|  |  |  | 

Жаһан жаңалықтары Көз қарас Суреттер сөйлейді

Ұйғырлар азшылыққа айналып жатыр

chizhangҚытай, Шыңжаң өлкесіне қатысты демографиялық статистика. Санайғақта Ұйғырлардың өңірдегі демографиялық ахуалы көрсетілген. Статистика қашан, кімдер жағынан жасалынғанын анықтай алмадым бірақ таяу жылғы сандық ақпарат екені рас, негізгі нобайы дұрыс.
Сандық статстикаға сүйене отырып Ұйғырлардың ең көп Қашқар және Хотан аймақтарында тығыз орналасқанын білуге болады.
Аймақтар бойынша:
Қашқар аймағы: 96.2%;
Хотан аймағы: 90.6%;
Ақсу аймағы 75.9%;
Тұрпан аймағы 69%;
Іле аймағы 26.9%;
Құмыл аймағы 17.8%;
Тарбағатай аймағы 3.2%;
Алтай аймағы 1.4%;
Қалалар бойынша:
Тұмсық қ. 67.4%;
Үрімжі қ. 12.5%;
Қарамайлы қ. 11.5%ж;
Арал қ. 6.0%;
Шихэцзы қ. 2.0%;
Уцзяцюй қ. 0.2%;
Облыс бойынша:
Қызылсу обл 64.7%;
Байынғолин обл 31.8%;
Бұратала обл 13.3%;
Санжы обл 4.5%;
Шыңжаң өлкесінде демографиялық сандық мәліметтер әлі күнге дейін толық әрі ғылми жасалынбай келеді. Ұйғырлардың өлкедегі жалпы демографиялық саны барынша кемейтіліп айтылатынын ескеруіміз тиіс.
Демографиялық статистикаға қарап отырсақ, Ұйғырлардың 70%-ден жоғары аймақтары кілең оңтүстік бөлекте орналасқанын көреміз. Яғни Тәңір таудың өңтүстігіне орналасқан аймақтар. 1944 жылғы санақ нәтижесі бойынша Ұйғырлардың жалпы ұлттық саны 3 миллион 900 жүз мың (4 млн) болып өлке халқының 70%-ын құрапты. Бірақ көп адамдар (оның ішінде мамандар да бар) осы 4 млн халықтың 95%-ке жуығы оңтүстік аймақтарда орналасқанын байқай бермейді. 1946 жылы Нанкин мен Үрімжіде өткен бүкілхалықтық құрылтайларда Ұйғыр зиялылары оңтүстік аймақ тұрғындарын мемлекеттік жоба арқылы жаппай солтүстікке көшіруді ұсыныпты. Бірақ жоба солтүстікте тығыз орналасқан Қазақтардың наразылығын тап болған болса керек…
Қазіргі кезеңде Ұйғырлар ең тығыз орналасты дейтін оңтүстік аймақтардың өзінде біртіндеп азшылыққа айналып жатыр. Қытайдың “су стратегиясы”, “Бір Жол Бір Белдеу” тб кешенді мемжобалары қарқынды іске аса берсе, өңірдің ұлттық сипаты түбегейлі өзгеріске ұшырайды. Тіпті ең тығыз орналасты делінетін Хотан мен Қашқар аймақтарының өзінде азшылыққа айнала бастауы бек мүмкін.
Елдес ОРДА
22.10.2021

Related Articles

  • Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғыспаған!

    Қазақ-жоңғар дін үшін соғысқан дегендер мына дерекке сүйенсе керек: 1691 жылы 6 ақпанда Иркутск қаласында Жоңғар ханы Галдан Бошогту (моңғол. Галдан Бошигт; Қалм. Галдан-Бошигт; 1644 – 1697) елшілерінің Қазақ хандығы туралы әңгімесі. «…Шабармандар: «Осыдан он жылдай бұрын олар, Қалмақ Бушухту ханы мен Казак Ордасы, діні әртүрлі болған. Бушухту хан қалмақтармен және басқа да орда мүшелерімен бірге Далай-ламаға сенеді, ал казак ордасы әсіресе Мұхаметке Қырымдық жолмен сенеді, бұсурмандық жолмен сүндеттеледі. Ал Бушухту хан Казак Ордасына онымен, қалмақ Бушухту ханымен және Орданың басқаларымен бір Далай Ламаға бірігіп буддаға сенсін деп жіберді. Сондықтан да олармен жанжал туындады, өйткені олар қалмақ жолымен Далай-ламаға сенгісі келмеді, осының салдарынан үлкен шайқастар болып, Бушухту хан олардың көптеген

  • …Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді.

    …Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді.

    Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, Трамп пен Масктың ештеңесі кетпейді. Екі миллиардер арзан, уақытша саяси ұпай жинайды. Ал Қазақстанның жоғалтатыны өте көп. Азаттық радиосы қызметін тоқтатса, елімізде “Заң мен тәртіп диктатурасының” көкесі сонда болады. Ол отызға жуық саяси тұтқынның қазіргі шарасыз күйін алда бүкіл қазақ қоғамы кешеді деген сөз. Мүмкін сол кезде сөз еркіндігінің құнын ел болып түсінетін шығармыз. Бірақ, ашығын айтқанда, оған да күмәнім бар. Азаттық радиосы жабылады деп бүгін бөркін аспанға атып жатқандар, “Тәртіпке бағынған құл болмайды” деп “Азаттықсыз” Қазақстанда саяси режимнің репрессиясын ақтап алады. Оған менің еш күмәнім жоқ. Shalkar Nurseitov

  • НАУРЫЗ АТАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕРЕКЕЛІК СИПАТЫ

    НАУРЫЗ АТАУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕРЕКЕЛІК СИПАТЫ

    Наурыз халқымыздың тарихы ұзақ, өміршеңдігі күшті, қазақы салт- дәстүрді негізгі өзек еткен бірден- бір ұлттық мереке. Ол қазақ халқының ұзақ уақыттық қоғамдық өмір ісжүзіндігінен (практикасынан) туындап, бірге жасап келе жатқан аса мерейлі мейрам. Осыбір киелі мерекені «Парсы тіліндегі (нау- жаңа, рұз- күн) деген мағнадағы сөздеріне теліп, өз маңдайымызға сидыра алмай Парсыларға қосқолдап ұсынғысы келіп жүрген таяз талғам тар өрісті «құлшылдық құмыр» шырмауынан шыға алмай жүргендеріміз де жетеді арамызда. Тіліміздің ішкі заңдылығына үңілсек, Қазақ тілі көп мағналы, ауыспалы мағналы, балама мағналы сөздері көп, түбір сөздерді негіз ете жұрнақ, жалғау, қосарлау, біріктіру т.б жолдарымен түрленіп отыратын құрылымы күшті бай тіл. Оның үстіне осынау аса бай тілімізде дәуірдің өзгеруі, ғылым- техниканың дамуына байланысты

  • Екі түрлі шексіздік бар таңғаларлық

    Екі түрлі шексіздік бар таңғаларлық

    Саят Ыбырай Эйнштейн айтқандай, “Екі түрлі шексіздік бар таңғаларлық: бірі – Ғаламның шексіздігі, екіншісі – адам баласының ақымақтығының шексіздігі” деп, XXI ғасырдың адамының мына бір “қабілетіне” таңқалам: бақытты боп отырып, бақытсыз болу қабілетіне таңқалам мен! Жауын жаумай су боп отыру. Біреуге өкпелемей, кінә артпай жүре алмайтын, тсс. Және бұл – тоқ қоғамның қасиеті. Әсіресе Еуропаның! Екі жыл тұрғам. Көргем. Таңқалғам. (Американы білмеймін, онда болғам жоқ, оның жүзін көрсетпесін!) Сол жылауық, боркемік, бақытсыз, талайсыз еуропалықтардық ауруы бізге де жетті. Максим Горький “Басына Күн орнатып қойсаң да ырза болмай жүреді олар” деп суреттейтін мещандық психология, тоғышарлық дерт. “Дачники”-де жазатын. Қайдан келді бұл? Неден басталды

  • Ураңхай таңбалары

    Ураңхай таңбалары

    Бұл қолжазба польяк текті орыс зерттеушісі Г.Е. Грумм-Гржимайлоның 1903 жылы Тува мен Батыс Моңғолияға жасаған экспедициясы барысында жазған күнделігінен алынды. Жазбада Ураңхай таңбалары берілген. Олардың қайдан алынғаны және атаулары жазылған. Жошы Ұлысы таңбаларымен ұқсастық байқалады Қажымұрат Төлегенұлы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: