|  | 

Әдеби әлем

Бақытбек Бәмішұлының “Алтын Аралдың Арғымақтары” атты шығармашылық кеші өтеді.

0ea17636afbc1b05bc72bcb654160bf3

Биыл Оспан батырдың туғанына 120 жыл толуына байланысты “Ер Жәнібек батыр” атындағы халықаралық қоғамдық қоры жыл басынан бері Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп бірқатар мәдени іс-шаралар өткізіп келеді. 

Алдағы күндері қор ұжымы Жазушылар одағымен бірлесіп,  аталмыш шаралардың көшін жалғастырып, өнер сүйер жұртшылықты маусымның 19 күні өтетін белгілі ақын-жазушы, публицис, аудармашы, филрлргия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бақытбек Бәмішұлының  шығармашылық кешіне шақырады.

Өтетін орыны: Алматы Ұлттық кітапханасы. Уақыты: 19 маусым, сағат 16:00 де.

Бақытбек Бәмішұлы: Баян-Өлгей аймағының Бұлғын сұмынында Үлкен Теміртінің Норты жайлауында  1958 жылы 25 мамырда дүниеге келген. 1975 жылы Бұлғын сұмындық 8 жылдық, 1977 жылы Ұланбатыр қаласында Хосе Марте атындағы 52- ші он жылдық орта мектепті бітірген.

1977 жылы Ресейдің Ленинград (Санкт-Петербург) қаласында Политехникалық институттың дайындық курсында оқып, академик Образцов атындағы Темір жолдар институтын 1983 жылы тамамдап, инженер-электрик мамандығы бойынша «автоматика, телемеханика және байланыс» маманы болып шығады. Моңғолияның Мемлекеттік Университеті жанындағы Басқару қызметкерлерін даярлау институтын тәмамдаған.

Филология ғылымдарының кандидаты, ақын-жазушы, публицист, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Халықаралық «Көш» газетін бірнеше жыл басқарды. «Minber.kz» ұлттық интернет газетінің атқарушы редакторы. Алматы «Метрополитен қызметкері.

«Махмуд Қашқари және моңғол тілі» және «Моңғолия қазағының тілі: әлеуметтік қыры» атты монографиялар жазды. О.Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабын моңғол тіліне, ал моңғол ақыны Р.Чойномның «Алтай» дастанын, түріктің халық ақыны Қараожалан, түркімен ақыны Ораз Ягмуров өлеңдерін қазақ тіліне аударды.

«Мәңгі көк аспан астында» (1998 ж), «Тұмарлы таң» (2003 ж), «Бай Бұлғын жерім-ай» (2008 ж), «Оспан батыр» (2008 ж), «Айторы ғұмыр» (2012 ж), «Азанбай абыз» (2013 ж), «Зуқа батыр – аласапыран замана арыстаны» атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары, «Ажалсыз адам» (2016 ж) атты әңгімелер мен хикаяттар, «Алтын аралдың арғымақтары» (2018 ж) өлең-роман кітабы жарық көрді. «Байбесік тұмалары» (Е.Ақберенмен бірігіп), «Шер – шежіре», «Таразы», «Ләу» қатарлы жинақтарды құрастырды. Оннан астам өлеңдеріне ән жазылды.

Бақытбек Бәмішұлының  шығармалары туралы әр саланың мамандарының (халықтың) пікірлері:

Мұзафар Әлімбаев, ҚР-ның халық жазушысы:

«…Ең әділі, ең әсерлісі өзі сөйлеп, өнерін, өрісін танытып тұрған өлеңінің өзін оқу, қайталап оқу, алған ләззатың жайында ойлап, толғану. Әсерің жайында содан кейін барып жаныңдағыларға айта жүру, оларды өлең қадірін білуге шақыру – поэзия патшалығына әлсін-әлсін сапар шеккізу…».

Тұрсынбек Кәкішұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор:                                                                   Мен Бақытбекті ертеден білемін. Өзі – ақын, екіншіден, Совет елінде оқып, Ленинградта темір жол институтын бітіріп, енді «Көш» газетін шығаруда. Осының барлығы да азаматтың  азаматтығын көрсетеді. Енді тіл білімінен диссертация қорғауының негізі де азаматтықта жатыр.

Уәлихан Қалижан, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері:

Зор ризашылықпен Һәм құрметпен филология ғылымдарының кандидаты, ақын, көсемсөзші, азамат інім Бақытбек Бәмішұлының «Зуқа батыр – аласапыран замана арыстаны»  атты кітабының тұсауын кескім келеді. Кітап өміршең. Қаламың қарымды болсын, Бақыт інім!

Бақытжан Хасанұлы,  Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор:

Диссертант қорытындысы мен тұжырымдары, барлық зерттеу нәтижелері негізделген әрі нақты мәліметтерге құрылған. Б. Бәмішұлы зерттеулерінен ғылымға тән бірнеше қасиетті байқауға болады. Оның Моңғолия қазағының тілін тұңғыш рет әлеуметтік лингвистикалық қырынан зерттеуі, бұл – жаңалық. Қазақ диаспорасын тілдік жағынан зерттеуді диаспорология ғылымының лингвистикалық диаспорология саласы деп атауы әбден орынды. Осы ретте Б. Бәмішұлы қазақ диаспорасының тілін  әлеуметтік лингвистикалық тұрғыда тұңғыш рет ғылыми айналымға түсірген.

Ұлықбек Есдаулет, ҚР-ның Еңбек сіңіоген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық иегері

Өмірде де, әдебиетте де қос қанат атанған бауырларым Бақытбек Бәмішұлы мен Есенгүл.

Ғалым Жайлыбай, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Жұлдыз» журналының бас редакторы:

Біз бұл жасқа «сау» етіп түсе қалған жоқпыз. Құрдастарыммен, ақын достарыммен қатар, қиын кезеңдерді бастан кешіре отырып жеттік. Ақын құрдастарымды ерекше қадірлеймін. Әубәкір Қайран, Қа­сым­хан Бегманов, Жұмабай Құлиев, Бақыт­бек Бәміш сияқты құрдасымның бәрі поэ­зия­н­ың азабын да, тозағын да көрді. Біздің буын өтпелі, өлара кезеңге түсіп қалдық. Еш­қайсымыз да Үкіметтің кеңшілігін көрген жоқ­пыз. Қаламақыға қарқ болғанымыз да ша­малы. Он бес жылымыз жоғалып кетті. Елу­ге келгенше, жас ақын атандық. Кі­таптарымыз оңай шыққан жоқ. Осы аза­маттың бәрін барлық кемшілігімен жақсы көремін! Өйткені бұл ақынның бәрі өз мақ­саттарына адал болып қалды;

Зуқай Шәрбақынұлы, белгілі ақын, қоғам қайраткері, ҚЖО, МонЖО-ның мүшесі

Жетелеп намыс, шығыпсың биік сүмбірге,
Өткеннің шынын, жеткіздің жазып бұл күнге.
Бір мүшел ғұмыр, арнапсың есіл уақыт,
Лайық осы, өзіңдей өрен дүлдүлге.

Сәтей Нұртазаұлы, қоғам қайраткері, жазушы

Әу, дегенде ашыла қоймайтын, айтпақ сырын астарына жасырған тіркестер мен өмірдің өтпелігі, замана,  тағдыр жайлы толғанған философиялық ойларға тәнті боласыз.

Әділғазы Қайырбеков, ақын, филология ғылымдарының кандидаты

Ақынның жан жүрегін жайлаған қайғы-мұң өлең болып сорғалап қағаз бетіне түскен екен. Жан ауыртып жазғаны әр өлеңнен айқын байқалады. Зар кітабы. Кітап бірнеше бөлімнен тұрса да бір тұтастықты құрайды. Ақын жеке бастың зар-мұңы емес, адзамзат баласының ортақ қайғысын жырлайды. Мәселен, су апатынан орасан зардап шеккен «Қызыл ағаш» оқиғасы да орынды орын тапқан.

Әлібек Шегебай, ақын, Т.Айбергенов атындағы, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлықтарының лауреатыАдамның адамға деген махаббаты, әкенің балаға деген махаббаты әр қашанда суымақ емес. Алғаш қолыма тигеннен бұл кітап өзіне еркше назар аудартты. Түгеліммен шедевр деуге болмайды, шығармашылық жұбату, тұтас алғанда шығарып алған жас.

Нұрлан Асқаров, филология ғылымдарының кандидаты

Бәмішұлы әдебиеттің өз адамы, қзақ поэзиясына өз бетімен келмеген нағыз қазақ ақыны екенін көреміз. Ақындық бойына ананың сүтімен, атаның қанымен дарыған эпик ақын, өлеңдері жүрегінің түбінен төгіліп шығады

Автордың бөліп көрсетуге тұрарлық бір ерекшелігі ретінде оның дарынды сөздің дәстүрлі үлгілерін терең біліп қана қоймай, сонымен бірге қазіргі поэзияның қол жеткізген әдіс-тәсілдері мен үлгі-өрнектерін де жетік меңгеруін айтуға болады.

Нұржан Қуантайұлы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты

Тоғыз жыл жазылған, тілі төгілген осынау үлкен еңбек қазақ әдебиетіне қосылған сүбелі туынды.

«Алтын Аралдың Арғымақтары» таза тарихи роман болмағанымен тарих, этнография, әдебиет, өнер зерттеушілерінеің назарын өзіне аудартады деп ойлаймын.

Абай Мауқараұлы, журналист, жазушы, дін танушы.

Өлеңнің әр сөзінен өлең иесінің өмірі елес беріп тұрса, оның шынайы болғандығы. Онда әр шумағында жанды сурет, бүтін тұлғасында үзік тағдырлар көрініп тұрмағы аян. Сонда өлеңнің өзі өмір баламасына айналады… Бақытбектің, әнтек, халыққа айтарын әр кез астармен, нақты мекенін  – айырықша нышанмен, тіршілік тауқыметтерін емеуірін түйіндермен меңзейтінін аңғара бермейтініміз өкінішті;

Болат Жетекбайақын:

Өлең өзекті өмірден, өксікті көңілден бөлінбей, тұтас тірі образ түзіп, табиғи таза күйінде көркемдікпен құйылып түссе, ғажап қой! Ал, онда жүрек шымырлатқан қимас сезім, көкірекке тұнған сартап сағыныш – ұланғайыр қазақы әлем жатса ше?!
Ақынның  әлеуетін танытатын бір өлең. Ақырзаманнан хабар келіп жатқан екіұдай мына заманда әлі де осындай өлең жаза алатын ақын бар екен. Шүкір!

Жәди Шәкенұлы, ақын-жазушы:

Иілмейтін
Өр Алтай шынарындай….
Расында Баукеңнің сыңарындай…….
Қобдадан қомдап ұшып қос қанатын.
Көрінді көгілдір “Таң тұмарындай”…….

Саят Қамшыгер, ақын

«Үгілген тасқа біткен қынадай» ішкі жан дүнесінің запыран сырын өлеңмен сырласу арқылы сыртқа шығарып, өзіне қайрат-жігер жиып, жаңа бір бағытқа бет бұрғаны өз ара жақсы байланысқан тарауларда көрініс табады. Ақынның тілі тамаша.

Болған оқиғаны желдіртіп баяндай бермей көңіл күйін қазіргі заман ауанымен астастыра отырып өмірдің, қоғамның мұң мен зарын шертуі үлкен шеберлік.

Ермек Қаныкейұлы,  филология ғылымдарының кандидаты:

Аласапыран алуан түрлі ойға түсіріп, рухыңды оятып, өзегіңе дейін түсіп барып, өзіңді танытатын өлең, өнер қуаты дегеніміз осы. Бұл мұратқа еңбегімен өзі де жеткен, оқырманы бізді де жеткізген үлкен ақын Бақытбек Бәмішұлы екен!..

Дәулетбек Байтұрсынұлы, ақын

Мына кітаптың әсіресе бірінші бөлімі өте ауыр оқылады. Тебіренбей, көзге жас алмай оқу мүмкін емес. Солай болуға да тиісті. Мұндай жоқтау өлеңдер бізде Абайдан бастап бұрыннан бар. Алайда ақын осы кітап арқылы өмірге жаңа көзқараспен, басқаша оймен бет бұрған.

Бүркітбай Файзулла, халық салт дәстүрін жаңғыртушы кәсіпкер, ұстаз:

Еліңнің тұлпарысың тағалаған.

Бәйгеде, аламанда  ағалаған.

Ел үшін екпіндей түс, шарықтай бер,

Жыр сұңқар, үміт артқан саған адам.

Сұраған Рахметұлы, ақын, филология ғылымдарының кандидатыАқын Бақытбек теріскей Алтай – бұла Бұлғынның төл тумасы екенін білем. Жырғылтының сол жақ шаған иығындағы заңғар шыңына тырмысып шыққам бірде.Көктің бауырына ұмсына біткен жалбыр шашты сұсты құзарлар Бақытбекке бек ұқсас.Айбын жамылған зау биіктің айдынға қарай құлаған тұсынан аққан Түргін өзені оның ақжайма жырларын қайталап тұрардай еді.Бақытбекті сағынам! Жүрегінен лек-лек қоңырқаз иісі төгілген тұмалағыл ақынның сәл мұңлы дауысы қалқып өтіп жатады.Ол, жерұйық Жетісуда жүрсе де Бұлғынына бұрқақ жырларымен келіп қайтып жүреді.Қаракөлдің Аршаты жақ иінінде баялышы балбырап арша өседі.Бал аршаның иісін Бақытбектей жырлаған ақынды білмеймін,білгім де келмейді.Бақытбек алтыға нөл жалғаты. Жүзде жиырма, арыда қырық жасқа келуіне тілектес емеспін.Бұла ұйығы сексенге шығыпты биыл.Оны биікке лақтырған – Бұлғыны, оны ақғайып ақын еткен – Бұлғыны.Иә…

Жүкел Хамай, ақын, халықаралық поэзия фествалінің алтын медал итегері

Тан дəуірі жазбасынан кейінгі Алтын тау мен құндар туралы бір керемет шалқыма болыпты. Рас, айтылғанның барлығы көкейге қонымды.

Related Articles

  • Жәди Шәкенұлының жаңа бес кітабының тұсауы кесілді.

    2019 жылы сәуірдің 11 күні Алматыдағы Жазушылар одағының әдебиетшілер үйінде, Жазушы Жәди Шәкенұлының Бес бірдей кітабының тұсаукесері болып өтті. Ғылыми зерртеу еңбектер мен көркем әдебиетке бірдей қалам тербеп, еңбек етіп жүрген жазушы осы жолы да оқырман қауымға «Бозмұнар» роман-хикаяттар кітабы мен қатар «Алтай алыптары», «Оспан батыр және Шығыс түркістан мәселелері» атты зерттеу еңбектері, «Қытай қазақтарының әдебиеті» атты әдеби сын-зерттеулері, «Бегзат сөз» атты қаламгер шығармашылығы жайында жазылған өзге авторлардың мақалалар жинағы сынды құнды бес жаңа кітабін ұсынып отыр. Бұларға қоса, оқырмандар сұранысы бойынша  А.Байтұрсын үлгісіндегі төте жазуда «Қаралы көш» кітабы қайта басылып шықты. Биылғы Оспан батырдың 120 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры Қазақстан Жазушылар одағының қолдауында, «Ел аманаты»  қоғамдық

  • ҮЛКЕН КҮНӘ?!

    Арыстанбек Мұхамедиұлы Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты САНАЛЫ ҰРПАҚ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан- жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп жетілдіру – аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Демек біздер ұрпақ алдындағы борышымызды өтей отырып, олардың болашағын бұлыңғыр емес, жарқын ету үшін, келесі бір қадам – мойындарына ешқандай ҚАРЫЗ қалдырмауға тиістіміз! Осы күні ҚАРЫЗ МӘСЕЛЕСІ еліміздегі күрделі мәселелердің біріне айналды. Расында, қарыздың қай түрі де оңай емес. Ұлттық банк деректеріне сәйкес, қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерге 6 триллион теңге қарыз екен. Сонда жан басына шаққанда әр қазақстандық орта есеппен 900 мың теңгеден аса (!) берешек деген

  • АЛТЫ АЛАШҚА ЖОЛ ТАРТАР АЛТЫ КІТАП

    (ЖӘДИ ШӘКЕНҰЛЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ) 11 Сәуір 2019 жылы Алматы қаласы Қазақстан Жазушылар одағының Әдебиетшілер үйінде Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы, «Ер Жәнібек Халықаралық қоғамдық қоры», «Ел аманаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Жазушылар одағының, Еуразия жазушылар одағының мүшесі. Халықаралық Шыңғысхан академиясының академигі Жәди Шәкенұлының алты шығармашылық еңбегі Алты Алашқа жол тартпақ. Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Бауыржан Жақып мырзаның жүргізуімен өтетін айтулы кештің тұсаукесеріне көрнекті әдебиетші ғалымдар мен қаламгерлер: Темірхан Тебегенов, Жанат Ахмади,Серікқазы Қорабай, Дәулетбек Байтұрсын, Жәркен Бөдешұлы, Ғалым Жайлыбай, Мұрат Шаймаран, т.б. сонымен қатар, баспа сөз өкілдері қатысады деп күтілуде. Ж.Шәкенұлы 1967 жылы 5 мамырда Қытай аумағына қарасты Өр Алтайда туған. 1997 жылы Атажұртқа қоныстанған.  Тәуелсіз елге келгенен

  • Қазақтар Шыңжаң өлкесімен не қатысы бар?

    Eldes Orda Бұл 1912-жылы Құлжа қаласында жарық көрген “Іле Уалаяты” атты газет. Газеттің емлесі, тілі Ташкендегі “Түркістан Уалаяты” газеті мен Омбыдағы “Дала Уалаяты” газетімен шамалас. Газеттің Шыңжаң қазақ-ұйғырларының алғашқы баспасөз тариxында алатын тариxи маңызы аса зор-дұр. Газет туралы айтудан ілгері, мынадай тариxи шолу жасамақшымын. Шыңжаң өлкесі (провинцсиясы) 1884-жылы құрылғанымен оның құрамына үш аймақ қарады. Олар: Қашқар аймағы, Ақсу аймағы және Үрімжі Аймағы. Іле-Тарбағатай аймағы яғни Іле Әскери Губерниясы қосымша қарағанымен 30 жыл бойы (1884-1914) Шыңжаң өлкесіне қарсы күрес жүргізіп келді. Әсіресе 1912-жылы Цин империясының қағаны тақтан түскен соң Іле Әскери үкіметі мен Шыңжаң өлкелік үкіметі арасында қанды соғыс бұрқ ете түсті. Екіжақты соғысты уақытша үкіметтің өтпелі президенті Юуань Шикай зорға

  • Тінейдің сары құсы

    Нығымет Мыңжани (Ел аузынан) Ертеде Алтай тауын мекен еткен Тіней атты атақ­ты саятшы болыпты. Жазғытұрым жалғыз құла биесі бошалап кеткен Тіней, атырапты арылтып іздеп келе жатып, әлі толық ерімеген өзеннің мұзы үстінде құлындап, қара құйрық, қара жал, еркек құлын туған биесін табады.  Қасына жетіп келсе, жа­рық­тық құла бие қамыс құла­ғын қайшылап, өзеннің жаға­сына жалтақ-жалтақ елеңдейді. Бұған не болды деп қараса: жаға­да құла биенің шуын жеп тоят­тап, қанаты суға малынып сауыс-сауыс боп қатқан сары бүркіт отыр. Тіней бүр­кітті ұстап күпісіне орап ала­ды да, жаңа құлындаған бие­сін айдап үйіне келеді. Бұл бүр­кіттің бітімі бөлек, тегеурін тұяғының жебесі жарты қарыс екен. Құсты көргендердің бәрі: «Ақиық, қандыбалақ қыран­ның өзі» деп мақтасады. Ғайыптан қолына түскен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: