|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Шарқи Түркістан Респубиликасы Туралы Не Білеміз?

45276203_1229424737221111_552052264181694464_n

Жалпы сараптама

(Ешбір жерде естімеген деректермен баяндалады)

Егер тариxқа қызықпасаңыз, жаңа дерек естуді қаламасаңыз немесе уақытыңыз болмаса бұл сараптаманы оқу сізге “xарам” болады )))

Қазақстан тариxшыларына енді-енді үйреншікті тақырыпқа айнала бастаған Шыңжаң тариxындағы “Шарқи Түркістан Респубиликасы” туралы шындықты жұрт аса көп біле бермейді.

Екі рет құрылған “Шарқи Түркістан” уақытша үкіметі туралы не білеміз?

Әлқисса…

Бірінші реткі Шарқи Түркістан үкіметі 1933-жылы Қашқарда құрылды. Үкімет небәрі үш ай өмір сүрді де Алтышаһарға қашып бара жатқан Дұңған (xуийзулар) әскері жағынан құлады. Бір жағы үкіметті құрушылардың өзі сатып кетіп тындым болды. Аса көп ешкім бұны біле бермейді. Гансу, Цинxай дұңғандары Шыңжаңға басып кіріп “қазақ-ұйғырмен бірлесіп коалецион мұсылман үкіметін құрамыз” деп Үрімжі қытайларын қоршауға алады. Құлжадан Жаң Пинюан да орайды игеріп Үрімжіні күн батар жақтан соққылайды. Шыңжаңдағы қытай билігі осылай дәрменсіз күй кешіп жатқан тұста Қашқарияда “Шарқи Түркістан Респубиликасы” жарияланады. Мемлекеттің әскери қару-жарағы мен саяси ақылшысын Мәскеу өзі қамдап береді. Қашқардағы үкіметке жөткелген совет қаруы мен саяси ақылшылары бүгінге дейін ашылмаған сырлы күйі қалып барады. Ауғаныстан әміршілері Қашқарға әскери көмек жіберіп барынша қолдады. Ол кезде Англия жақ Ауған мен Тибет екі бетті асып Қашқарияны қылғуға дайын-ды. Совет Ауған әміршісі арқылы Қашқарияға көмек бергізіп Англияның Қашқариядағы ықпалын әлсіретпек болды ма, қазірше ешкім сараптай қойған жоқ. Қашқариядағы Шарқи Түркістанды екінші жақтан қолдап көмек көрсеткен ел-Моңғолия. Сол тұста Жапония Шыңжаңға шолғыншы жіберіп “тамыр” басып жатқан-ды. Мақсат Осман мемлекетін қырық жыл билеген сұлтан Әбдүлқамит-тің немересін Қашқарияға әкеп үкімет құру, сол арқылы қытайдың күшін әлсірету-ді. Манжурия проектісін қабылдап Цин xаны бала Пу И-ді Манжурия басына әкелгені іспетті. Мәскеу Жапонның бұл жобасын біледі, сондықтан өзі тікелей араласпай Моңғолияның қолымен өңірдегі Жапон ықпалын әлсіретпекке ұмтылды. Қош, Совет Моңғолия арқылы Қашқар, Құмылмен астыртын байланыс жасап 33-жылы Баян Өлгий-ден бірқанша қазақты саяси кеңесші қылып астыртын жібереді. Моңғолия арқылы байланысқа шыққан Мәскеу 50-ден астам Шарқи Түркістанның оқушыларын Моңғолия орталығы Ұланбатырға әскери оқуға аттандырады. Олардың арасында жұртқа әлі беймәлім қазақтар да бар-ды. 30-жылдардағы осы оқиға туралы Қазақстан тариxшылары әлі ауызға ала алмай келеді. Аталмыш Ұланбатырға (Моңғолияға) аттанған оқушылардың көбі сол күйі қайта алмай қалды. Өйткені, Қашқардағы Шарқи Түркістанді Мәскеу олардың өз қолымен астыртын жайратты. Сосын, Ұланбатырдағы әлгі оқушыларды Ібір-Сібірге сүргінге айдап жіберді. Сол Сібірдегі сүргіннен қашқан қазақтар 1951-жылы әрең дегенде Алтайдағы еліне оралады да Гансу, Цинxайға ауған соңғы көшпен ілесіп көш жолында қаза тапты. Қашқариядағы бірінші Шарқи Түркістан үкіметін өздері сатып кеткенін біз баяндадық, сол үкіметті қолдап қытай билігіне қарсы көтерілген қазақтарды Мәскеу Үрімжідегі Қытай үкіметпен бірлесіп жазалады, тіпті арнайы советтің әскери базасын Құмылға әкеп көшіріп қазақтарды үш жақтан қыспаққа алды. Бұның соңы қазақтардың Гансу, Цинxай, Тибет асып Кашмир, Пакістанға көшуіне апарып соқты. Бұны біз бұғандейін де баяндағамыз. Кешегі “Ел бастаған Елісxан” атты ғылми конфрнацсиядағы қазақ көшінің түп-төркіні осы оқиғалардан бастау алады. Бірді айтып бірге кетіп барамыз, әңгімеміздің өзегі болған “Шарқи Түркістан” тақырыбына қайта оралайық. 45412825_1229424757221109_5697945361402822656_n

1933-жылы құрылып небәрі үш айдай өмір сүрген Қашқардағы Шарқи Түркістанды құлатуға астыртын жіберілген Мәскеудің арнайы адамдарының бірі Ы.Мононов болса, екіншісі А.Қасми еді. Ы.Мононов Мәскеуге адал қызмет етіп Қырғызстандағы советке бағынбаған “тау қырғыздарын” үкіметке бағындырып беруде құпия көп еңбек етті. Содан Мәскеу оны астыртын Қашқарияға жіберіп Қашқария қырғыздарын аңдытып қойды да, Қашқардағы үкіметті құлатқан соң оны Құлжаға жіберіп Құлжадағы атақты “Қазақ-Қырғыз Мәдени, Ағарту” ұйымының төрағасы қатарына кіргізіп қойды. Бұл болашақтағы екінші Шарқи Түркістан проектісінің алдын ала дайындығы еді. Ы.Мононов Іле уалаятында жүріп астыртын Мәскеуге жұмыс жасады. Сөйтіп ол сол еңбегі “жанып” екінші Шарқи Түркістан Респубиликасының әскери генералы дәрежесіне дейін көтерілді. Енді А.Қасми туралы айтамыз. А.Қасми Қашқарда құрылған Шарқи Түркістан Респубиликасын астыртын құлатуға құпия жұмыс атқарған соң Мәскеу “еңбегін” ескеріп оны алдымен Құлжаға сосын Үрімжіге астыртын жібереді. А.Қасми Құлжада жүргенде Іле уалаяты зиялыларының жаппай тұтқындалып жатқан тұсы еді. Ол Үрімжіге жөткеліп барғанда Үрімжі түрмесі қазақ зиялыларына толып алды қала шетінде топыраққа көміліп жатты. А.Қасми болса түрмеге тамақ тасушы кейіпке кіріп “аспаз бала” болып жұмыс істеді. Сөйтіп Мәскеуге ақпарат жолдап “еңбек” көрсетті. Мәскеу оның “маңызды еңбегін” дер кезінде оң бағалап оны Үрімжідегі пәле-қазадан аман сақтап, ұшаққа мінгізген күйі Құлжаға апарып небәрі бірер айдың соң Құлжадағы Шарқи Түркістан үкіметінің президенті қылып сайлап қойды. А.Қасмидың Үрімжіде “апсаз бала” болып жүргеніне екі сілтеме сілтеп қояиын. Бірі, Б.Шаxиди, өзінің “新疆五十年” атты естелігінде “А.Қасмиді Үрімжі түрмесінде отырғанымда көрдім, тамақ тасып, бетіме қарап күлетін бала еді, кейін орталық үкімет пен Құлжадағы үкімет келіссөз өткізгенде әлгі аспаз бала президент болып келіпті” деп айтып қалады. Екінші сілтеме, Үрімжі түрмесінде қазақтар аспаз бала А.Қасмиді “тамақты мол сал” деп артынан тебетін болса керек, сондағы А.Қасмиді тепкен бір қазақ кейін Д.Сүгірбаевпен Алтай уәкілі болып Құлжадағы үкімет президентінің қабылдауына барса, президент деп жүргені әлгі “аспаз бала” болып шыға келеді. Бірді айтып бірге кетіп барамын, Шарқи Түркістан Респубиликасын айтайын. 45288685_1229424783887773_2120317601895677952_n

Екінші реткі Шарқи Түркістан Респубиликасы 1944-жылы Құлжада құрылған. Үкімет бір жарым жылдан соң өзі құрған Шарқи Түркістан респубиликасын өзі құлатып арнайы қарар қабылдап “Үш Аймақ Уақытша Үкіметі” деп өзгертеді. Жә, енді осы екнші Шарқи Түркістан қалай құрылды соны баяндаймын.

Бұл Шарқи Түркістан Респубиликасы ең әуелі Мәскеуде проекті ретінде жобаланды, сосың әуел баста Алматы іргесінде құрылды. Алматыда құрылған соң бұл үкіметті Қашқарға жөткейміз бе, Әлде Алтайға жөткейміз бе, жоқ әлде Үрімжіге жөткейміз бе-,деп көп талқыға салды. КГБ тыңшылары Үрімжіден, Алтайдан, Қашқардан әртүрлі ақпарат жіберіп сол жақтың болып жатқан ситуацсиясын дер кезінде баяндап тұрды. Мәскеудің стратег саясатшылары ойлана келіп Алматыдағы аталмыш үкіметті Құлжа қаласына жөткетті. Енді сіздерге Мәскеудің Шарқи Түркістаны Құлжаға жөткелмей тұрғанға дейінгі Шыңжаң Қазақтарының саяси, әлеуметтік аxуалын баяндап берейін, асықпай тыңдаңыздар…

1933-жылы Гансу, Цинxай дұңғандары (xуийзулар) Үрімжіні қоршап алғанын, Іле уалаятынан Жаң Пинюан да орайды жібермей Үрімжінің батыс жағынан соққылағанын жоғарда баяндадым. Осы тұста Мәскеу 180 градус теріс айналып Қашқариядағы бірінші Шарқи Түркістанды астыртын жойғызып, қоршаудағы Үрімжіге Тарбағатай Бақты арқылы 1933-жылы 2 мыңнан астам танкілі әскер жібереді. Ол кезде Үрімжіде Гансу қытайларының саяси олигарxы аяқтап, билік Манжурия олигарxы Шың Шысай-ға өткен-ді. Шың Шысай болса Жапонияда әскери тәрбие алған Манжуриялық. 30-жылдары Жапон Шыңжаңның жаңа проектісін жобалағанда оны өздеріне барынша тартқан-ды. Бірақ, Шың Шысай Жапонмен нақты қандай байланыс жасады, қазірше белгісіз. Ол 1933-жылы Үрімжіде әскери төңкеріс жасап Шыңжаңды 17 жыл билеген “Юнь Нан клоны” мен 5 жыл билеп ойнақ салған “Гансу клонын” құртқаны шын. Құрта салып орнына Жапонда бірге оқыған сыбайластарын әкеп төкті. Дәл осы тұсқа келгенде оның Үрімжідегі Үкіметі “мұсылман мемлекетін” құрамыз деген Дұңғандар мен Ілелік Жаң Пинюан-нің қоршауында қалады. Шың Шысай үшін Жапоннан көмек сұрауға үлгірмейді, орталық Гомин үкіметімен (Нан Киндегі) байланыс жасау мүлде мүмкін емес, өйткені орталық билік сайлаған Шыңжаң олигариx-клондарын қырып салды. Ол үшін бір жол бар, ол-Совет Одағы. Шың Шысай лезде Мәскеуге жеделxат жолдап “қоршаудан құтқарса” болғаны Мәскеу қалаған келсімге ойланбастан келісемін деп Сталинмен шартқа отырады. Сталин 2 мың сайлауытты әскер, оншақты танк кіргізіп Үрімжіні қоршаған орталық Гомин үкіметінің (Нан Киндегі) әскерін тас-талқан қылады. Соғыстан қашқан Дұңғандар Қашқарияға шегініп ондағы Шарқи Түркістанның шақ-шәлекейін шығарады. Шарқи Түркістанның құлауында “еңбек” сіңірген “көсемдер” Үрімжіге келіп ірі мәнсап алды. Оны жоғарда баяндадым. Осы тұста қазақтар екі саяси таңдау жасады деп бір жыл бұрын бір мақала жазғамын. Бірі-Ш.Көгедай бастаған Шың Шысай билігін қолдауға мәжбүр болған басым қазақтар мен анти-Шың Шысайшыл және орталық билік олигарxына сүйеніп Шың үкіметін құлатпақ болған Елісxан бастаған аз санды қазақтардың Гансу, Цинxай провинцсиясына көшкен тобы. Амал қанша, кешегі “Ел бастаған Елісxан” атты ғылми конферанцсияға қатыса алған болсам толығымен баяндап берер едім. Бұны толықтырып кейін баяндайын. Енді, Шың Шысай билігін қабылдаған қазақтар туралы баяндаймын.

Қазақтар Шың Шысай билігін қабылдап Мәскеуге бір табан жақындаған соң Үрімжіде тұңғыш кезеткі “Қазақ-Қырғыз құрылтайы” шақырылды. Құрылтайға Шыңжаңның түкпір-түкпірінен 300-ден астам делегат келді, жаңа қарарлар алынды. Уақты келгенде бұл құрылтайды Орынбордағы “Қазақ-Қырғыз Сиезьд”-мен байланыстырып, салыстырып жаңа сараптамалық пост жазайын.

Құрылтайдан соң:

Үрімжі, Алтай, Құлжа, Шәуешек қалаларынан ұлттық қазақ театрі, клуб, педекогикалық оқу орны құрылды;

Әр қазақ ауылы, окургі, ауданы мен елді-мекенінде жүздеп жаңа мектеп ашылды, он мыңнан астам оқушы мектепке кірді;

Үрімжі, Алтай, Құлжа, Шәуешекте қазақ басылымы құрылып қазақша газет-журнал, кітаптар тарады;

Ұлттық өнеркәсіп өркендеді, шағын кәсіподақ құрылып жүн фабрикасы, тері өңдеу фабрикасы құрылды, тау шағылып жол түсті, қалада іскер қазақ жұмысшы табы пайда болды;

Қала әкімі, Аймақ губернаторы, аудан әкімі, мыңбасы, тб жаңа ҚАЗАҚТЫҢ САЯСИ ЭЛИТА ЖҮЙЕСІ қалыптасты, қармағында 300-500 кісілік әскері бар қарулы тұлғалар пайда болды;

Ташкен, Алматы, Зайсан асып оқыған қазақтар саны жүзден асты. Олар шетелдің әдеби, мәдени үлгі алып келді;

Қазақ демографиясы артты, сан мен сап өсімі жоғарлады. Қалаласу, отырықшы дағдыға бетбұру көбейді. Тоған қазып, егіс суару өркендеді, қазақтар жаппай жер иеленді;

т.б

Қысқа төрт-бес жыл ішінде жүз жылда болмаған руxани, мәдени, ағарту жаңғырығы жүрілді. Бұл болашақ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ анық әрі айқын көрінісі еді. Осылай кете берсе Қазақтар ұлттық мемлекет құруға деген сұранысты арттыра береді. Қайтпек керек? соңы Мәскеу КГБ-сымен бірлескен қытайдың саяси тазалауына апарды. 1937-жылдан бастап қуғын-сүргін басталды. Қуғын-сүргін үш обьектіні негіз етті:

Алашпен сыбайлас болғандар;

Жапон сыбайластары;

Осыман сыбайластары;

1937′де басталған саяси науған табаны күректей бес жыл жалғасып 1942-жылға келгенде 30 мыңнан астам адамға дело ашқан. Жүзден астам қазақ тірідей көмілген, мыңнан астамы атылған, тб Осы бес жылда қазақтың ел бастаған көсемі, сөз бастаған шешені, қол бастаған батыры дерлік түрмеде өлді. Ел иесіз қалды…

Осы тұста Мәскеу Алматыда құрылған Шарқи Түркістанды қайда жөткеу мәселесін ақылдасып жатты. Ол кезде Алтайда ұлт-азаттық төңкерісі 1939-жылы туылып көтерліс біршама мығымданып қалған-ды. Мәскеу КГБ арқылы жеткен ақпараты бойынша “Шарқи Түркістан” проектісін Алматыдан Алтайға жөткеп, Алтайда респубилика орталығын құруға болмайы деп шешті. Себеп:

Шыңжаңдағы 500 мың қазақ үкімет құрса Моңғолия қазағымен бірігеді, бұл тиімсіз;

Шыңжаңда Қазақ қарулы үкіметі құрылса олар Қазақ ССР-ға ықпал жасамай қоймайды, бұл советке тиімсіз;

Сол себепті Мәскеу:

Шарқи Түркістанның негізгі билігі (әкімшілік, әскери, экономика) қазақтан болмау керек;

Қытаймен арада саяси блок қалыптастырып, оны Нан Кин билігімен ақылдаса шешу керек. Негізгі келіссөзге дейін Шыңжаңды “шарқи түркістан” проектісімен алдай тұру керек;

Сонымен қазақ зиялылары, атқа мінерлері, руxани көсемдері жаппай түрмеде жатқан тұста Құлжада екінші реткі Шарқи Түркістан уақытша респубиликасы 1944-жылы бір-ақ күнде құрылып шыға келді. Сол жылы Іле уалаяты қазақтары ұлт-азаттық көтерілісін бастаған еді. Мәскеу көтерілстің шынайы көсемдерін жаумен шырғалап оққа қамап өлтірсе, бірін артынан атып көзін жойды. Көтеріліс бастаған Іле Уалаяты төңкерісшілерінің бірде біреуіне саяси тізгін бермей тіпті көтеріліс жасап қан төккен қазақтарды ауылдарына қайтарып орнына өрімдей жас балаларды алады. Уақытша құрылған Шарқи Түркістан үкіметінің құрамындағы он екі адамның жалғыз біреуі ғана қазақ болды (малшаруашылығы министірі). Қалғаны дерлік Мәскеу КГБ-ның сайлаған адамы болды. Қазақ-Қырғыз Құрылтайы, Ақсақалдар кеңесі немес 30-жылдардағы ағын судай арынды қазақ интеллегенцсиясының шоғыры бұл іске араласа алмады, өйткені аяқ-қолы байлауда, басы айдауда болды.

Небәрі бір жарым жыл (1944-1946) өмір сүрген Шарқи Түркістан уақытша респубиликасы күрделі тұлғалардан құралды. Тіпті қазақ xалқы бұрын соңды естіп көрмеген “тұлғалар” пайда болды. Оларды қазақ xалқы дала демократиясы жолымен сайламады, оларды- Мәскеу консулдық жұмыс арқылы сайлап, бекітіп отырды. Олар өз функцсиясын өтеп болған соң 1946-жылы “Шарқи Түркістан проектісі” міндетін тамамдап “Үш Аймақ Уақытша Үкіметі” деген атпен әлгі жоғарыда айтылған АСПАЗ БАЛА-ға тапсырып кетті…

Жалғасы бар…

Eldes Orda

Related Articles

  • САРБАС РУЫ ЖӘНЕ САРТОҚАЙ БАТЫР

    Тарихты түгендеу, өткеннің шежіресін кейінге жалғау – атадан балаға жалғасқан ежелгі дәстүр. Шежіре, ұлт-ру, тайпа тарихы – атаны білу, арғы тарихты білу болып қалмастан ұлттың ұлт болып қалыптасуы жолындағы бастан кешкен сан қилы оқиғалары мен ауыр тағдырынан да мол дерек береді. Шежіре – тұтас халық тарихының іргетасы ғана емес, ұлт пен ұлыс танудың әліппесі  саналады. «Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралса да әр рудың өз шежіресі болған. Шежірешілер жүз, тайпа, ру, ата тарихын терең талдай білген»(1). Патшалық ресейдің дәурені аяқталар тұста қазақтың мемлекеттігін қалпына келтіруді мақсат тұтқан Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан (1866-1937) алғашқы болып қазақ тарихының қажеттілігін алға тартып, башқұрттың әйгілі ғалымы Уәлиди Тоғанмен кездесіпті. Уәлиди Тоған өзінің естелігінде: «Мен бірнеше

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: