|  | 

Жаңалықтар

Cыбайлас жемқорлықпен күрес

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең
өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық заман ағысымен
бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған
жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің
бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор
нұқсан келтіріп отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің сайлауалды Тұғырнамасын іске
асыру жоспарында сыбайлас жемқорлықты жоюды маңызды бағыттардың
бірі ретінде айқындады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының
аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.
Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас
жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген
ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік
танытуымыз қажет.
Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері
әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске
шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің
бұзылуына түрткі болады.
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес.
Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін
тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік
органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне
қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл
дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол
бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы
жұиылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және
халық сенімінен шығатынымыз анық.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша алдын-алудың ең тиімді
әдістерінің бірі – нақты «проблемалық бағыттарға» көңіл бөлу және оларды
шешу болып табылады.
Алайда, көпшілікке мәлім, бүгінде елдегі жолдардың сапасы
«проблемалық аймақта» және үнемі халықтыңназарында.
Соңғы бес жылдың өзінде республикалық бюджетке сәйкес автомобиль
жолдарын салуға, қайта құруға және күтіп ұстауға шамамен 1,8 трлн. теңге
бөлінген (2014 жылы – 286 млрд. теңге, 2015 ж. – 347 млрд. теңге, 2016 ж. -
389 млрд. теңге, 2017 ж. – 434 млрд. теңге, 2018 ж. – 378 млрд. теңге).

Сонымен бірге, осы бағыттағы мемлекеттік қолдаудың барлық
шараларына қарамастан,олардың іс жүзінде іске асырылуыәрдайым үмітке
сай емес.
Нәтижесінде, Дүниежүзілік экономикалық форумның 2018 жылға
арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісіне сәйкес Қазақстан жол
сапасы бойынша әлемнің 140 елінің ішінде тек 106 орынды иеленді. (2015 ж.
- 107/140, 2016 ж. – 108/138, 2017 ж. – 115/137).
Бұл жағдай осы салада жобалық басқару принциптерін енгізуді қажет
етті.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігімен «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы іске
қосылды. Жобаның мақсаты – жол салу, реконструкциялау, жөндеу және
күтіп ұстау кезінде сыбайлас жемқорлықты жою, сондай-ақ, жұмыстар мен
материалдардың сапасын зерделеу, бағалау болып табылады.
Бұл ретте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша
департаментінің қызметкерлері мен "Жол активтерінің сапасы бойынша
ұлттық орталығы" РМК Атырау облыстық филиалының мамандары
республикалық, қалалық маңызы бар жолдарды зерделеу мақсатында рейдтік
шара ұйымдастырды.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 3 қазан күні Құрманғазы көшесінде
орналасқан қалалық маңызы бар жолының сапасын тексеру шарасы өтті.
Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталды.
Жүргізілетін жұмыстарға тапсырысты беруші – Атырау қалалық
"Жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімі" Мемлекеттік
мекемесі, ал әзірлеуші – «АИС» ЖШС. Мониторинг нысанды тексеру және
геометриялық параметрлерін ішінара өлшеу жолымен жүргізілді. Мамандар
жолдың енін өлшеп, қалыңдығын анықтау және асфальтті-бетон жабынның
көлік жүретін бөлігіне сараптама жүргізу үшін асфальтті-бетон жабыннан
керн алды. Іріктеп алынған керн бойынша одан әрі сынақ жұмыстары
жүргізіліп, тығыздығын, суға қанығуын анықтау кезінде нормативтік құжат
бойынша шамада көрсетілген 4,5 пайыз көрсеткішіне сәйкес еместігі
анықталды (нақты қорытындысы – 5,78). Сонымен қатар, қалыпқа
келтірілген суға қанығу көрсеткіші 5,25 құрайтындығы анықталды, алайда
бұл көрсеткіш 1,0-4,0 аспауға тиіс, сондай-ақ, тығыздық коэффициенті 0,99
кем болмауға тиіс (нақты қорытындылары бойынша 0,97).
Анықталған кемшіліктерді жою бойынша Орталық және Департамент
тарапынан тиісті хат жолданды. Қазіргі таңда, кемшіліктер жойылып,
әзірлеуші – мердігер ұйымы өз қаражатына бұл жолды қайта жаңартты.
Сонымен қатар, цифрландырудың қазіргі заманғы үрдістерін назарға
ала отырып, жобалық кеңсемен болашақта барлық автоәуесқойларға жол
сапасын жақсартуға қатысуға мүмкіндік беретін мобильді қосымшаның
тестілік үлгісі құрылды.

Аталған қосымша азаматтық басқару шешімдер қабылдау үшін
қоғамды кеңінен тарту арқылы елдегі жолдардың сапасы туралы ақпаратты
тұрақты жинауға және талдауға мүмкіндік береді.
Қосымшаның тестілік моделі онлайн тәртіпте қалалық жолдардың
сапасын бағалауды қарастырады, ол деректерді «Ұлттық жол активтері
сапасы орталығы» РМК-на бере отырып, жол жабынының барлық ақауларын
және олардың географиялық координаттарын автоматты түрде тіркейді
(смартфондардағы акселерометр және GPS арқылы).
Осыған орай, Департамент аталған қосымшаны жүктеу бойынша
сұраныс хатты «Смарт Атырау» мекемесіне жолдады. Яғни, автобус
жүргізушілері өз смартфонына жүктеп, жолдардың сапасын анықтап,
жақсарту бойынша үлесін қоса алады.
Осылайша, қоғам мен мемлекет болып жолдардың сапасын
жоғарлатуға, сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға үлес қоса аламыз.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау
облысы бойынша департаментінің
Алдын алу және парасаттылық
басқармасының бас маманы
А.Аманиязованың авторлық мақаласы

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: