|  | 

Әдеби әлем

АУЫЛ МАҒАН ХАТ ЖАЗЫПТЫ

 QuatҚУАТ АСЫЛБЕКҰЛЫНАН ЕКІ ӨЛЕҢ

 

  Қуат Асылбек ұлы 1986жылы 19сәуірде ҚХР-дағы Алтай аймағы Қаба ауданында дүниеге келген. алғашқы өлеңдері <<Алтай газетінде>> тұсауын кескеннен бері түрлі басылымдарда жүзден артық өлеңдері жарық көрді. Қуат Асылбек ұлы ҚХР-дағы республикалық, аймақтық мүшәйралардың көп мәрте жеңімпазы. мысалға,  Шыңжаң провинциясының тұңғыш кезекті жас ақындар мүшәйрасының 2орын иегері қатарлы көп мәрте сыйлықтарды еншілеген. Алтай аймақтық әдебиетшілер мен көркемөнершілер қоғамы және << Алтай аясы>> журналы оған <<ҮЗДІК ҚАЛАМГЕР>> атағын табыстаған. <<Жеті Қаба жырлайды>>, <<Ақ қайың әриясы>>, <<Сан ғасырлық сағыныш >> алманақтарына өлеңдері енген. өзіндік иірімі қуатты, көне мәдениет пен жаңа мәдениет тоғысқан аралықтағы адамдар санасында кептелген сағынудың бөлек болмысын жыр құшағына беріп, жаңаша күңгірге ие тау боларлық өлең дәстүрінің иесі болған жас талант ҚХР қазақтары арасында ерекше оқылымға ие. автордың тұңғыш поэзиялық кітабы <<КИЕЛІ ЖАҒАЛАУ>>деген атпен жарық көру алдында.

 

 

АУЫЛ МАҒАН ХАТ ЖАЗЫПТЫ

Ⅰ 

Ауыл маған хат жазыпты: жол нұсқап,

Сөйлемдері қарапайым,-сөз қысқа!

Он жастамын ол кезде мен еліткен,

Жанарымның ішіндегі болмысқа.

 

Оның әр тал шөп-жусанын сүйген ел,

Бар сөзінен тым ғажайып күйге енер.

Парақтардан құлпырады гүл дала,

Мамырдағы жұпар иіс жиделер.

 

Бізді қалай еске алды екен арман қып,

Бір бетінде құс сайрайды…ормандық!.

Бір бетінен жатыр ағып өзендер,

Бір бетінде маужырайды тау қалғып.

 

Көзім талып тарам-тарам көп ізден,

Бір бетінде сары жапырақ жел үзген.

Бір бетінен шықты дауыс: селт еттім,

Мен адасып кеткендеймін теңізге.

 

<<, _ мені сүйсең буыныңды бекемдеп,

Құшағымның ыстық жерін мекендеп >>.

Он жасымда жылап қайттым атыздан,

Ауыл мені тастап кеткен екен деп.

 

Ұясына құлап түсті күн көшіп,

Кекілімнен жаз самалы тұрды есіп.

Көгжиектің шашыраған нүрімен,

Мені әлдилеп кетті сосын жыр-бесік.

 

Айтарымды енді әлемге тыңдатам,

Мінезіммен бастан-ақыр бізге тән.

,-айраныңды іш,

    көп шаршама,

       деміңді ал,

, _ ауыл сенің қасыңда,-деп күлді апам.

 

Ауыл маған хат жазыпты:_ мақтанам,

Әр сөйлемі жан-дүниеме аттаған.

Он сегізге шыққан кезім ол менің,

Махаббаттың ертегісін жаттаған.

 

Қадамымды нұрлы ауылға басып нық,

Қыз жанары шашып сезім…шәшіп құт!.

Бір қуаныш билеп таумен даланы,

Тамырымды жұлқиды асау ғашықтық! 

 

Жұлдыз жанған айлы түнді көрпе қып,

Тұрдым қызға тілек айтып,

       шер төгіп!

,-сүйем дедім,-батыр, батыл пішінде,

Кеттім сосын өртеніп…

 

Өтті уақыт, жүгін артып атанға,

Сол он сегіз, сені аңсаймын қашанда.

Бір сөзінде соны айтыпты: мұңлы ауыл,

:, _ қызбен еріп кеттің ғой деп шаһарға.

 

Ұзатып сап бала ақынды мықты осы!

Қойған солай сәлем хаттың нүктесін.

Бас айналып арман қуған шаһарда,

Ауылды ойлап жас жігіттің шықты есі.

 

Қайғысымен қуанышын заманның,

Терең сезіп, тентек ойға жол алдым.

Таңғы азанның дауысымен оянып,

Жер ағара туған жерге оралдым.

 

Бойымызға сабыр қонды десекте,

Сағынышқа әрең төзген қос өкпе.

Кеттім сүңгіп құшағына ауылдың,

Ыңыранып кірді автобуз бекетке.

 

Әлі есімде,

Сол бір таңның сұлбасы,

Қош айтысқан махаббаттың мұңдасы.

,-сүйем,-деген елік қыз жоқ тек оның,

Өлеңімнен сыңғырлайды сырғасы.

 

Көкейімде ғасыр қойған сұрақ қап,

Жеттім үйге, жүгімді ертіп.. Жол аттап.

Ауыл сені тапты балам ақыры,

Қайта оралған қарылғаштай қонақтап.

 

Сенде бастым балалықтың пернесін,

Саған жаққан жыр-шырағым сөнбесін.

Пәнидегі ең қымбатты тұрағым,

Һам құласам дем алатын жерлесім.

 

Қасиетың кетпес сенің жоғалып,

Сәждеде айтқан дұғасына оранып,

,-көп шаршама,

   ,-айран іш деп,-сүйетін,

Жатыр апам құм төбеде дем алып.

 

Қайран апам,

Шексіз мейір…

Асыл ән,

Жыламайды он жастағы жас ұлан.

Діріл етіп бүкіл күре тамырым,

Жұрып өттім ескі атыздың қасынан.

 

Саған қимай қарап тұрған көз кеше,

Көзбен көріп айтылатын сөз неше.

Көгжиекте баяғыдай қып-қызыл,

Бірақ әттең барлығы ұнсыз.. Өзгеше.

 

Тас қараңғы,

   ай тумаған түн еді,

Мойныма сап мұздай суық білегін.

, _ ауыл сенің қасыңда, _ деп іргемнен,

Енді маған уақыт сақ-сақ күледі.

 

 

ЕРТІС

 

Қол бұлғап қайда қалдыңдар?

Алтайдың арман даласы.

Есен бол, енді жал-құмдар,

Есен бол, ертіс жағасы.

 

Тамызда,

Таңда,

Ертемен,

Тұманнан қиял айықты.

Алыстағандай өлкеден,

Есіліп естім қайықты.

 

Жағалау тұрды шарқ ұрып,

Құлазып құлап артымда.

Тұмсығын мұңға толтырып,

Жел айдап жатқан толқынға.

 

Мен,

Жездем,

Және кары ағаш,

Кісінеп көңіл айғыры.

Тербейді түнді жалаңаш,

 ертістің шымыр айдыны.

 

Сүйрелеп кетті ол бізді,

Жақсылық қайда жатсынған.

Сүйемін тамыз мен күзді,

Тамыздағы ертіс ақшулан.

 

Толқындар тулап басымда,

Кеудеме көктем мекендеп.

Қосылдым тентек ғасырға,

Шет-шексіз болсам екен деп.

 

Алмасып жылдар келсем де,

Өзіңе сүйеп басымды.

Елейді кімдер дәл сендей,

Ғаламат дауыл ақынды.

 

Тұлпардай шапқан көсіліп,

Сапарға шықтым…жол алыс!.

Өлеңге кетті қосылып,

Тамырымдағы толы ағыс.

 

(СОҢЫ)

kerey.kz

Related Articles

  • Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Атеистер мен тәңіршілдерге мың алғыс! 

    Елдес Орда Сурет: Автордың жеке архивінен алынды. Қазақ қоғамында жаңа интеллектуалдық кезең туып келеді. Бірінші, қазіргі қазақ қоғамында сенім мәселесіне қатысты пікірталастардың күшеюі кездейсоқ құбылыс емес. Бұл дегеніңіз әлеуметтік желілердің, ашық ақпараттық кеңістіктің және жаһандық интеллектуалдық ағымдардың ықпалымен қалыптасқан жаңа қоғамдық ойлау формасының көрінісі. Атеистік көзқарастардың ашық айтылуы, тәңіршілдік идеялардың қайта жаңғыруы және дәстүрлі діни орта арасындағы пікір қақтығысы зиялы ортада алаңдаушылық тудырғанымен, шын мәнінде бұл құбылыс қоғамның рухани әлсіреуін емес, саналы ізденіске бет бұрғанын көрсетеді. Екінші, ұзақ уақыт бойы қазақ қоғамындағы діни дискурс негізінен МОНОЛОГТЫҚсипатта болды. Уағыз айтылды, ал тыңдаушы тарап оны талқылаусыз қабылдауға тиіс еді. Сұрақ қою күмәнмен, күмән әлсіз иманмен теңестірілді. Мұндай ортада сенім дәлелдеуді емес, қайталауды талап етті. Ғылыми

  • Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Олжас Сүлейменов. Мен білем!.. 

    Серік Ерғали Суреттер: madeniportal.kz және С.Ерғали мұрағаттарынан алынды. «Я знаю!..» кітабынан үзінді-аударма. ОСИРИС ЗАҢЫ I Біз адамзат тарихын өте нашар білеміз. XIX ғасырдың басында Наполеон әлемге Мысырды ашты, ал ғалымдар бұл елдің қирандыларын зерттеп, оның шамамен б.з.д. III мыңжылдыққа тиесілі екенін анықтады. Сол кезде адамзат тарихы тағы да қос мыңжылдыққа тереңдей түсті. Бірнеше мыңжылдық бұрын (мен білем) адамзат (немесе оның кейбір бөлігі) таңбалы жазуды қолданып, жазып жүрген. Бұл білімдерді қалпына келтіру арқылы біз XX ғасырдың басында жасанды түрде үзілген тіліміздің тарихына қатысты қолжетер шындықты қайта тануымызға тура келді. 1926 жылы Бакуде өткен алғашқы түркологиялық конгрестен кейін түркология ғылым ретінде қалыптаса алмады… …2018 жылы Назарбаев мені әңгімелесу үшін Ақордаға шақырды. Үлкен үстелдің басында

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    «Алғашқы кітап» деректі бейнефильмі

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде. Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды. Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй – жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания

  • ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ ДЕГЕН ЕКЕН..

    Ел аузында қазақ оқымыстылары айтты деген сөздер аз емес. Белгілі ғалым, этнограф А. Сейдімбек құрастырған тарихи тұлға, асқан оқымысты Шоқан бабамыздың тапқыр сөздерін назарларыңызға ұсынамыз. * * * Омбыға оқуға жүрер алдында бала Шоқан әкесінің ел іші мәселесін шешудегі кейбір өктем, ожар қылықтарына көңілі толмай, «оқуға бармаймын» деп қиғылық салса керек. Тіптен көнбей бара жатқан баласын қатал Шыңғыс жәрдемші жігіттеріне байлатып алмаққа ыңғайланып: «Шықпаса көтеріп әкеліңдер, арбаға таңып аламыз!» − дейді. Сонда дәрмені таусылған Шоқан әкесіне: «Байлатпа! Абылай тұқымынан байланғандар мен айдалғандар жетерлік болған!» − деп тіл қатады. Бала да болса ақиқат сөзді айтып тұрған баласынан тосылған әке дереу Шоқанды босаттырып жібереді. * * * Петербургте Сыртқы Істер министрлігінің бір

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: