|  | 

Көз қарас

«Бүкiл Қазақстан бiлсiн»

СӨЗ БОСТАНДЫҒЫНА ҚАРСЫ СОТ

Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаевтың соттағы соңғы сөзi
9 ай бойы қаржы полициясы, прокуратура және соттар Матаевтардың журна­листiк отбасына бұрын-соңды болмаған қысым жасап келедi.
2016 жылдың 13 қаңтарында бiр мезетте билiк орындары тарапынан қуғындау басталды. Алдымен бiз­дi 300 миллион теңге көле­мiнде бюджет қаржысын жымқырдыңдар деп айыптады. Кейiн бұл сан 450 млн теңгеге жеттi. Сосын 1,5 млрд теңге шамасында табыс тапты-мыс деген желеумен 680 миллион теңгеге өсiрдi.
1996 жылдан 2016 жылға дейiн Ұлттық баспасөз клубы бiр тиын да алмады. Сiздер қаржының бәрi қазынашылық комитетi арқылы аударылатынын жақсы бiлесiздер. Бұл туралы бәрi бiлсе де, үнде­мейдi.
Осы соманы бүкiл елге жария еткен Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қар­сы қызметтiң басшысы Өте­ев пен ұлттық бюро төрағасының орынбасары Татубаевтар бiздiң отбасымызды аса ауыр қылмыс жасады деп айыптады.
Сотсыз және тергеусiз.
Қаңтар мен ақпан айларында олар бiр ғана нәрсенi – тергеумен келiсiмге ке­луiм­дi талап еттi, сонда ғана қылмыс­тық жауапкершiлiк­тен босататындарын айтты. Бiрақ менiң отбасым бұл ұсы­ныс­тарын қабылдамады, себебi тер­геу­мен келiсiмге келу – арыңнан аттағанмен бiрдей.
Қаржы полициясы менiң iсiмдi парламент сайлауына дейiн аяқтауға асықты. Бiз бас тарттық, сол кезде президент әкiмшiлiгi тарапынан қысым жасау басталды.
 Мен бас қаржы полицейi Қ.Қожамжаровтың қатысуымен Н.Нығматулинмен бiр­неше рет кездестiм. Нығматулин маған үзiлдi-кесiлдi талап қойды: айыптармен келi­сiп, тергеумен келiсiм жасауым, 65-бап бойынша өтiнiш­ке қол қоюым керек болды; мемлекетке келтiрген-мыс 600 млн теңге шығынды өтеудi және баспасөз үшiн брифинг өткiзiп, өз кiнәмдi толық мойындауға тиiс болдым. Мен ультиматумнан бас тарттым, себебi ол өзiме ғана емес, бүкiл қазақстандық журналистикаға шығарылған үкiм, барлық журна­листiк қоғамға жасалған соққы және тәуелсiз журналистикаға балта шабумен бiрдей болар едi.
Сол кезде менi қудалауды бастағандар ақырғы қадамға барды, менi ұстап, уақытша оқшаулау абақтысына қамады. Осыдан бастап күнiне 17 сағат бойына тергедi. Менi қорғаған баспа­сөзге, негiзiнен, шетелдiк ақпарат құ­ралдарына алғысымды бiлдiремiн.
Шұғыл түрде Алматыға бюро төрағасының орынбасары Т.Татубаев ұшып келдi. Олар мұны күтпеген едi, жарияланымдарды доғаруды сұрап жыларман болды. Мен бұдан бас тарттым, себебi бұл әрiптестерiмнiң кәсiби iсiне араласуды бiлдiредi және ол Конституцияда тыйым салынған нағыз цензураның өзi болады.
Жақындарыммен араласуымды шектеу үшiн менi, кейiн ұлымды қамауға алды. Гипертониялық сырқатым асқынса да, бiлiктi дәрiгер­лер көмегiне зәру еттi. Прокуратура мен сот менiң ден­сау­лығымды әдейi нашарлатты. Тiптi тергеушi Таубалды үйiме басып кiрiп, менi шұғыл түрде кардиологиялық орталыққа алып кетпек болған “жедел жәрдем” дәрiгерлерiне тыйым салған да жағдайлар болды. Ал мен соңғы 9 айда бұл ауруханаға бiрнеше рет жатып шықтым, онда да маған ем алуға мүмкiндiк бермей, шұғыл түрде ауруханадан шығаруды талап етiп, дәрiгер­лерге қысым көрсеттi. Маған 2 күрделi ота жасау керек едi. Оны қаржы полициясы жасатқан сот-медицина сараптамасы да растады. Бiрақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы емделуiме тыйым салды.
Маған емделуiме мүмкiн­дiк бермедi, менi тезiрек шығаруды талап етiп, дәрi­герлерге қысым көрсеттi. Дәрiгерлiк көмек алуыма сот төрағасы, судья Ақболат Құр­мантаев та негiз жоқ деген сылтаумен рұқсат бер­медi.
ЕҚЫҰ өкiлдерi бұл шешiм­дi азаптау деп атады. Ал оған Қазақстан қосылған БҰҰ конвенциясы тыйым салған.
Қылмыстық iс бойынша 300-дей куәдан жауап алынды, солардың iшiнде тек шенеунiктер ғана тергеу қысымымен кереғар жауаптарын бердi. Олар Ақпарат комитетiнiң бұрынғы басшылары Берсебаев, Қалиянбеков, Арпабаев, Қазанғап пен Байбосынов, сондай-ақ “Қазақтелеком” менеджерi Махамбетәжиев болды.
Қалиянбековты ауру деген желеумен ойыннан шығарып тастады.
Бiз кейiн бiлгендей, ол бұрын­ғыдай жұмысын iстеп жүр және мұндағы мәселе басқада. Қазiр ол Жоғарғы соттың ақпараттық қамтамасыз ету департаментiнiң жетекшiсi болып табылады.
Бiзге тағылып отырған барлық айыптар солардың көрсету­лерiне негiзделген, олар осы мәселеде тергеумен ымыраласты, бiрақ мен оларды арларын сатты деп санаймын. Олар маған және ұлыма күйе жақты, жеке бастарының қамын ойлап, әрiп­тестерiн қаралады. Олар – сат­қындар, өздерiнiң абырой-бедел­дерiн жұрдай еттi.
Осыны бүкiл Қазақстан бiлсiн.
Ендi менi және ұлымды қудалауға келсек.
Олардың iшiнде (қуғындаушылардың) қаржы полициясының, салық департаментiнiң қызметкерлерi, тергеушi прокурорлар мен тергеушi соттар бар. Әсiресе, қаржы полицейi Таубалды, прокурор Баташбаев, Шералиев, Құрақпаев және Абаев, судья Кунчаев пен судья Құрмантаевтар ерекше құлшыныс танытты. Барлығы 120 шенеунiктiң есiмiн қамтитын тiзiмдi Матаевтар тiзiмi деп атауға болады.
Олардың арасында журналист отбасын қудалаудың бастамашылары бар. Олар президент әкiмшiлiгiнiң бұрынғы басшысы Нығматулин, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы басшыларының бiрi Татубаев, жартылай олигарх және жартылай медиа-магнат Клебанов, соңғысы кезiнде Израиль азаматтығын алған.
Бiз бұл туралы бiрнеше рет ашық жаздық.
Солардың нұсқауымен менiң отбасымды қылмыстық қудалау басталды, солардың айтуымен Алматыдағы баспасөз клубының ғимараты бұзылды, солардың нұсқауымен Қазақстан Журналис­тер одағының жұмысы тоқтады, солардың айтуымен мүлкiмiз тұтқындалды, солардың айтуымен ұлымыз екеумiз ұзақ уақыт бойы үйқамағында отырмыз.
Матаевтар отбасын қылмыстық қудалаудың астарында не жатыр?
Ол кәсiби қызметiмiздi шектеу, Қазақстандағы сөз бостандығы мен журналистердiң азаматтық белсендiлiгiн қорғауға қарсы әрекет ету. Қудалауды бастағандар бұл туралы тiкелей айта алмады, сондықтан басқа жолды таңдады. Экономикалық заң бұзушылықтарды тауып, айыптарды мойынға iлу арқылы, рейдерлiк жолмен Ұлттық баспасөз клубының активтерi мен мүлкiн басып алуды көздедi.
Президент әкiмшiлiгiндегi кез­десудiң бiрiнде Нығматулин маған: “КазТАГ-ты” берсең бәрiн тоқтатамыз. Қылмыстық жауап­кершiлiктен босатамыз” дедi. Бiрақ Алматыдағы ғимарат пен Астанадағы “Журналистер үйiн” тәркiлейтiндерiн ескерттi. Ол маған: “Балаларыңды, немере­лерiңдi ойла. Бiрбеткейлiгiңмен оларға не қалдырасың?” дедi.
Ендi прокуратура мен сот айыптау үкiмi арқылы осы мүлiк­тердi тартып алуға тырысуда. Менiң мемлекеттiк марапаттарым жоқ, бiрақ журналистiк отбасым мақтан тұтатын жетiс­тiктерiм бар. Мен кеңес уақы­тын­да мүлдем жабық болған Невада штатындағы ядролық сынақ алаңына барған тұңғыш кеңес журналисi болдым. Мен кезiнде “Известия” секiлдi танымал басылымға жұмысқа алынған тұңғыш қазақ журналисiмiн. Мен Сауд Арабиясы королiнiң шақыруымен кеңес кезiнде-ақ Мекке мен Мәдинаға қажылыққа барған бiрiншi қазақпын. Мен прези­денттiң және премьер-минис­трдiң алғашқы баспасөз хатшысы болдым, мемлекеттiк билiк­тегi осы құрылымдардың iргета­сын алғаш өзiм қаладым.
Менiң отбасым барлық ақпараттық қызмет түрлерiн көрсе­тетiн, бiрегей пiкiрталас алаңына айналған Ұлттық баспасөз клубын құрды. Менiң отбасым бiр кездерi тiркеуден шығып қалған Қазақстан Журналистер одағын қайта жаңғыртып, елдегi iрi шығармашылық бiрлестiкке айналдырды.
Менiң отбасым бұрынғы кеңес уақытында танымал болған, бүгiнде әлемге белгiлi агенттiк – ҚазТАГ-тың атын қалпына келтiр­дi. Менiң отбасым Астанада жүздеген журналиске, менiң әрiптестерiме пана болған Қазақ­стан журналистерiнiң Үйiн салды.
Менiң отбасым Қырғызстанда, Тәжiкстанда, Өзбекстанда, Ауғанстанда, Иран мен Қытайда аймақтағы ақпараттық желiге айналған және әлемде баламасы жоқ ақпарат агенттiктерiнiң желiсiн құрды.
Бұл ақпараттық активтердiң бәрi Қазақстанның мүддесiне жұмыс iстейдi, әлемге елiмiздi таныстырады және республиканың жағымды имиджiн таратады. Мұны мен бiреудiң кешiрiмi­не ие болу немесе аянышын туғызу үшiн айтып тұрған жоқпын.
Мұның бәрiн дерек есебiнде келтiрдiм.
Өйткенi кез келген журналис­тiң жазған дүниесi соларға негiзделуi керек. Ал тергеу, прокуратура және соттағы дәлелдемелер о бастан-ақ нақты деректерге сүйенуi керек. Мұның бiрi де iстелмедi.
Мұның бәрi тапсырыс туралы ойға жетелейдi. Ал оның бастамашылары – саяси мемлекеттiк қызметкерлер. Демек, бұл менiң және ұлымның аузын жабу үшiн, кәсiби қызмет пен азаматтық белсендiлiктi шектеу мақсатында жасалған саяси тапсырыс деу­ге толық құқығым бар. Бұл менiң және ұлымның үстiнен ғана өтiп жатқан сот емес. Бұл – қазақстандық журналистикаға қарсы сот. Қазақстандағы сөз бостандығына қарсы сот. Өз ойын бiл­дiру еркiндiгiнiң үстiнен өткен сот.
Мен және ұлым Әсет ешкiмге ештеңе қарыз емеспiз. Бiз ешкiмнiң алдында мiндеттi емеспiз. Бiз бiреуден кешiрiм сұрайтындай заң бұзған жоқпыз. Бiз өзiмiздi кiнәсiзбiз деп санадық және санаймыз да. Бiздi жеңе алмады және тiзерлете алмады. Бiз тергеумен келiсiмге бармадық, Матаевтар журна­листiк отбасының басты капиталы – жақсы атымыз бен беде­лiмiздi сақтап қалдық.
Назар аударғандарыңызға рақмет.

Related Articles

  • Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады?

    Zhalgas Yertay         Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін қатаң шешімдерге барғысы келмейді дейік. Бірақ қазіргі заңнама аясында мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Соны ойланып көрейік. Қазақ тілін дамыту жайын айтқан кезде Қазақстан билігі қоғамды екіге бөледі. Бірі – тілді дамытудың радикал шешімдерін ұстанады, екінші жағы – қазіргі статус-квоны сақтағысы келеді, яғни ештеңе өзгертпей-ақ қояйық дейді. Бірақ екі жолды да таңдамай, ортасымен жүруді ұсынып көрсек қайтеді!? Батыл қадамдарға барайық, бірақ ол радикал жол болмасын. Қазақ тілін күшпен емес, ортаны дамыту арқылы күшейтсек болады. Яғни адамдар тілді үйреніп әуре болмай-ақ, халық жай ғана қазақ тілі аясында өмір сүруді үйренсін. Негізгі ой осы. Біз осы уақытқа дейін адамдар ортаны

  • Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Елдес Орда, тарихшы: «Түркістан» атауын қолдану – аймақтағы жұмсақ күш позициясын нығайту тәсілі

    Фото ашық дереккөздерден алында Өткен аптада Түркияның ұлттық білім министрлігі мектеп бағдарламасына «Түркістан» деген терминді енгізген еді. Шетел басылымдарының жазуынша, бұл атау енді «Орталық Азия» ұғымының орнына қолданылмақ. Білім министрі Юсуф Текин жаңа атау түркі әлемінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталғанын айтады. Оның сөзінше, үкімет оқу бағдарламасынан империялық мағынасы бар географиялық атауларды алып тастамақшы. Ең қызығы, «Түркістан» аумағына Қазақстаннан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Тәжікстан жатады екен. Сондай-ақ кейбір басылымдар бұл терминнің Қытайдың батысында орналасқан Шыңжан өлкесіне қатысы барын да атап өтті.  Кейбір ғалымдар «Орталық Азия» термині колониализмнен қалғанын жиі атап жүр. ХХ ғасырдағы әлемдік академиялық ғылымды сол кездегі ірі империялар қалыптастырғандықтан, бүгінде мұндай терминдер мен атаулар халық санасына әбден сіңіп

  • АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    АБАҚ АНА ЖӘНЕ ТАСБИКЕ АНА

    Мәми би Жұртбайұлының шежіресінде айтылуынша Керей ұлысының арғы тегі – Шеп, Сеп, Байлау, Қойлау, Елдей, Көлдей, Изен, Жусан секілді тайпалардан таралады екен. Аталған тайпалардың біразы ескі тарих беттерінен кездессе, енді бір бөлімі қазірге дейін Керей руындағы аталардың есімі ретінде аталып келеді. Мұның бір себебін арғы тарихтағы аталардың аты өшпесін деп кейінгі ұрпақтарының аталар атын қайта жаңғыртып қойған дәстүрінен қарау керек. Абақ атауына келсек, арыда Керей ханзадалары мен ханышаларының арасында Абақ, Абақберді, Абахан, Абақтай, Абақай, Абақ бике сынды есімдер болған. Сол ата-апаларының жолын жалғаған, тозып кеткен Керей елінің басын қосып, оған әз ана болған Абақ есімді қасиетті ана өмірде болған адам. Қазақ тарихында ру атына айналған әз аналар аз болмаған. Көрнекті жазушы,

  • ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

    ТАРИХ ҒЫЛЫМЫ ҚАЗІР ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТОПТАРДЫҢ  МЕНШІГІНДЕ

         Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың бұрында да «Қазаққа қандай тарих керек? Тәуелсіздік кезеңінде жасалған тарихи мистификациялар хроникасы» деп аталатын мақаласын  (22.05. 2025. Zhasalash.kz) оқып ем. Риза болғам. Жақында Ө. Тұяқбайдың «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» (02.10. 2025. Zhasalash.kz) атты тағы бір мақаласымен және таныстық. Өте өзекті мәселені көтеріпті. Тарихта орын алып жүрген жағымсыз жайттар турасында ой толғапты. Журналистерді, блогерлерді айыптапты. Тарихтан арнайы кәсіби дайындығы жоқ, бәрін бүлдіріп болды деп.  Келеңсіздікті тоқтатудың нақты жолдарын ұсыныпты. Бұған да көңіліміз бек толды. Әйтсе де тарихты бұрмалауға, өз өтіріктерін насихаттауға тек журналистер мен блогерлер ғана емес, «арнайы кәсіби дайындығы бар» «тарихшылардың» да «зор үлес» қосып жатқанын баяндап, айтылған пікірді одан әрі өрбітіп, жалғастырайық.

  • ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

    ЖАЛБЫРҰЛЫ ҚОЙБАС ЖАЙЫНДАҒЫ КҮМӘНДІ КӨҢІРСІК ӘҢГІМЕЛЕР

                          1. АМАНДЫҚ КӨМЕКОВТІҢ АЙТЫП ЖҮРГЕНІ – АЙҒАҚСЫЗ БОС СӨЗДЕР        Қазақстанның батыс аймағында ғұмыр кешкен өнерпаздың бірі – Жалбырұлы Қожантай  жайлы соңғы кезде қисыны келіспейтін неше түрлі әңгімелер өріп жүр. Мұның басында тұрғандардың бірі – Амандық Көмеков. Бұрында да оның, басқа да кісілердің елді адастыратын негізсіз сөздеріне байланысты нақты дәлелдер келтіріп, «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды» деген атаумен түзген сын мақаламызды республикалық «Түркістан» газеті (28.09. 2023 жыл) арқылы жұрт назарға ұсынғанбыз-ды. Әлеуметтік желіде Азамат Битан есімді блогердің жуырда жариялаған видео-түсірілімінде А. Көмеков өзінің сол баяғы «әләуләйіне» қайта басыпты. Сөзін ықшамдап берейік, былай дейді ол: «1934 әлде 1936 жылы (?) Мәскеуде өткізілетін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: