|  | 

Тарих

Жапонияға жазылған хат

95095870_1692723974224516_4122699258723827712_n

Eldes Orda

Бұл кісінің аты Мақмұт Мұхиди. Шыңжаң өлкесінің Тұрпан аймағында туған. Ағайынды төрт Мұхиди болыпты. Ағасы Мақсұт Мұхиди жаңашыл зиялы кісі. Тұрпанда жәдиттік бағытта ағартушылықпен айналысқан. Мақмұт бала кезінде ағасы ашқан жәдиттік жүйемен біліп алыпты, кейін сауда байланысымен Үрімжі, Шәуешек, Семей, Ташкен және Мәскеу, Петербур қалаларын аралапты. 20- ғасыр басындағы Алаш қозғалысы мен Түркістандық қозғалыс көп ықпал етсе керек, кейін Тұрпанға келген бетте ұлттық рухани құндылықтардың жандануына барынша еңбек етіпті. Соңыра 1931- жылы Қожанияз көтерілісіне белсенді атсалысып, көтерілістің Тұрпандағы ұлт лидеріне айналды. Дұңған Ма Жунгин армиясы мен Қожанияз арасы бүлінген соң өз әскерін бастап Аты Шаһарға аттанған және Қашқар қаласында құрылған ұлттық респубиликаның бас қоманданы болған. Қожанияз өлкелік үкімет губернаторы Шың Шысаймен екіжақты келсім жасап коалициялық үкіметтің төраға орынбасары болған соң Мақмұт та өз армиясын бастап Дихуада (Үрімжіде) жаңа үкіметті қабылдаған. Екіжақты келсім негізінде бұрынғы Құмыл, Тұрпан көтерілісші армиясы жаңа дивизия болып қайта құрылды, Мақмұт дивизияның бас қоманданы болды. Бұл 1934- жыл еді. 95186943_1692724044224509_3581872119203495936_n

Өлкелік коалицялық үкіметтің көбесі 1937- жылдан бастап сөгіле бастады. Өлкедегі ұлт зиялылары бірінен соң бірі репрессияға ұшырады. Мақмұт Мұхиди сол жылы (1937- ж) отбасын алып бір жолда Үндістанға эмиграцияға кетті. Үндістанда тиянақ таба алмай Жапония, Токиоға кетті. 1944- жылы Пекинге келді, арада көп ұзамай Пекинде қайтыс болды. Сүйегі Пекиннің мұсылмандар біршама көп тұратын Уигунгсуньде (魏公村) жерленген. Ағылшын деректерінде қытайдың Шиь Ань (西安) қаласында қайтыс болды деп айтылады.

95609991_1692724117557835_5293764113938251776_nЖапон үкіметіне жазылған хат 27- наурыз, 1940- жылы жазылған. Хаттағы жазуды кейін транскрипциялап мазмұнына соңыра тоқталайын.

Ана жылы Қытай қазақтарының Жапониямен байланысы туралы постымда баяндап кетіп едім, Мақмұт Әпендінің 1940- жылы Жапонияға хат жолдауының тарихи себебі мынау: Сол кезде Жапонияда Манжур, Моңғол және Түркі халықтарына байланысты үш үлкен құпия жоба болды. Бұның әуелгісі орындалып 1932- жылы Манжурлар уақытша тәуелсіз респубиликасын жариялады. Кезек Моңғол мен Түркілерде еді. Осы мақсатпен Моңғол және Түркі даласына ғылми экспедиция жіберді, экспедиция құрамында үкімет агенттері мен барлаушы топтар да болды. Олар Моңғолия мен Шыңжаң өлкесінің оңтүстігі мен солтүстігін құпия шарлап шықты. Кейін Жапондар еуропада жүрген Осман сұлтаны Екінші Әбдүлхамиттің немересі Шаһзада Әбдікерім Әпендіні Токиоға алдырып оны Шығыс Түркістанның саяси лидері ретінде пайдаланбақшы болды. Хат осындай қым-қуыт оқиғалар бірінен соң бірі туындап Қытай-Жапон, Қытай-Совет және Жапон-Совет қатынастары жаңа кезеңге көтеріліп жатқан тұсында жазылды. 95389844_1692724247557822_5061478933812215808_n

Шыңжаң өлкесінің тарихын зерттеу Қазақстан үшін өте маңызды саналмақ. Шыңжаң Қазақстан-Қытай арасындағы маңызды аймақ. Осы аймақтың өткен ғасыр басындағы саяси, мәдени тарихы үнемі басты назарымызда болуы керек. Бұл аймақтар арасындағы дипломатиялық қатынастарға оң септігін тигізеді.

94875871_1692724254224488_2069819287689756672_nДереккөз: Жапония мемлекет мұрағатының азия елдеріне қатысты сирек құжаттар бөлімі мен Ұйғыр ғылым-академиясының мамандары жағынан алынды.

Related Articles

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

  • Айтпай кетті демеңіз… (Тибет архиві туралы)

    Алтайдан ауған ел туралы тарихи жазбаларда оқтын-оқтын айтылғаны болмаса исі қазақ жұртына Тибет туралы түсінік әлі күнге дейін беймәлім. Әсіресе Тибет жазба деректерінде күллі түркі баласының тарихы туралы тың деректердің көмулі жатқанын тіптен біле бермейміз. Тибет- тарихи деректің ең көп сақталған аймағы саналады. Мәдени, әдеби, рухани және тарихи түрлі деректердің ықылым заманнан бері жақсы сақталуымен сырт әлемді өзіне баурап кеген Тибет жұртына 19 ғасырдан бастап Батыс экспедициясы баса назар аударып кешенді зерттеулер жасады. Соның негізінде Тибеттегі кейбір салалық байырғы деректер Батысқа көшірілді. Есесіне Тибеттану ғылымы қалыптасты. Жағырафиялық орналасуы тым ұзақ болғандықтан Тибеттану ғылымы қазақ жұртына қажеттілік тудырмады. Тибеттанумен негізінде алпауыт күштер айналысты. Олар тибет жұртын игеруді басқа қырынан бағалады. Тибетте

  • Демографиялық сараптама

    1-ші сурет қазақтар; Демографиялық ахуал 1949-2020 жж. аралығын салыстырмалы көрсеткен. 1949 жылға дейін, атап айтқанда коммунистік қытай үкіметі орнағанға дейін Шынжаң өлкесінің солтүстік бөлігінде қазақтар, оңтүстік бөлігі Қашқарияда ұйғырлар басым санды ұстады. 1951-54 жылдары ұлттық межелеу кезінде орталық үкімет құрған комиссия сараптамасы бойынша ұлттық автономиялық территорияны анықтау мына екі бағытта жүргізілді. Олар: БІРІНШІ, ұлттық автономияны межелеу бойынша оның атауын тұрақтандыру. Осы бойынша үш атау ұсынылды: *ШЫғыс Түркістан автономиялық федерациялық респубиликасы; *Ұйғырстан автономиялық респубиликасы; *Шынжаң автономиялы респубиликасы. ЕКІНШІ, автономияның әкімшілік тұрпатын анықтау; Осы бойынша: *Федерециялық тұрпат; *Автономиялық облыс және окург тұрпат; *Аймақ және аудан дәрежелі автономиялық окург тұрпаты. Межелеу комиссиясы аталған екі бағытта сараптама нәтижесін қорытындылады. Комиссия қорытындысы бойынша Шынжаң өлкесінің

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • Шағын сараптама:Шыңжаң өлкелік үкіметі, шетелге оқушы жіберу жұмысы

    Шағын сараптама 1934-35 жылы жаңа Шыңжаң өлкелік үкіметі құрылған соң шетелден оқу, шетелге оқушы жіберу жұмысы кешенді жүзеге асты. Соның негізінде өлкелік үкімет Совет Одағынан оқитын жас талапкерлерге конкурс жариялап арнайы үкіметтің оқу стипендиясын бөлді, нәтижесінде 1935-39 жылдары ұзын саны 300-ге тарта студент Совет Одағында білім алды. 1935 жылдары Шығыс Түркістандық студенттердің ең көп оқуға түскен білім ордасы- Ташкендегі САГУ еді, атап айтқанда Орталық Азия Мемлекеттік Университеті. Ташкеннен оқыған Шыңжаңдық студенттер Шығыс Түркістанның барлық аймақтарында түрлі қызметте жұмыс істеді, оларды кейін “Ташкентшілдер” деп те атады. 1939 жылдан кейін Мәскеу мен Шыңжаң өлкелік үкіметтің арасы дипломатиялық дағдарысқа ұшырады, соның кесірінен ресми Үрімжі Совет Одағы құрамындағы студент азаматтарды елге шақыртып алды. Білім

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: