|  | 

Көз қарас

“Еуразия” арнасындағы даулы сюжетке мамандар не дейді?

Скриншот

Психологиялық және лингвистикалық сараптама саласының мамандарыTengrinews.kz тілшісінің өтініші бойынша “Еуразия” Бірінші арнасының елімізде дауға айналған екі бағдарламасына қатысты пікір білдірді.

“Эксплицит (анық) әрі имплицит (жасырын) конфликтогенділік бар, мұнда креолизденген мәтін бар (екі түрлі бөлігі бар фактурасы бар мәтін: вербалды (тілдік/сөйлеу) және бейвербалды (табиғи тілден гөрі басқа белгі жүйелеріне бағынатын), қолдан жасалғаны да бар, себебі олар нағыз қолдан жасалған кадрды көрсетті”, – дейді филология ғылымдарының докторы, Еуразиялық ұлттық университетінің профессоры Марал Нұртазина.

“Көрдіңіз бе, бастапқыда бәрі керемет естіледі, ал негізінде мұнда конфликтогенділік ап-айқын тұр, сотқа беруге болатын жағдайдың бәрі бар”, – деді ол.

Тағы бір маман – Мәскеу зерттеу орталығының лингвистикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Юлия Сафронова видеоның бірінші минутында-ақ нағыз көзбояушылықтың барын атап өтті.

“Бұл тапсырысты, насихатты, үгітті орындау – Ленинтің мәнері. Мұның барлығы санаға әсер ету. Бұл, айтпақшы жүргізушілердің ұстанымының әлсіздігін, олардың “отан үшін” тапсырысты орындауға жан бағып тырысып жатқанын көрсетеді. Ал мақсаты біреу – мұның халықтың пікірі емес, митингтердің қаржыландырғанын дәлелдеу”, – деп білдірді пікірін ол.

Мұнда кімнің пайданы ойлап отырғанын ойлау керек, бұл наразылықты кімнің тұншықтырғысы келетінін іздеу керек. Бізде дәл осындай жағдай болған, бізге де адамдардың ақша үшін шығып жатқанын, Навальныйдың Тергеудің федерал бюросының агенті деп әрдайым айтып жатты”, – деді маман.

Талқылауға Ресейдің тағы бір маманы Ресей федералдық сот сараптама орталығындағы сот-психологиялық және лингвистикалық талдау зертханасының орынбасары Татьяна Секераж қосылды. Ол “Еуразия” арнасы журналистері митингіге шыққандардың қаржыландырылғанының дәлелі деп көрсеткен видеоға назар аударды.

“Бұл видеодан нені көрдіңдер? Біреудің біреуге ақша беріп, сосын ақшаны қалтасына салғаны көрінеді. Ол не ақша? Бұл үзінді нені дәлелдейді? Онымен қоса онда адамдардың түрі де көрінбейді. Біз де қазір бір-бірімізге ақша беріп, соны видеоға түсірейік. Бірақ ол нені дәлелдейді?”, – деп талқылайды Секераж.


Видеоның скриншоты

Тіл маманы Юлия Сафронованың айтуынша, мұндай бағдарламар тек жанжал туғызады.

“Бұл қандай да бір жанжалдың шешілуіне себеп болмайды, мәселені анықтауға ниеттері де көрінбейді, олардың айтуы “Жігіттер, шеруге келіп, сендер біреудің тапсырмасын орындайсыңдар, өз пікірлеріңді білдірмейсіңдер” дегенге саяды. Міне, осындай тапсырма орындалған, бірақ өте шалағай орындалған. Ал олардың “Отан үшін” деп қайталай беруі дәлел жоқ кезде патриоттықты сылтау етуін көрсетіп отыр. Бұл ХІХ ғасырда айтылып кеткен “сізде дәлел жоқ, онда мен өз елімді сүйетінімді айта беремін” деген сөз ғой”, – деді Сафронова.

“Өз Отаныңды сүю – манипуляция жасау деген сөз емес, мұны тіпті манипуляция деуге де келмейді, өте асығыс жасалған жұмыс. Есі дұрыс адам “неліктен бұл ақша митингіге қатысу үшін беріліп жатыр деп ойлайсыздар?” деп сұрайды”, – деді сарапшы.

“Менің ойымша, бұл біреудің, әсіресе митингтің болғанын қаламайтын адамның тапсырысы бойынша жасалған агитпроп”, – деді ол.

Ресейлік маман қоғамдағы шиеленіс кезінде бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаның мән-жайын анықтап, бір жағынан халықты сабырға шақыруға міндетті екенін айтты.

“Мұндай әрекет жақсылыққа апармайды. Лев Николаевич Толстой “Соғыс және бейбітшілік” романында: Соғыс – сыпайылық емес, – деп айтқан. Осыны түсініп, соғыспен ойнамау керек екенін ұғыну керек”, – деді ол.

Сонымен қатар, Сафронова мемлекет мұндай заңды қабылдамас бұрын жарты жылдай уақыт бойы оны азаматтарға түсіндіріп, түзету енгізуі керек еді деп есептейді. Ол бұл мәселе бойынша ақпарат таратуда БАҚ-тың ролі зор болу қажет екенін де айтты.

“Мысалы, мына тележүргізушінің әрекеті мәселені шешті ме? “Сенде дәлел болмаса да, эмоция бар” деген сөз бар. Ал бұл сюжет тек эмоциядан тұрады”, – деп есептейді ол.

Юлия Сафронова мұндай бағдарламалардың адам психологиясына әсері туралы сұраққа жауап бере отырып, жүргізушілердің әрекеті шынымен де агрессиялық болғанын айтты. “Булгаков “кеңестік газеттерді оқымаңдар” деп айтқан. Ең дұрысы – мұндай арналарды көрмеу керек”, – деді ресейлік маман.

Айта кетейік, осы материалда пікірі қолданылған сарапшылардың барлығы Астанада өткен “Сот психологиялық-филиологиялық және дінтану сараптамасы бойынша өзекті мәселелер” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинардың қатысушылары.

tengrinews.kz

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: