|  |  |  | 

Көз қарас Тарих Тұлғалар

Шығыс  Түркістандағы  Алаш  рухы

unnamed (2)

Алтайдан Атырауға дейін созылып жатқан ұланғайыр жердің бір бөлшегі шығыс Түркістан. Негізінде ол ұлы «Қаһарлы Алтай» еді! Адамзаттың алтын бесігі саналуының сыры жері мен елі батыр…

Әттеген-айы! Қайсыбір найсап қолдардың шекараны бөлшектеп  қате сызғанымен, ырықсыз құйырығын үзіп, ұлы денесінен айырылған күйінде қансырап жатыр. Шығыста қалған бауырлардың қайғысы мен мұңын, тулаған ыстық қанын Ертіс арқылы сезінуге болады. Шығысы мен батысына салт  атты кісі алты айлық жол жүруге тура келетін қайран Алтай қайырылмас болды.

Шығыс Түркістанның көкжалы Оспан батыр қолбасшылық ететін қазақ атты жасауылдары 1940 жылы  Шың Шысай әскеріне қарсы Ышқынтыдағы шайқаста орыстың генералы Разборовты өлтіреді. Генералдарының  сүйегін сұраған орыстарға Ырысхан: «Сендер 1937 жылы Мәскеуге апарып өлтірген Әлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынның басын әкеліп беріңдер. Сонда біз де генералдарыңның сүйегін қайтарамыз», – деген жауап береді. Шығыс Түркістан қазақтарының Алаш арыстарының өміріне қанық екені осыдан-ақ байқауға болады. Тарих  парақтарына үңілсеңіз, қазақтарды бұл жақта Итшеккенге айдаса, арғы бетте Тарым лагеріне апаруы,  хан Кененің тағдырын Зуқа, Оспан батырлардың қайталауы, Алаш арыстарының тағдырын Алтайдың атты жасақтарының қайталауы, Алтайдың арғы беті мен бергі бетіндегі халық жауы мен банды атауы тағылып атылып кеткендер қанша ма? Таңжарық Жолды ұлы тас босағадағы азапты қинаудан дімкастануы Қажығұмар Шабданұлының өмір бойы түрме де отыруы тағысын-тағылар. Бұлар  жәй сәйкестік емес, коммунистік жүйенің  салқын саясатының кесапаты.

1918 жылы Алаш идеясын тарату үшін,  Шыңжаңға Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Салық Аманжолов, Райымжан Мәрсековтердің Шәуешек және Үрімжі қалаларына барып қайтуы тегін емес. Бәрінің  көксеген мұрат-мақсаты Шығыс Түркістан жерін азат етіп, қазақ даласына қосу болатын.

Халқымыздың бағзыдан келе жатқан салт-дәстүрі, таным-түсінігі табиғаттанудан бастау алады. Неге дейсіз бе, көшпенділер өмірінің тұтас тарихы табиғатпен етене біте қайнасып кеткен. Сол үшін таулардан асқақтықты, сулардан мөлдірлікті, дархан даладан кеңдікті үйренді. Бүгінгі арайлы таң бізге өздігінен келе салған жоқ. Сан мың баһадүрлердің табан ет, маңдай терінің жемісімен келді. Бұл даланы қастерлеп, көзіміздің қарашығындай қорғау бәрімізге ортақ аманат.

Бір жарым ғасырдың куәсі болған,  Алаш орда идеясының негізін қалап, ұлт мұратын ұлықтаған қазақтың жампоз оғланы; Әлихан Нұрмұхамедұлының тұтас ғұмырнамасы мен еңбектері тәуелсіз елдің алтын арқауы, баға жетпес жақұты болатынына ешкімнің таласы жоқ!

Ұлтымызда «Уызына жарыған»-деген сөз бекер айтылмаса керек;  Арғы атасы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын  төре тұқымыболып келетін Әлиханның бор кемік, бос белбеу болуының қақысы жоқ еді. Бүгін де, бәріміз елеңдеп қаңсығы мен таңсығына құштар боп жүрген батыстың жылымық мүңкіме саясатын Алаштықтар  ерте сезді, әрі соған қарекет жасады. Ауып келген кірме тағылардың бабалардың қаны, аналардың тері сіңген жусанды даласын бастырмауға қарекет жасап бақты. «Мәңгілік ел» болып қалудың қамын ғасыр бұрын солар ойлады. Ұлтының ертеңіне алаңдап тілін, ділін, ғұрпын жоғалтпаудың жолын іздеді. Көшпенді халықтың көкірегіне сәуле білім арқылы жанатынын, болашақтағы теке-тірес ғылым арқылы болатынын аңғарды. Сөйте тұра, арыстар қазақ әдебиетін де қарлығаштай қанатымен жан сала қорғады. Абайды орыс халқына таныту керек екенін Әлихан алғаш қолға алды. Бұл қадамға баруының сыры ұлтымыздың қастерлі сөз өнерінің хикметін мұжықтарға көрсету еді…

Олар, ұлтына адал перзент болып, сатылмағандықтары үшін атылды. Біз жаһанданып бара жатқан заманның тұнбасына шым батып құлап кетпеу үшін, өткен тарихымызды естен шығармай ілгерлеуге міндеттіміз. Олардың біздің көшіміздің жезбұйдасын қолымызға ұстатқан қасиеттілер.

Әлиханның атасы Жәңгірдің сыртқа шығарып бала оқытуы, орман отырғызып, мал нәсілін сапаландырып жақсартуды қолға алуы. Бүгінгі техникасы мен мүмкіндігі қолайлы, қатынасы орайлы заманда  жаңғырта алмасақ бізге сын. Ширек ғасыр толған тәуелсіздігімізді тойлаған тұста, ұлт зиялылары мен мақтаныштарына баға бермесек, теңізге лақтырылған құйттай тас құрлы қауқарымыз қалмас.

Әлихан Нұрмұхамедұлы түрлі саяси қызметтерге жегіле жүріп, қазақ ұлтының генетикалық коді мен жадысы туралы толғанды. Ұлтының бейқам сәтін  пайдаланып санасын жаулап кетуге асыққандардың,  жымысқы ойын іске асыруына бөгет бола алды. Бүгінгі күннің қадіріне жету үшін, өткенімізді естен шығаруға болмайды. Рухани жаңғыру үшін бойымыздан

Алаш рухы өшпесін!

Көгедай ШӘМЕРХАН                                                                                                                                                                                                                     kerey.kz

Related Articles

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: