Жаһан жаңалықтары Мәдениет Шоу-бизнис
Google X компаниясының Калифорниядағы кеңсесіне киіз үй тігілді (фото)
Google X компаниясының Маунтин-Вью қаласында орналасқан кеңсесіне киіз үй тігілді. Бұл туралы компанияның қызметкері, қырғызстандық Тілек Мамытов мәлім етті деп хабарлайды BNews.kz.
ФОТО / ТІЛЕК МАМЫТОВ
«Google X кеңсесіне киіз үй орнаттым. Көмектескен әріптесім Эмильге және осы киіз үйді жасап берген Ричардқа рахмет», – деді ол.
Оның айтуынша, киіз үй кездесу өткізетін бөлме ретінде қызмет ететін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы Қазақстан мен Қырғызстанның бірлесе күш салуымен, көшпелі халықтардың бірегей баспанасы – киіз үйді жасаудың дәстүрлі мағлұматы және өнері ЮНЕСКО-ның тізіміне енген болатын.
Пікір қалдыру