|  | 

Қазақ хандығына 550 жыл

Түркияда Қазақ хандығының 550-жылдығына орай конференция өтті

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде Қазақ хандығының 550-жылдығына орай конференция өтіп, оған түрік қоғамының сараптамалық және қоғамдық топтарының және БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанның Елшісі Жансейіт Түймебаев сөйлеген сөзінде Қазақстанның мыңдаған жылдардан бері түрлі өркениеттер даму жолдарының тоғысқан, халықтардың ұлы көш бағдарларының қиылысқан жері болғанын атап өтті. Мұнда еуразиялық даланың кең аумақтары игеріліп, материалды және рухани мәдениет орнатылған. Бүгінде бұл бірегей мәдениеттің жетістіктері бүкіл әлемде мойындалуда.

Ж. Түймебаев конференция қатысушыларының назарына Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту шарасы Қазақстан үшін зор маңызға ие екенін айтты. Мерейтойлы жыл халықтың тарихи санасының қалыптасуында ерекше орын алып жатыр. Бұл іс-шара Қазақстан мен түркі әлемінің ағартушы интеллигенциясының іс-әрекеттерінде де бейнесін таппақ.03.09.15Turkeykazkhan5501_673_378_95

Іс-шараға қатысқандар Қазақ хандығы тарихына аса қызығушылық танытып, Қазақстанның тарихы мен мәдени дәстүрін зерттеуге бағытталған бірлескен ұмтылыстардың қажеттілігі үшін сөз қозғады. Осыған орай, Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту іс-шаралары ұлттық мемлекеттілігінің қалыптасуының терең тамырларының бар екендігіне және жалпы бауырлас Қазақстан жеріндегі тарихи мемлекеттілігінің куәсі болып табылады. Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойының қазақстандық жастары үшін мұрагерлік көрінісі, сонымен қатар қазіргі замандастардың жиналған білім қорын, өз халқының салты мен дәстүрін келер ұрпақ үшін сақтауға міндеттілігінің белгісі екендігі аталып өтті.

Конференция аясында Қазақстан мен Түркия екіжақты қарым-қатынастарының тарихы, Қазақстан халқы ассамблеясы мен Қазақстан Ата заңының 20-жылдығы секілді аталып жатқан баянды уақиғалар тақырыбына сәйкес фотокөрме ұйымдастырылды. Оған қоса, Жәнібек пен Керей хандарының бейнесі көрсетілген суреттер мен аты аңызға айналған Абылай хан отырған көп қанатты киіз үй макеті шығарылды. Қатысушылардың назарына түрік тілінде басып шығарылған Қазақстан туралы кітаптар ұсынылды.

ҚР СІМ баспа сөз қызметі

Related Articles

  • БӨРІНІҢ АТЫН АЛҒАН ИТЕЛІ МЕН МОЛҚЫ

    («”В”дыбысының өмірі» мақаласынан үзінді) Ворг(ворк). Бұл кәдімгі көк түсті және осыған байланысты бөріні білдірді. Бөрі деген сөздің өзі көк түсті ұғындырады. Ворг(ворк) сөзі В дыбысының “ұб, об, аб, ба, бо, бұ, ұ, у” болып түрленуіне сай, бурғ, ворғ, буры, влуе, бөрі, бөрік, волк сөздерін тудырды. Волк – өлекшін. Влуе(бөре, бөле) – ағылшын тіліне көк түсті білдіретін атау ретінде ғұндар жағынан енді. Волф(бөріп) сөзі оларда бөріні білдіреді. Бурыл түс те көк түсті негіз етеді. Қазақта “бөріктіріп қырады” деген сөз бар. Бұл біріктіріп қырады деген мағынаны береді. Қазақтың бірігу деген сөзінің әубаста туылуына да бөрілердің азығын ұстаудағы ұйымшаң әрекеті әсер еткен. Волк(бөрғ) – Шығыс Еуропа жерінде бөріні білдірді. Волк сөзі болғ, болқы

  • ТҰҒЫРЫЛ ХАННЫҢ ӘЛЕМДІ БИЛЕГЕН ҰРПАҚТАРЫ

    Тұғырыл ханның Нылқы шамғұн(санғұн), Еке(Үкі), Тайбұға деген үш ұлы болды. Нылқы шамғұннан тараған әулет Торғауыт, Қалмақ, Абақ-Сахара қатарлы ордалардың билеушілері болса, Тайбұғадан тараған әулет Сібір, Төмен хандықтарын биледі. Тұғырыл ханның інісі Жақа қамбының қызынан туған жиендер Ұлы Моғол ордасын, Қытайды, Иранды билесе, өзінің Құлағудан туған жиендері Иранды тағы дүбірлетті. Тұғырыл ханның ұрпақтарынан Қазан, Қажы-Тархан(Астрахан), Қасым хандықтарының тағына отырғандар да болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл хан ұрпақтары тұтас Жошы ұлысындағы барлық хандықтарды шеңгелінде ұстады. Жошы ұлысынан шыққан хандықтардың тәуелсіздігін қорғау жолындағы шайқастарды ұйымдастырушы болды. Қырым хандығын билеген Тұғырыл ханның ұрпақтары Қырым хандарының есімінің бәрінде Керей қосымшасы бар. Бұл туралы Орыс зерттеушілері екіге жарылады. Бірі, Қажы -Керейді Тұғырыл хан әулетінен десе, бірі

  • Оспан Батырдың Чойбалсан маршалға жазған хаты

    Суретте Оспан Батырдың 1944 жылы наурыз айында Чойбалсан маршалға жазған хаты берілген. Хатта Оспан Батырдың өз қолы қойылған, мөрі (таңбасы) басылған. Хаттың аудармасы: Аса құрметті маршал жолдасқа сәлем (жазамын мәнісі:) Ол жақтағы біздің әскерлердің кемшілік* нәрселер болса біздің мына барған кісілерден айтып жіберіңіздер. Және де сол әскерлер жауды қамап алған екен, асса 10 күн, қала берсе 6-7 күн, шамалары болса қамасын, егер азық басқалай нәрселері болса оны бұл жерден толық қып береміз, кемшілік* нәрселеріне біз міндеттіміз, сол үшін әскерлерге осы хабарларды даньбау* арқылы тиілсе екен деп құрметпен Батыр Оспан (қолтаңбасы, мөрі). 33. 3/3 Қысқаша түсіндірме: Кемшілік*: хатта бұл сөз мінездеме мағынасында емес, қажеттілік, бұйымтай, керек-жарақ сияқты әлеуметтік һәм тұрмыстық мағынада

  • Алтай өлкесінің Шыңжаңға өз еркінен тыс қосылғанына 100 жыл (1920-2020)

    1920- жылға дейін Синьцзян мәселесіне Алтай өлкесі қамтылмайтын-ды. Алтай өлкесі 130 жылдай орталық үкіметке жеке қарап келді де, 1919-1920 жж арасындағы ішкі-сыртқы саяси һәм гео-стратегиялық мәселелерге байланысты жеке өлке статусы біржолата жойылған еді. Синьцзян губернаторы Яң-ның қолқа салуымен Алтай өлкесі Синьцзян провинциясының қарауына өтті. Мына әкімшілік карта 1916-1920 жылдар арасында дайындалған. Осы картада Алтай Өлкесі анық көрінеді. Цин империясы құлаған соң билікке келген буржуазиялық үкімет бүкілмемлекеттік құрылтай жиналысын өткізеді сонымен бірге сол жылы уақытша үкіметтің кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Осы саяси іс-қимылға Алтай өлкесі жеке ел ретінде қатысқан. Ол туралы кейін айтамыз. 1905, 1908, 1912 жж арасындағы күрделі әкімшілік реформалардан кейін Алтай-Қобда елінде түбегейлі өзгерістер болды. 1914- жылы Құлжа

  • РИМ БИЛЕУШІЛЕРІ ҰЛЫ ДАЛАДАН БАРҒАН БА?

    Ителі руы – іргелі рулардың бірі. Атауы жағынан Ителі кәдімгі Ителгі құстың атауының ғасырлар легінде ғ, г әріптері түсуіне байланысты өзгеріске ұшыраған түрі болуы мүмкін. Екінші жақтан алғанда, Ид-Телы, Иди-Теле болып ежелгі Алтайлық Телелердің бір бұтағы болуы мүмкін. Ид-Телы, Иди-Теле атаулары оларды Жер-Телелері(отырықшы Теле) және қасқырды төтем еткен Телелер ретінде көрсете алады. Ителінің шежіре бойынша Көкбұлақ деген атаның немересі екенін танысақ, Көк сөзінің Құдайы сипаттар мен көк бөріге, киеге қатыстылығын ескерсек ит сөзінің әрі жағында қасқыр төтемі жатады. Италияндардың ит емген(қасқыр емген) екі баланы төтем санап, күні бүгінге дейін Ителі атауынан Ителия(Италия) болып тұрғанын біле аламыз. Оның үстіне Көкбұлақ аталатын кей жерді халық Көкебұлақ деп те айтады. Көкебұлақ – Тыва

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: