|  |  | 

Көз қарас Руханият

МИНИСТР ЕРМЕКБАЕВТЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫНА ҒЫЛЫМИ ТҮСІНДІРМЕ

Негізі әлімсақтан бері адам баласы мына дүниеге келгелі өз тіршілігін, тұрмысын ғылымсыз елестету мүмкін емес. Ғылым білік деген сөз. Сол біліктің басы “құтты білік” ол әрине дін болды. Себебі дін Жаратушымен тікелей байланысты адамның ең негізгі панасы болатын. 

Өткен ғасырда адамзат тарихына үлкен ревизия жасалды. Адамды сол “құтынан” айыруды басты мақсат еткен позитивизм теориялары шығып, адамзат тарихында ең бірінші рет кеңестік идеология ретінде практикалық тұрғыдан қолданылды. Кеңестік жүйе оны ғылыми атеиз ілімі ретінде өмірінің соңына дейін дәріптеді.

Позитивизм рухани әлемді, рухты, киеліні, құтты, ақыретті, тағдырды, Алланы мойындамады. Оның негізгі аспектісі материалды әлем, тән, ақыл, еңбек, эволюция, тәжірибе,сосын табиғи даму диалектикасы болды. Қолмен ұстап, көзбен көрмейтін, ақылға сыймайтын, тәжірибеге айналмайтын, гипотезаға бағынбайтын нәрселердің барлығы адамды құл қылатын өзіне өзі жат қылатын танымдар ретінде жоққа шығарды. Мына әлемді билейтін тек адам ғана болу керек деп гуманизм сияқты қосалқы идеологияларды, дарвинизм сияқты қолдан жасалған механизмдерді алған тартып, ғылыми танымды ең басым құрал деп дәріптеді. Сонымен осы теорияға сай Батыста Гегел шығып “философия өлді” деп мәлімдеді. Оның орнына ғылым салтанаты тақ құрады деп жар салды. Бұл жерде адамзат тарихында ғылым онсызда салтанат құрып келгендігін жасырып бақты. Адамды қоршаған танымдардың өзін ревизиялап, орындарын ауыстырып, біріншілік, екіншілік деген сияқты басымдылықтар мне иерархиялар ойлап тапты. Бұған грек философиясынадағы “сана мен болмыс” қатынасының иерархиялық байланыстары негіз болды.

Осы теория негізінде кеңестік режим жаңа идеологиялық ғылыми атеизм ілімін ойлап шығарды. Жалпы ол кезде бәрі тек ғылыми болу керек болатын. Философияның өзін ғылыми философия деп анықтады. Философияда да объект пен субъект қана бар “третьего не дано” деп топшылады. Ал оған дейін адамзат Алла, Адам, Әлем арасындағы қатынастар бойынша ой толғайтын. Адам мен әлем арасындағы қатынастар ғана адамды рационалылыққа, шынайы ақиқатқа жеткізеді деп білді. Ал ортасына Алла араласса, онда таным да объективті болмай қалады, ол жалпыға бірдей сезілмеген соң, танылмаған соң оның ғылымилығы да жоқ. Сол себепті үшіншісі Алла артық деп тапты.

Енді осы теорияларды практикада қолдану қалды. Оған да Батыстың әсіресе Франциядағы революциялық құбылыстар мен лаицизм теориялары негіз болды.

Бірінші тезис ретінде Адам мен Алла арасын ажыратуды қолға алды. Екінші мемлекеттік жүйені діннен ажырату Батыстық тілімен айтқанда лаицизм-секуляризм ұстанымдарын құқықтық тұрғыдан ғана емес, болмыстық, әлеуметтік, психологиялық, аксиологиялық және моральдық тұрғыдан ажыратып көрсетті. Бұл жерде үлкен ірі мектептер жұмыс істеді. Болмыс киесіз, әлеумет те құндылықсыз, писхология да рухсыз, мораль да ождансыз қабылдауды басты принцип деп көрсетті. Себебі идеясы Алланы жоққа шығару, атеизмді ұлықтау болатын.

Содан мемлекет діннен ажыратылды, мәдениет те діннен ажыталды, жалпы қоғам дінсіз, ең соңынан адам да дінсіз, Алласыз еркіндікке жетуі тиіс болатын.

Енді бүгін біз демокртиялық, әлеуметтік, құқықтық және зайырлы мемлекетпіз. Зайырлылық секулияризм емес. Ол тек қана құқықтық ұстаным. Оның мәні мемлекеттің саяси құқықтық шешімдері діни негізде қаралмайды. Дні мен мемлекет осы негізде өзара бөлек болады. Ал қазіргі тұжырымдар дінді тек мемлекеттен ғана емес, мәдениеттен де, болмыстан да, экономикадан да, әлеуметтен де, отбасынан да, өнерден де, медицидан да, ажыратып, “зайырлы қоғам” лозунгысын тықпалап жатыр. Мақсат исламофобияны сейілту. Елбасы “терроризммен күресеміз деп, исламмен күресіп кетпеңдер” деген ескертуі жолда қалды. Ал зайырлылық ұстанымы демокртаиялық егмен елде тек мемлекет үшін танылған құқықтық ұстаным. Теориясы да ақиқаты да осылай. Ислам табиғатынан зайырлы дін. Ол дін мен дүние, Алла мен әлем, адам мен ақыретті өз алдына жүйелеп танытатын, қабылдайтын дін.

Сондықтан зайырлылық ол мемлекетке ғана қатысты ұстаным, Ол қоғамға қатысты емес. Олай болса кешегі кеңестік атеизм ұстанымынан еш айырмашылығы қалмайды.

Сосын демокртаиялық елде адам құқы тең, оның кәсібіне міндетіне, қызметіне қарай құқы анықталмайды. Құқық бір, бірақ жауапкершілігі мен міндеттері нақтыланады. Ал қазір бізде мемлекеттік қызметтегілер діни сенімдерін жүзеге асыруға шектеу, тыйым салынбақшы. Бұл деген сөз биліктің сауатсыз ұстанымы арқылы қоғамда қолдан “каста” жасау деген сөз.

Жалғасы бар…

Досай Кенжетай,

Ұлт порталы

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: