|  |  | 

Тарих Қазақ шежіресі

Алтайдағы қазақтар Алаш Орда үкіметіне жолдаған ТІЛЕУЛЕСТІК xаты

Осыдан бір ғасыр бұрын Қазақ-Қырғыз жұрты бірлесіп Алаш Орда үкіметін құрған кезде оған қолдаушы болып, тілеулестік білдірген шетжұрт қазақтарының бірі- Қытай Қазақтары еді. Алтай, Шәуешек және Құлжадан арт-артынан тілеулестік құттықтау xаттары мен Қазақ төл баспасына көмек сомаларын жолданған.
Бір ғасыр бұрын Алтайдағы қазақтар Алаш Орда үкіметіне жолдаған ТІЛЕУЛЕСТІК xатынан үзінді. Хат Семейден шығатын “Сарыарқа” газетінде 1918-жылы басылған.Altay kereyleri

Тілеулестік
Қытай жұртына қараған Алаш ұранды Абақ Керейінен.
Газеттен көруіміз бойынша Росияға қараған Қазақ-Қырғыз бірігіп, өз алдына жұрт болып, Алаш ордасын тігіп, Алаш туын көтерді дегенді естіп, патшамыз басқа болса да, ұранымыз Алаш, нәсіліміз Қазақ болғандықтан Алаш баласының басы қосылып жұрт қатарына кіруіне тілектестігімізді білдіреміз. Ойлаған ой орнынан шығып іске сәт берсін.
Ұлт қазынасына жәрдем берушы қытай Қазақтары деп xат соңы Алтайдағы игі-жақсылардың аты-жөнін тізіп береді.
Соңы қысқартылды…
Бұдан сырт Шәуешек, Құлжа және Күнес қазақтарының да Алашқа жолдаған xат нұсқалары бар. Оны да уағы келгенде көптің талқысына салармыз.

Алаш Орда үкіметінің 100 жылдық мерейтойы құтты болсын. Қазақ тәуелсіздігі мәңгілік болсын. Алаш руxы бойымызға қуат берсін!

Eldeç Orda

 

 

Related Articles

  • Қадуан мен Сунь Мэилин

                  1944-жылы Шың Шысайдың онбір жылдық уақытша үкіметі құлады. Көп аялдамай Шың ішкі қытайға жөткеліп кетті. Шығыс Қазақияның тарихында бұрын соңды болмаған тарихи өзгеріс дәл сол тұста бірінен соң бірі орын алып жатты. Суреттегі ақ шылауышты кісі- Қадуан Мамырбекқызы. Көгедай Хан Ордасының соңғы хандарының бірі Әлен Уаңның зайыбы. Қасындағы кісі атақты саясаткер, дипломат Сунь Мэилин. Ол қытай президенті Жаң Қайшының зайыбы. Заманында Америкадан білім алған, өте сауатты, мәдениетті тұлға. 1944-жылы Нан Киннен Үрімжіге ұшып келіп түрмедегі қазақтарды босатып, шет қиырға босқан қазақтарды елге оралту мәселесін қолдап арнайы комиссия құрған және оншақты қазаққа жоғары лауазымды орын тағайындап жұмысқа сайлап кетеді. 1946-жылы қазақтар Нан Киндегі ұлттық

  • РУ СЫРЫНА ҮҢІЛСЕК…

    СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙ Ру – атадан өрбіген туыстас адамдардың жиынтығы екендігі көпке мәлім. Қазақ жөн сұрасқанда «қай елсің, қай русың» – деп сұрайды. Өйткені қазақ тарихы – жеке адамдардың, рулардың, тайпалардың тарихы. Қазіргі уақытта ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға байланысты руын, тегін білу бұрынғы кездегідей «айып» болмай отыр. Дегенмен, баспасөз беттерінде рушылдық туралы мақалалар да аз емес.  Тарихымызға көз салып отырсақ, аталарымыздың осы ру таласынан опық жеген уақыттары аз болмаған екен. Руға бөліну қазақ елін біріктірмей, талай рет өзге ұлт өкілдерінің алдында беделімізді де түсірген. Сонда рушылдық дегеніміз не? Бір қызығы, кез-келген қазақ  өз ұлтының бойында жікшіл, бөлінгіш қасиеті барын түсінеді және сынайды да. Сонда да осы бірлік, ұйымшылдық жөніндегі ұрандар көбіне жеме-жемге

  • Шығыс Қазақиядағы Саяси Қуғын-Сүргін Туралы Не Білеміз?  (1937-1939)

    Дербес ел, тәуелсіз мемлекет ретінде Шығыс Қазақиядағы саяси қуғын-сүргін туралы бүгінгі күнге дейін ғылми сараптама жүргізе алдық па? Не үшін Қазақ ССР-дағы Қазақтардың саяси қуғын-сүргінге ұшырауы Шығыс Қазақиямен бір уақытқа сәйкес келеді? Не себепті Қазақ ССР-дың НКВД тергеушілері Үрімжі, Құлжа, Шәуешек пен Алтайда құпия тергеу операциясын жүргізеді? Ең, өкініштісі, қазір Қазақстанда саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақ қайраткерлерінің тергеу құжаттары негізінен ашылды, ал, қытайдағы Қазақтардың тергеу құжаттары ашылған жоқ… Келесі жылы (2019) Қытай Қазақтарының Саяси Қуғын-Сүргінге ұшырағанына 80 жыл толады (1939-2019). Бұл постты соған арнаймын! Аруақтардың рухы бір аунағай! Әлқисса… шағын сараптама * Шың Шысайдың Тыңшылық Органдары; * Шығыс Қазақияның Тұңғыш Саяси Қуғын-Сүргін Құрбаны- Баймолда Қарекеұлы; * “Қазақ-Қырғыз-Моңғол” Құрылтайы; * Саяси Қуғын-Сүргіннің

  • ҚАЗАҚ АВТОНОМИЯСЫ ҚҰРАМЫНА КІРМЕЙ ҚАЛҒАН ҚАЗАҚ УАЛАЯТТАРЫ ТУРАЛЫ

    Қытай қазақтары ШУАР-дың бес үлкен аймағына шоғырлы қоныстанған. Жалпы, Шыңжаңда он ірі аймақ болса, соның бес үлкен аймағында Қазақтар жиы қоныстанған. Қазақтар қоныс тепкен бес үлкен аймақ мыналар: Іле, Тарбағатай, Алтай, Санжы және Құмыл. Бұл бес аймақтың ішінде тек үшеуі (Іле, Тарбағатай, Алтай) ғана Қазақ автономиясының құрамына кіріп отыр. Қалған екі аймақ бөлініп, бөлшектеліп қазақ құрамына енбей қалды. Сонымен ШУАРдағы қазақтардың байырғы қонысы атанған Қазақ аймақтарына жеке жеке талдау жасаймыз. 1. Іле уалаяты (картадағы 1) жан саны ең тығыз өңір. Орталығы бұрын Күре қаласы еді, кейін Құлжа қаласы болды. 1871-жылы патшалық Ресей құрамына кіріп 1881-жылға дейін он жыл Жетісу, Алматы облысының бір бөлшегі болған. 1881′ден 1914-жылға дейін Шыңжаң өлкесі құрамына

  • Қытай “қазақ қаупі” мәселесінен әлі де алаңдауы ма?

    Eldeç Orda Атқа мініп қылышын оңды солды жалаңдатып “ша ша шалап” кеп (қытайша өлтіріңдер деген сөз) Қазақ ауылын қанға бөктіріп кететін қилы оқиғаларды бала күнімізден бері кітаптан оқып өсіп едік. Күншығыс Цинхай, Гансуға ауып Тибет асып Кашмир, Пакістанға ат басын тіреген Алтай мен Ұлық Еренқабырға қазақтарының қасіретті тағдыры туралы бүгінге шекім (дейін) аз айтылмады. Қаншама кітап, мақала жазылды… Оқыған сайын сай сүйегің сырқырайды… Әсіресе, Әбетай Мұқарапұлы құрастырып жинақтаған “Киелі Көш”ті оқысаңыздар (алда кирилицсияға аударылып жатса) онда қасіретті оқиғалар біршама анық жазылған, оқып жатқанда көз алдыңызға бейне кинодай елестеп отырады. Ана жолы осы парақшамда “Қытайдағы Мұсылман Элитасының Қилы Тарихы және Оның Шығыс Түркістанға Ықпалы” атты пост жазғамын, сондағы Үштік Ма әулетінің

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: