|  |  | 

Тарих Тұлғалар

Сексен жыл бұрын шабылған бәйтеректер

Alash1-1000x700
Былтыр және биыл «үлкен террор» деп атаған қанды саяси қуғын-
сүргіндерге 80 жыл толады. Сонымен қатар, Алаш үкіметінің құруына, Алаш
мемлекетінің туының көтеруіне де, Қазан төңкерісі мен кеңес үкіметінің
орналастыруына да бір ғасыр толды. Сталиндік қызыл террор Алаш
зиялыларын да, кеңес үкіметті орналастырғандарды да аяған жоқ.
Екі-үш жылдың ішінде қазақтан шыққан білгендер қызыл қырғынға ұшырды,
көбісі атылды, атылмағандары абақтыда, лагерьде темір тордың ар жағында
азап тартып дүниеден өтті.
«37-ші жыл» деген сөз саяси қуғын-сүргіндерді білдіретін қанатты сөзіне
айналып кетті. Шынымен, Шәкәрімдей, Жүсіпбек Аймауытовтай Алаш
азаматтары одан жеті бұрын атылса дағы, Жақып Ақпаев абақты мен
айдаудардан кешіп ауру халде қайтып дүниеден озса, Алаш көсемі ақын
Міржақып Дулатов 1935 жылы лагерьде қайтыс болса, зиялы қауымның
көбісі 1937 жылында қамалды. Кейбіреулері саяси қуғын-сүргіннің бірінші
толқыны кезінде ұлтшыл, Алашшыл ретінде сотталып, лагерьлерден
бостандыққа шығып, айдаудан қайтып келіп, енді қайтадан қамауға алынды.
Сонымен қатар революцияға үлесін қосқан, республиканың басшылығында
жүріп коммунистік идеясына бірінші күннен берік болған адамдар да «халық
жауларына» айналды. Қысқасы, «байшыл», «ұлтшыл», «пантүрікшіл»,
«Алашшыл», «троцкист», «бухариншыл», «тыншы (шпион)», «фашист»,
«халық жауы», «Отан сатқыны» деген сияқты нақақтан жала айып тағылып
қазақтың талай оқығандары, ұлттың мүддесін көздегендері, тілеуін
тілегендері құрбан болды.
1938 жылының ақпан айының 25-і мен 26-і аса қайғылы күндер еді.
Бір күнде халқымыз Сәкен Сейфуллин мен Ілияс Жансүгіровтей
ақындарынан, Құдайбереген Жұбановтай тілтанушыдан, Санжар
Асфендияровтай дәрігерінен, Темірбек Жүргенев, Сейітқали Меңдешевтей
мемлекеттік қайраткерлерінен айрылды. Жалпы Алматыда 80 жыл бұрын бір
күнде 39 зиялы атылды.
Бұдан жарты жыл бұрын Мәскеуде Алаштың Әлиханы мен Нығмет
Нұрмақов атылды. Жарты жыл кейін Жаһанша Досмұхаметов та құрбан
болды. 1937 жылғы желтоқсан айы Мұхаметхан Сейітқұлов,
Елдес Омаров, Асылбек Сейітовтың атылуымен басталды. Сәкен, Ілияс,
Бейімбет үш бәйтерек болса, солардың екеуі сұрапыл ақпанның аяғында бір
күнде атылса, үшіншісі кейін олардың тағдырын қайталады. Ахмет
Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедов, Мұхаметжан

