|  |  |  | 

Тарих Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Қазақ ру-тайпаларының отбасы саны тралы тізім дәптері

Qazaqhanigi(Цяньлуна жылнамысының 23-жылы 1-ай) 1758-жылы ақпан 21-құжат

1758 жылғы ақпан айында хатталып, тіркелген «Қазақ тайпаларының саны туралы»
тізбеде: «Орта жүзде: тарақты, арғын, найман, керей, уақ, төлеңгіт, қыпшақ қа­тарлы 7 тайпа бар», екендігі көрсетіледі де, олардың саны, кімнің билігінде екендігі құжат түрінде жазылған. Көне тарихи мағлұмат ретінде , бұл деректер «Қожаберген батыр»  атты зерттеу кітабтің  192-194 беттерінде толық берілген.

Мұнда біз әуелі 21-құжатты ерекше атағымыз келеді, өйткені, өзге
құжаттарда сақталған мағлұматтарға қарағанда, бұл құжаттың арғы
түпнұсқасын өзге емес, Абылай ханның өзі жазып берген. Демек, мұндағы
аталған тұлғалар – Абылай хан мойындаған, санасқан Орта жүз қазақ
басшылары. 

hanbatyr

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашамайлы-керейдің 10 000 отбасы Тұрсынбай батырдың (Балта-керей Тұрсынбай атанаған батыр. –З.Т.) билігінде;

Ашамайлы-керейдің Құрқар руының 2 000 отбасы Мазаркелді  батырдың билігінде;

Абақ-керейдің 1000 отбасы Қожаберген батырдың  билігінде;

Абақ-керейдің 500 отбасы Ниаз батырдың  билігінде;

Ителі-керейдің  1000 отбасы Жантөре батырдың билігінде.

Уақ тайпасының 1000 отбасы Сары Баянның билігінде;

Уақ тайпасының 1000 отбасы Тілеу батырдың билігінде.

Уақ тайпасының Бармақ батыры 500 отбасын басқарады.

Ергенекті-уақ руының 1000 отбасы Есенқұл батырдың билігінде.

Жаңа уақтың 500 отбасы Сары батырдың  билігінде.

Қыпшақ тайпасының 3000 отбасы Қошқарбай батырдың билігінде;

«Тарақты тайпасының 400-ге жуық отбасы Наймантай батырдың  билігінде. (Тарақты Бай­ғозы батырдың әкесі Наймантай батыр. –З.Т.)

Қанжығалы арғынның 2000 отбасы Бөгенбай батырдың билігінде;

Қаракесектің 2000 отбасы Қазыбек бидің билігінде;

Алтай-арғынның 3000 отбасы Нияз батырдың билігінде,

Абақтың 500 отбасы Нияз батырдың билігінде, бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде  болмаған. (Қарқаралы сыртындағы Көкшетау керейлері емес пе екен? –З.Т.)

Атығай-арғынның 1000 отбасы Жәпек батырдың,

Қарауыл-арғынның 2000 отбасы Итқара батырдың,

Бәсетиін-арғынның 2000 отбасы Жанұзақ батырдың,

Тобықты-арғынның 1000 отбасы Қарпық бидің,

Қозған-арғынның 1000 отбасы Төлеуке бидің,

Төртуыл-арғынның 2000 отбасы Бабеке бидің,

Арғын майлы-балта руының 1000 отбасы Итқара батырдың,

Баба-арғыннның  500 отбасы Бабаназар бидің қарауында.

Жоғарыда аталған арғынның 11 руы  жылдың төрт маусымында Обаған-Тобыл, Ханшаған-Мөде қатарлы жерлерде көшіп-қонып, мал бағып жүреді…

Биыл Алтай-арғындардың Қазыбек би, Нияз батыр сынды адамдары Қарқаралы, Қазылық (Ежелгі ауыз әдебиетінде «он екі Қазылық ой Түндік» аталған: Қарқаралы, Қу, Кент, Боқты, Мыржық, Едірей, Қызыларай, Бұғылы, Тағылы, Баянаула, Желтау, Далба, кейде «Арқадағы «бес Қазылық» аталған: Қарқаралы, Қу, Едірей, Мыржық, Кент таулары аймағы. –З.Т.) жерлеріне қоныстанған.

Төлеңгіт тайпасының 1000 отбасы Жаназар (Жанбазар болуы мүмкін. –З.Т.) батырдың билігінде, бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде болмаған. Елдің айтуына қарағанда, бұл тайпаның халқы Тәуке ханның иелігінде болған. Мұнда әр түрлі адамдар бар.

Терістаңбалы тайпасының 1000 отбасы Жа­рылғап батырдың билігінде;

Қаракерей-байжігіт найманның 10 000 отбасы Қабанбай батыр мен Дәулетбай батырдың билігінде;

Матай-найманның 10 000 отбасы Олжабай мен Аталықтың билігінде;

Садыр-найманның 1000 отбасы Малай батырдың билігінде;

Төртуыл-найманның 1000 отбасы Тұңғатар бидің билігінде;

Болақшы-найманның 500 отбасы Таз батырдың билігінде. Бұрынғы тексеруде бұл тайпа тізім дәптерінде  болмаған.

Көкжарлы-найманның 1000 отбасы Барақ батырдың  билігінде;

Бура-найманның 2000 отбасы Жаубасар батырдың билігінде;

Бағаналы-найманның 2000 отбасы Малар батырдың билігінде;

 «мәліметтерді қазақ даласына барған мәнжу елшілері Абылай ханның өз аузынан естіп, жазып алғанына»

Бақыт Еженханұлы

 

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: