|  | 

Езутартар

ҚОЖАНАСЫРДЫҢ ҚОЙТАСЫ

Galim Boqash

Қадірлі достар, ағайын! Тілектеріңізге көп рақмет! Құдай есіркеп, көңілдеріңізді көтерсін! “Қырма сақал қырыққа толған қалай екен; қартайып, қайғы ойлап жатырсың-ау?” деп қажап қояды кейбір құрдастар, өздерінің де бірнеше апта, я бірер айдан соң отыздың соңғы жылын Уақыт деген ұзын күйеуге ұзатып жіберетіндерін ұмытқансып:) Мені мүсіркемек болады, бірақ өз үндеріндегі мұң он сегіз мың ғаламды кемсеңдетіп тұр:) “Қылшылдаған қамал алар қырық қалай екен?” деп тамсана сұрайды кейбір елу мен алпысқа қарай еріксіз ағызып бара жатқан ағаларым. Бұл кісілердің де дауыстарындағы сағыныштың жалыны ғаршы-күрсіні күйдіре шарпиды:)

Бәріне айтқан жауабым мынадай болды: “Мен өзім тумысымнан кәрі адаммын:) Баяғыда туған ауылымда марқұм Құрманбай деген бір сөзге шешен, қушыкештеу жайсаң ағамыз жасым бестен асып, сүт тісім түсе бастаған түрімді көрген сайын: “Әй, Кәрі Ғалым, халыңыз жақсы ма?” деп амандасушы еді. Содан бері бір атым “Кәрі Ғалым” боп кеткен. Сол лақап атым әсер етті ме, білмеймін, бала кезден қазірге дейін қариялармен әңгімем көбірек жарасады, көп достарым өзімнен 10-20, тіпті 30 жыл үлкен болып келеді. Мұндай тумысынан кәртеміш адамға жиырма бесі не, отызы не, қырқы не – бәрібір”  :)

Бірде Қожанасырдан достары: “Ау, Қожеке, пайғамбар жасына таяп қалдыңыз. Қайран жиырма бестегі күш-қуатыңызды аңсайтын шығарсыз?” деп сұрапты. “Жоқ” деп саңқ ете қалыпты Қожекең, “Сол күшім – сол күш, сол қайратым – сол қайрат!” “Апырмай, оны қалай білдіңіз?” деп сұрапты жұрт. “Анау есік алдында жатқан дәу қара тасты көріп тұрсыңдар ма?” депті Қожекең, “Сол қойтасты жиырма бес жасымда көтере алмайтынмын, әлі көтере алмаймын. Демек, күшім бір мысқал кеміген жоқ!”Muhtar , Galim

Қожекеңнің қойтасы мен үшін бала кезден бері адамның аңсарын аударып, қисынын қытықтап тұратын “Көк аспанның ар жағында не бар? Шексіздіктің сыры не? Мына қара жол ана төбеден асқан соң қандай жолға айналады?” деген мәңгі сұрақ. Шәкерім қажының тілімен айтқанда “Келдім қайдан? Нетсем пайдам? Өлгеннен соң не болам?” деген жұмбақ. Бұл жұмбақтың шешуіне қызу кіріскен жанды Уақыт деген ұзын күйеудің дәулет пен мансап атты қалыңмалы қызықтырмайды. Қиындығы мен қызығы, бейнеті мен зейнеті, сыйы мен сынағы қатар жүретін бұл жалғанда “Алдымнан тағы қанша жақсы адам шығар екен? Өзім қайтіп жақсы адам боп қалам?” деген үміт пен күдіктің ортасында ойқұмар сергек ғұмыр кешу арқылы кез-келген жан уақыт пен кеңістіктің шегінен босап, еркін өмір сүрмек. Бір қуанатыным, интернет технологиясы мен әлеуметтік желі дамыған дәуірде өмір сүру бақыты маңдайыма жазылып, күн сайын қаншама ойы еркін адаммен танысып, достасып жатырмын. Бәріңізге көп рақмет! Баршаңыздың аулаларыңызда бір-бірден Қожанасырдың қойтасы тұрсын деп тілеймін!

Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Ақкөңіл бастық

    Ілгеріде “Қаз білім және ғылым” дейтін мекемеге министрлік көз ашқалы әкімдікте істеген шенеунікті бастық қылып жіберді. Әлгі мекеме өзіне тиесілі жұмысты ғана істеп тып-тыныш жатыр еді. Жаңа бастық іске қатты кірісті. – Нарыққа, өркениетке сай болу керек!- деді. Дереу жаңа адамдарды жұмысқа алды. Бір күні кабинетімізге қылдай қара галстук, қара кәстөм-шалбар киген еңгезердей жас жігіт кіріп келді. – Пәленше Төленшеевич деген сіз бе? Қандай тамақ ішесіз? Қолында бес-алты тамақтың тізімі тұр. Сөйтсек бастықтың “ұжымды түскі аспен қамтамасыз ету жөніндегі көмекшісі” екен. Өзінің айтуынша – менеджер – маркетинг. Түсте кабинеттерді аралап тапсырыс қабылдайды да, тамақты алдырып береді. Кез келген тамақты үш қайталап ішсең – шығасың ғой. Біз ондай астан тез шықтық.

  • МЫСАЛДАР мен ӘЗІЛДЕР

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ, «Езу тартар», «Күлдір дүлдір», «Ғазелдерім мен әзілдерім», «Жұматтың ғазелдері мен әзілдері атты кітаптарынждағы әзіл қалжың, мысалдарымен оқырмандарға таныс. Ақын, жазушы, ҚР Құрметті Журналисті ЖҰМАТ ӘНЕСҰЛЫ 74 жасқа толып, өзінің әзіл қалжыңдарымен мерейлі күнін атап отыр АЛТЫН алабұғаның АЙТҚАНЫ (мысал) Бір жігіт таңертеңнен кешке дейін балық аулап отырады. Қармағына еш балық түспейді. Тек кетерде бір алабұға қармағына түседі. Жігіт алабұғаға: -Сені бәрібір асып жеймін -дейді. Алабұға: -Оған бәрібір тоймайсың ғой.- дейді. Жігіт: -Еңбегім еш кетпесін деп… Содан жігіт алабұғаны асып жеп отырғанда қылқаны тамағына тұрып қалып, жедел жәрдем шақыртады. Жігіттің тамағынан қылқанды хирургтер алып беріпті. Жігіт үйіне келіп, алабұғаның басына: -Енді сендей балықтың мыңы түсседе жемеймін -дейді. Алабұғаның басы:

  • “Жолы болар жігіттің, Жазушылар Одағының төрағасы шығар алдынан”

    “Жолы болар жігіттің, Жазушылар Одағының төрағасы шығар алдынан” дейді ғой (суахиліктер). Ұлықбек Есдәулет ағамен әуежайда кездесіп қалдық. Ұшақтағы орнымыз да қатар болып шықты. Енді бас қалаға жеткенше елдің жағдайын бірге ойласып баратын шығармыз. Айтпақшы: Бас жазушы құлағына телефонын жабыстырып, кіммен сөйлесіп жатыр деп ойлайсыз(дар)? Жауап нұсқалары: 1. Екінші президент мырзамен; 2. Екінші президенттің таң атпастан кофе ішетін сұлу көмекшісімен; 3. Алматы қаласының жезөкше қуғыш әкімімен; 4.Қазақстанның Ресейдегі экс-Елшісімен; 5. АП жетекшісінің жұмсақ мінезді бірінші орынбасарымен; 6. Баян сұлу Алагөзовамен; 7. Зейнеп апай Ахметовамен; 8. …сіздің нұсқаңыз? “FlyArystan Мұхамедиұлы” ұшағы. 21.01.2020. Серік Абас-шахтың facebook парақшасынан алынды

  • «Сендер семіре тұрыңдар» (мысал)

    Жұмат ӘНЕСҰЛЫ (КҮЛДІР- ДҮЛДІР , Жұматтың әзіл қалжыңдары, мысалдар) «Сендер семіре тұрыңдар» (мысал) Ымырт түсе бастаған кез. Бір жерге сары шегіртке, далашегіртке, қоңыршегіртке, қалашегіртке, бидайшегіртке, шөпшегіртке бас қосып, әңгіме шертісіп отырыпты. Сол кезде қастарына қараторғай келіп қонады. Сол кезде шегірткелер қорқып кетіп, ұшып кетейін деп жатқанда Қараторғай “Қорықпаңдар! Мен сендерге жақсы пиғылмен келдім. Араларыңда домбыра тартатын, ұйқас құрай алатындарың бар ма?” -деп сұрайды. Шегірткелердің көңілдері орнына түсіп, арасынан бір ересегі: “Енді керемет болмағанмен қамысты шертіп, ән айтамыз, сосын ұйқас құрудегенде бізге жат емес”- депті.Қараторғай: “Онда тамаша! Сендердің араларыңда Айтыс ұйымдастырамыз! Бірінші орынға10-мың Биткоин!Екінші, үшінші орындарға да бәйгеміз жаман емес! Шегірткелер шексіз қуанып:, “Біз бұрын айтысып көрген жоқпыз, сол жағы қалай

  • «ШАЙТАННЫҢ ДАҢҒЫРЛАҒЫ…»

    ТҰРАРБЕК ҚҰСАЙЫНОВ («Демос» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі): Астанадағы Бекболат Тілеуханның үйінде болған кездесу кезінде болған бір қызық жайтты айта кеткім келеді. Отырыстың арасында намаз оқып алу үшін бәріміз көрші бөлмеге шықтық. Енді намазға сап түзеп тұра беріп едік, терезеден соққан самал қозғаған болу керек, қабырғада ілулі тұрған арнайы жасалған қымбат бағалы домбыра жерге тарс етіп құлап түсті. Құдайға құлшылық жасау алдында терең ойға бойлай бастаған біз селк ете қалдық. Өзін Халил ұстаздың алдында ыңғайсыз сезінген Бекболат «Шайтанның даңғырлағы-ай…» деп, жерде жатқан домбыраны жұлқи тартып орнына іліп қойды да, кінәлі адамша күйбеңдеп барып, қайыра кеп сапқа тұрды… (Т.Құсайыновтың «Мен қалай рухани жаңғырдым» кітабынан үзінді) Серік Абас-шахтың facebook парақшасынан алынды

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: