Жаһан жаңалықтары Спорт Шоу-бизнис
Головкин WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды
Орта салмақта осыған дейінгі WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес чемпиондық атақтан бас тартқан.
WBC бұған дейін Головкин мен Альварес бір-бірімен кездесуін міндеттеген және екі боксшының проумоутерлік компанияларына 21 мамырға дейін бір келісімге келуді тапсырған еді.
Головкин – WBA, IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Енді ол WBO тжырымы бойынша атақты алса онда орта салмақта әлемнің абсолютті чемпионы болады.
Головкин кәсіпқой бокста 35 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру