Қытайдың әкімшілік территория реформасы
Алдағы уақытта қытайды өте күрделі реформалар күтіп тұр. Соның бірі, қытайдың әкімшілік территория (құрылым) реформасы. Яғни, келешекте қытайдың ішкі әкімшілік аумағында зор өзгерістер болады. Бұл қытайда 40 жылдан бері талқыға түсіп жауыр болған тақырып. Естеріңізде болса бұл темені (теама) екі үш жылдың алдында осы парақшамда көтергемін.
Қытай ұлтшылдары мен демократтарының әкімшілік құрлымға түбегейлі реформа жасап бірқанша жоба, ұсыныс тастағанын қарапайым жұрт білмейді. Сол сыбыстың негізінде қытай әлемі бірқанша үлгі-жобасын интернет парақшаларына шығарып ашық қоғамдық талқыға салған.
Сіз, олардың әкімшілік құрлым реформасына қарап отырсаңыз қазіргі Шыңжаң регионын үшке немесе екі бөлекке бөліп тастағанын көресіз. Енді осы туралы айтайық.
Осындан шамасы он жыл бұрын қытайдың ұлтшыл зиялылары ұлттық конгрес пен орталық партия комитетіне 50 мың кісінің қолы қойылған (бәрі профессор, докторлар) ашық хатты жолдаған еді. Біз ол кезде Пекинде жүрдік, бұл оқиғаны еміс-еміс еститінбіз. Ашық хат мазмұнында қытай еместердің ордасына айналған университеттер мен кафедраларды жабу туралы ұсыныс айтылыпты және қытайдың ұлттық территориялы автономияларын күшінен қалдырып, үлкен территориялы автономиялы региондарды үш, төртке бөлу жобасы жолданған екен. Мына карта сол жобаның ауаны негізінде жасалса керек.
Шыңжаң регионын 2 немесе 3 бөлікке бөліп жекелеген провинцсиялар құру Қазақстанға тиімді ме? Меніңше тиімді. Қытай ұлтшылдарының жер аумағы өте үлкен автонрмиялы региондарды бөліп ұсақ провинцсияларға таратуының себебі неде? Меніңше, өңірдегі территориялы айырмашылықты реттеу; ұлттық автонрмияны болдырмау; тб
Қытай қазақтары біршама шоғырлы қоныстанған Шыңжаңның солтүстік өңірі бөлініп жеке провинцсияға айналып жатса Қазақстанның бұған қандай ықпалы болуы мүмкін немесе Қазақстанның реакциясы қалай болады? Меніңше Қазақстан алда ірі реформаларды шынайы жүзеге асырып, жаңа буын интеллектуалды жастарын бизнес пен билікке көптеп араластырып қытайдың келешектегі әкімшілік құрлым реформасына зор дайындық көру керек. Бұл түптің түбінде іске асатын реформа.
(Жалғасы бар…)
Пікір қалдыру