Тынышпаев, Ораз Жандосов, Ораз Исаев, Ұзақбай Құлымбетов, Тұрар
Рысқұлов…сұм ажал, қанды қуғын-сүргін ешкімді аямады.
Бірақ арыстардың аттары, ақындардың шығармалары, ғалымдардың
еңбектері тарихтан өшірілмеді. Боздақтардың есімдері ел есінде.
Жақында «Тар заман» фильмін экрандарға шығуын – ұрпақтардың құрбан
болған зиялы ата-бабаларымызға алғыс, тағзым ретінде түсінуге болады.
Асқар Дайырбек

kerey.kz

Related Articles

  • Тіккен туы жығылмаған Ер Жабай

    Ағашта, биікті айтсаң, қарағайды айт,Жігіттік, ерлікті айтсаң, Бөгембайды айт!Найзасының ұшына жау мінгізген -Еменәлі керейде ер Жабайды айт!  Ер Жабай батырдың  340 жылдық мерей тойы қарсаңында, Алматы қаласында қыркүйектің 15 күні  “Тіккен туы жығылмаған Ер Жабай” атты ғылыми конференция болды. Тарихшылар мен жазушылар батырдың тарихи ерліктері мен ауыз әдебиетіндегі тарихи бейнесі туралы баяндамалар жасады. Мақсұт Темірбаев, Асқар Сәбит, Зиябек Қабуки-Шоқан, Нәбижан Мұқаметxанұлы, Жәди Шәкенұлы, Уатқан Сәипіл, Әбділдә Салықбай, Әбубәкір Қайран, Асқар Сабит, Айбын Әубәкір- қатарлы белгілі жазушылар мен тарихшылар, Жабай батыр ұрпақтары қатысты.   Ер Жабай батырдың 340 жылдығына( екі жылдан соң) орай мұшәйра (көркем шығарма, ғылыми мақала, жыр, өлең т.б) жарияланатын болды. Ер Жабай батырдың атына қор құру, Қалмақтардың қас жауы болған (батырдың басын

  • Шежіре – Абақ Керей

    Абақ Керей 12 атаға бөлінеді. Бұл бөлініс Қытай қарамағына өткен кезден басталады. Абақ керейдің қайдан, қалай таратылатыны туралы шежірелер көп және оларда бірізділік жоқ, яғни «әркімдікі өзіне жөн» дегенге саяды. Ойғырлық Мәсәли, Дөйтен, Сахария қариялардың мақұлдауы негізіндегі атам Жанаттың (А.Ж) жазып қалдырған шежіресінде Абақтан Изен, Жусан. Изеннен Мағыналы, Сидалы, Жабайды таратады. Мағаналыдан Қойлау, Байлау делінеді. Қойлаудан-Ителі. Абақ Керейдің ішінде ителі руы «ноқта аға» аталады.  “Алаш айнасы” интернет-газеті халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады. Ноқта

  • Шекара мәселесі шешілген күн

    Алашорда: Сурет сыртындағы тарих  Алмасбек Әбсадық Солдан оңға қарай: бірінші қатарда- Х.Ғаббасұлы, М.Дулатұлы, А.Байтұрсынұлы, М.Әуезов; екінші қатарда- Ж.Аймауытұлы, Ә.Марғұлан, А.Байтасұлы. 1917 жылы 13 желтоқсанда құрылған Алашорда автономиялық республикасы 1920 жылы 26 тамызда кеңес үкіметінің пәрменімен жасақталған кеңестік Қазақ автономиясының құрылуына негіз болған еді. 1936 жылы ол автономия кеңес құрамындағы жеке республикаға айналды. Кеңестік республикаларды құру кезінде шекара белгілеу мәселесі, негізінен,  Қазақ автономиясы құрылған кездегі межемен белгіленді. Олай болса, қазіргі таңдағы тәуелсіз Қазақстанның ұлан-ғайыр жерге ие болып қалу мәртебесі Алаш зиялыларының жанын шүбереке түйіп (соңында жаны құрбан болған) жүріп атқарған жанқиярлық ерлік істері мен ерен еңбектері арқасында жүзеге асты. Алаш зиялылары бейнеленген фотосуреттер біздің рухани мұрамыздың құнды бөлшегі екендігі сөзсіз. Себебі

  • Ақын ҒАФУ ҚАЙЫБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ

    90 жыл Ақын ҒАФУ ҚАЙЫБЕКОВТІҢ ТУҒАНЫНА 90 ЖЫЛ “МЕН ДЕ ҚАЙТА ТУЫП КӨРЕЙІНШІ (отызжылбұрынғы мерей тойданестелік)   88-жыл болатын. Ғафаңның 60-жылдық мерей тойыАрқалықтанбасталды. Арқалыққаласындаоблыстықпартияныңбіріншіхатшысықатысқанщығармашылық кеш Горняк мәдениетүйіндеөтті. Оданкейін Амантоғайда, Аманкелдіауданындааталды. Жолдағысовхоздар Абай, Албарбөгеттендекүтіпқонағасыберушілерболды. ТорғайдаҒафаңныңатабабасыныңтуғанжеріШұбалаң. Шұбалаң мен ауданорталығыныңарасында “Ғ.Қайырбековаиындағыоқушыларлагері бар, Ғафаң, Бәдешжеңгеміз, жазушыСәкенЖүнісов, оныңжұбайымінгенмәшинелерсолбалаларлагерінесоқты. Тұрғанжерікеремет, суымөлдір, тамашадемалысорныекен. Қонақтарсоғантамсаныпбіразжүрді. Сссыноларбалаларасханасынаннанауызтиді. Соданшығып, Мерей тойдытойлаушыларТорғайғажақын, лагерденбіршақырымдайжердетұрған Торғай өзенніңБатпақсуат деп аталатын жағасынакелді. Суатдеседегендей, суғаапаратынжалғызаяқжол бар екен, жанжағықопа. НегізіненосыданалпысжылбұрынҒафаңныңтуып, кіндігікесілгенжері осы. Солсуатқакеліпкөпмәшинелерүйіріліптұрақалды. Ғафаң ,Бәдешмәшинелеріненасықпайтүсті. Басқамәшинелерденбір топ әйелдертүсіп, ақынғақарайжамырайкеліп, өзіжепжеңілҒафаңдықолдарынакөтеріпалды. Сөйтсе, бұларжеңгелеріекен, “”Қазірсенітуғанжеріңеаунатамыз!” деді. Ғафаңжеңгелерініңайтқанынакөнген “Ал, аунатсаңдар, аунатыңдар, мен де тағыбіртуыпкөрейін” деген. ЖеңгелеріҒафаңдысөйтіпөзенжағасынабірбіраунатыпалған. СолжергеБәдешжеңгемізбіруыскүмістеңгешашқан. “Оны “Ғафаңныңжасын, абыройынберсін” дептеріпалыпжатқандарболды.     ЖұматӘНЕСҰЛЫ ҒАФУҒА (арнау өлең) Батпақсуат өзеннің бергі беті, Су алуға келіншек барған кезде, Батпағы сәл тобықтан асар

  • Қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін”

    Сайрагүл апайдың жеңісін шын жүректен құттықтаймын. Сот шешімінен кейінгі қуанышты бейнесін қайта қайта көріп қатты қуандым. Қуанбаған жұрт жоқ екен сол маңда. Сайрагүл апайдың бейнесіне қарап сан ойға баттым… Қытай қазақтарының мәселесі туралы осыған дейін де азаматтық пікірімді айтқамын, пост тұр. Менің жеке пікірімше қытай қазақтарының мәселесі “Сайрагүлге дейін және Сайрагүлден кейін” деп дәуір бөлгіштік сипатқа өзгеруі мүмкін. Қазір, біздің жұрт тек ғана қуанышты құттықтап тойлаумен әбігер боллып жатыр екен бірақ мәселеге үлкен маштабтан қарап стратегиялық талдау сараптау жасау жағы жетпей тұр. Қытайдан заңсыз шекара бұзып өту оқиғасы Сайрагүлге дейін де болған (меніңше Сайрагүлден кейін де болады…), Сәбет-Қытай арасындағы қырғиқабақ кезінде қытайдағы Сәбетшіл қазақ ұлтшылдары мен жас зиялылардың біразы заңсыз

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: