|  | 

Әдеби әлем

Өмір кімге болған екен тиянақ

AzatgulАзатгүл Әбдіқадірқызы, Қытай Халық Респуликасы, Тарбағатай аймағы, Қобық ауданында дүниеге келген. Үрмжі қаласында 1987- ші жылы Шынжаң Оқуағарту Иниститотының филология мамандығын бітірген. Қазір Қобық ауданына қарасты Қостолоғай қалашығындағы орта мектепте ұстаздық етеді. Талай басылымдарда өлеңдері жарық көрген.

 

                     Өмір кімге болған екен тиянақ

 

  Өмір деген жыр ағын

Өмір деген, өмір деген- жыр ағын,

Тірлігіңде күл де, мейлі жылағын.

Жылап тұрып күлсеңдағы қарағым,

Күліп тұрып қажетіңді сұрағын.

 

Өмір деген, өмір деген -жыр ағын,

Өрлеп тұрып мейлі құзға құлағын.

Қиялмайсың қиналсаңда қандай бір,

Шетке тартып ауыр қояр сұрағың.

 

 

Өмір деген, өмір деген -жыр ағын,

Толқынында тұнық  әр кез туланын.

Айдынында соғылсаңда сеңдей боп,

Келмейтінін сезіне біл құлағың.

 

Биігінде жүрсеңдағы қыранның,

Күйін кешіп жер бауырлар жыланның.

Тірлігім де түсінерім бір ғана,

Мәңгілікке жер болады тұрағың.

Өмір- деген ұраның.

 

Көктем мен қыс қалайша отасады

О, құдрет берсеңде қартаюды,

Бермепсің-ау, сезімге жантайюды.

Таңғалушы ем Жамбылдың сезіміне

Қобалжыған, көрген де жас аруды.

 

Естігенді рас-ау көз көреді,

Көз көрген де  дүние өзгереді.

Бала-шаға, ауылы есінде жоқ,

Шал байқұсың көрші үйге кез келеді.

 

Немере де, шөбере сүйіп отыр,

Қыс ызғары жанына тиіп ол тұр.

Кім біледі ырқына жібермейді,

Жүрек деген, бір жасқа күйіп соқыр.

 

Жербетінде адамзат жаралғалы,

Бар-ау, талай ардың да тоналғаны.

Көзін тияр, нәпсіні аулақтатса,

Азбан сезім, бос құмар жоғалады.

 

Жамбыл,Жамыл екен-ау аңғарымды,

Берді еркіндік аруға сондай нұрлы.

Елі разы, халқы да мақтан еткен,

Сақтап келеді есінде «Жабыл жырды».

 

Мезгілімен әр нәрсе үйлеседі,

Мезгілінсіз қиындық күй кешеді.

Қыс пен жаздың арасы алыс білсең,

Бос әуіре жаныңа тимес емі.

 

Өмір қашан болған екен тиянақ

 

Өмір қашан болған екен тиянақ,

Санасада тіршілігі ұя, бақ.

Он сегіз мың ғаламды да жаратқан…

Сүлейменге жасамайды  қиянат.

 

Берседе ой адамзатқа еңселі,

Қоса келер бақ пен соры бес елі.

Сәуле шашар тіршілікті берседе,

Жібермейді өліменен есені.

 

Сол азғана мәз боламыз сәулеге,

Келгенге де, өткенге де ау, неге.

Маңдайыңа жазылған күн жеткенше,

Құлқыныңмен салынасың әуіреге.

 

Біз ие боп өмір берген сиға нақ,

Көрінбейтін бақ пен сорлар ұялап.

Бара жатқан күндеріңді сезбессің,

Тіршіліктің шанасында сырғанап.

 

Кетейін тездеп сейіліп

Қуаныш, қайғы қосылып,

Жаныңа бермей еш ырық.

Сынаққа келген бақытың ,

Қалады кейде тосылып.

 

Ән салған құрбы қатары,

Сиреп бір кейде жатады.

Жаныңа жақын тартқаның,

Пенделік етіп сатады.

 

Жетеді кімге батылың,

Қаны біртуыс жақыным.

Ойран да, сайран салатын,

Тығылған өксік алқымың.

 

Тізбекті ойлар тіркеліп,

Жатады тұман  бүркеніп.

Жаздың бір жеңіл бұлтындай,

Кетейін тездеп бір келіп.

 

Адам аңғал

Адам аңғал жүрегі бар сенгіш тым,

Болсада өткір көз жанары көргіш шын.

Сумаңдаған сұмдық сөздер арада,

Ролына айналады бөлгіштің.

 

Адам аңғал қуанышқа құлпырып,

Күндеріне арнар тәтті жыр тұнық.

Тағдырының тасасында тұрған сол,

Сезе алмайды, бір ғажабы зар тұнып.

 

Адам аңғал, келер ажал арбайды,

Білерің аз, қармағына алғайды.

Аян берер, бір құдырет бары рас,

Сезбейді еш әкетерін арнайы.

 

Адам аңғал білері аз тірлікте,

Алаңдамай ойнадық та, күлдік те.

Семіздікті көтеретін мал ғана,

Тірлігіңде не жетеді бірлікке.

 

Сөз де, жан да бір ауыздан шығады

Иек қағып жан тапсырған кезіңде,

Көкшілжалын шығады ұшып ауыздан.

Рухың кетсе, тәнің қалар мүрде боп,

Жырақ қалып ағайын мен бауырдан.

 

Сөзде сондай, сақтан балам қанжардай,

Тілдің ұшын безбендеме пендеге.

Тірлігіңде ие болғай тіліңе,

«Сөз сүйектен» деп айтады ел неге.

 

Тіл киелі деп жатады білгендер,

Ол жағында бөтен демей құп көрдім.

Араздасқан ағайынмен татуғып,

Жататынын тіл екені тек білдім.

 

Тілді балам сөйлемесең орнымен,

Тіл- ұяттың туын  мүлдем жығады.

Санаға көп ұялатсаң салмақты ой,

Сөз де, жан да бір ауыздан шығады!

 

КІНӘЛІ МА ТОҚШЫЛЫҚ

Адамға кейде ақылың,

Ойласаң тіпті жетпейді,

Ақылды деген ұлың да,

Анасын тергеп, тектейді.

Не шара елім, не шара,

Өзгерген өңір келбетке.

Ақылдар бүгін лағып жүр,

Азулар теріс нейбетке.

Күйзеліс салып көңілге,

Сөзі де, ісі көш шалғай.

Кетпейтін бүгін пенде кем,

Досында, жарын бір шалмай.

Шыртылдақ жанның бәрі де,

Сызаттан бұрын сынады.

Сөздің де жөнін тыңдатпас,

Қақасы асқан құлағы.

Тұратын қайран кездер-ай,

Туғанын жатқа қиялмай.

Ырылдап бүгін таласад,

Бір жерге ия сиялмай.

Кінәлі мекен кім білсін,

Тоқшылық мынау бүгінгі.

Руыхсыз пенде көбейді,

Шіренгенменен үзенгі.

 

ЖОҒАЛМАСЫН АДАМДЫҒЫҢ, ЕЛДІГІҢ

Егіз өмір қуаныш пен қайғысы,

Олай емес деп айтады қай кісі.

Өкпелейміз туысқанға несіне,

Бар онда да саған жақын жайлісі.

Ең керегі бәріне де береке,

Жуымасын жан тәніңе әреке.

Құт қонатын, бақ келетін ақ тілек,

Мерекеге қол жаятын ел ерке.

Қуанышың, байтақ анау кеңдігің,

Жақсылықтан ажыратар енді кім.

Адамзаттың жүрегінде бір тілек,

Жоғалмасын ерлігің мен елдігің!

kerey.kz

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

  • Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

    Адамзат кітапқа ғұмыр бойы қарыздар. Кітапсыз келешектің алтын кілтін ешкім қолына мықтап ұстай алмаған. Мардан Рахматулла – кітапқұмар он жеті жасар жігіттің бойында өз қатарластарының бойынан табыла бермейтін ұлы қасиет бар. Ол – кітапқа деген махаббат. Бұл махаббаттың сәт санап артуының да сыры бар. Мардан – Асылы Осман, Дархан Қыдырәлі сынды бүгінгі қазақ руханиятының тірегі саналатын азаматтар туған топырақт туып-өскен. Топырақтың киесін дәл осы кезде еріксіз мойындай түсесің. Қоғамдағы «жастар кітап оқымайды» деген қасаң пікірді жоққа шығаруға тырысқан жастардың да саны басым. Күн санап олардың саны артып, кітаптың құдіретін жер-жерде дәлелдеп бағуда. Кітапқа жаны құмар жан бір күнін кітапсыз елестете алмайды. Ғұмыры кітаппен етене байланған, оқу ғұмырының мәніне айналған жастарды

  • «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай)

    Қазақ халқының даңқты перзенті, ұлы жазушы Мұқтар Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды. «Бейсенбі ме бүгін деп, Жұмаға қарсы өткені-ай…» (Абай) Шұбартауда дүниеге келді. Жондағы Жобалай Керейдің ең үлкен Аруағы Жобалай бидің ұрпағы еді. Байқотан би, Томан би, Бегеш шешен, Уәйіс, Төлеу ақын… Атағы Аталарынан асып кетті… Тірісінде олай деген жоқ… Бұл сөзді дүниеден өткен соң біз айтып отырмыз… Өмірінің соңғы кездері шетте өтті. «Үкіметке, басқаларға да өкпем жоқ, өкпелейтін олардың жағдайы жоқ!» (М.Мағауин) деген еді өзі бертінде. Астары ауыр, еңсеңді езердей салмақты сөз… Данышпан адам неге елден жырақ кетті. Бұл «Оңаша жатқанды ұнатамын, Елімді ел қылмасын ерте сезіп… Елден кеттім жырақ…» (Шәкәрім) дейтін кетіс сияқты. Сонда да «Көк

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: