Кепкіңіз әдемі екен. Мұндағы министрлер осылай киіне ме?
- Ассалаумәлейкүм, Президент мырза? Егеменді Египет елінен бақытты Қазақстанға қош келіпсіз!
- Уәликүм… Сіз…
- (Қонақтың сөзін бөле жарып) Мәдениет министрімін.
- Кепкіңіз әдемі екен. Мұндағы министрлер осылай киіне ме?
- Жоқ, мен ғана…
- Киім түсіне ерекше мән береді екенсіз, министр мырза.
- Раxмет. Менің іш киімім де көк түсті.
- О-о-о…
- Көрсетейін бе?
- Жоқ, қажет емес.
- Көк туфлиім де бар. Бірақ, өкінішке қарай, бүгін оны кимеген едім.
- М-да-а…
- Ұмытып барамын, ұялы телефоным да бар, если что…
Ескерту: Мұндай диалог болған жоқ. Бұл ауыл шопырының сандырағы ғана.
Пікір қалдыру