|  | 

Көз қарас

ҚАЗАҚТЫ ҚОРҚЫТА БЕРСЕҢ ДЕ, БӘРІБІР, ТҮБІ БАТЫР БОЛЫП ШЫҒАДЫ…

Өткендегі бір постымда: “Орысқұлдар қазір қазақты қытаймен қорқытатын болып алды” деп жазғанмын. Енді, сол ойымды кішкене тиянақтай кеткім келіп отыр. Күн сайын қаптап бара жатқандай көрінгенімен, қытайдың саны алпысыншы жылдардан бері бір-ақ есеге өсіпті. Алпысыншы жылдары алты жүз миллиондай болған деседі. Қазір олардың қарасы бір жарым миллиардтан сәл асты ғой деймін. Көзі қызық көршіміздің аса көп көбейе қоймағаны көрініп тұр. Бұған, “бір үйге бір бала” дейтін саясатының да салқыны тигендей. Жалпы, қытайдың бала санын шектеген осы идеологиясы олардың ұлттық психологиясына да кері әсер ете бастаған. Соғыс шыға қалса, жүңгөлықтардың жеңіске жете қоюы екіталай. Себебі, әр отбасы өзінің жалғыз баласын көзінің қарашығындай қорғайтыны белгілі. Дүние құрып кетсе де, аман болайықшы дейтін мінез бүгінгі қытайлардың болмысына сіңіп бара жатыр. Өткенде, жапондарға қарсы соғысқанын суреттейтін қытайдың бірнеше киносын көрген едім. Әлгі кинода, ханзулардың бәрін батыр етіп бейнелепті. Шындығына келгенде, бұның барлығы ойдан шығарылған өтірік болып шықты. Қытайдың сол кезде миллиондық армиясы самурайлардың рухы кернеген жапонның жүз мың солдатына қарсы (Ақтоғайда да қазақтың үш жүз аттылы жігіті, мыңнан астам қытайды қуып жүріп сабаған) тұра алмаған. Күншығыс елінің бірер солдаты қаптаған қытайдың алдынан шыға келсе, қытайлардың қолында автомат болса да, найзалы мылтық қана ұстаған жапон солдаттарының алдында тізесі қалтырап, қолын көтеріп, беріле салатын көрінеді. Жауынгерлік рухтан жұрдай ханьдықтар сол уақыттан бері аса көп өзгере қойған жоқ. Жер тырнаған халықтан жауынгер шықпайды. Елуінші жылдары, қытайлардың сарттарды қазақтарға қарсы айдап салғаны бар. Тиын санауды ғана жақсы білетін сарттардың қалың әскерін, сол жолы соғысқа әбден төселген қазақтың шағын қолы бірін қалдырмай қырып тастаған көрінеді. Қазақтар қытайларды да тура солай қырған. Жәә, әңгіме қытайлар туралы еді ғой. Олар өздерінің осы шама-шарқын жақсы біледі. Елуінші жылдары сондағы қазақтардың тәуелсіздік үшін арпалысып, шекараның арғы бетінде қатты ойран салғаны да әлі естерінен кете қойған жоқ. Қазақстандағы елшісінің өткенде: “Қытайдың Қазақстанға қарсы соғыс ашатын ойы жоқ” деп қайта-қайта қақсай бергені де содан)). Өкінішке қарай, орыстар осы бір қытайфобиясын кейінгі кезде қатты өршітіп жіберді. Қытайдан шындап қорқатын болса, бәрі біздің қолтығымызға келіп тығылады деп ойлайды-ау деймін. Оттапты! Жүңголықтар бұл қаулаған қауесетті өз мақсаттарына жақсы пайдаланып кетті. Қытайдың көзі ашық саясаткерлері де кейінгі жылдары мемлекеттерінің солақай саясатын ашық сынап, өзге елге көз алартатын әдетті тастауымыз керек. Бүйте берсек, бәрінен айырылып қалуымыз мүмкін деген сыңайдағы әңгімелерді жиі айта бастады. Қазіргі билігі осы пікірлерді ескеріп отырған сыңайлы. Өйткені, бір кездері өздерін билеген түрік әулеттерінің тарихын біреулер өздеріне қарсы пайдаланып, басқалар шекара дауын асқындырып жіберуі (Оларды түріктің бірнеше әулеті биледі. Арғы тегі Сібірден шыққан императорлары да көп. Ал, Сібір – қазақтың ареалы болатын!) ықтимал деген қорқынышы да бар. Ертеңгі күннің қалай боларын бір құдай ғана біледі. Тыныштық керек деп ойлайды. Кеше лентада бір ағамыз Шыңғыс ханға қатысты қорқынышын айтыпты ғой. Елдің үрейін ұшыра бергенді қоюымыз керек. Лимонов дейтін сорлының сандырағына да сенбеңіздер. Бұл да жаңағы қытайлардың өзге елдің өздерінен қорыққанын пайдаланып қана отырғаны сияқты, орыстардың қазіргі биліктен кейінгі саяси жағдайға ықпал еткісі келіп отырған астыртын әрекеті ғана. Былайша айтқанда, бұқараға жасалған манипуляция.. Кремльдегілердің мұндай масштабта соғыс ашатындай қауқары жоқ. Тағы бір басқыншылыққа бара қалса, ол империяның тарихындағы соңғы соғыс болатынын жақсы біледі. Сондықтан, “қорқыныштың қолы ұзын” деген факторды пайдаланып, жұртты үрей үстінде ұстағысы келіп отыр. Бізге де ойланатын нәрсе көп. Қазақстан қазір даңғырлап тұрған іші қуыс нәрсе сияқты. Еліміздің территориясы сұмдық үлкен болғанымен, халқымыздың саны өте аз. Қарап тұрсаң, Шығыс Түркістан, Алтайдан Астраханға дейінгі алып империяға бергісіз жерді кезінде бабаларымыз ынтымақ пен батырлығының арқасында ғана бізге аманаттап кеткен екен. Біз қазір бабаларымыздың қалған осындай ұлаң-ғайыр өлкенің бестен екісін ғана бауырға басып қалдық. Енді, қолдағы жерімізді қалай болса да қаракөздерге толтыру керек. Кейінгі жылдары, қоғамда, тоқал тақырыбын да қазақ үшін “табу” қылғысы келетін пиғыл байқалып жүр. Тоқал алу – қазақтың санын көбейтетін көп жолдың бірі. Өкінішке қарай, ұлттың болашағымен тығыз байланысып тұрған осы бір өте өзекті мәселені де біреулер тар ауқымда түсініп, жеке басының популистік мақсатына пайдаланып, арзан лайк жинаудың құралына айналдырып бара жатыр. Кішкене балама пікір болсын деген оймен, мақалаға татымайтын, шәй ішіп отырып, асығыс жаза салған “тіскебасар” дүнием еді. Енді, қалғанын өздеріңіз қорытып, талқыға салып жіберіңіздер… Қол тиіп жатса, бұл тақырыпты да кейін бір толықтырып, жақсылап тұрып жазармын….

Жолымбет Мәкіш

kerey.kz

12938358_999836796773974_9163248956300504569_n

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: