|  | 

Жаһан жаңалықтары

Стамбул әуежайындағы жарылыстардан ондаған адам өлді

Стамбулдағы жарылыс орнына келген дәрігерлер. 28 маусым 2016 жыл.

Стамбулдағы жарылыс орнына келген дәрігерлер. 28 маусым 2016 жыл.

Стамбулдағы жарылыстардан кем дегенде 36 адам қаза тауып, 140 кісі жараланды. Жарылыстар халықаралық Ататүрік әуежайында маусымның 28-і күні кешке болды.

Түркия билігі “үш жанкештінің әуежайға таксимен келіп, полициямен атысқанын, мұнан соң жолаушыларды тіркеу аймағында жарылыстар жасағанын” мәлімдеді. Шабуыл жасағандардың бірі әуежайдағы жұртқа оқ жаудырған.

Түркияның әділет министрі Бекир Боздаг әуежайға жақын жердегі метро бекетінде де жарылыс болғаны туралы ақпарат тарағанын хабарлады. Түрік премьер-министрі Бинали Йылдырым жарылыстардың артында “Ислам мемлекеті” (ИМ – Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік ұйымы тұр деуге негіз бар екенін мәлімдеді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жарылыстарды жасаған содырларды айыптап, “кінәсі жоқ бейбіт тұрғындар” қаза тапқанын айтты. Ол мұндай жарылыстар басқа елдердің де әуежайларында қайталануы мүмкін екенін ескертіп, “Біз барлық елдерді, әсіресе, Батыс мемлекеттерін терроризмге қарсы қатаң күресуге шақырамыз” деп мәлімдеді. .

Куәгерлердің айтуынша, үш жойқын жарылыс болған кезде әуежай ғимаратының төбесі опырылып, жұрт үрейден жан-жаққа қашқан. Кем дегенде 147 адам ауруханаға түсті. Олардың арасында полиция қызметкерлері де бар.

Жарылыстардан соң әуежайдан ұшқалы тұрған барлық рейстер шегерілген. Ұшып келетін жолаушыларды жақын маңдағы басқа әуежайлар қабылдаған. Маусымның 29-ы күні Ататүрік әуежайының жұмысы қайта жалғасқаны хабарланды.

Ал Алматы әуежайында бүгін Turkish Airlines компаниясының таңертеңгі сағат 6:45-те Стамбулға ұшуы тиіс рейсі бөгеліп, сағат 10-да ұшуы тиіс тағы бір рейсі шегерілген. Сонымен қатар осы компанияның таңертең Стамбулдан ұшып келуі тиіс рейсі де тоқтатылған.

ӘЛЕМ ЕЛДЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕАКЦИЯСЫ

АҚШ, БҰҰ, Германия және басқа елдер Стамбул әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады.

Ақ үй (АҚШ) өкілі Джош Эрнест «Халықаралық Ататүрік әуежайы – биыл шабуылға ұшыраған Брюссель аэропорты сияқты халықаралық байланыстардың символы. Олар бізді біріктіреді. Біз НАТО-дағы одақтасымыз әрі әріптесіміз Түркияны қолдаймыз» деді.

Медики и спасатели в стамбульском аэропорту после взрывов. 28 июня 2016 года.

Медики и спасатели в стамбульском аэропорту после взрывов. 28 июня 2016 года.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) “әзіргі ақпараттар бойынша, Стамбул әуежайында жараланғандар мен қаза тапқан адамдар арасында Қазақстан азаматтары жоқ” деп хабарлады. СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов “Қазіргі деректерге қарағанда, жараланғандар мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл алғаш жеткен ақпарат. Бұл жайтты анықтауды жалғастыра береміз” деді.

СІМ-нің ресми мәлімдемесінде “Түркия үкіметіне және бауырлас халыққа, осы зұлымдық әрекет құрбандарының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қарсы кең ауқымды халықаралық коалиция құру арқылы осы бағыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға шақырады” деп жазылған.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Түркия ремьер-министрі Бинали Йылдырымға Стамбулдағы терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Түрік халқына Қазақстан сенаты спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter арқылы көңіл айтты.

Кейінгі айлар ішінде Түркияда бірнеше жарылыс болды. Ол жарылыстарды түрік билігі ИМ содырлары мен күрд көтерілісшілерінен көреді.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: