МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН, ДОСТАР!
Осыдан тура 26 жыл бұрын, 1990 жылы 25-қазанда республика Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендегі туралы» Декларация қабылдаған еді. Біз, бүкіл Қазақ жұрты осы күнді асыға күткен болатынбыз. Өйткені, КСРО құрамындағы одақтас республикалардың біразы осындай декларацияларын қабылдап, тәуелсіздікке қарай маңызды қадамдарын жасап қойған.
Ақиқатында бұл Декларация Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлі айқындалған, республика аумағында дербес саясат жүргізетіндігі көрсетілген егемендіктің елеулі құжаты. 25-қазан – ұзақ жылдар Республика күні ретінде мерекеленіп келді. Кейін тәуелсіздік күнімен біріктірілді де аталып өтілмейтін болды.
Өкініштісі Декларациядағы кейбір міндетті қағидалар Ата заңымызға кірмей қалды. Сол Республика күні мерекесін қайта тірілткеніміз дұрыс болар еді.
Мерекелеріңізбен, достар!
Пікір қалдыру