Ұлттық банк неге теңгені қолдап отыруға миллирдтаған доллар жаратуда
ҚазТАГ – Сергей Зелепухин. Қазақстан төлем теңгерімінің негізгі көрсеткіштері көңілге оптимизм ұялатпайды. Ұлттық банктің осы көрсеткіш бойынша соңғы статистикалық мәліметтері төлем балансына сыртқы теріс әсерлердің қысымы сақталып тұрғанын көрсетеді. Нәтижесінде осы индикатор теріс динамикасын көрсетуін жалғастырып, қаржылық тәуекелді күшейтуде. Жаздың бірінші айының соңғы күні Ұлттық банк сайтында макроэкономикалық статистиканың кезекті үлесі жарияланды. Одан көрінетіні, елдің бас банкінің алтын валюталы резервтеріне одан ары төмендеу қаупі сақтала бермекші.
Біздің үрейіміз не тұрады
Бірақ ең қызығы және сонымен қатар алаңдататыны – үшінші тоқсан қатарынан төлем балансы тапшылықта келеді. Айтпақшы, соңғы рет осындай көрініс сонау 20082011 жылдарғы дағдарыста байқалған. Тек 2008 жылы осы көрсеткіш бірінші, екінші, үшінші тоқсанда тұрақты түрде теріс мәндерді, сәйкесінше $1,029 млрд, $2,085 млрд және $1,235 млрд көрсетіп отырды. Бірақ төлем балансының қызыл сызықта тұруының рекорды 20092011 жылдары орын алды. Осы кезеңде төлем балансы жеті тоқсан қатарынан теріс мәнді көрсетті. Бірақ оның ішінде 2009 жылдың алғашқы екі тоқсаны және 2011 жылдың екінші, үшінші және төртінші тоқсандары енбеді. Нәтижесінде төлем балансы теріс мәнге ие осы уақытта, оның жиынтық тапшылығы рекордтық $15,073 млрдқа жетті. Ал баланстың теріс сальдосы Ұлттық банктің алтын валюталы резервтерімен жабылатын болса, онда 20092011 жылдарғы теріс баланс орын алған жеті тоқсанда негізгі банктің алтын валюталы резервтері төлем балансының тапшылық мөлшеріне азайғанын есептеу қиын емес. Яғни ол да $15,073 млрд! Қарастырылып отырған кезеңдегі алтын валюталы резервтердің күрт төмендеуі 2014 жылғы жаппай девальвацияны жүргізудің түрткісі болуы да әбден мүмкін.
Бүгін – басы, ертең – нағызы
Ал шаруа бұл жолы қалай болып жатыр? Мұнай бағаларының дереу төмендеуі және ресейлік рубльдің былтыр одан да тез әлсіреуі төлем теңгеріміне айна секілді шағылысып көрініс тапты. Ұлттық банктің статистикалық есептеріне сәйкес, 2014тің үшінші және төртінші тоқсанында бұл көрсеткіш байсалды минуста, сәйкесінше $2,17 млрд және $960 млнда болып шыққан. Осы ретте биылдың бірінші тоқсанында келеңсіз үрдіс сақталған. Осы кезең ішінде төлем теңгерімінің кері сальдосы $510 млнды құрады. Осы макроэкономикалық индикатор бойынша жалпы тапшылық былтырдың соңғы екі тоқсаны мен ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында $3,64 млрдқа жетті деп санау қиын емес. Басқаша айтқанда, ұлттық валютаны қолдау үшін Ұлттық банк қарастырылып отырған кезеңде $3,6 млрд жұмсауға мәжбүр болды. Ал егер бұл санға бас банктің өткен жылдың бірінші тоқсанында төлем теңгерімінің тапшылығын жабуға шығындаған $1,262 млрдты қосатын болсақ, онда тек 2014 жылда және 2015 жылдың алғашқы үш айында Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын қолдауға өз алтын валюталы резервтерінен $5 млрд дерлік жұмсаған! Бірақ, шамасы, ұлттық валютаны қолдауға сол резервтерді шығындау ол тек басы ғана, ал алда әлі нағызы күтіп тұрғанға ұқсайды, өйткені мұнайдың төмен бағалары мен әлсіз рубль сақталған жағдайда, Ұлттық банкке я өз алтын валюталы активтерін әрі қарай жұмсай беруге, я кезекті девальвацияны жүргізуге тура келеді, оған, президенттің мәлімдеуіне сәйкес, мемлекет әзірше дайын емес.
Екіұштылықты бетке ұстап
Алайда, егер бас банк теңгені қолдауға миллиардтаған доллар алтын резервтерін жұмсайтын болса, онда неліктен бұл көрсеткіштің жалпы динамикасы жағымды болып қала береді ? деген әділетті сауал туындайды. Ал қобдиша өзіақ өте қарапайым ашылады: Ұлттық банктің алтын валюталы резервтері оның екінші деңгейлі банктермен валюталық айырбас (своп) операцияларының себебінен өсуін жалғастыруда. Мәселе мынада, екінші деңгейлі банктердің теңгелік өтімділігінің үлкен тапшылығы салдарынан олардың салымшыларының арасындағы жоғары девальвациялық болжалдар себебіне байланысты, банкілер, долбарлап айтқанда, Ұлттық банктен валютаны теңгеге айырбастап алуда. Осы операциялардың есебінен бас банк өз алтын валюталы активтерін толықтырып отыр, айтқандай, бұл оған резерв және айырбас бағамының тұрақтылығы көрінісін жасауға мүмкіндік береді. Бірақ билік келешекте қандай жолды бетке алады, бал ашып жатпаймыз. Алайда келесі нәрсені атап өткенді жөн дейміз: шенеуніктердің девальвацияға алғышарттар жоқ дейтін барлық мәлімдемелері, әрі кетсе, халықты тыныштандыруға арналған жәдігөйлік. Цифрлар, тіпті ресми де, кері нәрсе жайын сөйлейді: теңгенің дереу құлдырауына деген объективті алғышарттар ендігі әлдеқашан қалыптасып болған. Жетіспейтін жалғыз дүние ол – субъективті фактор, атап айтқанда саяси ерікжігер. Және кім біледі, мүмкін Қытай экономикасындағы жағымсыз үрдістер мен Грекия салдарынан еуроаймақтағы проблемалардың күшеюі себепті мұнай бағаларының жаңадан құлдилауы және рубльдің әлсіреуі түріндегі кері үрдістердің ушығу жағдайында ол алдағы уақытта пайда бола қалар?
kaztag.info
Пікір қалдыру