|  |  | 

Езутартар Көз қарас

Сахнадағы «сақау тіл»

Сахнадағы «сақау тіл»

Жақында фейсбук әлеуметтік желісінде Жолымбет Мәкіш есімді журналистің жазбасы талқыға түсті. Ол әзіл-сықақ театрларының әдеби тілді бұзып, диалектімен көп сөйлейтінін сынға алды. Журналистің бұл пікірі көпшілік тарапынан қолдау тауып, түрлі пікірлер айтылды.

Жолымбет Мәкіш жеке парақшасында: «Тағы да сахнаның сайқымазағын беріп жатыр. Шыны керек, телеарналардан көрсетіліп жүрген қазіргі “шоуларға” мүлде қарай алмайтын болдым. Елді қышқырып, шыңғырып күлдірткісі келеді. Арзан айқай. Әдеби тілдің не екенін мүлде қақпайтын ортаңқол әртістер шетінен. Қазақтың бұрыннан келе жатқан сахна тілі әдірам қалып, диалектизмді қоғамға тықпалап жатыр. Осындайлар өнерді өрге бастырудың орнына, кері кетіреді. Баяғыдағы Тамашаның әзілі керемет еді. Нағыз қазақы қалжың болатын. Айтайын дегенім, бізге де Еуропа елдеріндегідей театрдағы тіл мәдениетіне қарайтын көркемдік кеңес керек-ау. Әйтпесе мына түрімен жұрт әдеби тілдің не екенін жуық арада мүлде ұмытатын сияқты ғой….» деп жазды.

Бұл жазба vk.com әлеуметтік желісіндегі 223 мыңға тарта жазылушысы бар «Махаббат, қызық мол жылдар»тобында жарияланып, талқыланды. Ол жерде де көп жастар автордың ойын қолдайтынын жеткізді.

Рана есімді қолданушы: «Қазіргі кейбір әзілдерді көрсем күлгенді қойып жылағым келеді. Кейде сіңілілеріммен бірге көруге ұялып, басқа арнаға өзгертіп жіберетін кездер де болған. Ұяттан аттап кетпесек екен. Бірақ біздің сөзіміздің театр әртістеріне жете қоюы екіталай. Дегенмен халық сыншы. «Шындықтан туған әзіл – нағыз әзіл», – деп жазды.

Қолданушылар арасындағы екі жақты пікір алмасуда сөзге келіп қалған Бекежан Айбекұлы атты оқырман: «Бұл жерде әңгіме әзілдің “өту” мен “өтпеуінде” боп жатқан жоқ. Артыңды ашсаң елдің бәрі күлетіні хақ. Бірақ сол әзілді артыңды ашпай-ақ жеткізуді үйрену керек! Астарлап, боқауызсыз, дөрекілікті қойып, арасында шымшып алып – нағыз әзіл ТЕАТРЫ деген сондай болады», – деп ашынды.

Жолымбет Мәкіштің фейсбуктегі жазбасын шымкенттіктерге тиісу деп есептеп, қарсы шыққан адамдар да табылды.

Автор оған: «Мәселе Шымкент туралы емес, әдеби тілдің болашағы жөнінде», – деп, біраз күйінішті ойларын айтты.

Журналист бірнеше сағаттан кейін негізгі ойының жалғасы ретінде тағы бір пост жазды. Ол жазбада: «Телеарналар мен театр сахналарында аяқ, қаяқ, бұяқ, тұяқ, қойсай, алсай, тықсай, қойшайш, баршайш, салшайш деп шүлдірлеуге тыйым салып, әдеби тілдің нормаларын сақтауды қатаң түрде талап ете бастау қажет. Басқа жерде ойына келгенін айта берсін. Ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймыз ғой. Бірақ, бұқаралық ақпарат құралдары мен өнер сахналарынан дәл осылай “сақау тілде” сөйлейтіндерді қамшылап қуу керек. Өзіміз жетіспей жатып, өзгелерден мемлекеттік тілді білуді қалай талап етеміз? Қандай тіл ол “мемлекеттік тіл” деп жүргеніміз? Ол тілде өзіміз сөйлемесек, басқаларды қайтіп сөйлетеміз?» деп жазылған.

Фейсбуктегі қолданушылардың көпшілігі әртістердің дұрыс сөйлемейтінін сынға алып, өз пікірін бөлісті.

Бұл тақырыпта айтылған пікірлердің бір парасы төмендегідей:

Марат Қайсарбек: «Нысананы» көрсең құсқың келеді, сондықтан мүлде көрмейтін болдым. Қазір оған КВН деген пәле қосылды, жастарды әкетіп барады, осыларға әй дейтін әже, қой дейтін қожа болмай ма?»

Ерқанат Тәукебай: «Көркемдік кеңес болса Нысана деген бірдеңкенің адамдары сахна пердесін ашып жауып тұруға да жарамайды».

Жолымбет Мәкіш: «Қазақтың ортақ әдеби тілінен ауытқымау керек. Оған басы жетпейтіндерді бүкіл ел көретін республика сахнасынан өзінің келген жағына қайта қамшылап қуу керек».

Серікқали Жұбаниязов: «Құдайберген, Мейірман, Тоқсын, Уайіс марқұмдардың қалжыңдары қандай тамаша еді!»

Асхат Асан: «Тамашаны» тамаша қылған Оспанханның тілі ғой, шіркін…»

Гани Ыбыраев: «Сайқымазақ қатын болып киініп күлдірген өнер болды ғой. Қуып барады, анабір «Теріс қақпай» деген тіпті құрыған. Былапыт сөз айтатындары».

Ербол Спабек: «Тұрсынбек бұрын сондай мимикалар салып, арзан әзілдейтін. Қазір мағынасы терең қалжыңдарды айтатын болды».

Жолымбет Мәкіш: «Ертең қазаққа сіңген қарақалпақ бауырлар да сахнаға шығып алып, «ауа, ауа» деп тұрса… Ауаң не, ортақ тілде «иә» деп айт дегенде сен бізге тиісіп жатсың десе, онда да осылай омалып отыра береміз бе?»

Жолымбет Мәкіш: «Қазіргі «театрлар» мәдениетті емес, мәдениетсіздікті, көшенің тұрпайы тілін насихаттап жатыр…»

Meruyert Baigara: «Дұрыс айтасыз. Зиялы қауымның өкілдерінің аузынан шыққан әңгіме де, тілінің шұрайлылығы да, әуезі де құлаққа майдай жағып, жан сарайыңды нұрландыратын. Әттең, сұйылып барады. Тамашаның әр хабарын асыға күтіп, бір де бір қалжыңын қалт жібермей қағып алып отырар еді халық. Күтуге тұрарлықтай тұшымды ой, астарында шымшып алатын әжуа, бажырайта салмай тұспалдап қана жеткізетін теңеу де болушы еді. Қазіргідей жөн-жосықсыз жырқыл емес еді Тамашаның тарландарының дүниелері. Қазақ радиосы мен теледидарынан шырқалатын әуендердің не сөзін, не орындаушысын түзетіп жібергің келмей-ақ, рахаттана тыңдайтын едік. Қандай да бір газет журнал, кітап дегендерді оқығанда аспаннан түскендей аударма, калька ойға кезіге қалып, не оқып отырғаныңды түсінбей дал болатын жағдайлар әсте болмаушы еді. Қазір жағдай өзгеше. Базардың тілі сахнада жүр. Өкінішті-ақ. Банкомант, телефондардағы қазақша сөздерді өмір бойы қазақша оқысам да түсіне алмай, орысша тілді таңдауға мәжбүр болған күй бар».

Думан Ахмадиев: «Шымкент шоу ең басында қызық сияқты болған. Қазір бос айқай. Семейге келгенде ішіп алып шыққандары бар сахнаға. Сыйламайды көреремендерін. Алматы мен Астана, Шымкентте ғана шығар жақсы болып шығатындары. Тұрпайы сөздерімен жиіркендірген».

Марат Умытханов: «Көркемдік кеңесті қайта құру керек деп босқа дабыра қылып жүрген жоқ қой аға, апайларымыз».

Abdimalik Ussipaliev: «Мысырға оқуға барған кезде университет бізді араб тілін оқытатын курстарға жіберді. Сонда таңқалғаным, мысырлықтар орта мектепті тәмамдаған соң тіл курстарына барып әдеби тілді, яғни «фусханы» оқиды. Содан кейін университет табалдырығын аттайды. Біз де соның кебін киеміз-ау осылай кете берсе».

Kymbat Karaganda: «Тұрсынбектің əзілдері өмірден алынған шындық, бірақ “жатырған” т.б. сөздерді дұрыс айтпағанда көңілім су сепкендей болады».

Нурымбек Жапаков: «Тұрсынбектің әзілдері өмірдің өзінен алынған тап-таза шындық».

Меңдібай Ағиев: «Тап-таза шындықты» тап-таза әдеби тілмен жеткізу керек!»

Серик Байтогов: «Баяғы Жартас, сол Жартас! Айта-айта жауыр болдық-бұл сайқымазақтардан!»

Фатима Хусаинова: «Халық әбден тойған сияқты осындау арзанқол сатира – шоуларға, форматын өзгерту керек сияқты, 20 жыл бірыңғай көріністерді көрсете бермеу керек қой. Актерлер өңшең толық келеді, сиықсыз, айтып жатқан әңгімелері тұрпайы, дөрекі».

Нуржан Тайгулин: «Бәленің» бәрі Бауыржан-шоудан басталды ғой. Жұртты күлдірем деп тілін бұрап, өзбекше араластырып, ақыры өзі де өшті».

massaget.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: