе түрік капиталымен және сыртқы экономикалық қызметпен жұмысқа жұмылдырылған.

 

Тек қана өз еңбегімен – парасыз

Олардың көбі өз тағдырын бастама мен амбициялар жиі жазаға ұшырап жататын мемсектормен байланыстырамыз деп шешті. Бірақ тіпті қазір ұлттық компанияларда, әкімдіктерде және меморгандарда жұмыс істейтіндер айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бұл қандай да бір төңкерісшіл бастамалардың арқасында емес, «тұрақты күш­жігер – ұзақмерзімдік жеміс» схемасы өзін айқын көрсеткен тап сол лицейлерде даму алған белсенділік, прагматизм, бейімделгіштік және қызметтік болмыс есебінен орын алды. Нәтижесінде түрік лицейлердің түлектерін қазір әкімдіктердің, қоғамдық институттардың, шешуші ұлттық компаниялардың, Ұлттық банк құрылымдарының басшылығынан табуға болады. Бірақ бұл олар түрікше алған білімінің арқасында Түркияның мүддесін алға сүйреп жүр дегенді білдірмейді, себебі олар бірінші кезекте бар саяси жүйеге қатысты жұмсақ. Олар түрік мәдениетіне немесе қозғалыстың негізін қалаушы Фетхуллаһ Гүлен уағыздайтын исламның бір версиясын ұғына алар еді, алайда қорытындысында олар өз елдерінде Оттоман империясының ыдырау уақытындағы контрэлита форматында әрекет ететін жаңа жас түркілер бола қоймады. Ресейлік кейбір сарапшылардың алаңдаушылығына қарамай, түркиялық лицейлердің түлектерінің дінге аса берілуі аз және 3­4% аумағында ғана. Оның үстіне көбінде «Хизмет» қозғалысын батыс сарапшылары діни берілгендікпен емес, түркиялық ұлтшылдықпен байланыстырады. Қозғалыстың штаб пәтері АҚШ­та екенін, ал Түркияда билік үшін күрес бөлінген элиталар арасында қозғалыстың өз отанында позициясының жоғалтуына соқтырғанын ескерсек, Қазақстанда Фетхуллаһ Гүлен мен оның жақтастарының қаншалықты ықпалды екенін айту қиын. Егер Нобель сыйлығының лауреаты Орхан Памуктің кітаптарына сүйенсек, Түркиядағы секталар форматы өте қызықты, бірақ ТМД елдерінде түрік лицейлерін ашу жөніндегі стратегиялық бастама Түркияның саяси мәдениетінің деңгейі үшін тым жоғары деңгей. Оның үстіне оның ресурстардағы идеялық және экономикалық қолының қысқалығын ескеру керек. Сондықтан түркиялық лицейлер жобасы ірі халықаралық ойыншылардың жобасына ұқсайды. Жоққа шіғармайтын ақитқат нәрсе, онда оқыған жастардың ойлау өрісінің өзгергендігінде. Ең бастысы – жастарды өздерінің ұмтылыстарында сенімдірек, екпінмен келе жатқан өмірде бірнәрсені өзгерте алады деген сенімін күшейте түсті. Өз кезегінде, ол да қазақстандық қоғамның әлеуметтік­экономикалық және мәдени келбетіне күшті ықпал етт. Мұндағы ортада түркі тілі мен мәдениеті елеулі рөльде болып, экономикадағы түркия бизнесі сарапшылар есебінше, шамамен 10% болады.

 Білім беруден басқа түк те емес…

Егер Түркия ықпалының жұмсақ күш көзқарасы тұрғысынан осыншама өсуі ресейлік сарапшыларды алаңдатса, онда, принципті түрде, онда осындай оқу орындарын Қазақстанда Россотрудничество немесе басқа да білім беру бастамалары арқылы оқу мекемелерін ашуға ешнәрсе кедергі келтіре алмайды. Ал әзірге біз Сбербанк мысалында және «Түркия ағымы» түріндегі жобалардан ресейлік басшылық элита Түркиямен байланыстарын арттырып және экономикалық тұрғыдан интеграциялануын жалғастырып отырғанын көрудеміз. Егер Қазақстандағы түркиялық лицейлерге өткен жылдар тұрғысынан көз жүгіртсек, онда олардың салыстырмалы түрде коммерцияланғанын айтуымыз керек. Қазірдің өзінде олардың кейбірінде айындағы оқу ақысы Т100 мыңнан асады. Ол, осы оқу мекелерінде қазақстандық жоғарғы элита мен орта класс бақыуаттыларының балалары оқи алады деген сөз. Одан басқа, лицейлер қазақстандық орта білім беру жүйесіне тығыз сіңісіп кетуінен олар мемтапсырма ала алады деген сөз. Ол қаржылық тұрғыдан түркиялық мектептер қазырдің өзінде қандай да шетелдік коммерциялық құрылымдардарға немесе қоғамдық құрылымдарға тәуелді емес, қандай да мөлшерде жергілікті орта қажеттіліктеріне жауап беретінін көрсетеді. Қазақстанның мемлекет ретінде ер жетуін ескерсек, мемлекет түркі лицейлері көптеген жыл жинақтаған құнды тәжірибені қолданған болар еді және ол тәжірибені елдегі білім жүйесіне геосаясижағдайды ескереотырып пайдаланған болар еді. Және де Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі мен ең үздік мектептер мен гимназиялардың тәжірибесін де сіңірген болар еді. Президенттің жариялаған үш тілділік саясатын, сондай­ақ өсәіп келе жатқан қытай ықпалын назарға ала отырып, түркиялық лицейлерді өзгеріп отырған халықаралық жағдайға бейімдеуге болар еді. Себебі елдің ішкі кеңістігі сыртқы факторларға өте күшті тәуелді ғой.

kaztag.info

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: