|  | 

Көз қарас

ҚАНДАСТАРЫМЫЗҒА  ҚЫСЫМ ЖАСАЛМАСЫН!

Марат Токашбаев

Қазақстан мен Қытайдың ресми қарым-қатынасы өте жақсы бағаланғанымен, бейресми байланыстарына сызат түскен тәрізді. Қытайдағы қандастарымыз екі елдің өзара достық қарым-қатынасы негізінде Қазақстанға еш кедергісіз, заңды түрде емін-еркін келіп-кетіп тұрған болса соңғы кезде бұған тосқауыл қойылды. Бұл туралы бүгін “Қазақстан” баспасөз клубында өткізілген баспасөз мәслихатында (спикерлер Р.Жұмалы, М.Тоқашбаев, О.Қыдырәліұлы) айтылды.

Мұндай жағдай ШҰАР басшылығына 2016 жылы тамыз айында бұрын Тибетті басқарған Чын Чуанго келгелі бері өршіп кеткен. Үстіміздегі жылдың басынан бері Қытайдың негізінен қазақтар тұратын аймағында, тұрғындардың ең алдымен шетелге шығатын төлқұжаттарын жаппай жинап алып, олардың Қазақстанға шығуына тыйым салынды. Бұрын Қазақстанға туысқаншылап немесе турист ретінде саяхаттап барған кез-келген қазақ тергеуге алынып қысым көрсетілуде. Айлап, апталап «саяси үйрену» орталықтарына жіберіліп, кейбіреулері қисынсыз жаламен бірнеше жылға сотталып жатыр.

Қазақстанда оқитын жастарды кері шақырып, ары қарай оқуына тыйым салынуда. Қайтып оралудан бас тартқандардың ата-аналарына қысым жасалуда. Сотталғандардың қатарында көзі ашық зиялы қауым өкілдері де, қарапайым малшылар да баршылық. Олардың алды 12-13 жылға, арты бір жылға жазықсыз жаза арқалап кетті. Бірқатары әлі үкім шықпағандықтан түрмеде жатыр.

Тағы бір сорақысы тек әншейін ислам дінін ұстанғаны үшін жазаға тарту да етек жайып барады. Бұрын қытайдағы мұсылмандарға өздері тұратын өңірлерде мешіт-медресе салып, университет ашып берген Қытай өкіметі аяқ астынан өзгеріп, өмір бойы имам болған, молда болған адамдарды уағыз айтып, Құранды насихаттағаны үшін, жастардың некесін қиғаны үшін түрмеге тоғытуда. Тіпті таяуда екі имам (Әкімат Имам) түсініксіз жағдайда мерт болды. Оларға «өзін өзі өлтірді» деген қисынсыз сылтау көлденеңдетілді. Мұсылмандардың арасында мұндайға жол беруге болмайтыны басқа, басқа имамдарға әбден белгілі жайт қой. Олардың мәйітін туыстарына ашқызбай, жудырмай арнайы жасақпен көміп болғанша бақылап тұрған. Тіпті қазақтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына шектеу қойылып отыр.

Қаза тапқан адамдар арасында қамалған екі інісін артынан іздеп барған Өмірұзақ Мақан жергілікті полиция қызметкерлері жөнсіздігінің салдарынан қайтпас сапарға аттанған. Жасы елуден асқан Зейнолла Рақыжан «Қазақстан тыңшысы» деген айыппен 13 жылға, Жарқынбек Қасымбайұлы балаларын Қазақстанға жібергені үшін 10 жылға, Дәуітхан Тергесіз Қазақстанға көшпек болғаны үшін 12 жылға, Берікхан Доланхан екі жастың некесін мұсылман жолымен қиғаны үшін 10 жылға, Салықұлы Сарқытжан Қазақстан мен Түркияға қыдырып барып келгені үшін 10 жылға сотталып кетті. Бұл тізімде отыздан астам адам бар.

Қазақстанға көшуді ойлаған Арынғазыұлы Санат, Сағыныш Мейрамбекұлы, Серік Қалибек, Мейрамбек Бекен, Гүлзина Әуелхан сияқты азаматтар әлденеше айлардан бері қамауда зарығып жатыр. Медреседе оқыған немесе заңды түрде мешітте имам болып қызмет істейтін Досан Бейсенбекұлы, Оқан Имам, Нұржан Ахметжан, Қуаныш Имам, Кенжебай Әлихан, Нұрлыбай Қоңырбай сияқты азаматтар алды 10 жыл, арты төрт жыл мерзімге сотталған. Мұндай қисынсыздықтар Қазақстандағы қандастардың наразылығын туғызып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясында» көзделген қарапайым адам құқықтарының Қытай сияқты держава тарапынан аяқ асты етілуі ақылға сыймайды.

Бұл екі елдің арасындағы саяси-экономикалық әріптестікке салқынын тигізері анық. Сондықтан аталған мәселелердің халықаралық құқық шеңберінде, екі мемлекеттің өзара ынтымақтастық, әріптестік байланыстарының арнасында түсіністікпен оң шешімі тапқаны ләзім. 18-қазан күні Бейжіңде қатарында 90 млн мүшесі бар Қытай Коммунистік партиясының ХІХ сьезі ашылмақ. Онда ҚКП тәртіпті қадағалау жөніндегі Орталық Комиссиясының да есебі тыңдалатын болады. Сол алқалы жиында ШҰАР басшысы Чын Чуанго «жолдастың» заңсыз әрекеттеріне тиісті баға беріледі, сөйтіп екі елдің арасындағы келеңсіздіктер тоқтатылады деп үміттенеміз.

facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Тоқаев мырза тіл жайлы тағы бірдеңе депті 

    Zhalgas Yertay Орыс тілінің мәртебесін еш төмендетпедік, оның бәрі күңкіл сөз деген екен. Қазақ тілінің де мәртебесі төмендеді деп байбалам салмаңдар деп ұрсыпты. Алдымен жауабы жоқ сұрақтардан бастайық. Тоқаев мырза, егер ештеңе өзгермесе, онда “тең” сөзінің “қатарға” ауысуы жай көз алдау әрекеті ме? Қоғамдағы градусты басуға талпыныс қана ма? Қазіргі мемлекеттік бюрократиялық аппараттың статус-квоны сақтап қалуға тырысуы деп бағаласа бола ма? Енді Тоқаев мырзаның әр сөзіне тоқталсақ.“Жаңа Конституция мәтінінің ресми құжат ретінде қазақ және орыс тілдерінде жариялануы көп нәрсені аңғартпай ма? Бұл жерде түсініктеме беріп, ақталудың өзі артық”Иә, қазіргі қазақ тілінің проблемасы да сол – қазақ тілі мен орыс тілінің құқықтық теңдігі мемлекеттік тілді кемсітіп тұр. Өйткені бюрократия құжаттарды орысша әзірлеп, кейін

  • Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Конституцияда қазақ тілін мемлекеттік әрі ресми тіл етсек, басқа тілдердің құқы шектеле ме?

    Бұған нақты жауап – жоқ, бұл шешімнен ешбір тілдің, соның ішінде, орыс тілінің де құқы шектелмейді. Неге? Өйткені конституциядағы мемлекеттік тіл мәртебесі биліктің жұмыс тілін ғана реттейді. Ол норманың қарапайым адамдардың қатынас тіліне қатысы жоқ. Яғни, мемлекеттік тіл – мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары жұмыс істейтін тіл деген сөз. Бұл шешім орысша сөйлейтіндердің құқығын шектемейді, орысша сөйлеуге тыйым салмайды. Қарапайым адамдар үйінде, қоғамдық орындарда, бизнесте, медиа мен мәдениет ошақтарында қалаған тілінде сөйлей де, жұмыс істей де алады. Бұған конституцияның басқа баптары нақты кепіл болып отыр. Ал жаңа конституцияда 9-баптың 2-тармағы қазіргі күйінде қалса, бұл – қазақ тілінің құқығын шектейді. Себебі мемлекеттік органдар құжаттарды өздері үйренгендей алдымен орысша жазып,

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: