|  | 

Жаһан жаңалықтары

Трамп: Иранның шабуылынан америкалықтар мен ирактықтар зардап шеккен жоқ

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде мәлімдеме жасап тұр. Вашингтон, 8 қаңтар 2020 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде мәлімдеме жасап тұр. Вашингтон, 8 қаңтар 2020 жыл. 

8 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде мәлімдеме жасап, Иранның шабуылынан “америкалықтар мен ирактықтар зардап шекпегенін”, әскери база аздап зақымданғанын айтты.

Тегеран 8 қаңтарда “генерал Сүлейманидің өліміне кек алу үшін” АҚШ-тың Ирактағы әскери базасын балистикалық зымыранмен атқылаған. Иранның мемлекеттік арналары “зымыран діттеген жеріне жетіп, 80 адамды өлтіргенін” хабарлаған еді. Ислам революциясы корпусына қарасты “Құдс күштерінің” қолбасшысы Сүлеймани 3 қаңтарда Бағдатта АҚШ-тың әуе шабуылы кезінде қаза тапқан. Осыдан кейін Тегеран мен Вашингтонның арасы тым ушығып кеткен.

Трамп 8 қаңтардағы мәлімдемесінде Тегеранды “халықаралық терроризмді қолдап отыр” деп айыптап, “Иранға салынатын санкция күшейетінін” мәлімдеді. Трамп өз сөзінде “қолы қанға малынған Сүлейманидің қазасы – әлемдегі басқа да террористерге ескерту” деді.

Трамп “Иран енді райынан қайтар” деп, Вашингтонның Тегеранның шабуылына қарымта қайтармайтынын меңзеді. Бірақ НАТО мүшелерін Таяу Шығыстағы жағдайға белсенді түрде араласуға шақырды.

Бұған қоса, ол “мен лидер болып тұрғанда Иран ешқашан ядролық қаруын қолданбайды” деді. Трамп “Ұлыбритания, Қытай, Германия және Ресейді Иран ядролық келісімінен бас тартып, барлық тарап қайта жаңа келіссөз бастау керегін” айтты.

Тегеранның Ирактағы АҚШ базасына шабуылынан кейін қазақстандық Air Astana, франциялық Air France, германиялық Lufthansa және америкалық ұшақтар Иран мен Ирак төбесінен ұшпайтынын мәлімдеді. Air Astana Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Дубайға және Абу-Дабиге ұшатын ұшақтарының Иран мен Иракты айналып өтетінін, соған байланысты ұшу уақыты ұзаратынын хабарлады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Қытай коронавирусты шынымен жеңді ме?

    Энди ХЕЙЛ Бейжің метросына жүрген тұрғындар. 10 наурыз 2020 жыл. Қытайда коронавирусқа қарсы үш айға созылған күрестің алғашқы нәтижесі наурыздың 18-і күні байқалды. Осы күні елдің ішінде вирус жұқтырған адам тіркелмеді. Қытайдың вирусты тоқтату үшін жасаған шаралары шынымен тиімді болды ма? «Айдаһардың бақылауы» немесе «Мао стиліндегі әлеуметтік бақылау». Қытай шенеуніктері елдің орталық бөлігінде енгізген, коронавирустың тарауын тоқтату үшін жасаған шаралары халық арасында осындай атауға ие болды. Қытай билігі коронавирус пен оның салдарынан туындайтын COVID-19 ауруының қаупін түсінген бойда жүздеген миллион адамды карантинге жауып, бақылауға алды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қытай эпидемиологтары миссиясының дерегінше, елде «ауруды тоқтату үшін бұрын-соңды болмаған ең қатал әрі жедел шаралар жүзеге асқан». Мұндай шараларды жүзеге

  • “ИСПАН ПАНДЕМИЯСЫ” немесе “ИСПАНКА”.

    ‎Қанат Ескендірдің facebook парақшасынан алынды 1918-1919 жылдар аралығында миллиондаған адам көз жұмған алапат тұмау. Ғылыми атауы – La Grippe Espagnole немесе испанша La Pesadilla. 18 айдың ішінде әлем бойынша 550 миллион адам “испанкаға” шалдыққан, яғни, планетаның 29,5% халқы жұқтырған. 18 айда 50-100 миллион адам осы аурудан көз жұмған, яғни, планетаның 2,7-5,3% халқы шәйіт болған. Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы айларында басталған бұл қауіпті індеттің тез тарауына поезд, дирижабль, кеме транспорты секілді заманауи техниканың жедел дамуы көп ықпал еткен. Сол себепті, әлемде барлық мемлекеттер сот қызметі, мектептер мен балабақшаларды, шіркеу, театр, мейрамханалар мен халыққа қызмет көрсету орындарын жауып тастаған. Дүкендер өз тұтынушыларын сырттан қабылдап, сатушылар тіпті өз туыстарын да кіргізбей қойған. Барлық

  • Қытай коронавирус жұқтырғандар саны азайғанын хабарлады

    07 наурыз, 2020 Хубэй провинциясының әкімшілік орталығы Ухань ауруханасы. 4 наурыз 2020 жыл. Қытай билігі вирус ошағы Ухань қаласынан тыс аумақта тек шетелден келгендерден коронавирус табылып жатыр деп мәлімдеді. Басым бөлігі – Ираннан ұшып келгендер. 7 наурызда билік Қытайда соңғы бір тәулік ішінде 99 адамнан вирус табылғанын (Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 143 болған) хабарлады. Бұл 20 қаңтардан бергі ең төменгі көрсеткіш. Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы Хубэй провинциясынан тыс аумақта 6 наурызда 25 жаңа оқиға болғанын айтты. Оның 24-іне вирус Қытайда жұқпаған. Комиссия дерегінше, науқастардың басым бөлігі елдің солтүстік-батыс бөлігіндегі Ганьсу провинциясында карантинде болған. 2-3 наурызда провинция орталығы Ланьчжоуға Ираннан коммерциялық рейстермен жолаушылар ұшып барған. Ақпарат бойынша Пекинде төрт

  • Қытайдағы вирус бой бермей тұр. Қазақстан сақтық шараларын күшейтті

    Азаттық радиосы Пекин орталығында жүрген адамдар. 22 қаңтар 2020 жыл.  Қытай билігі 29 қаңтарда елде коронавирус жұқтырғандар саны 5974 адамға жеткенін, 132 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Қазақстан көрші елдегі жағдайға байланысты автобус, теміржол және ұшақ рейстерін уақытша тоқтатып, Қытай азаматтарына виза беруге шектеу қойды. Қытай билігі қазір елде 9239 адамның вирус жұқтыру күдігімен дәрігерлер бақылауында екенін мәлімдеді. Қытайдағы коронавирустың өршуінен кейін Қазақстан 29 қаңтардан бастап екі ел арасында қатынайтын автобустарды, 1 ақпаннан бастап Алматы – Үрімжі, Нұр-Сұлтан – Үрімжі, Достық – Алашанькоу, Алтынкөл – Қорғас бағытындағы пойыздарды, 3 ақпаннан бастап ұшақтарды тоқтатпақ. Екі ел арасында қазақстандық Air Astana, SCAT және қытайлық China Southern Airlines, Air China әуе компаниялары тұрақты түрде

  • Лукашенко Ресейдің Қазақстанға мұнай тасымалдауға рұқсат бермей отырғанын айтты

    Беларусь президенті Александр Лукашенко. Беларусь президенті Александр Лукашенко 21 қаңтарда Минск қаласында мұнай тасымалдау мәселесіне арналған жиында “Ресей Қазақстанға Беларусьқа мұнай сатуға рұқсат бермей отырғанын” айтты. “Қазір расымен Ресей мұнайын толық алмастыратын басқа көз жоқ. Мұнайды жан-жақтан алу керекпіз. Бәрібір мұнайдың 30-40 пайызын Ресейден сатып аламыз. Қалғанын30 пайызын Балтық елдерінен, 30 пайызын Украинадан алуымыз қажет. Егер Ресей келіссе, Қазақстан да бізге мұнай жеткізіп бере алады. Біздің бір одақтасымыз екінші одақтасымызға мұнай тасымалдауға келісім бермей отырғаны таң қалдырады” деді Лукашенко. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Беларусь еліне мұнай тасымалдауды тоқтатқан. Осыдан соң Беларусь елінде мұнай тапшылығы басталды. Лукашенко мен Ресей мұнай тасымалдау туралы бірнеше рет келіссөз жүргізгенімен нәтиже шықпады. Азат

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: