|  | 

Жаһан жаңалықтары

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады

B4900329-280C-42F2-9074-D0C335753C4C_w1023_r1_sҚазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуіне орай, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсуде-деп хабарлайды aqorda.

Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірлескен жұмысын жоғары бағалай келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен де осындай жемісті қарым-қатынас қалыптасатынын асыға күтетінін атап өткен.

«Мен Сізді еліңіздің Президенті лауазымына кірісуіңізбен құттықтағым келеді, сондай-ақ Наурыз мейрамында Сізге, отбасыңыз бен Қазақстан халқына қуаныш пен өсіп-өркендеу тілеймін. Осы күндері көптеген америкалықтар мен әлем халықтары да осы тамаша жаңару мейрамын атап өтуде. Біз елдеріміз арасындағы қатынастарда үлкен табыстарға қол жеткіздік және мен олардың дамуы жалғасатынына қуаныштымын. Америка халқы мен бизнесінің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін жаңа бағыттарды іздеуін жалғастырып жатқанын да  алғаусыз ақ көңіліммен бақылап отырамын. Наурыз құтты болсын!», – делінген жеделхатта.

Бельгия Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына кірісуімен құттықтайды және жоғары мемлекеттік қызметте үлкен табыстарға жетуіне шын жүректен тілектестігін білдіреді.

АҚШ Мемлекеттік департаменті ресми өкілінің орынбасары Роберт Палладино өзінің мәлімдемесінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ пен Қазақстан арасындағы берік те серпінді қатынастарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін жоғары бағалайды.

«Қазақстан үшін осындай тарихи күнде біз заманауи, егемен және өсіп-өркендеген Қазақстанның негізін қалаушы ретіндегі еңбегі зор деп санаймыз және оның үлгілі өңірлік және жаһандық ауқымда көрсеткен жауапкершілікті басшылығын мойындаймыз.

Біз сонымен қатар оның ядролық таратпау саласындағы айтарлықтай еңбегіне, денуклеаризация жөніндегі жаһандық күш-жігер жұмсаудағы көшбасшылығына, билікті бейбіт жолмен берудегі үлгілі іс-әрекетіне және Қазақстандағы, сондай-ақ тұтастай өңірдегі бейбітшілік пен өсіп-өркендеуді қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесіне таңғала отырып ризашылығымызды білдіреміз.

Біз Қазақстанның жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтаймыз және екі мемлекет арасындағы кең көлемді стратегиялық әріптестікті тереңдету бойынша бірлескен жұмыстар жалғасады деп үміттенеміз. Сондай-ақ біздердің экономикалық даму, сауда-саттық пен инвестициялар, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұзақ мерзімді өзара мүдделеріміз жалғасады деп сенеміз», – делінген мәлімдемеде.

Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан мен Германияны әріптестік қатынастар байланыстыратынын, ал екіжақты ынтымақтастық көпқырлы және серпінді байланыстардың берік іргетасына негізделгенін атап көрсетеді. ГФР Президенті Қазақстанның өңірде айтарлықтай және жауапкершілікті рөл атқаруын жалғастыратынына және Германияның серіктесі болып қалатынына сенім білдіреді.

Италия Республикасының Президенті Серджо Маттарелла Италия халқының және жеке өзінің атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына тағайындалуымен құттықтап, Қазақстан үшін маңызды осы тарихи кезеңде жоғары мандатын табысты орындауға тілектестігін білдіреді.

«Сіздің мандатыңыз барысында Қазақстан мен Италия арасындағы қатынастар екіжақты форматта да, сондай-ақ Еуроодақпен қатынастар аясында да кең әрі көпқырлы негізде нығая береді деп үміттенемін», делінген құттықтау хатында.

Мажарстан Президенті Янош Адер өзінің жеделхатында мажар және қазақ халықтары арасындағы ізгі достықты сақтау мен нығайту бірінші кезектегі маңызға ие екенін айта келіп, Мажарстанның екі ел арасындағы жақын қатынастар мен өзара құрметке құрылған ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға дайын екенін атап көрсетеді.

Украина Президенті Петр Порошенко Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсібилігі мен өмірлік тәжірибесі Қазақстанның әрі қарай дамуына, мемлекет ретінде іргесі беки түсуіне және халықаралық аренадағы беделін бекемдеуге ықпал ететінін атап өтеді.

«Ортақ күш-жігер нәтижесінде қол жеткізілген достық пен өзара құрмет біздің елдерімізді әрі қарай да өзара тиімді ынтымақтастыққа жетелеп, екіжақты және халықаралық міндеттемелерімізді нақты орындауға алғышарт жасайтынына сенемін», – делінген жеделхатта.

Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан өзінің хатында мажар үкіметі алдағы уақытта да Қазақстанмен көпжақты стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға бағыт ұстанатынына сендіреді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының  Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтай келіп, БҰҰ жүйесінде үлкен құрметке ие адамның осындай лауазымға тағайындалғаны тек ризашылық сезімін тудыратынын ерекше атайды.

«Сізбен тығыз ынтымақтастықты асыға күтемін. Өзара түсіністігіміз Қазақстанның Сыртқы істер министрі болып тұрған кезіңізде құрылуына өзіңіз атсалысқан БҰҰ-ның Орталық Азиядағы Өңірлік орталығы қызметі аясында да жалғасатынына еш күмән келтірмеймін. Қазақстан өз халқы мен Орталық Азия халықтарының өсіп-өркендеуі үшін де Орнықты даму мақсаттарының белсенді жақтаушысы рөлін сақтап қалады деп үміттенемін», – делінген құттықтау хатында.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Президентінің лауазымына кірісуіне орай құттықтау хаттары мен жеделхаттарын Польша Республикасының бұрынғы президенті Александр Квасьневский, ҰҚШҰ Бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Юрий Федотов, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының Атқарушы хатшысы Лассина Зербо, Халықаралық энергетика хартиясының Бас хатшысы Урбан Руснак, Хорватияның бұрынғы сыртқы істер министрі Будимир Лончар, Румыния Парламенті депутаттары палатасы төрағасының орынбасары Флорин Иордаке, Бүкіләлемдік өнер және ғылым академиясының Құрметті президенті Иво Шпаус, Женева Дипломатия және халықаралық қатынастар мектебінің президенті Колум Мерфи, сондай-ақ БҰҰ-ның Орталық Азия бойынша Босқындар істері жөніндегі агенттігінің өңірлік өкілдігінің бұрынғы өңірлік үйлестірушісі Сабер Азам да жолдады.

Related Articles

  • 2003 жылы SARS қалай тыйылды? 2020 жылы COVID-19 неге ырық бермей тұр?

    2003 жылы қауіпті коронавирус жұққан әр оныншы адам қайтыс болды. Қытайда басталған бұл дерт бірнеше елге тарады. Сегіз айдан соң вирусты тоқтатудың сәті түсті. Азаттық әлемдегі жетекші вирусологтардың бірінен сол кезде бұл кеселді тыюға не көмектесті және 2020 жылы жаңа коронавирустың дүниежүзіне тарауына не себеп болды деп сұрады. Қытайдың Ухань қаласында есінен танып құлаған адамның қасында тұрған дәрігерлер. Науқас атипиялық пневмония (SARS деген атаумен белгілі) жұқтырған болуы мүмкін. Бұл сурет 2003 жылы сәуірдің 29-ы күні түсірілген. Ол кезде әлем 21 ғасырдағы алғашқы пандемияға айнала жаздауға шақ қалған вирусқа жолыққан еді. SARS атты жаңа жұмбақ коронавирус жұқтырғандардың он пайызға жуығы қайтыс болды. Науқастардың көбі дем жетпей қиналып, өкпесі сұйыққа толып қайтыс

  • ҮСТІРТ МАУГЛИІ ЖӘНЕ ТАҒДЫРЫ

    1957 жылы тікұшақпен шыққан бір топ геологтар Үстірт жазығында (Түркіменстан мен Қарақалпақстанның шекарасындағы Сарықамыс көлінің жанында) қасқыр атумен айналысқан. Геологтар қасқырларды ізінен қуып келе жатып олардың арасында шамамен бес жасар қалыспай жүгірген баланы көріп таң қалады. Бала қасқырлармен бірге аспаннан төнген жаудан қашуға тырысып келеді. Олар барлық қасқырларды атып, баланы құтқаруды ұйғарады. Тікұшақты жерге қондырып баланы ұстауға әрекеттенеді. Алайда бұл ойлағандай оңайға соқпады. Бала қасқырдың бөлтірігі құсап адамдарға қарай тістеніп айбат көрсеткен. Дегенмен геологтар оны қолға түсіріп , дәрігердің қарауына тапсырады. Баланың қасқыр үйіріне қалай түскенін және ата-анасы кім екені беймәлім. Ауруханада оған олигофрения диагнозы қойылып, Ташауздағы психиатриялық ауруханаға орналастырылған. Оның өмірінде адам қатарына қосылудың қиын және қайғылы кезеңі басталады.

  • АҚШ барлау қызметі: Қытай коронавирус індетінің шынайы таралу ауқымын жасырды

    02 сәуір, 2020 Маска таққан адам. Қытай, Ухань қаласы, 31 наурыз 2020 жыл. Қытай билігі коронавирус індетінен көз жұмғандар мен вирус жұқтырғандар туралы ресми деректі бұрмалаған. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Ақ үйге құпия баяндамасын таныстырған Америка барлау қызметі осындай қорытындыға келген. Bloomberg агенттігінің дереккөзі баяндама туралы қосымша ақпарат бермеген. Қытай билігі Ухань қаласында желтоқсан айында тараған вирустан 3300 адам көз жұмды, 82 мыңнан астам адамға вирус жұқты деп мәлімдеген еді. АҚШ-та 200 мыңнан астам адамға вирус жұққан, төрт мыңнан астам адам қайтыс болған. “Қытай ашық болғанда жағдай әлдеқайда жақсырақ болар ма еді. Қытайда вирус пайда болғаны туралы ақпарат әлемге таралғанға дейін эпидемия бір ай бұрын басталған болуы мүмкін” деді сәрсенбі күні АҚШ

  • Қытай коронавирусты шынымен жеңді ме?

    Энди ХЕЙЛ Бейжің метросына жүрген тұрғындар. 10 наурыз 2020 жыл. Қытайда коронавирусқа қарсы үш айға созылған күрестің алғашқы нәтижесі наурыздың 18-і күні байқалды. Осы күні елдің ішінде вирус жұқтырған адам тіркелмеді. Қытайдың вирусты тоқтату үшін жасаған шаралары шынымен тиімді болды ма? «Айдаһардың бақылауы» немесе «Мао стиліндегі әлеуметтік бақылау». Қытай шенеуніктері елдің орталық бөлігінде енгізген, коронавирустың тарауын тоқтату үшін жасаған шаралары халық арасында осындай атауға ие болды. Қытай билігі коронавирус пен оның салдарынан туындайтын COVID-19 ауруының қаупін түсінген бойда жүздеген миллион адамды карантинге жауып, бақылауға алды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қытай эпидемиологтары миссиясының дерегінше, елде «ауруды тоқтату үшін бұрын-соңды болмаған ең қатал әрі жедел шаралар жүзеге асқан». Мұндай шараларды жүзеге

  • “ИСПАН ПАНДЕМИЯСЫ” немесе “ИСПАНКА”.

    ‎Қанат Ескендірдің facebook парақшасынан алынды 1918-1919 жылдар аралығында миллиондаған адам көз жұмған алапат тұмау. Ғылыми атауы – La Grippe Espagnole немесе испанша La Pesadilla. 18 айдың ішінде әлем бойынша 550 миллион адам “испанкаға” шалдыққан, яғни, планетаның 29,5% халқы жұқтырған. 18 айда 50-100 миллион адам осы аурудан көз жұмған, яғни, планетаның 2,7-5,3% халқы шәйіт болған. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы айларында басталған бұл қауіпті індеттің тез тарауына поезд, дирижабль, кеме транспорты секілді заманауи техниканың жедел дамуы көп ықпал еткен. Сол себепті, әлемде барлық мемлекеттер сот қызметі, мектептер мен балабақшаларды, шіркеу, театр, мейрамханалар мен халыққа қызмет көрсету орындарын жауып тастаған. Дүкендер өз тұтынушыларын сырттан қабылдап, сатушылар тіпті өз туыстарын да кіргізбей қойған. Барлық

1 пікір

  1. Ğaliy Baysımaq

    Nazarbayevdin kezenindegi Qazaq-American araqatinasi jaqsi qalliptasti. Ogan sòz joq. Elimizge san turli AQS càpitali jetkizilip ishki economykan’in damiwina ulken septigin tiygizdi. Jàne de erkin sawda-sattiqqa jol ashielip bizneske còptegen mumkindikter qaliptasti. Osin’in bari tounqysh prezident sayasati jemisi. Al càzirgi prezidentimiz de àlemdik sayasatta òzindik salmaqy bar dyplomatialiq jolda càsiby qalieptasqan toulga. Sondiqtan Qasim Jomart Toqaydin àlemdik sayasatta jaqsi joldan shataspasina senim bar. D.Trump basshieliqy men Aq Orda ortaq màmilede jumis jasay bereri aniq. Ekeuara ortaq jobalardi àri qaray damita beriwge qos tarap ta dayin dep sanaymin. Àsirese mounay-gaz salasinda Chevron Extion mobil taqy basqa còptegen awqimdi jobalar jetkilikti-aq. Qazaq Eli àrqashanda Qourama Stattarmen intimaqtastiq ornatiwga interes tanitadi. D.Trumpdin Qazaqstanga keliwin asiega cuterimiz aniq. Washington-Nour Soultan araqatinasi jogari dengeyde damy tussin dep tileymin.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: