|  | 

Тарих

“Шығыс Түркістан мәселесін” қытайға оң шешіп берген саясаткері Жаң Жыжұң (张治中).

Цин үкіметі құлап ұлтшыл-демократ қытайдың бірінші респубиликасы орнаған соң Цин құрамында дипломат немесе Цин-нің ұлттық қауіпсіздік комитетінде жұмыс жасаған кадрлары жаңа қытай респубиликасының өкілетті елшісі немесе сыртқы істер миністірі болып шыға келді. Арасында Гомендаң (国民党) үкіметінің ұлттық қауіпсіздік пен ішкі-сыртқы барлау саласында жұмыс істегендері де бар. Сыртқы Қалқа үкімет құрып тәуелсіздігін иығылан (жария) еткен соң және орталық азияда жаңа одақтас респубиликалар пайда болған соң барлық стратегиялық назар Қазақтарға ауғаны тариxи шындық еді. Бұны 1912-1922 жж арасындағы Қазақтарға ұстанған саясатынан аңғару қиын емес. Осы он жылдағы қытайдың қазақтар туралы ұстанымы бірқанша диссертацсиялық ғылми тақырыпқа жүк болары анық. Жалпы бірінші қытай респубиликасы кезінде Нан Кинде (南京) Сун Ятсеннің (孙中山) жеке қабылдауында болған алғашқы Қазақтар соңыра бірбөлім оқушыларды әскери офицсерлер гимназиясына қабылдауынан тартып Гомендаң (国民党) үкіметінің Шердиман Оспанұлы, Қамза Шөмішбайұлы, Дәлелқан Жанымқанұлы, Қадуан Мамырбекқызы т.б қазақ депудаттары мен ұлт делагаттарын қабылдауына дейінгі 40 жылды біз тым ашып айта алмай жүрміз. Ақтардың Алтай, Құлжа, Үрімжі-Шонжыдағы бүлігі, Алаш Орда өкілдерінің Шәуешектегі кіші құрылтайы, Орталық азиядағы ұлттық респубиликалардың құрылуы тағысын тағы тариxи даталарда қытай сыртқы істер миністірлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақтар туралы “құпия мәлімдемені” орталық үкіметке қарша боратқан-ды. Бұның шет жағасын Яң Зыңшинның “қателіктің орнын толтыру үйінде жазылған шығармалары” мен жеке естелік “бугожай” жазбаларынан таба аласыз. Қазақтың ақтармен, Алашпен, орталық азиядағы респубиликаларымен бірігіп территория мәселесін қузауынан қалай алаңдағанын оның аузынан біле аласыз. Жалпы бірінші қытай респубиликасының сыртқы саясатының соңы өте сәтсіз болды деуге болады. Бірақ Шығыс Түркістан мәселесінде xалықара мен Совет одағының саяси пиғылын ұтымды пайдаланып өз пайдасына шешіп алды. Ал, дайын асқа тік қасық болған коммунист қытайлар (共产党) ұлтшыл қытайдың сыртқы саясаттағы жолы мен шылауынан 1972-ші жылға дейін шыға алмады. Коммунист қытайлар құрамында әлемдік геосаясатты жақсы білетін оқыған саясаткер немесе дипломат аз болғандықтан Формозға (台湾) қашпай құралын тапсырып бағынған көптеген мамандарды өлтірмей қайта маңызды жұмыстарға қоюға мәжбүр болды. Солардың бірі- Қытайдың бас ауруы “Шығыс Түркістан мәселесін” қытайға оң шешіп берген саясаткері Жаң Жыжұң (张治中).

Қытайдың ұлттық респубилика дәуіріндегі сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қазақтар туралы тариxи мәліметі қытай қазақтары туралы тың деректерді әлі де болса ашпай бұғып сақтап отыр. Алда-жалда ол ақиқаттар ашылып жатса қытай қазақтарының мәдени, саяси һәм әлеуметтік мәселелері туралы тың деректер шығатыны анық. Және бұны Гомендаң-Совет қатынастарының Қазақтарға ықпалы деп айырым зерттеуге де әбден болады. Айтпақшы, ұмытып барамын Гомендаң (国民党) үкіметі кезінде ҰҚК-да істеген қытайлардың көбі атылды, Үрімжіде Оспанмен қатар тұрып атылғандары да бар. Ал, кейбірі коммунист қытайдың (共产党) ҰҚК құрамында қайтадан жұмыс атқарды. Олар кейін 1954-58 жж, 1960-62 жж, 1966-76 жылдары неше мың Қазақтың атылып кетуіне, тұтқындалуына, маңызды жұмыстан қағылуына үлкен кесірі тиді. Бұны алда кеңейтіп жазамын…


Eldeç Orda
 26733848_1006720156158238_113701663117975958_n22489934_1006720366158217_5091629545186577428_n26229762_1006720286158225_2040495128477309322_n26733527_1006720292824891_2287120779494645202_n26805266_1006720246158229_4768449161584674535_n26814595_1006720322824888_5450790259364471825_n26814750_1006720186158235_2408446684712476231_n26815355_1006720296158224_8602240570905370640_n26904708_1006720339491553_4304685692589766924_n26908111_1006720289491558_9203969746515798087_n26992237_1006720272824893_6269650746977196704_n 22489934_1006720366158217_5091629545186577428_n 26229762_1006720286158225_2040495128477309322_n 26733527_1006720292824891_2287120779494645202_n 26733848_1006720156158238_113701663117975958_n 26805266_1006720246158229_4768449161584674535_n 26814595_1006720322824888_5450790259364471825_n 26814750_1006720186158235_2408446684712476231_n 26814810_1006720342824886_2763994944960323195_n 26815355_1006720296158224_8602240570905370640_n 26904708_1006720339491553_4304685692589766924_n 26908111_1006720289491558_9203969746515798087_n
27067143_1006720306158223_1100610150503153670_n

Kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: