|  |  |  | 

Мәдениет Тарих Қазақ шежіресі

Жібек жолы бес мың жылдан көп бұрын малына жаңа жайылым іздеген көшпенділердің ізімен пайда болған

Батыс баспасөзі Жібек жолының пайда болуы туралы жаңа теория және Моңғолияда тұратын Айшолпан жөнінде түсірілген «Бүркітші» фильмі жайлы комментарийлер жазған-деп хабарлайды azattyq.org.

ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ

Ұлыбританияның Daily Mail газетіндегі «Жібек жолы бес мың жылдан көп бұрын малына жаңа жайылым іздеген көшпенділердің ізімен пайда болған» деген мақалада Ұлы Жібек жолының пайда болуына қатысты жаңа гипотезаны сипаттаған.

Сент-Луистегі Вашингтон университеті ғалымдары Ұлы Жібек жолын географиялық тұрғыдан сипаттау үшін математикалық модельдеу әдісін пайдалану арқылы жайылым іздеп малын өрістен өріске айдаған көшпенділердің жүрген жолын картаға түсірген. Ғалымдардың сөзінше, осындай әдіспен құрастырылған карталар Жібек жолы бойындағы тау жолдары көшпенділер маршруттары бойындағы қысқа дистанцияларда тауар алмасу орындары ретінде пайда болған, ал саяхатшылар шалғай жерлерге сирек аттанған деген тұжырымды негіздейді.

Еуропадан Азияға теңіз арқылы жүзу қарышты дамығаннан кейін қазіргі Орталық Азия территориясы арқылы өткен Жібек жолы да транспорттық мәнінен айырылған болатын.

ЖАС ҚЫЗ АЙШОЛПАН

Австралияның Sydney Morning Herald газетіндегі «Бұл тамаша бойжеткен жайлы тамаша хикая, бірақ «Бүркітші» шынымен өмірден алынған екеніне кейбіреулер сенбейді» деген мақалада британдық режиссер Отто Беллдің «Бүркітші» (Eagle Huntress) деректі фильміне комментарий жазған. Фильмде Моңғолияда тұратын қазақ қызы Айшолпанның өмірі сипатталған, ол туралы Азаттық та талай жазған. Ол бүркітпен аң аулаудың ежелгі дәстүрін дәріптейтін өзіндік символға айналды.

https://youtu.be/Vfi5JS6HTH0

Айшолпан «Алтын қыран» аймақтық жарыстарында тәжірибелі 70-тен аса жігітпен таласып, бас жүлдені жеңіп алған ең жас бүркітші ретінде танылды. Айшолпанның әкесі Нұрғайып – Моңғолиядағы белгілі бүркітшілердің бірі, ол ер адамдар ғана бүркітші бола алады деген дәстүрге қарамастан, қызының бүркітші болсам деген құлшынысын қолдаған. «Бүркітші» Батыста кең танылған фильм. Фильм жайлы көбінесе жағымды пікірлер жазылды, бірақ кей сыншылар деректі фильмнен гөрі «қойылымға көбірек ұқсайды» деп жазған.

Әлгі сынға Отто Белл фильмде сахналық көріністер мүлде жоқ деп мәлімдейді.

«[Бүркітші] диснейлік мультфильмге ұқсайтын шығар, бірақ «Бүркітші» – 2014 жылғы шілдеден бастап 2015 жылғы ақпанға дейін батыс Моңғолияға үш мәрте барып түсірілген деректі фильм» деп жазады Sydney Morning Herald. Мақалада «Бұл – отбасы қолдаған жігерлі әрі ыждаһатты қыз баланың неге жете алатынын көрсететін шаттандыратын, жасампаз ертегі» делінген.

Газетте фильм жарнамасында Айшолпан – әлемдегі тұңғыш әйел бүркітші деген ойды тура болмаса да меңзейтіні айтылған. «Олай емес, бұл атаққа 26 жастағы қазақстандық заңгер лайықты, мұны Отто Белл де мойындайды. Бірақ ондай қыздар сирек кездеседі, ол әсіресе теледидарда сымбатты көрінеді» деп жазады Sydney Morning Herald.

Мақала соңында Отто Белл «бұл, шындығында, әкесі мен қызы жайлы хикая. Айшолпанның жұртқа танылайын деген ойы болған жоқ. Шын мәнінде, ол әкесімен бірге аң аулауға ғана барғысы келгенін мен білемін» дейді.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған арғы беттің көрнекі тұлғалары мен зиялы қауым өкілдері

    Арма әлеумет! 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осыған байланысты іргелес елдерде соның ішінде Шығыс Түркістан өңірінде өмір сүріп жатқан Шыңжаң қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени тарихын танып біліп жүргеніміз артық болмас. Алдымен суреттерге түсініктеме: Бірінші сурет: Шыңжаң өлкесінде 1934-44 жылдары өлке губернаторы болған Шэн Шицайдың (盛世才) бейнесі. Екінші сурет: Тайвань Тайпэйдегі Шэн Шицайдың мазары. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барғандағы естелік. Ол туралы естелікті кейін оқисыздар. Үшінші сурет: Шыңжаң өлкесі Құмыл аймағының аймақ губернаторы болған Жолбарыс Бег-тің мазары. Тайвань Тайпэй қаласындағы мұсылмандар зиратында жерленген. 2024 жылы арнайы іздеп тауып басына барып қайттым. Төртінші сурет: 1944 жылы ұлт-азаттық көтерілісшілері Құлжа қаласын азат қылған соң қала

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: