|  |  | 

Көз қарас Саясат

ТҮРІК АЗАМАТТАРЫН ҰСТАП БЕРУ –  ИНВЕСТИЦИЯҒА ҚАУІП

Марат Токашбаевturkya askeri

Түркия елінің сайттарын шолып отырғанда Түркия Әділет министрлігі Халықаралық құқық және сыртқы байланыстар департаменті жариялаған мәліметтер қатты таңдандырды. Өткен жылы 16-маусымда жүзеге аспай қалған әскери төңкеріс әрекетіне қатысы бар деп айыпталған азаматтар қатары еселеп өсе түскен. Енді елдің Әділет министрлігі Түркияны қойып, сырт елдерде қызмет ететін түрік азаматтарын қудалауды бастапты. Оларды мәжбүрлеп елге қайтару, сөйтіп қолға түсіру амалдары қарастырылып жатыпты. Министрлік Мозамбик, Румыния, АҚШ, Бельгия, Босния Герцеговина, Бразилия, Болгария, Марокко, Оңтүстік Африка, Голландия, Қырғызстан, Солтүстік Кипр Түрік республикасы, Польша және Қазақстан сияқты 16 елде тұрып жатқан түрік азаматтарын сол елдерден Түркияға қайтаруды талап еткен құжаттар жіберген. Қазақстаннан қазірше екі адамды қайтару сұралыпты.

Еуропа кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі комиссары Нилс Мулцер (Nils Mulzer) Түркияда өткен жылы Төтенше жағдай жарияланған кезден бері 82 113 адам ұсталғанын, 41 254 адам тұтқынға алынғанын, 115 457 адам жұмыстан шығарылғанын, оның ішінде 3843-і ғалым екендігін, 195 сот пен прокурор қызметінен қуылғандығын, 200-ге тарта бұқаралық ақпарат құралы жабылғанын, 145 журналист түрмеде екендігін хабарлаған болатын. Сондай-ақ елде 1125 ассоциация, 104 қор, 19 одақ, 15 университет, 934 арнайы мектеп пен 35 арнаулы медициналық мекеме бірден жабылған.

Еуропа кеңесінің Адам құқықтары жөніндегі комиссары Нилс Мулцер Түркияда төтенше жағдай жарияланғаннан бері белгілі кісілер үшін әділ соттау құқына әсер ететіндей адвокат-клиент қатынасының құпиялылығын қосқанда адвокат жалдау құқы мен зиярат құқықтарын шектеушіліктер, кез келген мекеме қызметкерін (жұмысшыларды да қосқанда) ешқандай талап, дәлелсіз жұмыстан қуушылық, тергеудегілердің немесе қамалғандардың паспорттарын сот шешімінсіз автоматты түрде жарамсыз етіп тастау етек алғанын да көлденең тартады.

Жаппай қуғындау етек алған тұста бұрын сотталған қылмыскерлерді арнайы амнистия арқылы босатып жіберіп, олардың орнына түрмелерге көбіне зиялы қауым өкілдерін тоғыту етек алғаны өкінішті. Осыған байланысты шетелдердегі азаматтарын Түркияға ұстап беру олардың ары қарайғы өмірі үшін өте қауіпті. Қарапайым тілмен айтқанда олардың жанын сақтауға ешкім кепіл бола алмайды.

Адам құқықтарын бақылау ұйымы (HRW) 2016 жылғы баяндамасында Түркияны қатты сынады. «Freedom House» мемлекеттік емес ұйымының Әлемдегі Бостандықтың 2016 жылғы жағдайы туралы «Халықшылдар мен автократтар: Әлемдік Демократияға төнген қауіп» атты баяндамасында Түркияда соңғы 10 жылда еркіндіктің мүлде кенжелеп қалғандығы сыналды.

Бүгінгі күнге дейін түрлі себептермен түрмеде қаза тапқандардың саны 30-дан асып кеткен. Шетелдік сарапшылар мұны зорлық-зoмбылықтың салдарынан болуы әбден мүмкін дейді. Жаңа босанған әйелдердің өзін 2-3 сағаттан кейін «әскери төңкеріске» қатысы бар деген желеумен перзенханадан тергеу изоляторына қамаған оқиғалар да орын алған.

Сондықтан да болар АҚШ, Грекия, Бельгия, Голландия сияқты бірқатар елдер Түркияның талабын орындаудан бас тартып отыр. Өтініш жасаған түрік азаматтарына саяси баспана беру жағы да қарастырылуда.

Осындай жағдайда Қазақстан тарапы да Түркияның талабымен түрік іс адамдарын, кәсіпкерлерді еліне қайтарудан сақ болғаны жөн. Өйткені, ұстап берілген сол азаматтардың Түркияда әділ сот таразысына тартылуына еш кепілдік жоқ. Екіншіден, биылғы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі тұсында мұндай қадам Қазақстан беделіне нұқсан келтірері анық. Әрі халықаралық құқық қорғау ұйымдарының Қазақстанға сенімсіздігі арта түседі. Ең сорақысы өздерін ешкім қорғамайтынына көзі жеткен шетелдік кәсіпкерлер біздің елімізге инвестиция салудан қашатын болады.

Бұл біздің еліміз үшін мүлде пайдасыз. Қазақ қырғидан қашқан торғайды да үйіне паналатқан ғой. Сондықтан Қазақстан үшін байыпты ұстаным қажет деп ойлаймын.

Марат Токашбаевтың facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: