|  | 

Саясат

Ресейдің “ұлтшылдық туралы мантрасы” және “репрессия әдісін бір-біріне үйреткен” үкіметтер

Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде кездесіп тұр. 9 қыркүйек 2020 жыл.

Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде кездесіп тұр. 9 қыркүйек 2020 жыл.

ТҮРКІ САММИТІ ҚАРСАҢЫНДА ЖАРЫҚ КӨРГЕН ЛАВРОВ МАҚАЛАСЫ

EurasiaReview Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қазақстанға қатысты жақында жарық көрген мақаласын “ақпарат құралдары мен ресми Мәскеуге жақын саяси топтар қоздырып отырған ақпараттық науқанның жалғасы” деп бағалайды. Автор Ақас Тәжуітовтың айтуынша, осы мақала арқылы “жоғары шенді Ресей дипломаты екі ел арасындағы шиеленіс түйінін босатуға тырысқан”, дегенмен “Қазақстанның орыстілді азаматтарына қарсы ұлтшылдық әрекеттері туралы мантраны қайталамай өте алмаған”.

“Российская газета” басылымында жариялаған мақаласында Сергей Лавров Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасын саралай келе “Өкінішке қарай, кейінгі кезде Қазақстанда орыс тілінде сөйлейтіндерге қатысты бірқатар резонансты ксенофобия көрінісіне куә болдық” деген пікір айтқан. Ресей министрінің бұл мәлімдемесі Қазақстан қоғамының наразылығын туғызған.

Автордың айтуынша, ксенофобия мен нәсілшілдік – “Ресейде анағұрлым кең тараған мәселе”, бірақ мұны “оларға (Ресей саясаткерлеріне) айтудың мәні жоқ, себебі олар өздерін әділдіктің үлгісі санайды”.

Сарапшы Лавров мақаласы Түркітілдес мемлекеттер кеңесінің Стамбұлда өтетін саммиті қарсаңында жариялануы кездейсоқтық емес деп санайды: “Мәскеу жоғарыда аталған БАҚ-тағы науқанды Түркия бастаған түркі одағын құруға Қазақстанның атсалысуына кедергі келтіру үшін Нұр-Сұлтанға қысым жасау мақсатында пайдалануы мүмкін деген болжам бар”.

Автордың айтуынша, түркітілдер елдердің интеграциясына ең алдымен Анкара мүдделі және Түркияның ақпарат құралдары түркітілдес елдердің одағы құрылатыны туралы жиі жазып, қоғамдық пікірді дайындай бастаған.

Видео: Лавров мәлімдемесіне Ақорда жауап бере ме? (9 қараша 2021 жыл).

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен құрылған Еуразия одағын еске салған автор бұл екі жоба “кімнің геосаяси мүддесіне қызмет етеді?” деген сауал тастайды. “Бұл жобалардың шынайы және болжалды бенефициарлары – Мәскеу мен Анкара, бұл пікірге қарсы дау айтатын адам болмас” дейді Тәжуітов.

“Нәтижесінде ирониялық жағдай қалыптасты: Қазақстан бір-бірімен бәсекелес екі халықаралық ұйымның басында тұр. Анкара Үлкен ойында Мәскеуге қарсы тұру үшін Кремльдің саяси схемасын пайдаланатын сияқты” деп жазады EurasiaReview.

ДЕМОКРАТИЯ ТУРАЛЫ АЙТПАҒАН “АВТОКРАТИЯЛЫҚ РЕЖИМ” ӨКІЛДЕРІ

Жақында Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Еуроодақ-Орталық Азия экономикалық форумына тоқталған америкалық Diplomat басылымы бұл талқыға аймақ елдерінде қалыптасқан саяси жүйе ерекше әсер еткенін айтады. Әр елдің премьер-министрі қатысқан бұл форумда жасыл экономика, цифрландыру және іскерлік климатты жақсарту мәселелері қаралған.

“Тіпті экономикалық форум контексінде бәлкім Қырғызстанды қоспағанда Орталық Азияның барлық елі авторитарлық режим екені айқын байқалды. Реформаларды талқылау барысында Еуроодақ басшылары “жемқорлықпен күрес” және “демократия” сөздерін емес, “ашықтық”, “инклюзивтік” сияқты жұмсақ сөздерді қолданды” деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, жиында демократия және жемқорлықпен күрес жөнінде тек Қырғызстан мен Өзбекстан үкімет басшылары әңгіме қозғаған. “Қырғызстан президенті [Садыр] Жапаров барлық қатысушылар еркіндікті құндылық деп біледі деп құйтырқы мәлімдеме жасады. Өзбекстан премьер министрі Арипов Өзбекстан демократиялық өзгерістерді бастан кешіп жатыр деп бұдан бұрын елде демократия болмағанын мойындағандай әсер қалдырды. Орталық Азияның басқа елдерінен айырмашылығы – қырғыз және өзбек ресми тұлғалары жемқорлықпен күреске ден қойғандарын ерекше атап өтті” деп жазады басылым.

“РЕПРЕССИЯНЫҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІ”

Әлемдегі қоғамдық қозғалыстар туралы журналистік мақалалар мен зерттеулер жариялайтын Waging Nonviolence басылымы Қазақстанда көп шу болған бала құқықтарын қорғау туралы заңға өзгерістер енгізетін заң жобасын, оның елдегі сөз бостандығына ықпалын талдайды.

15 қыркүйекте Қазақстан парламентінің төменгі палатасы “Бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған. Құжатта Қазақстанда өкілдігі жоқ әлеуметтік желілер мен месенджерлердің жұмысын шектеуге қатысты нормалар бар. Сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері осы заң арқылы билік әлеуметтік желіге бақылау орнатуды көздейді деп дабыл қаққан.

“Солтүстік Кореяға айналдырмақшы ма?” Әлеуметтік желіні шектеу жайлы бастама және оған қарсылық

“Билігі бұрыннан цензура әдісін қолданатын автократиялық Қазақстанда бала құқықтарын қорғау дегеннің астарына да үңілген жөн” деген авторлар Қазақстанда әлеуметтік желіні қолданатындардың өте көп екеніне тоқталады.

“Үкіметшіл контенттен басқаның бәріне оттегі жетпейтін медиа кеңістігінде YouTube, Telegram және Instagram сияқты платформалар тәуелсіз журналистердің ақпарат шығарып, қоғамдық пікірталас ұйымдастыруына мүмкіндік береді” деп жазады басылым.

Мақала авторларының жазуынша, Қазақстанның “болашақ диктаторы Нұрсұлтан Назарбаев елдің медиа нарығын реформалау туралы жариялаған” 1997 жылдан бері тәуелсіз баспасөздің тынысы тарылып барады.

“1997 жылдан бері Қазақстанның әкімшілік кодексіне БАҚ-тың жұмысын реттейтін 40 бап енгізілді. Үкімет өз жақтастарының көп ақпарат құралын қолына шоғырландыруына мүмкіндік берді, ақпарат құралдарын тіркеудің қатаң жүйесін енгізді, салық және құқық қорғау органдарының кез келген БАҚ-ты лайықты ескертусіз тексеруіне рұқсат берді. Осы құқықтық және әкімшілік реформалар кесірінен Қазақстан “Шекарасыз репортерлар” ұйымының баспасөз бостандығы индексінде 2002 жылғы 116-орыннан 2021 жылы 155-орынға дейін сырғыды” деп жазады мақала авторлары.

2010 жылдан Интернет жылдам тарай бастады. 2007 жылы халықтың 4 пайызы ғана Интернетпен қамтылған болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 31 пайызға жетіп, ұлғая берді. Facebook, YouTube, Instagram және Telegram сияқты жаңа платформалардың шығуы әлеуметтік медиаға негізделген журналистиканың дамуына мүмкіндік берді. Журналистік зерттеу, елдегі жағдайды талқылап, саралау, үкіметті қолдайтын медианың назарына ілінбеген саяси наразылықтардан хабар тарату және ресми көзқарасқа қарсылық – барлығы сандық платформаға ауысты” деп жазады басылым.

Сондықтан елдегі журналистік қауымдастық балалар құқығын қорғау деген желеумен дайындалып жатқан заң жобасынан “қатты секем алады” әрі оның қабылдануына қарсы күресіп жатыр деп жазады авторлар.

“Алайда олардың жеңістен үміті аз, себебі автократиялық режимдердің интернетте де, одан тысқарыда да бөтен пікірді басып тастауға билігі де, қауқары да жетеді. Үкіметтер репрессияның жаңа әдістерін бір-бірінен үйреніп жатыр” деп қорытады Waging Nonviolence басылымы.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    АҚШ Иранның Харк аралын басып ала ма? 

    Киан ШАРИФИ Иран ислам республикасына тиесілі Харк аралы. Америка мен Израильдің Иранға әуе шабуылдары жалғасып жатқан тұста АҚШ-тағы саяси ортада ислам республикасына тиесілі Харк аралын басып алу идеясы талқылана бастады. Сарапшылардың айтуынша, Вашингтон Ирандағы мұнай экспортының негізгі ошағы саналатын Харк аралын нысанаға алуы әбден мүмкін. Бұл санкциялар құрсауындағы Иран экономикасын құлатпай ұстап тұрған басты табыс көзін жауып тастауы ықтимал. Алайда Иран мұнай экспортының 90 пайызын қамтамасыз ететін Парсы шығанағындағы шағын аралды басып алса, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тіпті ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұның өзі де Иран экономикасын толық құрдымға жібере алмайды дейді сарапшылар. 7 наурызда Axios басылымы АҚШ әкімшілігі Харк аралын басып алу мүмкіндігін талқылағанын хабарлады . Иран бұл аралға

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: