|  |  | 

Көз қарас Қазақ шежіресі

Руды бiлгенiң – қасиет, руға бөлiнгенiң – қасiрет

10269504_705435579492422_2495211001481071043_n

Есебiң болмаса есек те мiне алмайтын заманда өмiр сүрiп жатырмыз. Сол есеп құрғырыңыз бұрын да болған. Бiрақ ол басқаша есеп едi. Айталық, ол есеп – бауырмашылдыққа, имандылыққа, адамгершiлiкке, ынтымаққа, татулыққа, қайырымдылыққа құрылған болатын. Соның арқасында елдiң берекесi кiрiп, мейманасы тасып жататын. Ал қазiргi есеп бұрынғы есептен өзгерек. Қарақан басының қамы, өзгеден артылсам деу, бәсекелестiк, пайдакүнемдiк бiрiншi кезекте тұрады. Оны аз десеңiз, рушылдық дертiн қоздырып, елдiң арасына iрiткi салып, ағайынды алатайдай бүлдiрiп, адамдарды араздастырып, тобасын ұмытқандардан топ құрып, “көсем” болғысы келетiндердiң қитұрқы есебiн ел бiледi. Бiр сөзбен айтқанда, руға бөлiнушiлiк – рухани жарамызға айналып шыға келдi. Рушылдық – өзi үнсiз, өмiрi бұғып жүрiп iсiн тындыратын құбылыс. Бұл құбылысты қолшоқпар қылып, өз пайдасын көздегендер дегенiне жетiп те жатады.

Ру – қазақтың шыққан тегiн танытатын тетiк. “Тегiн бiлме­ген түгiн бiлмейдi” дейтiнiмiз сондықтан. Осы рудың арқасында қазақ әлемдегi ең қаны таза халықтың бiрi болып сақталып келедi. Бiр рудың адамдары жетi ата емес, жетпiс ата болса да қыз алысып, қыз берiспейдi. Қазақтың тектi, талантты болуының сыры осыдан бастау алады.
Қазақ өз руын бiлгенмен, руға бөлiнушiлiктi құптамаған. “Бiрiңдi қазақ, бiрiң дос, көр­ме­сең iстiң бәрi бос” деп ұлы Абай осыны меңзеген. Бұрын­ғының шалдары “Қай баласың?” дегенде әке-шешемiздiң аты-жөнiн айтып құтылатынбыз. Қазiргiлер “қай рудан болдың?” деп сұрақты қабырғадан бiр-ақ қояды. Жауабыңды жақтырмай қалатыны да жоқ емес.
Рушылдыққа бой алдырып отырған өзiмiз. Айталық, ауыл-ауылдағы ағайындарды ру-руға бөлiп, әрқайсысы “президент” сайлап алған. Осыдан кейiн рулар арасындағы бәсекелестiк басталды да кеттi. Ру “прези­денттерi” үлкен ықпалды күшке айналды. Өйткенi олардың артында қарақұрым өз руластары тұрады. Әкiмқаралар сол “пре­зи­денттердi” пайдаланып, мә­селе шешетiн болды. Пәлен рудың пәлен атасына арнап ас бередi. Жиналғандар Ата қа­зақ­ты емес, өз руының майталмандарын мақтап мезi етедi. Аруақтарға арнап ас берген дұрыс шығар-ау, тек “артылам деп өзгеден” мақтанға айналып кетiп жатпаса.
Қазiргi таңда, несiн жасырайық, ұлттық намыстан гөрi рулық намыс әлдеқайда жоғары тұр. Оның үстiне күншiлдiк пен көреалмаушылықты қоссаңыз, рушылдықтың оты лаулай түседi. Әттең, осы дерттен арыла алмай- ақ қойдық. Топырақты өлiмде, торқалы тойда тоқайласқан әр рудың адамдарын көрiп, Құдайға шүкiр дейсiң. Бiрақ солардың iшiнде “бiздiң қазақтың баласы” деп емес, “бiздiң рудың баласы” деп мақтанатындарды көрiп iшiң ашиды. Ру десе iшiмiзде бiр дүлей дауыл соға жөне­ледi. Амал қанша, кiмнiң аузына қақпақ болғандайсың. Руға бөлiнушiлiк мектеп жасындағы балалар арасында да өрiс жайып келедi. Бұл – қасiрет болмаса, қайбiр жақсы қасиет дерсiз.
Қайран қазақтың даналары-ай! Олар жүз-жүзге, ру-руға бөлiнiп, шiлдiң боғындай шашырап кетпеудi армандаған. Бiздiң айтайын дегенiмiз, бабалар аманатына адал болып, руға бөлiнушiлiк – елдi рухсыздандыратынын естен шығармайық.
Махамбет САПАРМҰРАТОВ,
Мақтаарал ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы.
www.zhasalash.kz
Алтай Тоқалар кiмдер?

Шығыс Қазақстан облысында Найман, оның iшiнде Қаракерей руынан Қожамбет ұрпағы тарайды. Шежiре бойынша Қожамбеттiң Айт атты ұлынан Шағыр бабамыз туады. Шағыр бабамыздың Тiнiке атты кенже ұлынан Қожам­бердi, Қарымсақ, Сары, Тоқа, Лақа, Құ­дайберген атты алты ұл дүниеге келген.

Әкем, Әмiренов Дүйсенбек соғыс ардагерi, сауатты адам едi. Сол кiсiнiң айтуынша, Тiнiкенiң Тоқа атты ұлы ертеректе жер дауына ма әлде жесiр дауына ма келiспей, ағайындарына өкпелеп, Балқаш өңiрiне көшiп кетiптi.
1900 жылдары Тiнiкелердiң атқамiнерлерi Тоқаларды елге қайтармақ болып би-болыстардан жер сұраған. Бiрақ “Ат төбелiндей Тiнiкелер елге тыныштық бермей жүргенде, Тоқалары келсе ырық бермей кетедi” деп келiспеген. Сәкен Сейфул­ли­н­­нiң “Тар жол, тайғақ кешу” романында мынандай жолдар бар: автор тұтқындалып, айдаумен келе жатқанда Балқаш өңiрiнде сусын ұсынған қыздан “Қай елсiңдер?” дегенде, қыз бала “Алтай Тоқамыз” дейдi. Сонда әкем “бұлар Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл өңiрiнен ауған Тоқалар болуы керек” – дейтiн. Содан берi о дүниелiк болғанша Балқаш жақтанмын дегендерден “Алтай Тоқаларды бiлесiң бе?” деп сұрап жүретiн. Әкем iздеген Алтай Тоқалармен мен де кездесiп, шежiре кiтабыма енгiзсем деп едiм. Қалың оқырманның арасында Алтай Тоқалықтар бар болса, +77055057048 нөмiрiне хабарласса оң болар едi.
Мұратбек ӘМIРЕНОВ,
Өскемен қаласы.
www.zhasalash.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: