|  |  |  | 

Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Санкт-Петербургте Кенесары ханның кісесі сақталғаны анықталды

kenesari qan

Алаш әскері тақырыбын зерттеп жүріп, Сейілбек Жанайдаровтың 1915 жылы Санкт-Петербургтегі Ресей этнографиялық музейіне Кенесары ханның кісесін тапсырғаны туралы дерек кездестірдім. Бұл жәдігер «Ксе – пояс киргизского хана Средней Орды» деген атпен аталған музейдің қорында бүгінгі күнге дейін сақталған екен. Оны мәдениет және спорт министірі Арыстанбек Мұхамедиұлымен Санкт-Петербургтегі музейге барғанда өз көзімізбен көруге мүмкіншілгі туды.Berik  Abdygaliuly суреті.
Сейілбек Жанайдаров 1918 жылы Атбасар Алаш әскери дивизионын құрған әрі Алашорда үкіметінің кандидат мүшесі болған азамат.
Бұл жәдігер Сейілбек Жанайдаровтың қолына қалай түскенін зерттей келе анықтағанымыз – ол кісені Сейілбектің атасы – Кенесары ханның әскери қолбасшыларының бірі Жанайдар Орынбайұлынан қалған мұра екен. Жанайдар батырдың ерліктері туралы Мұса Шормановтың, Мәшһүр Жүсіптің, Доскей ақынның, Жамбылдың, Иманжан Жылқайдарұлының естеліктері мен жырларында кездеседі. Сондай-ақ, бұл туралы І.Есенберлиннің «Қаһар» романында да жазылған.

Berik  Abdygaliuly суреті.
Батырдың ұрпақтарының айтуынша, Кенесары хан өзін өлімнен бірнеше рет қорғап қалғаны үшін әрі көрсеткен ерліктері үшін аталған кісені Жанайдар Орынбайұлына тарту еткен. Жалпы Кенесары өз батырларына соғыста көрсеткен ерліктері үшін орден-медаль орнына алғыс ретінде үлкен сый-сияпат, марапаттайтын дәстүрі болған. Сондай-ақ Көкшетау шайқасында жеңіске жеткені және шынайы ержүректік көрсеткені үшін Кенесары Ағыбай батырға атасы Абылай ханнан қалған қанжарды тарту еткен екен.
Бұл туралы ақпаратты жақын арада толығырақ көрсетем.

Berik Abdygaliulyның facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Ақын ҒАФУ ҚАЙЫБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ

    90 жыл Ақын ҒАФУ ҚАЙЫБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ “МЕН ДЕ ҚАЙТА ТУЫП КӨРЕЙІНШІ (отызжылбұрынғы мерей тойданестелік)   88-жыл болатын. Ғафаңның 60-жылдық мерей тойыАрқалықтанбасталды. Арқалыққаласындаоблыстықпартияныңбіріншіхатшысықатысқанщығармашылық кеш Горняк мәдениетүйіндеөтті. Оданкейін Амантоғайда, Аманкелдіауданындааталды. Жолдағысовхоздар Абай, Албарбөгеттендекүтіпқонағасыберушілерболды. ТорғайдаҒафаңныңатабабасыныңтуғанжеріШұбалаң. Шұбалаң мен ауданорталығыныңарасында “Ғ.Қайырбековаиындағыоқушыларлагері бар, Ғафаң, Бәдешжеңгеміз, жазушыСәкенЖүнісов, оныңжұбайымінгенмәшинелерсолбалаларлагерінесоқты. Тұрғанжерікеремет, суымөлдір, тамашадемалысорныекен. Қонақтарсоғантамсаныпбіразжүрді. Сссыноларбалаларасханасынаннанауызтиді. Соданшығып, Мерей тойдытойлаушыларТорғайғажақын, лагерденбіршақырымдайжердетұрған Торғай өзенніңБатпақсуат деп аталатын жағасынакелді. Суатдеседегендей, суғаапаратынжалғызаяқжол бар екен, жанжағықопа. НегізіненосыданалпысжылбұрынҒафаңныңтуып, кіндігікесілгенжері осы. Солсуатқакеліпкөпмәшинелерүйіріліптұрақалды. Ғафаң ,Бәдешмәшинелеріненасықпайтүсті. Басқамәшинелерденбір топ әйелдертүсіп, ақынғақарайжамырайкеліп, өзіжепжеңілҒафаңдықолдарынакөтеріпалды. Сөйтсе, бұларжеңгелеріекен, “”Қазірсенітуғанжеріңеаунатамыз!” деді. Ғафаңжеңгелерініңайтқанынакөнген “Ал, аунатсаңдар, аунатыңдар, мен де тағыбіртуыпкөрейін” деген. ЖеңгелеріҒафаңдысөйтіпөзенжағасынабірбіраунатыпалған. СолжергеБәдешжеңгемізбіруыскүмістеңгешашқан. “Оны “Ғафаңныңжасын, абыройынберсін” дептеріпалыпжатқандарболды.     ЖұматӘНЕСҰЛЫ ҒАФУҒА (арнау өлең) Батпақсуат өзеннің бергі беті, Су алуға келіншек барған кезде, Батпағы сәл тобықтан асар

  • Қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін”

    Сайрагүл апайдың жеңісін шын жүректен құттықтаймын. Сот шешімінен кейінгі қуанышты бейнесін қайта қайта көріп қатты қуандым. Қуанбаған жұрт жоқ екен сол маңда. Сайрагүл апайдың бейнесіне қарап сан ойға баттым… Қытай қазақтарының мәселесі туралы осыған дейін де азаматтық пікірімді айтқамын, пост тұр. Менің жеке пікірімше қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін” деп дәуір бөлгіштік сипатқа өзгеруі мүмкін. Қазір, біздің жұрт тек ғана қуанышты құттықтап тойлаумен әбігер боллып жатыр екен бірақ мәселеге үлкен маштабтан қарап стратегиялық талдау сараптау жасау жағы жетпей тұр. Қытайдан заңсыз шекара бұзып өту оқиғасы Сайрагүлге дейін де болған (меніңше Сайрагүлден кейін де болады…), Сәбет-Қытай арасындағы қырғиқабақ кезінде қытайдағы Сәбетшіл қазақ ұлтшылдары мен жас зиялылардың біразы заңсыз

  • 1912-жылға дейін Қытай территориясы екі үлкен бөліке бөлінген.

    Eldeç Orda 1912-жылға дейін Қытай территориясы екі үлкен бөліке бөлінген. Бірі, Манжур үкіметіне шын тиесілі заңды территория. Екіншісі, Жанжур үкіметіне сырттай тиесілі баламалы территория. Заң бойынша бұл баламалы территория қалаған уақытында Манжур территориясынан шығып кете алады. Сіз мына картадан қытайға тиесілі яғни Цин мемлекетіне шын тиесілі территорияны нобайлап болсада анық көре аласыз. Бұл картадағы Тибет, Моңғол, Ұйғыр және Қазақ территориясының Цин-ге кірмеуінің себебі неде? Себебі мынау: Олар Цин қағанатына жылына бір рет сырттай салық төлемін өтеп тұрған, Цин үкіметі сырттай салық өтеуші елдің ішкі ісіне килікпеген, ішкі істері, ішкі мәселесі өз ырқында болған, Бірінің сыртқы-ішкі істерін Ресейдің Орынбор, Қазан, Ташкен шаһарлары шешсе, біріне Индиядағы Моғол және алыстағы Осыманлы билігі араласып

  • Қадуан мен Сунь Мэилин

                  1944-жылы Шың Шысайдың онбір жылдық уақытша үкіметі құлады. Көп аялдамай Шың ішкі қытайға жөткеліп кетті. Шығыс Қазақияның тарихында бұрын соңды болмаған тарихи өзгеріс дәл сол тұста бірінен соң бірі орын алып жатты. Суреттегі ақ шылауышты кісі- Қадуан Мамырбекқызы. Көгедай Хан Ордасының соңғы хандарының бірі Әлен Уаңның зайыбы. Қасындағы кісі атақты саясаткер, дипломат Сунь Мэилин. Ол қытай президенті Жаң Қайшының зайыбы. Заманында Америкадан білім алған, өте сауатты, мәдениетті тұлға. 1944-жылы Нан Киннен Үрімжіге ұшып келіп түрмедегі қазақтарды босатып, шет қиырға босқан қазақтарды елге оралту мәселесін қолдап арнайы комиссия құрған және оншақты қазаққа жоғары лауазымды орын тағайындап жұмысқа сайлап кетеді. 1946-жылы қазақтар Нан Киндегі ұлттық

  • РУ СЫРЫНА ҮҢІЛСЕК…

    СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙ Ру – атадан өрбіген туыстас адамдардың жиынтығы екендігі көпке мәлім. Қазақ жөн сұрасқанда «қай елсің, қай русың» – деп сұрайды. Өйткені қазақ тарихы – жеке адамдардың, рулардың, тайпалардың тарихы. Қазіргі уақытта ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға байланысты руын, тегін білу бұрынғы кездегідей «айып» болмай отыр. Дегенмен, баспасөз беттерінде рушылдық туралы мақалалар да аз емес.  Тарихымызға көз салып отырсақ, аталарымыздың осы ру таласынан опық жеген уақыттары аз болмаған екен. Руға бөліну қазақ елін біріктірмей, талай рет өзге ұлт өкілдерінің алдында беделімізді де түсірген. Сонда рушылдық дегеніміз не? Бір қызығы, кез-келген қазақ  өз ұлтының бойында жікшіл, бөлінгіш қасиеті барын түсінеді және сынайды да. Сонда да осы бірлік, ұйымшылдық жөніндегі ұрандар көбіне жеме-жемге

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: