|  | 

Езутартар

“Каналдың жағасынан қырық мың есек ақырды”

SabytБір күні Сəбең(Мұқанов) Мəскеуден келе жатып Асқар Тоқмағамбетовтың үйіне соғады екен.
- Асқар, мен саған əдейі соқтым. Адам қартайыңқыраған соң сағыныш бола ма, оның үстіне “Сырдария” романын бітірдім. Соны саған оқиын деп келдім.
-Əəбден жақсы, – дейді Асекең.
Сəбең қызыл қою шайдан алып, романды оқи бастайды. Бір кезде: “Каналдың жағасынан қырық мың есек ақырды”,-дегенде, Асекеңнің көзі шарасынан шығып кетіпті.
- Айналайын, Сəбе-ау, “қырық мың есек”демей, төрт мың есек десеңіз қайтеді?-депті.
- Айтқасын қырық мыңы не, төрт мыңы не? Бара берсін, дұрыс!-деп көнбепті.
“Ойпырым-ау, Сəбе-ау, мынау есегіңіз көбірек екен”деп Асекең күбірлеген де қойған. Бірақ қырық мыңның қай бетте екенін байқап қалып, Сəбең ұйықтағанда көп нөлдің біреуін өшіріп қояды.
Кітап қырық мың емес, төрт мың болып басылып кетеді. Арада бір-екі жыл өткенде Сəбең Асқар Тоқмағамбетовты Жазушылар Одағында ұстап алып:
-Ей, Асқар, мен сені ұрлықтан таза деп ойласам, сен де “ұры”екенсің ғой. Менің отыз алты мың есегім қайда?-деген екен))


Гүлден Әбдібақыттің facebook парақшшасынан алынды

Related Articles

  • Ақкөңіл бастық

    Ілгеріде “Қаз білім және ғылым” дейтін мекемеге министрлік көз ашқалы әкімдікте істеген шенеунікті бастық қылып жіберді. Әлгі мекеме өзіне тиесілі жұмысты ғана істеп тып-тыныш жатыр еді. Жаңа бастық іске қатты кірісті. – Нарыққа, өркениетке сай болу керек!- деді. Дереу жаңа адамдарды жұмысқа алды. Бір күні кабинетімізге қылдай қара галстук, қара кәстөм-шалбар киген еңгезердей жас жігіт кіріп келді. – Пәленше Төленшеевич деген сіз бе? Қандай тамақ ішесіз? Қолында бес-алты тамақтың тізімі тұр. Сөйтсек бастықтың “ұжымды түскі аспен қамтамасыз ету жөніндегі көмекшісі” екен. Өзінің айтуынша – менеджер – маркетинг. Түсте кабинеттерді аралап тапсырыс қабылдайды да, тамақты алдырып береді. Кез келген тамақты үш қайталап ішсең – шығасың ғой. Біз ондай астан тез шықтық.

  • МЫСАЛДАР мен ӘЗІЛДЕР

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, «Езу тартар», «Күлдір дүлдір», «Ғазелдерім мен әзілдерім», «Жұматтың ғазелдері мен әзілдері атты кітаптарынждағы әзіл қалжың, мысалдарымен оқырмандарға таныс. Ақын, жазушы, ҚР Құрметті Журналисті ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ 74 жасқа толып, өзінің әзіл қалжыңдарымен мерейлі күнін атап отыр АЛТЫН алабұғаның АЙТҚАНЫ (мысал) Бір жігіт таңертеңнен кешке дейін балық аулап отырады. Қармағына еш балық түспейді. Тек кетерде бір алабұға қармағына түседі. Жігіт алабұғаға: -Сені бәрібір асып жеймін -дейді. Алабұға: -Оған бәрібір тоймайсың ғой.- дейді. Жігіт: -Еңбегім еш кетпесін деп… Содан жігіт алабұғаны асып жеп отырғанда қылқаны тамағына тұрып қалып, жедел жәрдем шақыртады. Жігіттің тамағынан қылқанды хирургтер алып беріпті. Жігіт үйіне келіп, алабұғаның басына: -Енді сендей балықтың мыңы түсседе жемеймін -дейді. Алабұғаның басы:

  • “Жолы болар жігіттің, Жазушылар Одағының төрағасы шығар алдынан”

    “Жолы болар жігіттің, Жазушылар Одағының төрағасы шығар алдынан” дейді ғой (суахиліктер). Ұлықбек Есдәулет ағамен әуежайда кездесіп қалдық. Ұшақтағы орнымыз да қатар болып шықты. Енді бас қалаға жеткенше елдің жағдайын бірге ойласып баратын шығармыз. Айтпақшы: Бас жазушы құлағына телефонын жабыстырып, кіммен сөйлесіп жатыр деп ойлайсыз(дар)? Жауап нұсқалары: 1. Екінші президент мырзамен; 2. Екінші президенттің таң атпастан кофе ішетін сұлу көмекшісімен; 3. Алматы қаласының жезөкше қуғыш әкімімен; 4.Қазақстанның Ресейдегі экс-Елшісімен; 5. АП жетекшісінің жұмсақ мінезді бірінші орынбасарымен; 6. Баян сұлу Алагөзовамен; 7. Зейнеп апай Ахметовамен; 8. …сіздің нұсқаңыз? “FlyArystan Мұхамедиұлы” ұшағы. 21.01.2020. Серік Абас-шахтың facebook парақшасынан алынды

  • «Сендер семіре тұрыңдар» (мысал)

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ (КҮЛДІР- ДҮЛДІР , Жұматтың әзіл қалжыңдары, мысалдар) «Сендер семіре тұрыңдар» (мысал) Ымырт түсе бастаған кез. Бір жерге сары шегіртке, далашегіртке, қоңыршегіртке, қалашегіртке, бидайшегіртке, шөпшегіртке бас қосып, әңгіме шертісіп отырыпты. Сол кезде қастарына қараторғай келіп қонады. Сол кезде шегірткелер қорқып кетіп, ұшып кетейін деп жатқанда Қараторғай “Қорықпаңдар! Мен сендерге жақсы пиғылмен келдім. Араларыңда домбыра тартатын, ұйқас құрай алатындарың бар ма?” -деп сұрайды. Шегірткелердің көңілдері орнына түсіп, арасынан бір ересегі: “Енді керемет болмағанмен қамысты шертіп, ән айтамыз, сосын ұйқас құрудегенде бізге жат емес”- депті.Қараторғай: “Онда тамаша! Сендердің араларыңда Айтыс ұйымдастырамыз! Бірінші орынға10-мың Биткоин!Екінші, үшінші орындарға да бәйгеміз жаман емес! Шегірткелер шексіз қуанып:, “Біз бұрын айтысып көрген жоқпыз, сол жағы қалай

  • «ШАЙТАННЫҢ ДАҢҒЫРЛАҒЫ…»

    ТҰРАРБЕК ҚҰСАЙЫНОВ («Демос» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі): Астанадағы Бекболат Тілеуханның үйінде болған кездесу кезінде болған бір қызық жайтты айта кеткім келеді. Отырыстың арасында намаз оқып алу үшін бәріміз көрші бөлмеге шықтық. Енді намазға сап түзеп тұра беріп едік, терезеден соққан самал қозғаған болу керек, қабырғада ілулі тұрған арнайы жасалған қымбат бағалы домбыра жерге тарс етіп құлап түсті. Құдайға құлшылық жасау алдында терең ойға бойлай бастаған біз селк ете қалдық. Өзін Халил ұстаздың алдында ыңғайсыз сезінген Бекболат «Шайтанның даңғырлағы-ай…» деп, жерде жатқан домбыраны жұлқи тартып орнына іліп қойды да, кінәлі адамша күйбеңдеп барып, қайыра кеп сапқа тұрды… (Т.Құсайыновтың «Мен қалай рухани жаңғырдым» кітабынан үзінді) Серік Абас-шахтың facebook парақшасынан алынды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: